Практика бойынша студент есебі



бет3/11
Дата12.06.2023
өлшемі0,89 Mb.
#100723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қозғалтқыштың иінді-шатунды механизмі.doc практика

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Көлік тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру
кафедрасының тарихы

«Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасы маман шығарушы кафедра болып табылады, оны мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарының жоғарғы автомобиль-жол білім беруінің құрылуы мен дамуы байланысты.


Қазіргі таңда кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент Үсіпбаев Үсен Асылбекұлы басқарып отыр.
2004 жылы университет құрамында кафедра бірыңғай еуропалық білім беру кеңістігін құрудың Болон процесіне қосылды және 5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары, 5В090100 – көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру мамандықтары бойынша бакалаврларды көп деңгейлі дайындауға көшті және 6M071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандық бойынша магистранттарды дайындауда.
Кафедраның түлектері кең профильді және көліктің барлық салаларында талап етілген мамандар болып табылады. Олардың көбісі инженерлік қызметтің әр түрлі салаларында: өндірісте, басқармада, қызмет көрсету және қызметтер саласында, ІІД құрылымдарында, мемлекеттік қызметтерде мансаптық өсуге қол жеткізді. «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының ғылыми дәрежесінің деңгейі 62% құрайды.
Кафедраның әдістемелік семинарларының жұмысы ақпараттық-инновациялық технологияларды енгізу жолымен оқу және оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған. Кафедра университет сайтында өзінің жеке беті бар, студенттер Internet желісіне лимитсіз кіре алады.
Кафедрада келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды:
- «6B11310 -Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры;
- «6B11311 -Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры;
- «6B11312 -Көлік логистикасы» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры;
- «6B07130 - Көлік, көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры;
- 6B07131 - Автосервис және фирмалық қызмет көрсету» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры;
- Білім беру бағдарламасының коды және атауы:7М07130 - "Көлік, көліктік техника және технологиялар";
- Білім беру бағдарламасының коды және атауы: 7М07133 - "Көлік жүйелерінің логистикасы" .
Кафедраның ғылыми қызметі төмендегілерге бағытталған:
-пайдалануда машиналардың сенімділігін басқару әдістерін зерттеу мен жетілдіру;
-көлік техникасының экологиялық қауіпсіздігін арттыру жолдары және мәселелері;
-автокөлік отын-майлағыш материалдарының пайдалану-техникалық қасиеттерінің артуы;
-автокөліктерді компьютерлік диагностикалау бойынша бірінші оқу зертханасы құрылған;
-жүк-жолаушыларды тасымалдаулардың тиімділіктері мен қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша зерттеулер;
-темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару бойынша мамандырылған кабинет құрылған.
Кафедраның жетістіктері
Болон процесінің Орталығы мен және ҚР БҒМ академиялық ұтқырлығымен жүргізілген қазақстандық ЖОО бакалавриат бағдарламаларын рейтингттік бағалауда кафедра бакалавриатының екі мамандығы да жүлделі орын алды: 5В071300 –Көлік, көлік техникасы және технологиялары– 3 орын; 5В090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру – 2 орын.
Мамандығы:
«6B07130 - Көлік, көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры;
6B07131 - Автосервис және фирмалық қызмет көрсету» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
Мамандану: Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы Автосервис және фирмалық қызмет көрсету Біліктілігі: «Көлік бакалавры»
Бітірушілердің іс-әрекетінің аумағы: автотранспорты қөнер кәсіпорындары, авто жөндеу заводтары: көлік техникасын пайдалануды, технологиялық конструкторлық қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындар; машина жөндеу заводтары және машина құрастыру кәсіпорындары; көлікті басқару және материалдық техникалық қамтамасыз ету қызметтері; кедендік қызмет және көліктік инспекция ұйымдары.
«6B11310 -Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры;
«6B11311 -Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры;
«6B11312 -Көлік логистикасы» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры.
Мамандану: Жол қозғалысын ұйымдастыру  Магистралды темір жол көлігінде тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру Автокөлік транспортында тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру Біліктілігі: «Көлік бакалавры»
Бітірушілердің іс-әрекетінің аумағы: жол қозғалысын ұйымдастыру басқару, магистралды темір жол көлігінде тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру, автокөлік транспортында тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру, көлікті басқарудағы аймақтық органдар және мемлекеттік көліктік инспекциялар, көліктік-экспедициялық өнер кәсіпорындар мен ұйымдар; жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша сараптамалық мекемелер; кедендік қызмет және көліктік инспекция ұйымдары.
Оқу мерзімі: күндізгі оқыту нысаны-4жыл, Кешкі оқыту нысаны-5жыл,  Сырттай оқыту нысаны колледж ден кейін-3жыл, Сырттай екінші жоғарғы білім-2жыл, Кафедра студенттері әскери кафедрада оқу мүмкіншілігіне ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет