А хмет Байтұрсынұлы
(1873-1938)
Ө гіз бен Бақа (талдау үлгісі)
/Бір Өгіз айдын шалқар10 көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді./1-7
/Шілденің /сарша тамыз ыссы/10 кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді./2-15
/ Су ішіп көлдің шықты жағасына,
Мал еді /көз тоятын қарасына/8./1-9-17
/Артықша бір көлбақа күншіл екен/3,
Сол көлдің Бақасының арасында.
/Өгізді суға тойған Бақа көрді,
/Секіріп көршісіне жетіп келді/5-15-12.
«Боламын сонау мен де өгіздей11» деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді./3-5-12
/ Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? – деп, -
Өгіздей11 анау тұрған болдым ба?» деп/3-12,
/Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,
Жолдасы жауап берді сонда бүй деп/15:
«Өгіздей11 болу саған қайда, шырақ?!
Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ!
Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
/«Қарашы! Енді қандай болдым? – деді,
Міне, мен жаңа Айдай11 толдым!» – деді/4-12.
Ж олдасы тағы қарап денесіне:
«Қалпыңда қараң мен пормың», – деді.
Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа!
/Зорланды қарнын керіп, енді Бақа/3-4-12.
/Шыдамай жұқа10 қарын керуіне,
Жарылып сол арада өлді Бақа/6-12.
/Күнәсі күндегеннің жаман қатты,
Күндей ме біреуге /Алла берген бақты/13?»
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?/6
Әуелде /құдай өлшеп берген/13 дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сөз: /«Әлін білмес әлек»/14 деген,
Осындай әуре болған жаннан қапты.
Талдау сұрақтары:
Өгіздің суат іздеуі, шөлдеуі
Жаз ерекшелігі
Бақаның күншілдігі
Бақаның мақтаншақтығы
Бақаның көрсеқызарлығы
Бақаның іштарлығынан тапқан пайдасы
Тіршілік салтанаты
Рең әсемдігі
Пішін (форма) келістігі
Эпитет (көріктеуіш)
Теңеу
Сатира
Ұлттық өрнек
Мақал-мәтел
Нақты көрініс
Жоғарыда көрсетілгендей талдауға берілген сауалдар бойынша өлеңді оқып отыра, бастапқы екі жолда шілденің сарша тамыз ыстық күнінде өгіздің әбден шөлдеп, су ішетін жер іздеп, бір суатқа келіп су ішкендегісі суреттелген. Осы жерге сауалдар бойынша 1 және 7 санын қою керек. Тіршілік салтанаты дегенде шілденің аптап ыстық кезі, даладағы жан-жануар, жәндік атаулыны шөл қысып, су, көлеңке іздейтін кезін бейнелейді. Жалпы бастапқы алты шумақта өгізді көрген бақаның күншілдігі, бақаның бойындағы көрсеқызарлығы, өгіздей боламын деп мақтануы баяндалады. Бұл жерлерге 3,4,5 сандарын қою қажет. «Мал еді көз тоятын қарасына» деген тіркестерде өгіздің пішін келістігі де, рең әсемдігі де бар. Және өлеңнің өн бойында сатира, юмор көрінеді, яғни мысал өлең болғандықтан, сатираға құрылған поэзиялық шығарма. «Өгіздей», «Айдай» деген сөздер «-дай, -дей, -тай, -тей» жұрнақтар арқылы жасалытын, бір затты бір затпен салыстыра суреттеу арқылы жасалған теңеу. Ал «айдын шалқар», «жұқа» деген сөздердің заттың ерекше қасиетін көрсететін эпитеттер. «Алла берген бақ», «құдай өлшеп берген» деген тіркестер қазақ халқының Аллаға сеніп, әрдайым сыйынып жүретіндігін білдіреді, сондықтан оны ұлттық өрнек деп айтамыз. Осылайша талдау сауалдарына орай әр сөздің жоғары жағына сандарды қою арқылы белгілеп және өз ойларын ортаға салады.
Достарыңызбен бөлісу: |