Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет21/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106
 
 
Практикалық қолданылуы 
 
Ерітіндінің рН шамасын шыны немесе басқа электродтармен 
потенциометрлік әдіспен анықтаудың, сонымен қатар ионселек-
тивті электродтардың көмегімен басқа иондардың концентра-
циясын (активтілігін) тікелей потенциометрлік анықтаудың 
үлкен практикалық маңызы бар. Cu
2+
, Ag
+
, Ca
2+
, Na
+
, K
+
, Cl
-
, F
-

S
2-
, NO
3
-
және т.б. иондарына құрастырылған ионселективті 
электродтар әртүрлі технологиялық ерітінділердің, қоршаған 
орта объектілерінің және т.б. анализінде тиімді пайдаланылуда. 
Ионселективті электродтар негізіндегі потенциометрлік датчик-
тер технологиялық процестің жүрісін бақылауға мүмкіндік
береді.
Кальцийлік ионселективті электродтар көптеген аймақтарда 
практикалық қолданыста. Кальцийлік электродтар, судың, әртүр-
лі ерітінділердің және т.б. дәстүрлі талдаулардан басқа медика-
биологиялық зерттеулерде, клиникалық медицинада және т.б. 
үлкен қолданысқа ие, себебі кальций иондарының концентра-
циясы (активтілігі) көптеген тіршілік қызметіндегі және физио-
логиялық процестерге (жүйке қызметі, ферменттер функциясы 
және т.б.) әсер етеді. Судың кермектілігін анықтауға мүмкіндік 
беретін мембранды ионселективті электрод белгілі, себебі ол екі 
ионға да (кальций, магний) шамамен бірдей сезімталдыққа ие.


38 
Потенциометрлік әдістердің тағы басқа маңызды қолдану ай-
мағы қышқылдарды, негіздерді, тұздарды және т.б. заттарды по-
тенциометрлік титрлеу арқылы анықтау болып табылады, бұл 
жерде де ионселективті электродтар эффективті пайдаланылады. 
Потенциометрлік әдіс лайланған және боялған ерітінділердің 
және аралас не сусыз еріткіштер негізіндегі ерітінділер анализін-
де де қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет