«Гүл», «Жапырақтар», «Кеш», «Жылы кеш», «Жан қалқа» өлеңдері адамның ішкі сезімін, сырын суреттейтін махаббат лирикасы болып табылады.
С. Торайғыровтың: «Тұрмысқа», «Көңілді көндіретін тағдыр», «Жақсылық көрсем өзімнен», «Туған еліме», «Жүрегім тулап шабасың», «Неге жасаймын?», «Жас жүрек» өлеңдері көңіл күй лирикасына жатады.
С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Таныстыру» атты поэмалары бар. «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары – философиялық мәселерді, заманның түйінді тақырыптарын қозғайтын, жаңа идеяны суреттейтін жаңа мазмұнды шығармалар.
С. Торайғыров шығармашылығынан ерекше орын алатын туынды – Алашорда үкіметінің белгілі қайраткерлері мен қазақтың ұлы адамдарын елге таныстыру мақсатында 1917 жылы жазған «Таныстыру» поэмасы.
Көптеген өлеңдерінде қоғамдағы ең күрделі мәселе әйел тағдырын, олардың бас бостандығын жырлаған С. Торайғыров бұл тақырыпты өзінің «Қамар сұлу» және «Кім жазықты?» романдарында тереңдете жалғастырған.
Достарыңызбен бөлісу: |