Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет22/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106
 
2.1.2. Үлгі есептердің шешімі 
 
1-мысал. 
Мыс электроды мыс нитраты ерітіндісіне баты-
рылып және оның потенциалы қаныққан хлоркүміс электроды 
арқылы өлшенген болса, жүйенің ЭҚК есептеңіз. Ерітіндінің
150 мл 24,2 г Cu(NO
3
)
2 · 
3H
2
O тұзы бар. 
Шешуі: 
Cu
2+
/Cu жұптың стандартты потенциалы +0,345 В,
ал қаныққан хлокүміс электродының потенциалы +0,201 В-қа 
тең. Мыс нитраты ерітіндісіне батырылған мыс біртекті элек-
троды болып табылады, оның потенциалы потенциал анықтаушы 
жұптың табиғаты мен Cu
2+
(тотыққан формасы) катионының 
концентрациясына байланысты:
𝐸 = 𝐸
𝐶𝑢2+/𝐶𝑢
0
+
0,059
2
lg [𝐶𝑢
2+
]

Cu
2+ 
ионның концентрациясын:
𝐶 =
𝑛
𝑉
=
𝑚
𝑀𝑉
теңдігімен анықтайды, мұндағы m – тұздың массасы; M – тұздың 
мольдік массасы, г/моль; V – ерітіндінің көлемі, л. M(Cu(NO
3
)
2


3H
2
O) = 241,6 г/моль, V – 0,15 л.
Сонда С (Cu(NO
3
)
2

3H
2
O) = 24,2/(214,6 

0,15) = 0,668 моль/л. 
Нернст теңдеуге мәндерді қойып, потенциалды есептейміз: 
𝐸 = 0,345 +
0,059
2
𝑙𝑔0,668 = 0,345 − 0,0051 = 0,340 𝐵.


39 
Элементтің ЭҚК қаныққан хлоркүміс электрод арқылы 
есептейміз: 
ЭҚК = E
Cu 
– E
хк
= 0,340 – 0,201 = 0,139 В. 
2-мысал. 
20
°С-та хингидрон электродының потенциалы нор-
малды каломельді электродқа байланысты 0,170 В-қа тең. 
Ерітіндінің рН-ын есептейміз. 
Шешуі
: Ерітіндінің рН-ы келесі формуламен есептелінеді: 
pH = -lg[H
+
].
Хингидронды электродының потенциалы (Е
X
) ерітіндідегі 
сүтек иондарының концентрациясымен немесе рН-пен байланыс-
ты: 
Е
X
= 0,699 + 0,058lg[H
+
] = 0,699 – 0,058pH. 
Хингидронды (Е
X
) және каломельді (Е
к
) электродтардан 
тұратын элементтің ЭҚК: 
Е = Е
X – 
Е
к
= 0,170 В. 
Е
к 
= 0,282 В (кесте бойынша). Сонда: 
0,170 = 0,699 – 0,058рН – 0,282, 
𝑝𝐻 =
0,699−0,282−0,170
0,058
= 4,19

 
3-мысал. 
Сутек элетроды 0,05 М HCOOH ерітіндісіне баты-
рылған жағдайдағы сутек электродының потенциалын есептеңіз. 
Құмырсқа қышқылының 50 %-ы 0,05 М калий гидроксиді ерітін-
дісімен титрленген. 
Шешуі
: Сутек электродының потенциалы E = -0,059lg[H
+

теңдеу бойынша есептеледі. Сонда ерітіндіде сутек иондарының 
концентрациясын есептеу қажет. 
HCOOH + KOH → HCOOK + H
2
O реакция жүру нәтижесінде 
әлсіз құмырсқа қышқылымен қатар, ерітіндіде күшті электролит 


40 
HCOOK болады. Сутек иондары әлсіз электролиттің дис-
социациясында пайда болады. Олардың концентрациясын анық-
тау үшін иондану константасының теңдеуін қолданамыз:
К = [H
+
] · [HCOO
-
]/[HCOOH]. Анықтамадан K(HCOOH) = 1,8 · 10
-4
табамыз. Қышқылдың 50 %-ы титрленген жағдайда [HCOOH] = 
= [HCOO
-
]. Сонда [H
+
] = K(HCOOH) = 1,84 · 10
-4
моль/дм
3
. Осы 
жағдайда, сутек электродтың потенциалы: Е = 0,059lg1,84 · 10
-4

= – 0,217 В-қа тең болады. 
4-мысал. 
FeSO
4
ерітіндісіне батырылған платина электроды-
ның потенциалын есептеңіз, егер осы ерітіндінің 90 %-ы KMnO
4
ерітіндісімен титрленген болса.
Шешуі: 
Платина электроды 3-текті электродтардың қата- 
рына жатады және оның потенциалы қосарланған тотығу-тотық-
сыздану жұптың потенциалы, тотыққан және тотықсызданған 
формалардың концентрацияларымен анықталады. Берілген ері-
тіндіде:
Fe
3+
+ e- → Fe
2+
, E
0
Fe3+/Fe2+
= 0,77 B 
жұбы болады. Нернст теңдеуі бойынша осы жұптың потенциалы: 
Е = E
0
Fe3+/Fe2+
+ 0,058lg [Fe
3+
]/[Fe
2+
]. 
Бастапқы ерітіндінің 99 %-ы титрленген болса, [Fe
3+
]/[Fe
2+
] = 
= 99/1 ≈ 100. Сонда:
Е = E
0
Fe3+/Fe2+
+ 0,058lg [Fe
3+
]/[Fe
2+
] = 0,77 + 0,058lg100 = 0,876 B. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет