П/п Наименование дисциплины



бет28/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
бірінші жартысы

М ағжан Жұмабаев

(1893 – 1938)
Қысқы жолда
Қараңғы түн, сар дала,

Көрінбейді айнала.

Боран соғып тұр борап,

Жолды басқан құр сорап.

Астымдағы жануар

Құлағын қайшыландырып,

Зорға борт-борт желеді.

Ызғарлы жел долданып,



Е кі иінінен дем алып,

Ішін тартып осқырып,

Кейде қатты ысқырып,

Аңдай ұлып бір мезгіл,

Екі санын шапақтап,

Біресе сақ-сақ күледі...

Боранын тәңір ашпады,

Жол білінбей бастады,

Көрінген бір жарық жоқ,

Босаңсиды Қаракөк...

Сар далада адасып,

Суық кебін жамылып



Қаларын кім біледі?..
Талдау сауалдары:

  1. Қараңғы түннің бейнесі

  2. Боранның соғуы

  3. Аттың жүрісі

  4. Желдің долдануы

  5. Рең әсемдігі

  6. Форма (пішін) келістігі

  7. Эпитет (көріктеуіш)

  8. Теңеу

  9. Метафора (ауыстыру)

  10. Метонимия (алмастыру)

  11. Кейіптеу

  12. Ұлттық өрнек

  13. Дерексіз ұғымды жандандыру

  14. Дерексіз ұғымды заттандыру

  15. Нақты көрініс



Сағындым

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!», - деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым…

Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,

Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.

Ауыр иіс, ылғи қаракөлеңке,

Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.
Т апал, салқын, тым қараңғы үңгір тар,

Есігімде мықты қара құлып бар.

Кіп-кішкене терезелер темірлі,

Мұндай үйден кісіге естілер ащы зар!
Алтын Күнді, қара жерді сағындым,
Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым.
Асау тайдау еркелетіп өсірген –
Ағайынды, туған елді сағындым.
Ас бола ма сасық сорпа, қара нан,

Алма бетте қалмады ғой тамшы қан.

Қоңырау қағып оятады ақырып,

Тым болмаса сібірлеп те атпай таң.


Бостандықта өткен күнді сағындым,
Желдей заулап кеткен күнді сағындым.
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,
Ойдағыны еткен күнді сағындым.

Ойыны бір кұрдастарды сағындым,
Тілегі бір жолдастарды сағындым.
Келешекке бірге жоспар құрысқан,
Сырласатын жан достарды сағындым.

Не көрсем де – Алаш үшін көргенім,

Маған артық ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін.
Қазағымды, қалың елді сағындым,

Сарыарқамды – сайран жерді сағындым.

Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,

Арқадағы айдын көлді сағындым.

Тәңірі ием, өзің алшы панаңа,

Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?!

Баласынан тұтқын болып сарғайған

Кім жеткізер сәлемімді анама?
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым.

«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Талдау сұрақтары:

  1. Шығармадағы алапат қиындық, таршылық көрінісі – Мағжан стилінің айнасы

а) жалпы тақсірет, таршылық көрініс

ә) қаттылық, беріктік сипаты

б) жалпы жағымсыздық

в) жағымсыз реңк

г) тамақ нәрсіздігі

ғ) уақыт өтпеуі



  1. Лирикалық қаһарман сезімі даралығы – стиль көрінісі

а) лирикалық қаһарманның жүдеуі

ә) лирикалық қаһарманның сағынышы

б) лирикалық қаһарманның күйзелуі

в) лирикалық қаһарманның күрескерлігі



  1. Табиғат, қоршаған орта сипатының ақын идеясын негіздеудегі, өрістетудегі орны

а) табиғат бейтараптығы

ә) тыныштық үстемдігі

б) бағалылық, құндылық белгісі

в) тіршілік салтанаты

г) әдемілік сипаты

ғ) белгілі бір көріністі нақты кескіндеу

д) көптік ұғым


  1. Сөз нақышының да ақын стиліне бағындырылуы

а) көріктеуіш

ә) теңеу


б) метафора (ауыстыру)

в) метафоралық тіркес

г) кейіптеу

ғ) дерексіз ұғымның заттануы

д) дерексіз ұғымның жандануы

е) рәміздік (символдық) белгі

ж) ұлттық өрнек

з) сөз мәнерлілігі



  1. Тура айтудың әсерлілігі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет