Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет17/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   106
 
 
Сұйық ионселективті электродтар 
 
Сұйық мембраналы электродтарда салыстырмалы ерітінді 
зерттелетін ерітіндіден құрамында сұйық иониті бар, сумен 
араласпайтын, бірақ анықталатын ионмен селективті әсерлесетін 
жұқа органикалық сұйықтық қабатымен бөлінген. Сонда ион-
сезгіш органикалық сұйық қабат осы сұйықтықпен сіңірілген 
пластиктен жасалған кеуекті гидрофобты мембрана болып 
табылады. Сұйықтықты ионселективті электрод сызбасы 
2.2-су-
ретте
келтірілген. Ішкі хлоркүмісті электрод (1) MCl
2
ері-
тіндісіне батырылған, мұндағы, М – анықталатын катион. Кеуекті 


32 
мембрана (3) бір жағымен хлоркүмісті электродтың салыс-
тырмалы ерітіндісімен ал екінші жағымен зерттелетін ері-
тіндімен шектеседі. Резервуардағы мембрана сіңіретін ионсезгіш 
сұйықтық (2) сумен араласпайтын, қолайлы еріткіште ерітілген, 
қышқылды, негізді немесе хелаттүзгіш функционалды топтары 
бар сұйық органикалық иониттен тұ-
рады.
Кальцийді анықтау үшін осындай 
типті электродта сұйық ионит ретінде 
диалкилфенилфосфонитте немесе осы-
ған аналогты композицияда еріген ал-
килфосфор қышқылының кальций тұ-
зын қолданады. Ішкі хлоркүмісті салыс-
тыру электродында бұл жағдайда CaCl
2
бар. Ионселективті мембрананың 
әр жағынан тепе-теңдік орнайды: 
𝐶𝑎𝑅
2(орг)
↔ 2𝑅
(орг)

+ 𝐶𝑎
𝑐𝑦
2+
.
 
Салыстырмалы ерітіндідегі Са
2+
ионының концентрациясы 
(және активтілігі) тұрақты, сондықтан электрод потенциалы 
зерттелетін ерітіндіде Са
2+
ионының концентрациясына (активті-
лігіне) ғана тәуелді болады. 
Бұл тәуелділік Нернст теңдеуімен беріледі: 
𝐸 = 𝐸
мембр
0
− 0,029𝑙𝑔𝑐
𝐶𝑎
2+
.
(2.11) 
(2.11) теңдеу 10
-5
-тен 1 моль/л-ге дейінгі концентрация 
аймағында рН 6,0-11,0 аралығында қолданылады. рН-тың жоға-
ры мәнінде Са(ОН)
2
тұнбасы түзілуі мүмкін, ал қышқылдық ай-
мақта сутек ионының әсерінен органикалық иониттің кальций-
мен тепе-теңдігі күрделене түседі. 
Практикада ионселективті мембраналы электродтар калий, 
натрий, аммоний және басқа да иондарға да қолданылады. NH
3

NO және басқа да газдарды анықтау үшін газсезгіш мембраналы 
электродтар да құрастырылған. Қабыршақты электродтарда 
2.2-сурет. 
Сұйық 
ионселективті электрод 
сызбасы 


33 
сұйық мембрана орнына жұқа қабыршақ қолданылады. Қабыр-
шақты электродтар механизмі мембраналы электродтардағы 
сияқты, бірақ та олар ұзағырақ және жұмыс жасауға ыңғайлы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет