Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет19/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   106
2.3-сурет.
Потенциометрлік титрлеу қисықтары: 
а – кәдімгі потенциметрлік қисық; ә – дифференциалды қисық; 
б – екінші туынды бойынша титрлеу қисығы; в – Гран қисығы
Қарапайым әрі ыңғайлы Гран әдісінде эквиваленттік нүкте 
∆𝑉

Е
− V
координаттарындағы график бойынша анықталады. Экви-
валенттік нүктенің алдында және одан кейін Гран қисығы түзу 
сызықты, ал эквиваленттік нүктенің өзі бұл түзулердің 
қиылысында орналасқан нүкте болып табылады 
(2.3,
 
в-сурет).
Гран әдісінің артықшылықтары мен қолайлылығы сұйылтылған 
ерітінділердің анализі кезінде байқауға болады (графиктің түзу 
сызықтығы арқасында эквиваленттік нүктені нақты анықтау мүм-
кіншілігі есебінен). 
Қарастырылған потенциометрлік титрлеудің классикалық 
әдісінен басқа: компенсациялық емес әдістер мен ток өткізіп 
титрлеу сияқты оның жаңа нұсқаларын пайдаланады. 


35 
Потенциометрлік титрлеудің компенсациялық емес әдісінде 
ЭҚК-ті емес, гальваникалық элементте туындайтын токты өл-
шейді. Титрлеудің бастапқы кезінде элементтің ЭҚК-ін сыртқы 
ЭҚК компенсациялайды да, тізбекте ток болмайды. Титрлеу үрді-
сі кезінде компенсация бұзылып, тізбекте ток пайда болады. 
Және эквиваленттік нүкте маңында ток, бұл маңайдағы ЭҚК-нің 
өсуіне пропорционалды түрде, кенет артады. Эквиваленттік 
нүктені токтың кенет артуы арқылы немесе 
∆I
∆𝑉
− V
тәуелділігі ар-
қылы анықтауға болады, мұндағы: 

I – 

V көлемдегі титрантты 
ерітіндіге қосқандағы ток күшінің артуы. 
Компенсациялық емес әдістерге электродтардың бейме- 
талдық жұбымен потенциометрлік титрлеуді жатқызуға болады. 
Бұл әдіс әртүрлі жылдамдығы бар кейбір инерттік металдар 
жүйесі потенциалының өзгеруіне кедергі жасауына негізделген. 
Мысалы, платина тотыққан және тотықсызданған күйлердің 
концентрациясының қатынасының өзгеруіне тез, ал вольфрам 
баяу жауап қайтарады. Сондықтан тотыққан-тотықсызданған 
жүйесі бар ерітіндіге платина және вольфрам электродтарын ба-
тырып, титрлеу барысында екеуінің потенциалдарының айыры-
мын есептегенде, эквиваленттік нүктеге дейін нөлге тең болады, 
ал эквиваленттік нүктеде күрт артады. 
Кейбір, әсіресе, органикалық заттар қатысатын, тотығу-то-
тықсыздану реакцияларының жылдамдығы оларды титри- 
метриялық әдісте қолдануға жеткіліксіз болады. Мұндай жағдай-
да электродтарды біршамалы ток (
10
−2
А
) жіберу арқылы поляри-
зациялайды, бұнымен тепе-теңдік потенциалдарының тұрақтану 
жылдамдығын, сонымен қатар титрлеудің күрт өзгерісін кенет 
арттырады. Ток өткізіп титрлеу токсыз потенциометрлік титр-
ленбейтін жүйелердің анализін жүргізуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет