Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет7/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   106
Тура әдістер.
Бұл әдістерде аналитикалық сигналдың зертте-
летін табиғаты және оның концентрациясына тәуелділігі қолда-
нылады.
Заттың табиғатына байланысты қасиеті, мысалы, эмиссион-
ды-спектроскопияда спектралды сызықтардың толқын ұзындық-
тары, полярографияда жартылай толқынның потенциалы болып 
табылады, ал сандық сипаттамасы сигналдың қарқындылығы 
бірінші жағдайда, спектралды сызықтардың қарқындылығы, 
екінші жағдайда, диффузиялық токтың күші болып келеді. 
Кейбір әдістерде аналитикалық сигналдың заттың табиғатымен 
байланысы қатаң теориялық түрде орнатылған. Мысалы, негізгі 
константаларды (Планк тұрақтысы, электрон заряды және т.б.) 
қолдана отырып, теориялық шығарылған тәуелділіктер бойынша 
сутегі атомының спектріндегі сызықтарды есептеуге болады. 
Сапалық және сандық сипаттамалардың байланысы 
1.1-суретте
келтірілген. Абсцисса осі бойынша біртекті сипаттамалар Р, 
мысалы, спектралды сызықтардың толқын ұзындықтары өсу реті 


12 
бойынша орналасады, ал ордината осі бойынша аналитикалық 
сигналдың қарқындылығы І орналасады. Сапалық талдау кезінде 
сигналды, мысалы, сынама спектрінде күтілетін толқын ұзын-
дықтарының қайсысы шығатынын бақылайды, ал сандық талдау 
кезінде сигналдың қарқындылығын өлшейді. 
Сөйтіп, аналитикалық сигнал – бұл анықталатын құрам-
дастың құрамымен функционалды түрде байланысқан шама. 
Аналитикалық сигналдың немесе оның түрлендірілген шамасы-
ның анықталатын құрамдастың құрамына тәуелділігін 
градуир-
леу сипаттама
деп аталады. Ол график, формулалар немесе
кестелер түрінде келтірілуі мүмкін. Берілген мөлшердегі гра-
дуирлеу функцияның бірінші туындысының мәнін сезімталдық 
коэффициенті немесе сезімталдық деп атап, S әрпімен белгілейді.
Берілген әдістеме бойынша қарастырылған анықталатын 
құрамдар мәнінің аймағы анықталатын құрамдар аралығын 
құрайды. Анықталатын құрамның төменгі мәнін анықталатын 
концентрациялардың төменгі шекарасы немесе төменгі шегі с
т
деп, жоғарғы мәнін жоғарғы шекарасы немесе жоғарғы шегі с
ж
деп атайды. Осы әдістемеге сәйкес, берілген сенімді ықтимал-
дығымен Р (әдетте Р = 0,95) анықталатын құрамдастың бар екен-
дігін анықтауға болады, сонымен қатар төменгі құрамды анықтау 
шегі деп атап, с
min, Р
деп белгілейді (мысалы, с
min, 
Р = 0,95). Анық-
тау шегін минималды анықталатын аналитикалық сигналдың 
шамасы бойынша табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет