Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет4/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
 
 
5. Cұйықтық экстракция
................................................. 180
 
5.1. Әдістің жалпы сипаттамасы мен
іс жүзінде қолданылуы ....................................................... 180 
5.2. Үлгі есептердің шешімі ............................................... 185 
5.3. Өзіндік жұмысқа арналған есептер ............................. 186 
Бақылау сұрақтары .............................................................. 187 
 
Библиографиялық тізім
................................................... 189
 
 
Қосымша мәліметтер
........................................................ 190 



АЛҒЫ СӨЗ 
 
Аналитикалық химия – әртүрлі қосылыстар мен заттардың 
құрамын талдау әдістері туралы ғылым. Олай болса, аналити-
калық химияның пәні ретінде талдаудың жаңа әдістерін жасауды, 
анализді практика жүзінде қолдануды және анализ әдістерін 
терең зерттеу арқылы олардың теориялық негізін қалыптасты-
руды айтуға болады. 
Аналитикалық химия – бұл білімді қалыптастырып және оны 
бір жүйеге келтіретін пән ғана емес, сондай-ақ қоғам өмірінде 
практикалық мәні өте зор ғылым. 
Физика-химиялық талдауды тиімді түрде жүргізбесе, таби-
ғатты қорғау және денсаулық сақтау жүйелері мен қауіпсіздік ке-
шендерін іске қосу және жандандыру, оларды одан әрі дамыту 
мүмкін болмайды.
Аналитикалық химияны таңғажайып ғылыми ізденістердің 
үлкен бір орталығы деуге де болады. Демек, аналитикалық химия 
– заттың химиялық құрамын анықтауға қажетті химиялық талдау 
әдістерін жасап, сол әдістерді жүзеге асырумен және олардың 
теориялық негіздерін зерттеумен шұғылданатын химия ғылымы-
ның бір саласы.
Аналитикалық химия студенттердің ойлау қабілетін қалып-
тастыра отырып, физика-химиялық анализді және әртүрлі ғылы-
ми-зерттеу тәсілдерін жүргізуді үйретеді.
Қазіргі кездегі физика-химиялық әдістерге электрохимия-
лық, хроматографиялық, спектралды және күрделі аналитикалық 
құралдар мен мәліметтерді компьютер арқылы өңдеуге негіздел-
ген басқа да әдістер жатады.
Физика-химиялық әдістердің қазіргі заманғы физика-химия-
лық үрдістердің жоғары температурада өтуі шарттарымен қиын-
датылатын, әрекеттесетін заттардың күрделілігі және көптүрлі-
лігімен сипатталатын металлургияда үлкен маңызы бар. 
Металлургиялық өнеркәсіптің тиімділігі мен өнімдерінің 
сапасы зерттеудің физика-химиялық әдістерін ғылыми негіздел-
ген таңдауымен анықталады. Қазіргі заманғы құралдарды қолда-
натын, дұрыс құрастырылған аналитикалық тәжірибе технолог, 
инженер, зерттеушіге бастапқы заттардың химиялық құрамы, құ-
рылысы мен кристаллохимиялық ерекшеліктері туралы нақты 



және сенімді ақпарат береді, олардың қатысуымен жүретін 
үдерістер мен құбылыстардың табиғаты мен заңдылықтарын 
анықтауға және осыған негізделген, пайдалану сипаттамалары 
белгіленген жоғары сапалы материал мен бұйымдарды алудың 
технологиялық тәртібін дамытуға мүмкіндік береді.
Ұсынылған оқу құралы Қазақстан Республикасының Білім 
және ғылым министрлігінің стандартына сәйкес, «Аналитикалық 
химия» курсы бойынша қысқаша әдістемелік болып табылады 
және «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» 
мамандығының студенттеріне арналған. Бұл оқу құралында ана-
лиздің физика-химиялық әдістерінің негіздері келтірілген. Соны-
мен қатар әдістерді практикалық қолданудың шарттары мен 
аймақтары, әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері, даму 
перспективаларының шектеулері және басқа да ерекшеліктері 
мен сипаттамалары қарастырылған. Әрбір тарауда үлгі есептерді 
шығарудың мысалдары мен бақылау сұрақтары және есептер 
келтірілген. Есептерді шығару үшін студенттерге оқу құралында 
ұсынылған толықтырылған оқулықтар мен анықтамалықтардың 
көмегі қажет болуы мүмкін. 
 
Бұл оқу құралын жақсарту мақсатында айтылған ескерту мен 
ұсыныстарға автор алдын ала алғысын айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет