Практика бойынша студент есебі


Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау



бет10/11
Дата12.06.2023
өлшемі0,89 Mb.
#100723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2.4 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау


Тірішілік қауіпсіздігінің негізгі курсында адамды қорғау жолдары қарастырылады. Оның негізгі себептеріне адамдардың өмір сүру ортасындағы кездесетін қауіп-қатерлерімен бірге еліміздің ата заңының негізгі мақсаты жатады. Адамдардың өмір сүру ортасындағы қауіп қатерлер адам өміріне, оның ден-саулығына зиянын тигізіп, әртүрлі аурулар мен жарақатқа, тіптен кейбір жағдайда өлімге де алып келіп соқтыруда. Осыған орай мемлекеттің адамды қорғауы, оның негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Тірішілік қауіпсіздігінің негіздері адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Бұл курс нақты машиналардың, құрал жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, себебі олармен арнайы мамандандырылған орталықтар айналысады. Мысалы, атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс пен өрт қауіпсіздігі және тағы сол сияқтылар. Қауіпсіздік қауіп-қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.Тірі организмдердің ішінде қауіп қатер адамға қөп төнеді. Себебі, адам өзінің өмір сүру ортасын жасай алатынан басқа, өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, антропогендік орта да құрады. Сондықтан адамның кез-келген іс әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтижесін де әкелуде. Оған мысал экологияның бұзылуы, ауыру және жарақат алу мен қатар кей жағдайларда қайғылы оқиға да тууы болып отыр. Осыған байланысты адамды және өмір сүру ортасын қорғау іс-әрекеті қауіпсіздік шаралары болып табылады. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, қауіпсіздіктің кешенді қорғану шаралары пайдалану қажеттілігі туады. Ол кешенді қорғану шаралары құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдік шараларын қамтиды. Қауіпсіздік адамды, табиғатты және материалдық құндылықтарды қорғау жағдайы. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 3 негізгі міндеттерді орындау керек. Нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификация). Талдау өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу үшін жүргізіледі. Адамды және өмір сүру ортасын қауіп-қатерден қорғаудың тиімді және сенімді шараларын әзірлеу. Қауіп-қатердің қорғау іс-әрекеттерінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнатылуы мүмкін емес. Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер — әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек: Бірінші міндет-нақтыіс-әрекеттен болатын қауіп — қатерді талдау (идентификация). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі. Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу. Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес. Бұл шаралар қауіп — қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар).
Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады. Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі.
Еңбекті қорғау – заңдылық және нормативтік құжаттар жүйесі, оның негізінде жұмыс орнында қауіпсіз еңбек ету жағдайын қамтамасыз ететін әлеуметті-экономикалық, техникалық және гигиеналық шаралар өңделеді. Еңбекті қорғаудың мақсатын мына теңдеумен көрсетуге болады
Мақсат = АЖ + ТЕ + ДС + ЖК + ЕС,
мұнда АЖ – апатсыз жағдай жетістігі;
ТЕ –травматизмі ескерту;
ДС – денсаулықты сақтау;
ЖК – жұмыс қабілетін көтеру;
ЕС – еңбек сапасын көтеру.
Қойылған мақсатқа жету үшін екі топ есепті шешу керек. Біріншісі – ғылыми, яғни адам-машина жүйесіндегі математикалық үлгілер, қауіпті (зиянды) өндірістік факторлар және т.б. Екіншісі – құрылғыны пайдалану барысында қауіпсіз еңбек етуді толық қамтамасыз ету. Еңбекті қорғау бойынша заңдылықтар актісі Қазақстан Республикасындағы еңбек ету құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 30.09.95 жылғы ҚР конституциясының 24 бабы болып табылады.
Бұл бапта әрбір адам еркін еңбек етуге құқықты деп көрсетілген:
- 15.05.2007 ж. ҚР-ның Еңбек кодексі;
- 07.02.2005 ж. № 30-П ҚР ның «Жұмыскерлер еңбек ету міндетін орындау барысында денсаулығына және өміріне зиян келуінде жұмыс берушінің азаматты-құқықты жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы» заңы. Бұдан басқа, еңбекті қорғау бойынша нормативтік актілерге төмендегілер жатады:
- еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің стандарты (ССБТ), бекітілетін: мемлекеттік стандарттар (ГОСТ) - стандартизация, метрология және сертификация бойынша ТМД мемлекетаралық Кеңесі; салалық стандарттар (ОСТ) - министрліктерге, ведомстволарға, атқару билігінің басқа да орталық органдарына сәйкес; кәсіпорындар стандарттары (СТП) - кәсіпорындар;
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Бас санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы бекіткен санитарлық ережелер, нормалар, гигиеналық нормативтер, эргономикалық, физиологиялық және басқа да талаптар;
- Атқару билігінің орталық және бақылау органдары бекіткен салалардағы еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар және ережелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет