Постановление



бет40/58
Дата06.12.2022
өлшемі349,91 Kb.
#55193
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
Байланысты:
Ìàêåò ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ³øê³ ³ñòåð ìèíèñòðë³ã³ à?Ò?áå îáëûñ

АНЫҚТАДЫ:

Ділмағанбетова Жанна Кәмелқызы, 06.03.1983 жыл туылған, а Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының тумасы, пайдакүнемдік ниетпен, материалдық пайда және заңсыз жолмен баю мақсатында пәтерді жалға беру сылтауымен алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы ақша ұрлауды шешкен.


Осылай, Ж.К. Ділмағанбетова 05.01.2015 ж. шамамен сағат 17.00-де Ақтөбе қаласы Ломоносов және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан Ақтөбе қаласы теміржол вокзалының маңындағы алаңда бұрын өзіне таныс емес Д.О.Сәрсенбаевқа жолығып, бір тәулікке жалға алуға пәтер ұсынған, бұл ретте оның осы қызметті көрсетуге нақты мүмкіншілігі болмай тұра, ол қасақана, пайдакүнемдік ниетпен, бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында, алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы, Д.О. Сәрсенбаевты жаңылыстырған, соңғы пәтер үшін жалдау ақысын төлеу мүмкіндігі болмай, Ж.К. Ділмағанбетоваға «Nokia 6303» маркалы ұялы телефонын кепілге ұсынған, Ж.К. Ділмағанбетова бұған келіскен.
Ж.К. Ділмағанбетова өз кезегінде өзінің ұсынысын іске асыруды ойламай, бұдан басқа, пәтерді жалға беруге нақты мүмкіндігі болмай, алаяқтық арқылы Д.О. Сарсенбаевтан құны 23.000 теңге тұратын «Nokia 6303» маркалы ұялы телефонды сим-картасыз ұрлап, қылмыс жасаған жерден жасырынған.
Ж.К. Ділмағанбетованың алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленуші Д.О. Сарсенбаевқа 23.000 теңгеге материалдық зиян келтірілген.
Өзінің қылмыстық қызметін жалғастыра отырып, ол 2015 жылғы
10 қаңтарда шамамен сағат 19.00-де Ж.К. Ділмағанбетова Ақтөбе қаласы Ломоносов және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан Ақтөбе қаласы теміржол вокзалының маңындағы алаңда болғанда оған бұрын өзіне таныс емес А.М. Қарашбаев пен С.Ж. Аязбергенов жолыққан, одан
А.М. Қарашбаев 2-бөлмелі пәтерді жалға алу туралы ұсынған, бұған
Ж.К. Ділмағанбетованың жалға беретін пәтері болмай тұра, қасақана, пайдакүнемдік ниетпен, бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында, бірнеше рет алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы, А.М. Қарашбаевты жаңылыстырған, Ақтөбе қаласында Кереев көшесінде орналасқан меншігіндегі пәтердің бар екендігін және оны 10.000 теңгеге жалға беретінін айтқан. А.М. Қарашбаев пәтер үшін жалдау ақысын төлеу мүмкіндігі болмай, Ж.К. Ділмағанбетоваға «Nokia 105» маркалы ұялы телефонын кепілге ұсынған,
Ж.К. Ділмағанбетова бұған келіскен. Ақтөбе қаласында Кереев көшесінде орналасқан №1 үйдің ауласына барып, А.М. Қарашбаев өзін
Ж.К. Ділмағанбетованың жаңылыстырғанын білмей, оған пәтерді жалдау ақысының орнына 5.000 теңге тұратын «Nokia 105» маркалы ұялы телефонды берген. Ж.К. Ділмағанбетова өз кезегінде өзінің ұсынысын іске асыруды ойламай, бұдан басқа, пәтерді жалға беруге нақты мүмкіндігі болмай, алаяқтық арқылы А.М. Қарашбаевтан ұялы телефонды ұрлап, қылмыс жасаған жерден жасырынған.
Ж.К. Ділмағанбетованың алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленуші А.М. Қарашбаевқа 5.000 теңгеге материалдық зиян келтірілген.
Сонымен, Ділмағанбетова Жанна Кәмелқызы алаяқтық жасаған, яғни алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет жасалған бөтен мүлiкті ұрлаған, яғни ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен,
190-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмыс жасаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет