Потенциометрлік анализ


Талдаудың негізгі физика-химиялық әдістері



Pdf көрінісі
бет6/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
 
1.2. Талдаудың негізгі физика-химиялық әдістері 
Талдаудың физика-химиялық әдістерінің тобында физика-
лық әдістерді ажыратады. Бірақ бұл үшін қатаң және бірыңғай 
критерий жоқ, сондықтан физикалық әдістердің бөлінуінің прин-
ципиалды мәні болмайды.
Талдаудың физика-химиялық әдістерінің жалпы саны едәуір 
көп – ол бірнеше ондықты құрайды. Олардың ішінде:
1)
спектралды және басқа оптикалық әдістер;
2)
электрохимиялық әдістер; 
3)
талдаудың хроматографиялық әдістерінің тәжірибелік 
мәні көбірек болып келеді. 
Келтірілген үш топтың ішінде әдістердің саны бойынша 
ауқымды және тәжірибелік мәні бойынша маңыздысы – талдау-
дың спектралды және басқа оптикалық әдістердің тобы. Оған зат 
пен электромагнитті сәулелену әрекеттескен кезде пайда болатын 
әртүрлі эффектілерді өлшеуге негізделген эмиссионды-атомды 


11 
спектроскопия, атомды-абсорбциялық спектроскопия, инфрақы-
зыл спектроскопия, спектрофотометрия, люминесценция және 
басқа да әдістер кіреді.
Электрлік өткізгіштік, потенциал және басқа да қасиеттерді 
өлшеуге негізделген талдаудың электрохимиялық әдістерінің 
тобына кондуктометрия, потенциометрия, вольтамперометрия 
әдістері және т.б., ал хроматографиялық әдістердің тобына газ-
дық және сұйықтық хроматография, сұйықтық таралу, жұқа 
қабатты, ион-алмасу және басқа хроматография түрлері жатады. 
Топтардың тізімі толық емес, себебі мұнда көптеген әдістер кір-
меген (радиометриялық, масс-спектралды және т.б.). Бұл әдістер 
бөлек қарастырылатындықтан, оларды екінші дәрежелі белгі 
ретінде есептеуге болмайды.
 
1.3. Талдаудың физика-химиялық әдістерінде
қолданылатын тәсілдер
Талдаудың барлық физика-химиялық әдістерінде екі негізгі 
әдістемелік тәсіл: тура өлшеу әдісі және титрлеу әдісі (жанама 
өлшеу әдісі) қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет