Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы


«ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет11/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45

«ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ 
 
КАТТЕБАЕВА Қ.Б. 
Қазақстан инновациялық университеті, Семей қаласы 
Педагогика және психология мамандығының ІІ курс магистранты 
 
 «Құзыреттілік» ұғымы еңбек әлемінде және өнеркәсіп мекемелерінде пайда болды. 
«Негізгі  құзыреттілік»  термині  алғаш  рет  1992  жылы  Еуропа  Кеңесінің  «Еуропадағы 
орта  білім»  жобасында  пайда  болды.  Бұл  жобаның  міндеті  –  Еуропа  одағының 
құрамындағы  елдерде  білім  берудің  мақсаты  мен    мазмұнын,  оқушылардың  оқу 
жетістіктерінің деңгейің бағалау механизмдерін талдау болды. 
Құзыреттіліктер  -  адамның    белгілі  бір  салада  беделге,  танымға,  тәжірибеге  ие 
сұрақтар  мен  құбылыстар  шеңбері.    Әлеуметтік  құзыреттілік  –қоғамдағы  өмір  сүрудің 
нормалары  мен  ережелерін  дұрыс  орындауға  мүмкіндік  беретін  әлеуметтік  дағдылар 
(міндеттер).  Әлеуметтік  педогогиканың  термині.Коммуникативтік  құзыреттілік 
төмендегідей компоненттерден тұрады:  
-   коммуникативтік  тәртіп  аймағындағы  білімі  (қажетті  тілдерді  білуі,  педогогика 
және  психология,  конфликтология,  логика,  риторика,  мәдениет  және  сөйлеу 
аймағындағы білімі). 
-   коммуникативтілік  және  ұйымдастырушылық  қаблеті  (іскерлік  қатынастарды 
нақты  және  жедел  орнату,  белсенділік  таныту,  тұлғаны  дұрыс  қабылдау  және  түсіну 
негізінде  психологиялық  әсер  ету,  қоршаған  ортамен  және  оқшауланған  адамдармен 
біріккен іс-әрекет кезінде белсенді әрекет жасау); 
-   эмпатияға  қабілетті  болу  (түсіне  білу  іскерлігі,  өзгені  сезіне  білу, 
психотерапияны сөзбен орындай алу). 
-   өзіндік  бақылауға  қабілеттілігі  (көршісінің  және  өзінің  мінез-құлқын  реттеу  алу 
іскерлігі,  әңгімелесушіні  модельдей  алу,  дау-жанжал  ситуацияларында  өнімді  жауап 
беру тәсілдерін табу, жағымды психологиялық климатты тудыру, субъектаралық қарым-
қатынасты болжай алу); 
-   вербальды  және  вербальды  емес  қарым–қатынас  мәдениеті  (сөйлеу  техникасы, 
риторикалық  амалдар,  аргументация  техникасын  және  шарттасуды  жүргізу,  кәсіби 
педaгогикалық  әдеп  ережелерін  сақтау,  ұғымдық  категориялық  ақпаратты  мақсатты 
түрде қолдану, сөйлеу мәдениетін меңгеру, вербальды емес құралдарды қолдану). 
Еліміздің  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  деңгейге  жету  үшін  жасалып  жатқан 
талпыныстар  жағдайында  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып,  терең  білімді, 
ізденімпаз,  барлық  іс-әрекетінде  шығармашылық  бағыт  ұстанатын,  сол  тұрғыда  өз 
болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр. Осы 
тұрғыда  тұлғалық  бағдарлы  технологиялар  негізінде  студенттердің  коммуникативтік 

79 
 
құзыреттілігін  қалыптастыру  өзекті  мәселелердің  бірі.Жеке  тұлғаны  дамыту 
мәселелері   Л.С.Выготскийдің,  М.Б.Блонскийдің,  С.Л.Рубинштейннің,  Л.В.Занковтың, 
Д.В.Элькониннің  еңбектерінің  негізгі  арқауы.  Қазіргі    кезде    Д.Н.  Богоявленскийдің, 
П.Я.Гальпериннің, 
Б.В.Давыдовтың, 
Л.В.Занковтың, 
Е.Н.Кабанова-Меллердің, 
С.Л.Рубинштейннің,  Н.Ф.Талызинаның  т.б.  жеке  тұлғаға  бағытталған  және  дамыта 
оқытудың  психологиялық  теориялары  жасалып,  оқу  үрдісіне  енгізілген.  Білім  берудің 
жеке  тұлғаға  бағытталған  технологиясына  Л.И.  Аниферованың,  Е.В.  Бондаревскаяның, 
В.С.Ильиннің, 
М.В.Клариннің, 
Т.Н.Мальковскаяның, 
В.В.Сериковтың, 
И.С.Якиманскаяның, 
Д.В.Дорофеевтің 
зерттеулері 
арналған. 
Білімнің 
түрлі 
салаларындағы  ғалымдардың,  философтардың,  психологтардың,  педагогтардың 
тұлғалық  бағдарлы  оқыту  мәселелеріне  деген  терең  және  үздіксіз  қызығушылығы  да 
қозғалып  отырған  мәселенің  маңыздылығын  дәлелдей  түседі.  Ол  үшін  алдымен 
«тұлғалық бағдарлы оқыту» дегеніміздің не екенін түсініп алғанымыз жөн. 
 
И.С.Якиманскаяның  пайымдауынша,  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқытуда  даралау 
тәсілі  барлық  білім  беру  процесінің  негізгі  қағидасы  болып  табылады,  оның  мақсаты-
әрбір жеке тұлғаның мүмкіндіктерін танып, дамыту. 
Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке  тұлғаны 
дамытуға  және  қалыптастыруға  қажетті  мынадай  4  компонент  міндетті  түрде  болуы 
қажет  деп  атап  көрсеткен.  Олар:  аксеологиялық,  когнитивті,  шығармашылық-әрекеттік 
және  жеке  тұлғалық.  Осы  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқытудың  мазмұнының  төрт 
компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір жеке тұлғаның 
жекелеген  дамытуға  жағдай  жасауға,  өз  бетінше  шешім  қабылдауға  және 
шығармашылығына,  оқу  әдістері  мен  мазмұнын  таңдауға  толық  мүмкіндік  береді  деп 
тұжырымдайды 
Біздің 
ойымызша, 
жеке 
тұлғаға 
бағдарланған 
оқыту 
материалды 
шығармашылықпен  меңгеру  аясын  кеңейтеді  және  жеке  тұлғадан  бағдарланған 
оқытушыдан төмендегідей іс-әрекетті талап етеді: 
1)  жеке  тұлғаның  темпераменті,  мінезі-құлқы,  көзқарасы,  талғамы  мен  әдеп-
дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 
2)  жеке  тұлғаның  ойлау  ерекшелігі,  қызығушылығы,  мүддесі,  ұстанымы, 
бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және т.б. 
сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі; 
 3)  әрбір  жеке  тұлғаның  өз  шамасына  сай  және  біртіндеп  күрделене  беретін  әрі 
жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 
4)  мақсатқа  жетуге  кедергі  келтіретін  себептерді  уақытылы  айқындап,  жойып 
отыруы,  ал  егер  мұны  уақтылы  істей  алмаса,  жаңа  жағдайларға  сай  тәрбие  тактикасын 
жедел түрде өзгертуі; 
5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 
6)  тәрбие  ісін  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  тәрбиелеуімен  ұштастырып,  өзін-өзі 
тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі; 
В.В.Серіков  ұсынған  жеке  тұлғаға  бағдарланған  білім  беру тұжырымдамасының 
мәні төмендегідей: 
1.  Жеке  тұлға  дегеніміз  -  адамның  арнайы  білім  алу  және  даму  аясын  білдіретін 
педагогикалық категория.  
2. Адам "жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу 
тәжірибесін меңгеруі тиіс. 
3.  В.В.Сериков  жеке  тұлғаға  бағдарланған  білім  беруге  тән  заңдылықтарды  атап 
көрсетеді: 
 –   жобалау  элементі  -  "тұлға  өміріндегі  оқиға”,  ол  кейіннен  біртұтас  өмірлік 
нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады;  
– оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі; 

80 
 
–  оқытушы  мен  студенттің  өзара  бірлескен  әрекеті  тұлғааралық,  субьект 
аралық  қарым-қатынас сипатын алады; 
– тұлғалық-бағдарлы білім беру әрбір студенттің даралығына, жеке ерекшіліктеріне 
бағыттала отырып, студенттің жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндік береді. 
Бүгінгі  қазақстандық  білім  беру  сипатындағы  айрықша  өзгерістер  оны  «адамның 
еркін  дамуына»  оның  жоғары  мәдениетін,  шығармашылық  белсенділігін,  дербестігін, 
бәсекеге  қабілеттілігін,  бейімделгіштігін  дамытуға  бағыт  береді.  Бұл  бағыт  өз  алдына 
оқушы тұлғасын қалыптастыруда жаңа тұрғыдан келуді қажет етеді. Тұлғалық–бағдарлы 
білім беруді педогогикалық қауымның меңгеруі нәтижесінде туындайтын педогогикалық 
мақсаттардың  өзгерісі  толық,  тұлғалық  және  әлеуметтік–интеграцияланған  нәтижені 
анықтау  мәселесін  алға  қойды.  Осындай  интеграцияланған  әлеуметтік  –тұлғалық-іс-
әрекеттік  ұғымның  білім  берудің  нәтижесі  ретіндегі  жалпы  анықтамасы  болып 
мотивациялық–құндылықты, 
когнитивті, 
дүниетанымдық,     коммуникативтік 
«құзырет/құзыреттілік»  ұғымы  танылады.  Бұнда  бірінші  анықтама,  әдетте,  белгілі  бір 
аядағы  процестер,  нормативті  міндеттер  мен  құқықтармен  белгіленетін  тұлғаның 
сапаларымен  байланыстырылса,  екіншісі  құзыреттердің  практика  жүзінде  жүзеге  асуы, 
оның  нақты  іс–әрекетке  қатынасынан  туындайтын  нәрсе  болып  табылады.  Демек, 
тұлғаға  –  бағдарлы  технологиялар  негізінде  студенттердің  коммуникативтік 
құзыреттілігін дамытуда негізгі ұғым «құзыреттілік» ұғымына тоқталған дұрыс болады. 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж. Педагогика, Алматы – 2002 ж. 
2. Поляков С.Д. Технология воспитания, 2008 ж. 
3.  Майғаранова  Ш.,  Иманбаева  С.,ӘшімбаеваБ.  «Тұлғалық  бағдарлы  тәрбие 
технологиясы», Алматы.2010ж. 
4 С.Б.Бабаев, Ж.Қ. Оңалбек Жалпы педагогика,  Алматы – 2007 ж. 
5. Г.К.Ахметова, З.А.Исаева, Н.С. Әлқожаева Педагогика, Алматы – 2007 ж. 
 
САМОРАЗВИТИЕ В СТУДЕНЧЕСКОМ ВОЗРАСТЕ В УСЛОВИЯХ ВУЗА  
 
КОКЕНОВА А.М.  
Преподаватель кафедры «Педагогика, психология и дизайн» КИУ г. Семей 
 
Студенческий возраст — явление, непосредственно связанное с развитием высшей 
школы.  К.Д.  Ушинский  называл  этот  возраст  «самым  решительным»,  так  как  именно 
этот  период,  определяя  будущее  человека,  является  очень  активным  временем 
интенсивной работы над собой [2]. 
Л.Д. Столяренко  характеризует  студенческий  возраст  как  особую  социальную 
категорию,  специфическую  общность  людей,  объединенных  институтом  высшего 
образования.  По  определению  И.А. Зимней,  студенчество  включает  людей, 
целенаправленно,  систематически  овладевающих  знаниями  и  профессиональными 
умениями,  отличающихся  наиболее  высоким  образовательным  уровнем,  наиболее 
активным  потреблением  культуры  и  высоким  уровнем  познавательной  мотивации. 
Б.Г. Ананьев  считает,  что  период  жизни  от 17  до  25 лет  -  завершающий  этап 
формирования  личности  и  как  основная  стадия  профессионализации.  По  мнению 
Б.Г. Ананьева,  к  17 годам  у  личности  должны  сформироваться  субъективные  условия 
для формирования навыков самообразовательной деятельности [2]. 
Современный  студент  вуза —  это  человек,  который  имеет  все  возможности  к 
дальнейшему  развитию.  Студент  первого  курса —  вчерашний  школьник,  который  не 
имеет  обходимого  опыта  и  ощущает  острую  необходимость  в  его  приобретении. 
Поэтому, сегодня, ВУЗ создает все условия для успешного саморазвития студентов. 

81 
 
В связи с этим очень важно, чтобы преподаватель направил деятельность студента 
первого  курса  на  быструю  адаптацию  к  самостоятельной  работе.  Это  подразумевает 
развитие познавательной деятельности и ответственности. 
Для  этого,  также,  необходимыми  становятся  психолого-педагогические 
диагностические методики, направленные на выявление оптимальных условий развития 
личности  обучаемого,  формирования  у  него  аналитического  мышления,  умения 
прогнозировать результаты своей деятельности, разрабатывать стратегию поиска путей и 
методов  решения  задач.  Так  процесс  саморазвития  личности  студента  становится 
приоритетным в вузовском обучении. 
Саморазвитие  человека  как  личности  является  не  только  объектом  исследования, 
но  и  показателем  оценки  благополучного  развития  общества  и  его  воспроизводящего 
института  –  образования,  осуществляемого  сегодня,  в  своей  изначальной  основе  как 
воспитание [1]. 
Проблемой  саморазвития  личности  занимались  ученые  всего  мира  и  всех  времен. 
Педагогический  аспект  проблемы  развития  и  саморазвития  школьника  представлен  в 
работах М.В. Белавкиной, А.Н. Борисовой, М.М. Гумеровой, О.И. Лапцкого. А студента 
колледжа в работах С.А. Алешиной, Н.В. Калининой, В.А. Мамлеевой, Т.Г. Угрюмовой. 
Также студента ВУЗа – И.Т. Артьемева, Е.Н. Вороновой, Г.А. Медяник, Т.В. Галузо и др 
[2]. 
Несмотря  на  большое  количество  исследования  в  данной  области,  саморазвитие 
личности, остается до конца нерешенной и актуальной. 
Сегодня  вновь  поднимаются  проблемы  свободного  саморазвития  личности 
человека. Это связано с тем, что современному обществу требуется человек с чувством 
собственного  достоинства,  высоким  уровнем  самосознания  и  нравственности, 
стремящейся 
к 
самовыражению, 
самоутверждению, 
самосовершенствованию, 
самоактуализации, 
самореализации, 
саморазвитию. 
Определяющей 
становится 
гуманистическая направленность, выражающая в процессах «самости» [4]. 
В  центр  внимания,  для  исследования  саморазвития,  рассматривается  внутренняя 
суть  человека,  его  естественные  потребности,  социальные  устремления,  право  быть 
самим  собой.  То  есть  то,  что  обычно  не  входило  в  круг  педагогических  ценностей  и 
развивалось стихийно. 
Саморазвитие  претендует  на  роль  важного  компонента  целостной  личности 
студента,  так  как  являясь  интегративной  характеристикой,  охватывает  все  компоненты 
личностной  структуры.  Пирамида  Маслоу  показывает,  насколько  важны  процессы 
«самости»  в  развитии  личности  человека.  На  основании  этого  в  составе  саморазвития 
можно  выделить  компоненты,  которые  характеризуют  специфические  показатели 
саморазвития: 
мотивационно-ценностный, 
операционно-деятельностный 
и 
рефлексивный. 
Сущность  процесса  саморазвития  студентов  видится  как  качественное 
самоизменение  личности  в  позиции  субъекта  учебной  деятельности,  которое  связано  с 
осуществлением  внутренней  потребности  самосовершенствования  и  направленно  на 
самостоятельное выстраивание себя для эффективного самопроявления [3]. 
 Задача  выбора  будущей  профессии,  профессионального  самоопределения  не 
может  быть  успешна  решена  без  решения  задачи  личностного  самоопределения, 
включающей  построение  целостного  замысла  жизни,  самопроектирование  себя  в 
будущее [5]. 
Решение  этих  центральных  для  данного  возраста  задач  сказывается  на  всем 
процессе психического развития, включая развитие не только мотивационной сферы, но 
и  развитие  познавательных  процессов.  В  этом  возрасте  идет  активное  овладение 
интеллектуальными  операциями,  которые  обогащают  понятийный  аппарат  и  их 

82 
 
умственная  деятельность  становится  более  устойчивой,  эффективной,  приближаясь  к 
миру взрослых. 
Спецификой  возраста  является  быстрое  развитие  специальных  способностей, 
нередко 
напрямую 
связанных 
с 
выбираемой 
профессиональной 
областью. 
Дифференциация направленности интересов делает структуру умственной деятельности 
гораздо более сложной и индивидуальной, чем в более младших возрастах.  
Специализация способностей и интересов делает более заметными и многие другие 
индивидуальные  различия.  В  студенческом  возрасте  продолжается  процесс  развития 
самосознания. Открытие себя как неповторимой индивидуальности неразрывно связано 
с открытием социального мира, в котором предстоит жить. Обращенные к себе вопросы 
о  процессе  самоанализа  и  рефлексии  у  юноши,  в  отличие  от  подростка,  чаще  носят 
мировоззренческий  характер,  становясь  элементом  социально-нравственного  или 
личностного самоопределения [6].  
Таким  образом,  развитие  личности  более  значимо  в  студенческом  возрасте: 
активизируются такие важные процессы как развивающееся мировоззрение, становление 
целостного  представления  о  себе  формирования  жизненных  планов,  продвижение 
процессов  личностного  и  профессионального  самоопределения.  В  юношеском  периоде 
потенциал  саморазвития  при  создании  соответствующих  условий  характеризуется 
направленностью на самоориентировку, самокоррекцию, самотренировку, необходимом 
для полной самореализации [7]. 
Список использованной литературы: 
1.
 
Бабаева Н. А. Развитие личности в представлениях А. Маслоу и Р. Кеттела: 
учеб.-метод. Пособие [Текст]. – М.: Изд-во МГОУ, 2003г. 
2.
 
Маралов  В.  Г.  Основы  самопознания  и  саморазвития:  учеб.  пособ.  Для 
студ. ср. пед. уч. заведений. – 2- е изд., [Текст]. – М.: Академия, 2004г. 
3.
 
Мухина  В.  С.  Возрастная  психология:  феноменология  развития,  детство, 
отрочество – 4-е изд. [Текст]. – М.: Академия, 1999г. 
4.
 
Остапенко 
А.В., 
Использование 
элементов 
педагогического 
сопровождения саморазвития личности студента в  учебном процессе вуза  [Текст]  /А.В. 
Остапенко // Вестник Ун-та Рос. Акад. Образования (УРАО). – 2008. - №2 – с. 132-134 
5.
 
Петровский В. А. Потребность быть личностью // Психология личности в 
трудах отечественных психологов [Текст]. – СПб, 2002г. 
6.
 
Слабодчиков  В.  И.,  Исаев  Е.  И.  Психология  развития  человека  [Текст].  – 
М.: 2000г. 
7.
 
Цукерман  Г.  А.,  Мастеров  Б.  М.  Психология  саморазвития  [Текст].  –  М., 
1995г. 
 
ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
АСПЕКТІЛЕРІ 
 
КҮНТУАР Ж. 
Алматы қаласы Алматы университеті,   педагогика және психология 
мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі:  ТУРАЛБАЕВА А.T. 
Алматы қаласы Алматы университетінің аға оқытушысы, п.ғ.м. 
 
Қоғамдық  дамудың  қазіргі  үрдісі  өзінің  іс-әрекетін  тиімді  жоспарлай  алатын, 
танымдық  қызметінде  алынған  білімді  орынды  пайдалана  білетін,  түпкі  нәтижеге  жету 
үшін  әр  түрлі  топтардағы  адамдармен  тиімді  қарым-қатынас  диалогіне  түсе  алатын 
білімді  тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр.   

83 
 
        Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің 
басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 
жетістіктері    негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіпік  шыңдауға 
бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, 
рухани  және  күш-қуат  мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір 
салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы 
ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген [1].  
      Сапалы  білім  алған,  танымдылығы  жоғары,  құзыретті,  бәсекелестіктің 
қайсыбір  мықты  тегеурініне  төтеп  бере  алатын  оқушылар  ғана  болашақтың  кілтін  аша 
алады.  Еліміздің  жаһандық  дүниеде  даралануы  білімді,  жігерлі,  ұлттық  санасы  рухани 
бай жас ұрпақ  арқылы іске асады. 
Жаһандану  үрдістерінің  дамуына  байланысты  халықтар  арасындағы  ұлтаралық 
өзара әрекеттесу және өзара түсіністік мәселелері  геосаяси сипатта болады.   
 
Осы тұрғыда біздің Алматы Университетінде ақпан айында  этномәдени іс-
шаралар  біршама  атқарылды.  Соның  бірі  «Халықтар  Ассамблеясы»  деп  атап  айтуға 
болады.  Мұндағы  негізгі  мақсат-  тұлға  бойында  толеранттылық  сипатты  арттыра 
отырып, этномәдени құзыреттілікті қалыптастыру болатын. 
Этномәдени құзыреттілік ұғымының мән-мағынасын ашпас бұрын «құзыреттілік» 
ұғымына теориялық талдауларға тоқталуды жөн көріп отырмыз. 
 «Құзыреттілік» ұғымы педагогикалық сөздікке XX ғасырдың соңында енген еді. 
Ол  педагогикалық  ғылым  ауқымындағы  теориялық  зерттеулер  нәтижесі  ретінде  емес, 
білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырыс тұжырымдамасы ретінде пайда болды. 
Құзыреттілік  түсінігі  көп  аспектілі  жан–жақты  ұғымды  білдіреді.  Төменде 
философиялық,  психологиялық,  педагогикалық  әдебиеттерді  талдай  келе,  біз  аталмыш 
терминдердің мәнін көрсетейік:  
Шет  ел  тәжірибесіне  сүйенсек,  (Angela  Stoof,  Rob  L.Martens,  Jeroen 
J.G.vanMerrienboer) «құзырет» және «құзыреттілік» терминдері ХVI ғ. бері қолданылып 
келеді (Webster сөздігіне сүйенсек). Ал, кең қолданысқа ХХ ғасырда ене бастады. Қазіргі 
таңда  бұл  терминдер  екі  салада:  менеджмент  және  білім  беру  саласында  белсенді 
пайдаланылады.  Стив  Умддет  пен  Сара  Холлифордың  еңбектерінде  «құзырет»  және 
«құзыреттілік» терминдері келесідей мағыналарды білдіреді: 
-
 
міндеттерді шеше білудегі және қажетті жұмыс нәтижесін алу қабілеті
-
 
іс–әрекеттегі қажетті стандартты бейнелейтін қабілет [2]. 
Ғалымдар  құзыреттіліктің  табиғатын  түсіндіру  мақсатында  оны  білім,  білік 
ұғымдары  арқылы  анықталатын  тұлғаның  жеке  қасиеті  немесе  ерекше  қабілеті  деп 
түсіндіреді. 
 Философиялық,  психологиялық,  педагогикалық  әдебиеттерді  талдай  келе,  
құзырет,  құзыреттілік  ұғымдарын  латын  тілінен  (сәйкес,  жарамды,  бейім,  қабілетті) 
алынғанын байқадық.  
Белгілі  ғалымдар  Е.Г.Огольцова,  Г.Ю.Надточий  өз  еңбектерінде  Н.Хомский, 
Р.Уайт, 
Дж.Равен, 
Н.В.Кузьмин, 
А.К.Маркова, 
В.Н.Куницин, 
В.И.Байденко, 
А.В.Хуторский  жұмыстарына  талдау  жасап  жұмыстардың  нәтижесі  білім  жүйесінде 
құзыретті әрекеттің қалыптасуын үш кезеңге бөлуге мүмкіндік береді деп көрсетеді.  
Бірінші  кезең  –  1960-1970жж.  –  ғылыми  аппаратқа  «құзыреттілік»  категориясын 
ендіру, «құзырет - құзыреттілік» ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды құру.  
Екінші  кезең  –  1970-1990жж.  -  «құзырет  -  құзыреттілік»  ұғымдарының  басқару 
ісінде  шеберлік  танытуда,  басшылықта,  менеджментте,  қарым-қатынасқа  түсуді 
үйренуде қолданыла бастауы.  
Үшінші  кезең  –  1990-2000жж.  –  еңбек  психологиясының  жалпы  контекстінде 
кәсіби құзыреттілік арнайы жан-жақты қарастыруды талап етті[3].  

84 
 
 «Құзырет»  –  (латын  тілінен  аударғанда–жасай  алу,  қабілетті,  сәйкес  келетін)– 
білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырмаларды құрайтын жеке және қоғамдық 
қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында  нәтижелі  іс–әрекеттерге  қол  жеткізу  үшін 
ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жаңғыртуға дайындық.  
«Құзырет» – орындалатын жұмыстың мәнін, қойылған мақсатқа жетудің тәсілдері 
мен құралдарын терең және түп–түбіріне дейін білу, сонымен қатар сол жұмысқа сәйкес 
келетін іскерліктер мен дағдылардың болуы.  
Г.М.Коджаспирова,  А.Ю.Коджаспировтың  еңбектеріне  сүйенсек,  «құзырет»– 
өзінің  бойындағы  белгілі  бір  білімі  мен  дағдысы  арқылы  шешім  қабылдауға  қатысуға 
немесе  өз  бетімен  мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  беретін  лауазым  иесінің  жеке 
мүмкіншіліктері, оның біліктілігі.  
«Құзырет»  ұғымын  ғалым  тұлғаның  жетілуімен  және  оның  еңбек  міндеттерін 
орындауда  өнімді  әрекет  жасауға  және  жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік 
беретін күйге жетуімен байланыстырады[4].  
Роботова  А.С.,  Леонтьева  Т.В.  құзырет  латын  тілінен  аударғанда  –  өз  ісін  жетік 
білу,    танымы  мол,    тәжірибелі  деген  мағынаны  білдіреді  деп  жазады  және  құзырет  – 
білім  беру  мазмұны  құрамындағы  оқушылар  дайындығына  алдын–ала  қойылатын 
талаптар жүйесі.  
Кейбір  ғалымдар  құзырет  ұғымын  білім  саласына  емес,  іскерлік  саласына 
жатқызады.    «Құзырет»  –  бұл  оқу  барысында  жинақталған  білімге,  тәжірибеге, 
құндылықтарға, бейімділіктерге негізделген жалпы қабілет. Құзырет білімге де, дағдыға 
да  жатпайды.  Іс–әрекетті,  іскерлікті  тудыратын  нәрсе.  Құзырет  саналы  іс–әрекет 
барысында қалыптасады. Құзыретті меңгеру оқушының белсенділігіне тәуелді. Құзырет 
бастапқы  деңгейіне  сүйене  отырып,  дамытылады,    байытылады,  кеңейтіледі  және 
бекітіледі. 
 
Құзыреттің  көрінуіне  белгілі  бір  жағдайлардың  әсері  зор.  Құзыретке  ие 
болу  дегеніміз  сол  жағдайға  өзінің  бар  білімі  мен  тәжірибесін  бейімдеу.  Білімді 
адамдардың  нақты  жағдайларда  қажет  болған  жағдайда  сол  білімін  қолдана 
алмайтындығын  күнделікті  өмірде  кездестіруге  болады.  Осылайша,  құзыретті  тудыру 
үшін олар көрінетіндей нақты жағдайлар тудыру қажет.   
Ғалымдардың зерттеулерінде құзыреттілік ұғымы әртүрлі бағытта берілген: 
–  алдын–ала  анықталған  кез–келген  мәселелерді  шешу,  жасау  және  талдау  үшін 
білім, білік пен өмірлік тәжірибелерді игеру; 
–  өмірде  кездесетін  танымдық  кедергілерді  өз  бетінше  шешу,  жеке  көзқарасты 
анықтау үшін қажетті маманның білімділік деңгейі; 
–  маманға  белгілі  бір  саланың  стандарт  талабына  сай  қойылатын  жоғары 
біліктілік дайындығы; 
– өмірге қажетті нақты кәсіби біліктілік пен білікті игеру т.б.[5]. 
Француз  зерттеушілерінің  пікірінше,  құзыреттілік  –  мүмкін  болған  іс–әрекеттің 
эмоциональды,  танымдық,  психомоторлық  жиынтығы,  бұл  жеке  тұлғаға  іс–әрекеттің 
қиын түрін атқаруға мүмкіндік береді.  
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандартында 
мынадай  анықтама  беріледі:  құзыреттілік  –  оқу  мен  өмір  жағдаяттарын  шешу  кезінде 
білім  алушының  білімді,  іскерлікті,  дағдыны  және  қызметтің  әмбебап  тәсілдерін 
меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.  
Розов  Н.С.    еңбектерінде  «құзыреттілік»  –  адамның  белгілі  бір  салада  беделге, 
танымға, тәжірибеге ие сұрақтар мен құбылыстар шеңбері деп қарастырылады.  
Ал, С.Шишов, А.Агапова өз еңбектерінде өзіндік мазмұны бар анықтама береді. 
Құзыреттілік  –  белгілі  бір  іс–әрекетті  сапалы  және  өнімді  түрде  орындауда  қажет 
болатын  белгілі  бір  заттар  мен  процестерге  қатысты  белгіленетін  тұлғаның  өзара 
байланысқан сапаларының (білімі, іскерлігі, дағдылары, іс–әрекет тәсілдері) жиынтығы.  

85 
 
Қазақстандық  ғалым  Б.К.  Жұмағалиеваның  анықтамасына  тоқталып  кетсек, 
құзыреттілік – тұлға бойындағы белгілі бір пән бойынша алған нәтижелі білімнің білік, 
білім, дағдыларынан көрінуі.  
Құзыреттілік    ұғымы  –  «білім»,  «білік»,  «дағды»  (ББД)  сияқты  ұғымдарды 
қамтиды. Бірақ бұл ББД–ның жәй ғана жиынтығы емес.  
Отандық  еңбектердің авторлары А.Т.Сенкибаева, А.Ш.Кадирова:   құзыреттілік  – 
білімге  негізделген  адамның  әлеуметтік  кәсіби  өмір  әрекетіндегі  жеке  және 
интеллектуалдық іс–тәжірибесі деген анықтама береді.  
Ғалым М.Ж.Джадринаның пікірінше, құзыреттілік оқушының мәселелерді өзіндік 
даму,  өзіндік  басқару,  білім,  икемділік,  дағдыны  пайдалана  отырып  шешумен 
айрықшаланады.  
 «Құзыреттілік»  ұғымы  адамның  мәселеден  жақсы  хабардарлығы,  танымдар  мен 
тәжірибелерді  меңгеру  аумағын  білдіреді.  Белгілі  бір  сала  бойынша  құзыретті    болу  – 
осы  салаға  негіздемелік  талдау  жасау  және  ондағы  тиімді  іс–әрекет  етуге  мүмкіндік 
беретін лайықты білім мен қабілетке ие болу.  
 «Компетентностный  подход  в  описании  результатов  и  проектировании 
стандартов высшего профессионального образования мақаласында» Ю.Г.Татур нәтижелі 
шығармашылық  қызметке  жету  үшін,  практика  барысында  пайда  болған  өзінің  білім, 
білік, тәжірибе, жеке қасиеттерін көрсетуге ұмтылуды құзыреттілік деп көрсетеді[6].  
Н.С.Розовтың пікірінше, құзыреттіліктің мынадай қырлары бар: 
– мәндік астар, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің бара 
барлығын көрсетеді: бұл контекстің аясына осы сияқты ахуалды бағалау, оны ұғыну мен 
оған деген қарым–қатынас кіреді; 
–проблемалық  –практикалық  астар,  бұл  –  осы  жағдайда  ахуалды  айқындай 
білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара–барлығын 
сипаттайды; 
–коммуникативтік  астар,  бұл  –  осы  тәріздес  ахуалдығы  қатысымының  және 
адамның  осындай  жағдайға  қатысын  және  өзара  ықпал  жасауға  тиісті  мәдени  үлгі 
деңгейінің бара–барлығын қамтамасыз етеді. 
 «Құзыреттілік»  ұғымы  адамның  мәселеден  жақсы  хабардарлығы,  танымдар  мен 
тәжірибелерді  меңгеру  аумағын  білдіреді.  Белгілі  бір  сала  бойынша  құзыретті    болу  – 
осы  салаға  негіздемелік  талдау  жасау  және  ондағы  тиімді  іс–әрекет  етуге  мүмкіндік 
беретін лайықты білім мен қабілетке ие болу. 
Сонымен,  біздің  ойымызша  құзыреттілік  ұғымына  құзырет  ұғымы  кірігіп,  оның 
жүйелі элементі екенін көреміз.  
Көптеген  авторлар  бұл  ұғымға  талдау  жасағанда  «Шетел  сөздерінің  қысқаша 
сөздігінде»  берілген  анықтамаға  сүйенеді,  онда  былай  делінген:  Құзыретті  (лат. 
competence, competes – тиісті, қабілетті) – белгілі бір салада білімі, хабары бар, өз білімі 
немесе  өкілеттілігі  бойынша  бір  нәрсе  істеуге  немесе  қандай  да  бір  шешім  қабылдауға 
құқығы  бар  адам.  Кейінірек  бұл  анықтама  нақтыланып,  шетел  сөздерінің  сөздігінде 
құзырет  ұғымы  –    (лат.  Competentia  –  құқы  бойынша  тиесілі)  белгілі  бір  мекеменің 
немесе адамның өкілеттілігінің ауқымы; осы адамның танымы, тәжірибесі бар мәселелер 
аясы деп түсіндіріледі. 
Сонымен бірге, зерттеушілердің бірқатары олардың айырмашылықтарына ерекше 
көңіл бөле отырып, оларға әр түрлі анықтама береді. Атап айтқанда, құзыретті біліммен, 
хабардар  болумен,  ал  құзыреттілікті  адамның  жеке  тұлғасымен,  тәжірибесімен 
байланыстырады. Бұл анықтамалар осы ұғымдардың мәнін айырып, құзыретті білім беру 
дайындығына қойылған талап (ереже) ретінде қарастырса, құзыреттілікті жеке тұлғаның 
белгілі  саладағы  іс-әрекетке  қатысты  қалыптасқан  қасиеті  немесе  жиынтығы  және 
аздаған тәжірибесі ретінде қарастырады.  

86 
 
Мынаған  назар  аударайық,  жалпы  алғанда  құзырет  білім  беру  нәтижесі  болып 
табылады, ол субъектінің алға қойған мақсатқа жету үшін ішкі, сыртқы қорларды тиімді 
ұйымдастыра алуы арқылы көрінеді. Яғни, кең мағынада, құзырет дегеніміз – білім беру 
нәтижесі.  Біздің  ойымызша,  мектепте  орын  алатын  білім  беру  үрдісі,  біріншіден, 
құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталу керек, екіншіден, шынайы өмір жағдайларына 
барынша жақын, сәйкес құзыреттілікті қолдануды талап ететін педагогикалық жағдайлар 
тудыру  арқылы  құзыреттіліктің  қалыптасуына  мүмкіндік  жасау  қажет.  Алайда,  жаңа 
нәтиженің  пайда  болуы  ескі,  дәстүрлі  нәтижелерді  жоққа  шығармайды,  керісінше, 
құзырет  білім  берудің  барлық  дәстүрлі  нәтижелерінен  тұратын  қандай  да  бір  біріккен 
нәтиже ретінде қарастырылады.  
Философиялық,  психологиялық-педагогикалық  әдебиетті  зерттеу  барысында  біз 
«құзыреттілік»  ұғымының  жан  жақты  мағынасын  ашу  үшін  контент-талдау  әдісін 
қолдандық (Кесте 1). 
 
Кесте 1 – Ғалым- зерттеушілер еңбектеріндегі «құзыреттілік» ұғымының контент-
талдауы. 
 
№  Автор 
Еңбектің тақырыбы 
Мәні мен мазмұны 

М.Х. 
Балтабаев 
 
Педагогическая 
культурология: 
Учебное 
пособие.  
Әмбебаб  және  прагматикалық 
ұғым, 
өзіне 
жүйелі 
талдау, 
ортаның 
ииновациялық 
өзгерістерге  психологиялық  және 
зияткерлік 
ашықтықты 
кіріктіретін қабілет 

Б.Т. 
Кенжебеков 
Сущность 
и 
структура 
профессиональной 
компетентности специалиста  
Шеберлік 
пен 
мәдениеттің 
жоғарғы 
деңгейі, 
іс-әрекетті 
ұйымдастыруға  шығармашылық 
амалды қолдану, өз-өзің дамытуға 
үнемі дайындық. 

Зарипова Е. И.  Становление 
социальной 
компетентности  школьника  в 
условиях 
региональной 
образовательной среды  
Әлеуметтік    ортамен  тиімді 
қарым-қатынас 
жасауға 
бағытталған  әлеуметтік  дамудың 
нәтижесі. 

Ю.Г. Татур 
Жоғары 
кәсіби 
білімнің 
нәтижелерін  сипаттау  мен 
стандарттарын  жобалаудағы 
құзыреттілік тәсілдеме 
Бұл оның жемісті шығармашылық 
іс-әрекеті  үшін  іс  жүзінде  өз 
әлеуетін  (білім,  білік,  тәжірибе, 
жеке  қасиеттері)  жүзеге  асыру 
ынтасы мен қабілеті (даярлығы) 

А.А. 
Вербицкий 
Құзыреттілік  тәсілдеме  және 
мәнмәтіндік оқыту теориясы 
Ол 
оқушылардың 
біртұтас 
танымдық  іс-әрекетінде  пәндік-
технологиялықпен 
қоса, 
әлеуметтік-адамгершілік 
құрамдас  бөлшектерінің  дамуына 
бағытталуы керек  

А. Фатыхова 
Педагогтың 
әлеуметтік-
перцептивті құзыреттілігі 
Оның санасында білімнің, өзін өзі 
тану 
мен 
жеке 
тұлғалық 
сипаттарын 
танудың 
көрініс 
табуы,  осы  білімдердің  ерекше 
түрде  құрылысын  жасай  алу 
қабілеті 

А. Андреев 
Білім әлде құзыреттер ме? 
Әлеуметтік  дамудың  белгілі  бір 
стратегияларын  қалыптастыруға 

87 
 
ат салысу қабілеті 
8. 
Г. Чанышева 
Байланыс 
құзыреттілігі 
туралы 
Күрделі байланыс дағдылары мен 
біліктеріне 
ие 
болу, 
жаңа 
әлеуметтік  құрылымдарға  сай 
біліктерді қалыптастыру 

Э. Зеер,  
Э. Сыманюк 
Кәсіби  білімді  жаңартудың 
құзыреттілік тәсілдемесі.  
Жинақталған,  әмбебап  білімге 
қарағанда  әрекеттік,  тәжірибеге 
бағытталған сипатқа ие 
10  В. Ищенко, 
З. Сазонова 
Жүйеге 
бағытталған 
технология 
(Құзыреттілік 
тәсілдеме).  
Аумақты 
ақпараттық 
өрісте 
сауатты жұмыс істей алу 
11  О. Волкова 
Білім 
беру 
бағдарламаларының  жобасын 
жасау 
барысында 
құзыреттілік тәсілдеме. 
Жылдам  өзгеретін  ақпараттық 
өрісте  кәсіби  іс-әрекетті  жүзеге 
асыру қабілеті 
12  Т.В. 
Поштарева 
Этномәдени  құзыреттіліктің 
қалыптасуы 
Адамның  білім  мен  тәжірибеге 
негізделген  өзара  түсіністікке 
және 
өзара 
әрекеттестікке 
дайындығы  
13  Яппарова Г.М. 
 
Игровые 
технологии 
как 
средство 
формирования 
социальной  компетентности 
старших дошкольников.  
Әлеуметтік 
қатынастарды 
белсенді  шығармашыл  тұрғыда 
қалыптастыруға 
бағытталған 
тұлғаның сапасы 
 
 
14  Прямикова  Е. 
В. 
 
Социальная  компетентность 
школьников: 
смыслы 
и 
практики 
 
Өзгермелі  әлеуметтік  шындықта 
адамның  айналадағы  қоршаған 
адамдармен  біріккен  іс-әрекет 
ұйымдастыра білу стратегиясы 
 
 
 
Көріп  отырғанымыздай,  жоғарыдағы  психологиялық-педагогикалық  әдебиетке 
жасалған  талдау  құзыреттіліктің  қалыптасуы  оқушының  ақпаратқа  ие  болуынан  гөрі 
мынадай жағдайларда пайда болатын мәселелерді шеше алуын бірінші орынға қоятынын 
көрсетті:  1)  ақиқат  құбылыстарын  тану  мен  түсіндіруде;  2)  заманауи  техника  мен 
технологияны меңгеруде;  3) адамдардың өзара қатынасында, этникалық  ережелерде, өз 
әрекет-қылықтарын  бағалауда;  4)  шынайы  өмірде  азамат,  жанұя  мүшесі,  сатып  алушы, 
тұтынушы,  көрермен,  қала  тұрғыны,  сайлауға  қатысушы  ретінде  әлеуметтік  рөлдерді 
атқару  кезінде;  5)  құқықтық  ережелерде,  әкімшілік  құрылымдарда,  тұтынушылық  және 
эстетикалық  бағалауда;  6)  еңбек  нарығы  жағдайында  бағыт-бағдар  жасай  алу  қажет 
болғанда  кәсіп  таңдау  мен  кәсіби  оқу  орнында  дәріс  алуға  даярлығын  бағалау 
барысында;  7)  қажет  болғанда  жеке  басының  мәселелерін  шешу:  өмірдегі  орны,  өмір 
салтын таңдау, дау-жанжалды басу тәсілі[7].  
Осылайша,  құзыреттілік  жеке  адамның  қасиеті  ретінде  сан  алуан  түрде  болады: 
біліктілік  дәрежесі,  жеке  тұлға  ретінде  өзін  өзі  қөрсете  алу  тәсілі  (әдеті,  өмір  салты, 
қызығушылығы),  жеке  адамның  өз  бетінше  дамуының  нәтижесі  немесе  қабілеттілігінің 
көрініс табу түрлері ретінде. Келесіде этномәдени құзыреттілік ұғымына тоқталуды жөн 
көріп отырмыз.  
Этномәдени  құзыреттілік  объективті  –  субъективті  құбылыс  ретінде  өз 
мазмұнында келесідей қосындыдан тұрады: а) білім алушының этномәдени дәстүрлерді 

88 
 
ұстану  мүмкіндігі  және  даярлығы,  өз  халқының  этноерекшелікті  біліктілігін  игеру;  б) 
білім алушының полиэтникалық  ортада өзінің қалыпты өмір  сүруін  реттеу  мақсатымен 
түрлі этномәдениетті зерттеу мүмкіндігі және даярлығы, мәдениеттің өзара әсерін ұғыну, 
ой – өрісін кеңейту; в) білім алушының түрлі мәліметтер қорын пайдаланып ақпаратты 
іздестіруге,  этномәдениет  туралы  білім  көзін  табуға  даярлығы  және  мүмкіндігі,  ол 
білімін этникааралық өзара түсіністік пен өзара әсерлесу аясында мәселе шешімін табу 
үшін  пайдалану,  маңыздылығы  және  нақтылығы  жағынан  саралау;      г)  этникалық 
мәдениет  туралы  білімдерін  жүйелеу  және  талдау  арқылы  білім  алушының  әлеуметтік 
және  сонымен  байланысты  этномәдени  үрдістерді  зерделей  алуы  және  оған  даярлығы, 
олардан  жалпы  және  түрлі  ерекшелікті  көруі;    д)  белсенді  координацияланған 
ынтымақтастық түріндегі білім алушылардың этника аралық өзара әрекеттестікке енуге 
даярлығы  және  мүмкіндігі;  Жалпы  түрде  этномәдени  құзыреттіліктің  құрылымы 
келесідей  логикалық  түрде  байланысқан  компоненттерден  тұрады:  когнитивті,  мінез  – 
құлықтық  және  аффективті.  Этномәдени  құзыреттілікті  қалыптастыру  механизмдері 
ретінде  оқыту,  тәрбие,  іс  –  әрекет  және  қарым  –  қатынас  орын  алады.  Этникааралық 
өзара түсіну  мен өзара әсерлесу  біліктері  этномәдени құзыреттілік тренингтері,  мәдени 
ассимилятор,  іскерлік  және  рөлдік  ойындар  арқылы  іске  асады.  Этномәдени 
құзыреттіліктің  қалыптасу  формалары  жеке  дара  -  жұптасқан  және  ұжымдық  өзара 
қатынас  болып  табылады.  Бұл  өзара  әрекеттер  және  қарым  –  қатынастар  арнайы 
ұйымдастырылған  (білім  алушылардың  дәріс,  пікірталас,  конференция,  бірлескен  іс  – 
шараларға қатысуы арқылы қабылданған білім мен іс - тәжірибе) және стихиялы немесе 
жартылай  ұйымдастаралған  (баланың  отбасылық  жағдайдан,  құрбыларымен  қарым  – 
қатынас  барысында,  ойын  және  еңбек  іс  –  әрекетінде,  өзге  әлеуметтік  институттан 
алынған  тәжірибесі  мен  білімі).  Білім  беру  мекемелері  жас  ұрпаққа  өзінің  әлеуметтік 
ортасымен  әсер  етуге  жұмылдырылған,  оған  өз  және  өзге  халықтарға  деген  қарым  – 
қатынасын,  олардың  мәдениеті  мен  тарихын  құрметтеуге  деген  ғылыми,  нақты 
білімдерді жағымды негізде қалыптастыруға бағытталған[8].   
Біздің  ойымызша,  этномәдени  құзыреттіліктің  тиімділік  критериі  жалпы  түрде 
мына дәрежеде көрсетілуі мүмкін: 
а)  білімділігі  (география,  табиғат  жағдайлары,  тарих,  ұлы  қайраткерлер,  дәстүр, 
фольклор,  халықтың  негізгі  тұрмысы,  өткен  және  қазіргі  дәстүрлі  істері,  діни  – 
мифологиялық  көзқарастары,  ұлттық  ойындар,  өз  және  өзге  этникалық  қауымдастық 
нормалары,  этнофорлардың  антропологиялық  типтері  туралы  білімі  мен  көзқарасы; 
мәдени  әмбебаптылықты  және  этностардың  дәстүрлері  мен  әдет  –  ғұрыптарының 
ерекшеліктерін  түсінуі;  өзге  ұлт  өкілдеріне  шыдамсыздық  танытудың  нәтижесін  білуі; 
этнофорлардың  мәдени  -  шартталған  іс  –  әрекетін  дұрыс  түсіну  білігі,  олармен 
конструктивті  диалог  құра  алуы,  кикілжің  және  түсініспеушілікті  бейбіт  жолмен  шеше 
алуы );  
 б) тәрбиелілік (конфессиялды, этникалық  дұрыс емес пікірді, этноцентризмді, іс 
– әрекет және қарым – қатынстағы шыдамсыздықты жеңу, жеке көзқарастар мен мінез – 
құлқын түзетуге деген даярлық); 
 в)  бала  бейімделуі  (полиэтникалық  ортаға  бейімделуден  мәдени  плюрализмді 
қабылдауға дейін). 
 Этномәдени 
құзыреттілік 
қалыптасудың 
дәрежесі 
когнитивті 
және 
операционалды  құрамдас  көлемімен  емес,  бұл  білімдер  мен  біліктіліктер  сапасымен 
анықталады.   
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, Ақорда 2007. 
2.
 
Зимняя  И.А.  Ключевые  компетентности  –  новая  парадигма  результата 
образования// Высшее образование сегодня. – 2003. - №5. - 34-42 с. 

89 
 
3.
 
Шишов С., Агапова А. Компетентностный подход к образованию// Лучшие 
страницы педагогического прессы. - 2002. - №3. - 5с. 
4.
 
Ғалымжанова  М.А.  Мұғалімнің  ақпараттық  құзыреттілігін  дамытудың 
педагогикалық шарттары. - 2008. – 4 - б. 
5.
 
Абсатова  М.А.  Поликультурная  компетентность  старшеклассников: 
методология, теория, практика формирования. -  2008. - 131 с. 
6.
 
Розов Н.С. Философия гуманитарного образования. - М., 1993. - 137с. 
7.
 
К.М.Қазақбаева.  «Құзыреттілік  тәсіл  –  нәтижеге  бағдарланған  білім  беру 
негізі». Білім берудегі менеджмент. - 2009. - № 4. - 65б. 
8.
 
Джадрина  М.Ж.  Ориентация  на  результат  как  условие  реализации 
компетентностного  подхода  к  образованию  в  школе//  Казахская  академия  образования 
имени Ы.Алтынсарина. – 2004. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет