Потенциометрлік анализ


-сурет.  Үлгі құрамдасының сапалық және сандық  сипаттамаларының байланысы



Pdf көрінісі
бет8/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   106
1.1-сурет
Үлгі құрамдасының сапалық және сандық 
сипаттамаларының байланысы
 


13 
Аналитикалық сигналдың қарқындылығының «І» зат кон-
центрациясымен байланысы әртүрлі сипатқа ие. Бұл тәуелділік 
жиі қарапайым сызықты қатынаспен өрнектеледі:
І = Ас
, (1.1) 
мұндағы А – константа; с – концентрация.
Аналитикалық тәжірибеде физика-химиялық өлшеулер кө-
мегімен тікелей сандық анықтаудың: 1) градуирлеу график әдісі; 
2) молярлық қасиет әдісі; 3) қосу әдісі кеңірек таралған. Осылар-
дың барлығы стандартты үлгілерді немесе стандартты ерітінді-
лерді қолдануға негізделген.
Градуирлеу график әдісі. 
Бұл әдісте бірнеше стандартты 
үлгілердің немесе бірнеше стандартты ерітінділердің ана-
литикалық сигналының қарқындылығы І өлшеніп, әдетте,
І = f(с)
координаттарында градуирлеу график тұрғызылады, 
мұнда, с – стандартты үлгідегі немесе стандартты ерітіндідегі 
анықталатын құрамдастың концентрациясы. Содан кейін осын-
дай жағдайларда зерттелетін сынама сигналының қарқындылығы 
өлшеніп, график бойынша зерттелетін заттың концентрациясы 
анықталады. Градуирлеу графикте концентрациялардың аралығы 
зерттелетін концентрациялардың болжанатын аймағын қамтуы 
қажет, ол стандартты үлгінің немесе ерітіндінің құрамына жақын 
болуы қажет.
Молярлық қасиет әдісі.
Сондай-ақ мұнда бірнеше стандарт-
ты үлгілердің немесе ерітінділердің аналитикалық сигналының 
қарқындылығы өлшеніп, молярлық қасиеті А, яғни 1 моль затқа 
пропорционалды аналитикалық сигнал қарқындылығы есепте-
леді: А = І/с
ст
. Содан кейін осындай жағдайларда зерттелетін 
сынама сигналының қарқындылығы өлшеніп, с
х
= І/А қатынасы 
бойынша зерттелетін құрамдастың концентрациясы анықталады. 
Әдіс (1.1) қатынасты қалай болғанда да зерттелетін концентра-
циялар аймағында қатаң сақтауды болжайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет