Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет34/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

Амперометрлік титрлеу 
 
Амперометрлік титрлеу үрдісінде реактивтің жеке мөлшер-
лерін қосқаннан кейін шектік ток шамасына сәйкес келетін 
кернеу кезіндегі ток күшін анықтайды. Осы мәліметтер арқылы 
амперометрлік ток күші – титрант көлемі координаттарында 
амперометрлік титрлеу қисығын тұрғызып, эквиваленттік нүк-
тені графикалық табады. Амперометрлік титрлеуде индикаторлы 
электрод ретінде, көбінесе айналмалы платиналы, графит және 
тағы басқа қатты электродтарын қолданады. 
 
 
Амперметрлік титрлеудің қисықтары 
 
Амперметрлік титрлеу қисығының түрі электродты реакция-
ға титрлеу реакциясының қай компоненті, яғни анықталатын зат, 
титрант немесе реакция өнімі түсетіндігіне байланысты. Мыс-
алы, егер күмісті иодидпен титрлеу кезінде айналмалы платина 


60 
катодындағы күмістің тотықсыздану үрдісін қолданылса, титр-
леу қисығының 
түрі 2.14-суреттегідей
болады. Егер осы титр-
леуде иодид-ионның (титрант) анодты тотығу үрдісі қолданылса, 
2.15-суретте
бейнеленгендей болады. Бірінші жағдайда титрлеу 
кезінде ток күші төмендейді, себебі ерітіндідегі күмістің концен-
трациясы AgI тұнбасы түзілу есебінен төмендейді, ал эквива-
ленттік нүктеге жеткеннен кейін тұрақты болып қалады. Екінші 
жағадайда, иодид-ионның анодта тотығуын қолданғанда, күміс-
тің концентрациясы эквиваленттік нүктеден кейін өсе бастайды 
және бұл ток күшінің жоғарылауына алып келеді. Екі жағдайда 
да эквиваленттік нүкте графикалық түрде сәйкес келетін түзу-
лердің қиылысу нүктесі сияқты жатады. 
2.16-суретте
титрлеу реакциясының түзілген өнімдердің 
концентрациясымен негізделген диффузиялық ток бойынша ам-
перметрлік титрлеу қисығы келтірілген. Бұл жағдай, мысалы, 
күшән қышқылын калий иодидімен титрлегенде орындалады: 
𝐻𝐴𝑠𝑂
4
2−
+ 2𝐼

+ 2𝐻
+
= 𝐻𝐴𝑠𝑂
3
2−
+ 𝐼
2
+ 𝐻
2
𝑂

 
Титрлеу мөлшері бойынша реакция өнімі ретінде бөлінген 
бос иод концентрациясы эквивалентті нүктеге дейін өсіп, сосын 
тұрақты болып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет