ҚР ҚПК-нің 157-бабы. Шақыру қағазы бойынша келмеудің салдары:
Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куәгер, жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, соттың уәждi қаулысы бойынша күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін, келуден жалтарған куәгерге, жәбiрленушiге қатысты бір мезгілде
ҚР ҚК-нің 421-бабымен көзделген шара қолданады.
Адамның шақыртуға келмеуінің дәлелді себептері:
Шақырту туралы тиiсті түрде хабарланған адамның келмеуiнiң дәлелдi себептерi болып:
1) адамды келу мүмкiндiгiнен айырған ауруы;
2) жақын туыстарының қайтыс болуы;
3) дүлей зілзала;
4) адамды белгіленген уақытта келу мүмкiндiгiнен айыратын өзге де себептер танылады.
Тергеуші (анықтаушы) _______________________ А.К. Дакешев
м.о. «_» қаңтар 2015 жыл
|
Қылмыстық істі өзімнің іс жүргізуіме қабылдау туралы
ҚАУЛЫ
Ақтөбе қаласы __.01.2015 ж.
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөлімінің тергеушісі А. Дакешев азамат Д.О. Сәрсенбаевтың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 2015 жылдың 11-ші қаңтарында тіркелген арызын қарап,
АНЫҚТАДЫМ:
11.01.2015 жылы сағат шамамен 12:30-де Елек полиция бөліміне азамат Д.О. Сәрсенбаев «Жанна» есімді қызбалаға шара қолданып, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызданған.
Себебі, ол 10.01.2015 жылы сағат шамамен 17:00-де теміржол вокзалының маңында алаяқтық жолмен, яғни жалдауға пәтер беремін – деп алдап, өзінің мүмкіншілігі болмай тұра, сенімге қиянат жасау арқылы аз. Д.О. Сәрсенбаевтың 23000 теңге тұратын «Nokia 6303», маркалы ұялы телефонын алып кеткен.
Осы қылмыстың салдарынан Д.О.Сәрсенбаевқа 23000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірілген.
Елек полиция бөлімінің бастығы осы қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді маған тапсырған.
Д.О. Сәрсенбаевтың арызында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін толықтай себеп болуына байланысты, ҚР ҚПК-нің 179, 180- бабының 2 бөлігін басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
№ 15151003100014 қылмыстық істі өз іс жүргізуіме қабылдап және сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кірісуге.
2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тараптарға хабарлауға.
3. Қаулының көшірмесін прокурорға жолдап, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын хабарлауға.
Достарыңызбен бөлісу: |