Көліктің материалдық өндіріс саласында үлкен маңызы бар және адамға
басты қажеттіліктердің бірін – өндіріс құралдары мен адамдардың орын
ауыстыруын қанағаттандыруға арналған.
Халық шаруашылығын өркендетудің негізін қалаушы факторлар көлік жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру, жүк және жолаушыларды тасымалдау қажеттігін уақытылы, сапалы және толық қанағаттандыру, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін табыспен шешу болып табылады.
Көлікте адам еңбегін сіңірудің үлкен саласы жатыр, түрлі бөліктер мен
бөлімшелердің тығыз өзара әрекеттесуі қажет алып динамикалық жүйемен қоса, ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктері пайдаланылды.
Көлік бірсыпыра стратегиялық міндеттерді, ең алдымен азаматтардың
жылжымалылығы мен тауар айналымын шешуге арналған. Осы кезде көлік
жүйесінің қуаты ғана емес, қызмет көрсету сапасы да, олардың қол жетерлігі
де маңызды. Көлік экономикалық, ішкі саясат, әлеуметтік, әскери және басқа
салаларда үлкен мәнге ие болады, көліксіз өндірістің қызмет етуі,
табиғи ресурстарды игеру көңілге қонбайды. Көлік – бейнелеп айтқанда, кез
келген мемлекеттің қан айналу жүйесі.
Көлікті экономикалық түрде мақсатты ету үшін төмендегілер қажет:
- көрсетілетін көлік қызметтерінің спектрін, табиғи бәсекелестікті
күшейте отырып, шектік кеңейту;
- ең қысқа мерзімде жылжымалы құрам мәселесін оның сенімділігін
арттыру, жүк көтерімділігін арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бағытында шешу;
- көлік желісі тығыздығын арттыру арқылы теміржол және автомобиль
желілерін дамыту.
Материалдық өндіріс саласы болып табылатын көлік, бірде-бір қоғамдық
сала сияқты емес, қоғам өмірінің барлық аспектілеріне әсер етеді, ол жүктер
мен адамдарды тасымалдауда тұрғындардың өмірлік қажетті талабын қамтамасыз етуі тиіс.
Көлік ерекшелігі, ол шикізатты қайта өңдемейтіндігімен және тікелей
өнім жасамайтынымен шектеледі. Көлікте өндірістік процесс пен осы процесс
өнімі, бір мезгілде өндірістік процесс те, көлік өнімі де бола тұра,
уақытқа және кеңістікке сәйкес келеді.
Өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы экономикалық көрсеткіштері, сыртқы экономикалық байланыстар, елдің қорғаныш қабілеті, адамдардың қарым-қатынасы және мемлекеттің қызметі мен оның тұрғындарының өмірінен тұратын басқалары көлік қызметі тиімділігіне тәуелді.
Көлік құралдары – бұл айтарлықтай жылдамдықтармен қозғалатын және осы
кезде бір-бірімен соңғы және көбінесе шектеулі кеңістікте өзара
әрекеттесетін объектілер.
Көлік – экологияға әсер ететін белсенді құрылымдардың бірі. Көлік
үлесіне химиялық ластанудың - 60-70 % және шуылдың 90 % келеді. Көлік –
энергия ресурстарын тұтынушылардың бірі, сондықтан көліктің жаңа түрін
жасаушының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі мұнай өнімдерін
(автомобиль, теміржол және басқа көлік түрлерінде) және энергияның басқа
түрлерін (газ, электр энергиясы, атомдық және т.б.) тұтынуды теңестіру
мәселелерін шешу.
Көліктің әр түрі мен көлік жүйесінің барлық элементтерінің қалыпты
өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін, жүктерді жеткізу және жолаушыларды
тасымалдаудың көліктік-технологиялық сұлбаларын таңдаудың экономикалық тиімділігінің әдіснамасы басым ғылыми бағыт болып табылады. Көліктің әр түрінің өзара әрекеттесуін, нарықтық қатынастармен үйлесетін және тасымалдаудың ғылыми негізделген болжамымен зор ақпараттық жүйе енетін біртұтас көлік жүйесінде (БКЖ) қарастыру қажет.
Көлік құралдарының өзара әрекеттесу негіздерін тереңдетіп зерттеу
кезінде бірсыпыра ұғымдар енгізу қажет, одан әрі мазмұндауда біз олармен
операция жүргіземіз және олар көлік процестерін сипаттауда жалпы
қабылданған.
Көлік қатынас құралдары мен жолдарының, сонымен қатар олардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен құрылыстар жиынтығы болып табылады.
Көлік процесін жүзеге асыру үшін түрлі дайындық және көмекші
операциялар қажет, олар көлік-экспедициялық және тиеп-түсіру деп аталады.
Көлік-экспедициялық операцияларға: қабылдау, орау, таңбалау және
жүктерді беру, оларды қысқа мерзімге сақтау, әр түрлі төлемдерді рәсімдеу,
жүкті көліктің бір түрінен екінші түріне беру, алушыға жеткізу және т.б.
жатады. Тиеп-түсіру жұмыстары, барар жолында бірнеше қайта тиеу енетін,
жүктерді тасымалдау кезінде көп көлем алады. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көліктің бір немесе бірнеше түрімен ұйымдастырылады.
Бір көліктік кәсіпорын жүргізетін тасымалдау жергілікті деп аталады.
Тікелей қатынаспен тасымалдау – бұл бір көлік түрімен (автомобиль,
теміржол немесе басқа түрімен), бірақ бірнеше көліктік кәсіпорындар
(жолдармен, пароход шаруасы, автошаруашылықтармен және т.б.) жүзеге
асыратын тасымалдау.
Аралас қатынаспен тасымалдау көліктің бірнеше түрлерімен (мысалы,
автомобиль- теміржол - әуе қатынасы), бірыңғай көлік құжаты бойынша жүзеге асырылады. Осындай тасымалдаулар кезінде аралас және қайта тиемейтін тасымалдау, олар үлкейтілген ыдыста (контейнерлер, жәшіктер, паддондар және т.б.) бастапқы пункттен соңғысына дейін келеді. Халықаралық қатынаспен тасымалдау – мемлекеттен тыс (жүктер экспорты) жүзеге асырылатын немесе шетелден әкелінетін (импорт) жүктер мен жолаушыларды тасымалдау.