31
10
-12
моль/л-ге және одан да төмен концентрацияда анықтауға
болады. Осындай аз концентрацияда S
2-
иондары да анықталады.
Күміс сульфиді негізінде түрлі галогенидті және металсезгіш
электродтар құрастырылады. Ол үшін күміс сульфидіне күміс
галогенидтерін немесе мыс, кадмий, қорғасын және басқа да
металдардың сульфидтерін енгізеді. Осындай күміс сульфиді
негізіндегі сәйкес галогендер қосындылары бар электродтар Cl
-
,
Br
-
, I
-
, CN
-
және т.б. иондарға сезімтал. Күміс сульфидіне басқа
металдың сульфидтерін енгізу екінші сульфидпен енгізілген
металға (Cd
2+
, Pb
2+
, Cu
2+
және т.б.) сезімтал электрод алуға мүм-
кіндік береді. Сонымен қатар Cu
2+
ионына сезімтал элек-
тродтар да қолданылады.
Гетерогенді қатты электродтарда белсенді зат инертті матри-
цамен араласады. Ионсезгіш белсенді зат ретінде түрлі барий
сульфаты, кальций оксалаты және т.б. сияқты аз еритін қосы-
лыстар, ал инертті матрица ретінде эпоксидті шайырлар, поли-
винилхлорид, силиконды каучук және т.б. қолданылады. Мұндай
электродтар потенциалы тұрақты емес және селективтігі жоғары
емес.
Ионсезгіш мембранасына өнімдері шыны электродқа әсер
ететін белгілі бір реакцияны катализдейтін фермент жағылған
ферментті электродтар қызығушылық тудырады. Осылай түрлі
бейорганикалық заттарды (фосфат, мочевина және т.б.) анық-
тайды.
Достарыңызбен бөлісу: