Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



Pdf көрінісі
бет13/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45

 
 
ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ 
 
МҰҚАТАЕВАГ.Б. 
Семей қаласындағы «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КҚМК  
0111063 «Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі» мамандығы, 202ә топ білім алушысы  
Ғылыми жетекшіcі:  САРСЕКОВАГ.К. 
  Семей қаласындағы «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КҚМК  
 
Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы   
 
Бүгінгі  күннің  талабы  –  білімді  ұрпақ  тәрбиелеу.  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың 
табиғи құқығы әрі парызы»деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан - 2030» 
бағдарламасында  балаларымызды  алыс  болашақта  қандай  сапада  көруіміз  керектігі 
туралы  айтылған.  Сонымен  бірге  «Отбасы  туралы  Заң»,»Жоғары  және  орта  білім 
тұжырымдамасында»  әрбір  отбасында  өзінің  ұрпағын  тәрбиелеп,  қатарға  қосу  міндеті 
жүктелген.  Сөйтіп,  отбасының  әуел  бастан  -  ақ  өзіне  тән  киелі  міндетін  орындау 
қажеттілігі бекемделе түсті. 
Отбасы  тұлғаның  әлеуметтенуін  қамтамасыз  етеді,  оның  тәндік,  моральдық  және 
еңбектік  тәрбиесіне  болған  мүмкіндіктерді  мейлінше  шоғырландырып,  іске  қосады. 
Қоғамның  азамат  мүшесі  отбасыдан  бастау  алады,  қоғам  келбеті  отбасыдан  көрінеді. 
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан 
ол  адам  үшін  ең  үлкен  мәнге  ие  орта.  Отбасы  белгілі  дәстүрлердің,  жағымды 
өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, 
моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып 
өсуінің негізі. [ 1, 29 - 30 б ]. 
Отбасының  аса  маңызды  әлеуметтік  қызметтері  -  азамат  тәрбиелеу,  патриот 
қалыптастыру,  болашақ  жанұя  игерген  кемелдендіру  және  мемлекет  заңдарын 
мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру. 
Отбасы  тәрбиесі  -  бұл  қоғамдық  тәрбиенің  бір  бөлігі,  мемлекет  алдындағы  ата- 
аналардың  борышы.  Оған  дәлел:  балалар  мекемелері  жөнінде  халықтың  қажеттілігін 
толық  қанағаттандыру,  балалардың  еңбек,  спорт  лагерлерінің,  жас  натуралистер 
станцияларының,  ғылыми-  техникалық  және  көркемдік  шығармашылық  үйірмелерінің 
жүйесін  кеңейту;  ананы,  балалық  шақты  қорғауға  ерекше  көңіл  бөлу;  отбасы 
мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар 
жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. 
Ұзақ  жылдар  бойы  отбасы  тәрбиесі  баланы  тәрбиелеудің  бірден-бір  формасы 
болып келді. Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап 
өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал жасайтын негізгі ошақ болып отыр. 
Көптеген  әдебиеттердегі    талдау      отбасы  оқушылардың    тұлғалық  қасиеттерін  
дамытуда негізгі фактор  болатын  дәлелдейді. Дегенмен, жеке тұлғаның  қалыптасуына  
әсер ететін  фактор  отбасы,  мектеп, орта (қоғамдық орта,  ауылдағы жолдастары және 
т.б)  көпшілік  хабар  құралдары  (газет- журнал, теледидар радио және т.б.)  ішінен  біз  

98 
 
отбасыны ең негізгі  фактор деп бөліп  алғанымызбен, ол қоғамнан, әлеуметтік ортадан  
тыс  өмір  сүруі    мүмкін  емес.  Сондықтан  отбасының    тәрбиелік  мүмкіндігіне    бірнеше 
факторлар  әсер етеді.  
1.Биологиялық  фактор.  Бұл  ата-  анадан    берілген  баланың    жеке  басының  
ерекшелігін білдіретін  қасиеттер: балажандық, ақкөңілділік, сабырлылық, ұяңдық  және 
т.б.  қасиеттер  бола алады.  
2.Қоғамдық  фактор.  Бұл  қоғамда  болып    жатқан  өзгерістер    мен  сұраныстардың  
отбасына тигізетін әсері. Отбасындағы  өмір сүру салты  мен қабылдаған  дәстүрлердің  
қоғам талабы мен  белгілі бір мөлшерде  сәйкес келуі болып табылады.  
3.Әлеуметтік  фактор.  Бұл  қоғам  талабына  сай  өмір  сүруде    материалдық 
жағдайдың мүмкіндіктері адам денсаулығының күйімен жеке басты даму құралдарының  
жеткіліктігі  және т.б.  жағдайлар болып табылады.  
4.Психологиялық фактор. Отбасында бала тәрбиесі үшін  қолайлы психологиялық  
ахуалдың болуы,  ондағы әрбір отбасы  мүшелерінің  өзіне және өзгелерге деген екпінді 
көзқарасы мен ынтымақты  қарым -қатынастың  болуы.  
5.Педагогикалық  фактор.  Балалардың  жас  және  дара,  психологиялық,  қалыптасу  
ерекшеліктері  туралы ата- аналардың  жалпы педагогикалық білімдерінің  болуы.  
Отбасында  басты  мәселелердің  бірі  -  баланың  тіршілік  әрекетін  ұйымдастыру. 
Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, 
оқу-  әрекеті,  бос  уақытын  ұйымдастыру  жатады.  Режим  –  баланы  жинақылыққа, 
елгезектікке,  дәлдікке,  мұқияттылыққа  үйретеді,  еңбек  қабілетін  жақсартады.  Өз 
баласының  ертеңгі  күні  үлгілі,  өнегелі,  тәрбиелі,  достары  мен  тәрбиешілері,  ұстаздары 
алдында беделді, мәдениетті бала, әрі азамат болып қалыптасуы үшін ата-аналарға оған 
ерекше  назар  аударып,  баланың  күн  режимін  нақты,  дәл  жасап  беруі  қажет.  Баланың 
келешекте адал да, тәрбиелі болып өсуі ата-анаға тікелей байланысты. Міне, баланың бос 
уақыты  дегенге  ата-аналар  міндетті  түрде  назар  аударуы  қажет.  Себебі,  бұл  өте  өзекті 
мәселе.  Балабақшада  бала  10-12  сағат  болса,  бір  тәуліктің  қалған  уақытында  ол  үйде, 
яғни,  ата-анасымен  бірге  болады.  Сол  кезден  баланың  бос  уақыты  қалай  өтеді,  немен 
шұғылданады,  соны  қадағалау  керек,  әрі  бала  нені  қызықтайды,  нені  білгісі  келеді. 
Баланың  сұрағы  жауапсыз  қалмау  керек.  Білгісі  келген  нәрселерді  қарапайым  тілде 
түсіндіріп беру керек. [ 5, 33-34б ]. 
Бала сіздің әрбір қимылыңызды, бет әлпетіңіздегі өзгерістерді, дауыс ырғағыңызды 
қалтқысыз қадағалап отыратындығын есіңізден шығармағаныңыз абзал. Мысалы, балаға 
әңгіме,  ертегі  оқыған  кезде  мазмұнына  сәйкес  дауыс  ырғағын  келтіріп  оқысаңыз,  бала 
ұйып тыңдайды. Отбасындағы баланың әке-шеше тәрбиесіне дұрыс бағынып, есейгенде 
дені  дұрыс  жақсы  азамат  болып,  үлкенге  кішіпейіл,  кішіге  қамқоршы  болуы,  әке-
шешеден  және  отбасындағы  басқа  да  үлкендер  тарапынан  тәрбие  алғандығы.  Абай 
атамыз:  «  Бала неғұрлым көп естіп, көп көрсе, солғұрлым көп біледі» деген екен.  «Көз 
көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды», «Көрмегенге көсеу таң» демекші, балаларды 
баласынып  ештеңе  айтпаса,  бала  өз  білгенін  істейді.Отбасы,  барлық  уақытта  да,  өсіп 
келе  жатқан  ұрпақтың  тәрбиесі  мәселелерін  шешуде  үлкен  мүмкіндіктерге  ие  болған. 
Қазіргі  заманғы  отбасының  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  тәрбиесі  мәселелерін  шешудегі 
ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. 
Балалардың  отбасындағы  тәрбиесі  оның  белгілі  бір  тұрақты  әлеуметтік  институт 
ретінде анықталады.Ол отбасы мүшелері  арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы 
мен  дамуына  септігін  тигізетін  адамдардың  жақындығы,  туыстық  қатынастар,  өзара 
үйелмендік,  тұрмыстық  өмір.  Отбасы  тәрбиесінің  артықшылығы  да  осы  қатынастарда, 
оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды. [ 3, 11б ]. 
 Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал 
ететін  ұстаз  болса,  оның  сүйеушісі  –  ата-ана.  Сондықтан  ата-ана  өз  баласының  білім 
алуына  барынша  жағдай  жасауы  тиіс,  оқу  үлгеріміне  күнделікті  назар  аударып, 

99 
 
қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді. 
Тіпті,  кейде  баласының  қай  сыныпта  оқитынын,  сабақтарының  жетекшісін  де  білмей 
жататындары  да  бар.  Бала  тәрбиесі  -  өте  күрделі  үрдіс  және  ешқандай  үзіліс,  демалыс 
дегенді білмейді. Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы 
– қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - дейді халқымыз. Бала мектепте 6,7 сағат болса, 18 
сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын 
сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, 
пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы 
қажет. 
Ата-аналардың  білім  деңгейіне  байланысты  да  отбасында  ерекшеліктер  орын 
алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте 
жақсы  оқиды.  Қазіргі  ата-аналар  жұмыс  басты  болғандықтан  бала  тәрбиесі  көбінесе 
білімі  төмен  ата  мен  әжелерге  жүктеледі.Қоғамда  жүріп  жатқан  тұрғындардың 
материалдық  жағдайға  байланысты  жіктелуі  отбасы  тәрбиесіне  материалдық  жағдайы 
әртүрлі  ата-аналардың  қарым-  қатынасына  әсер  етеді.  Отбасында  балаларға  отбасылық 
бюджеттің  25-50%  жұмсалады.  Материалдық  кірісі  мол  отбасыларда  педагогикалық 
көзсоқырлық,  тойынғандық  жағдайға  алып  барады.  Тойынғандық  дегеніміз-
өмірге,өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті 
қатынас.  Жастайынан  осындай  ортада  өскен  балалардың  арасына  торығушылар, 
қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады. [ 4, 56–57 б ]. 
Отбасы  мүшелерінің  келуі,  туылған  бала  санының  азаюы  да  отбасы  дамуының 
ерекшелігін  құрайды.  Қалалық  отбасында  бір-екі  бала  ғана  тәрбиеленеді.  Бала  туудың 
азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; 
мектепке  дейінгі  мекемелермен  қамтамасыз  етілмеуі;  бала  тәрбиесіне  шығынның  көп 
жұмсалуы;  әйел  ананың  шамадан  тыс  жұмысбастылығы;  отбасының  қолайсыз  тұрғын 
үйі;  тұрмыстық  жағдайы;  ата-аналардың  “өзі  үшін  өмір  сүруге”  ұмтылған  тоғышарлық 
ұмтылысы  және  т.б.  Қазіргі  отбасы  ажырасу  санының  едәуір  артуымен  сипатталады. 
Ажырасудың  90%  тұрмыс  қолайсыздығы  мен  дайындықсыздың  салдары.  Дегенмен 
барлық  ажырасуларға  жағымсыз  баға  беруге  болмайды,  өйткені  кей  жағдайда  ажырасу 
баланың  психикасына  теріс  әсер  ететін  ұрыс-  жанжал,  отбасылық  кикілжіңді  алдын 
алады. 
Бір  балалы  отбасы  көпшілікпен  араласу,  ұжымдық  қызмет  тәжірибесін  игеру 
жағынан  баланы  қиын  жағдайға  қалдырады.  Бұндай  отбасыларда  аға,  әпке  сияқты 
тәлімгер  іні,  қарындас  сияқты  қамқорлығына  алатын  бауырдың  болмауы  ұжымдық 
туыстық  қатынастар  аясын  мүлдем  тарылта  түседі.  Осындай  жағдайда  баланың 
қызығушылығы  мен  қажеттілігін  қамтамасыз  етуде  ата-аналардың  педагогикалық 
нормаларды  сақтамауынан  бастауыш  сынып  кезінен  оның  бойында  тоғышарлық, 
ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз. 
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, 
құқықтық,  сұлулық  тәрбиелері  жүргізілген.  Қазақ  отбасында  аталған  тәрбие  түрлерін 
жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.  
Отбасындағы  дене  тәрбиесінің  мақсаты  бала  денесін  дамыту,  денсаулығын 
нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір 
салтына тәрбиелеу болды.  
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке 
асыл  мұрат  деңгейінде  қарады.  Еңбек  тәрбиесі  деп  баланы  еңбекке  сүйіспеншілікпен, 
еңбек  адамдарына  құрметпен  қарауға,  халық  шаруашылығының  салаларындағы  еңбек 
түрлеріне  баулу,  еңбек  іс  –  әрекетінің  барысында  олардың  дағдысы  мен  іскерлігін 
қалыптастыру,  болашаққа  мамандық  таңдауға  дайындауды  түсінді.  Отбасында  еңбекке 
тәрбиелеу,  баулу  мен  кәсіптік  бағдар  беру  баланың  қоғамға  пайдалы,  өнімді  еңбекке 
тікелей  қатысуы  оқуға  деген  сапалы  көзқарасты  тәрбиелеудің,  жеке  адамды 

100 
 
адамгершілік  және  зиялылық  жағынан  қалыптастырудың  негізгі  көзі  болып  табылады. 
Қазақ  отбасы  баланы  қоғамның  моральдық  нормасын  орындауға  қатыстыру,  олардың 
тәртіп  және  мінез  құлық  тәжірибесін  қалыптастыру,  Отанға,  халқына,  еңбек  және 
қоғамдық  іс-әрекетке  жауапкершілік  сезімін  тәрбиелеу  арқылы  адамгершілікке 
тәрбиелей білді.  
Сондай-ақ,  қазақ  отбасында  адам  зиялылығының  негізі  –  ақыл-ой  тәрбиесі  деп 
есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім 
қорымен  қаруландыру,  негізі  ойлау  операцияларын  меңгерту,  зиялылық  біліктері  мен 
дүниетанымын  қалыптастыру  міндеттері  шешілді.  Тәрбиенің  басқа  да  салаларымен 
тығыз  байланысты  тәрбиенің  түрі  экономикалық  тәрбиеге  де  қазақ  халқы  ерекше  мән 
берген.  Қазақ  халқы  бала  тәрбиелеуде  экономикалық  тәрбие  деген  ұғымды 
пайдаланбағанымен,  тәрбиенің  бұл  түрі  отбасында  мақал,  өсиет  айту,  өнеге  көрсету 
арқылы  жүзеге  асқан.  Мысалы,  «Еңбегі  қаттының  ембегі  тәтті»,  «Еңбек-  өмірдің 
тұтқасы,  тіршіліктің  көзі»,                  «Еңбек  –  түбі  береке»,  «Үнемшілдік-сараңдық  емес», 
«Ескі  киімді  баптағаның,  жаңа  киімді  сақтағаның»,  «Сараң  дүниенің  малын  жыйса  да 
тоймайды»  деген  мақалдары  дәлел  бола  алады.  Бұл  ата-бабамыздың  экономикалық 
тәрбиенің  негіздері  еңбек  тәрбиесінде  екенін  жақсы  түсінгенін  байқатады.  Қазақ 
отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі 
экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.  
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал 
бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы 
ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы 
экономикалық  тәрбиенің  көзі  болып  табылатын  үнемшілдікке,  тәуекелшілдікке  үндеп, 
сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.  
Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс- тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң 
аулап  кәсіп  етуді  ұйымдастыруында  да  экономикалық  тәрбиенің  нышандары  айқын 
аңғарылады. Мәселен, «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп қой малының 
пайдасының  зор  екенін  ұғындырса,  ешкінің  өсімталдығымен  оның  да  пайдасы  көп 
екендігін:  «Есің  кетсе  ешкі  жи,  ешкі  жи  да,  есіңді  жи»  деп  нақты  ұғымды  кеңестер 
береді.  
Ал,  ата-бабаларымыздың  қоршаған  ортаны  аялауы  мен  оған  деген,  ізгі,  мейірбан 
қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен 
әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет 
олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан.  
Сондықтан, экологиалық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-
құлқында  тәрбиелеу  және  экологиялық  мәдениет  дағдысын  қалыптастыру  әрекеттері 
қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл - тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. 
Қазақ  халқы  адамның  сұлулық  сезімдерінің  тұлға  өмірінде  зор  рөл  атқаратынын  жете 
түсінген. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер 
деп  білген.  Қазақ  отбасындағы  сұлулық  тәрбиесінің  мақсаты  баланы  көркемдік  пен 
сұлулықты  тануға,  оған  баға  беруге,  күнделікті  өмірдегі  адамның  жеке  басының, 
қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің 
ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді.  
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар 
үлгі-өнеге  көрсету,  жауапкершілікке  арту  әдістерін  шебер  пайдаланған.  Баланы  ерте 
жастан-ақ  жауапты  іс-әрекетке  тартып  отырған.  Мысалы,  бес  жасында  атқа  мінгізіп, 
бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. 
істерге  бірге  ертіп  жүрген.  Сондай-ақ  қазақ  отбасы  тәрбиесінде  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының 
маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы 
олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып 

101 
 
кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. 
Және  қазақ  отбасындағы  бала  тәрбиесін  ұл  тәрбиесі,  қыз  тәрбиесі  деп  жеке-жеке  мән 
беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.  
Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше 
мен  қыз  баланың,  әке  мен  қыздың  ,  қыз  бен  жеңгенің,  келін  мен  ененің,  келін  мен 
атаның,  нағашы  мен  жиеннің,  бажа,  жезде,  бөлелердің  арасындағы  өзара  қарым- 
қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. [ 2, 62–
63 б ]. 
Қорытындылай  келе,  бүгінгі  таңда  отбасы    тәрбиесінің қоғамдағы  ролін  анықтау, 
яғни отбасы ынтымақтастығын арттыру мәселесі мемлекеттік тұрғыда маңызды орынға 
көтеріліп отыр. Бұл мәселе ҚР Конституциясында: «Балаларына қамқорлық жасау және 
оларды  тәрбиелеу  ата-ананың  құқығы,  әрі  парызы»  -  деп  көрсетілген.  Ал,  әлемдік 
деңгейде  «Баланың  құқығы  туралы  конвенция»  қабылданып,  бала  дүниеге  келмей 
жатып, қамқорлық жасаудың жолдары қарастырылуда. Мұның өзі, бүгінгі таңда отбасы  
тәрбиесінің  мәні  өте  күрделі  екендігін  байқатады.  Дүниенің  ең  тамаша  туындысы  – 
тамаша  тәрбие  алып  шыққан  адам  болып  табылады.  Адамның  жеке  басының  алғашқы 
қалыптасуы  отбасынан  басталады.  Оның  ер  жетіп  өсуі,  бойындағы  алғашқы 
адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның 
көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің 
ең алғашқы ұжымы.  
Отбасының  бала  тәрбиесіндегі  рөліне  байланысты  ата  –  аналарға  келесідей 
кеңестерді ұсына кеткен артық болмас: 

 
Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу 
жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі 
жағдайда ақыл-кеңес беруі керек; 

 
Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю  рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына 
адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық 
дағдыларын дамытыңыз; 

 
Бала жасаған келеңсіз іс – әрекеті үшін ата – ана жаза қолдана білгені жөн, ол 
баланың жауапкершілікті болып өсуіне ықпал етеді. Бірақ еш уақытта баланың 
намысына тиіп, қорламаңыз, себебі бала жаман емес, оның қылығы жаман

 
Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім 
олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыруы керек.  

 
Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала 
өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).  
Міне,  осы  жоғарыда  айтылған  кеңестер  орындалса,  баланың  тәрбиелі  болып  өсуіне 
берекелі отбасының тигізетін әсері мол. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Дүйсембекова Ш. Әлеуметтік педагогика. – Семей,2010.- Б.29 – 30 
2.
 
Қалиева  С,  Бекетай  Б.  Отбасы  –  тәрбие  бастауы//Қазақстае  мектебі.  –  2011.  - 
№7. – Б.62-64 
3.
 
Алиханова Г.Жас ұрпақ тәрбиесінің бүгінгі жайы //Қазақстан мектебі. – 2010. - 
№9. – Б.10-13 
4.
 
Миркенова  Г.Отбасы  тәрбиесінің  маңызы  //Бастауыш  мектеп.  –  2005.  -  №7.  – 
Б.56-57 
5.
 
Қабылова  Қ. Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіндегі рөлі //Бала тәрбиесі. 
– 2005. - №4. – Б.33-34 
 
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖОО СТУДЕНТТЕР 
ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ 
 

102 
 
НУРЖАНОВА  А.Е. 
Семей қаласының Қазақстан Инновациялық  Университеті, 
«Педагогика және психология, дизайн» мамандығының магистранты 
Ғылыми жетекшіcі:  КАБДУАЛИЕВАА.Ж. 
Семей қаласының Қазақстан Инновациялық Университеті, аға оқытушысы 
 
Қазақ  елінің тәуелсіз  мемлекет  мәртебесіне  ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік 
дәрежеде  алуы,  тұңғыш  Конституция,  «Білім  беру»  заңының  қабылдануы,  ұрпақ 
тәжірибесіне жаңаша қарауды ,оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді. 
Қоғамымыздың  іргесін  нығайту  мақсатында  ең  алдымен  адамгершілік, 
ізгілік,имандылық  тәрбиесін  көркейту  қажет.  Оның  негізгі  мұраты-баланы  жастайынан 
әлеуметтік ортада мідениетті қарым-қатынас жасай білуге үйрету,үлкенді сыйлау, кішіге 
ізет көрсетуге, ел-жандалыққа баулу. 
Рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе баланы құрметтеу.  
Әрбір  жасөспірім  өзін-өзі  рухани  жетілдіру  үшін  өзін-өзі  тәрбиелеуге,өздігінен 
білім алуға ұмтылуы қажет екендігіне түсінуі  тиіс. 
Адамгершілік  тәрбиесінің  мазмұны  жалпы  адам  құндылығын  жоғарлату 
қажеттілігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Егеменді ел болғаннан бері жас ұрпақты 
адамгершілікке,парасаттылыққа,саналықпен,  жауапкершілік  тәрбиесі  арқылы  жеке 
тұлғаны  қалыптастырудың  сипаттарына:  жауапкершілік,  көздеген  мақсатқа  жету, 
кісілігін, қадір-қасиетін сақтау, сенімділік жатады. Адамның жеке тұлғалық қасиеттерін 
жетілдіру оның өзін-өзі құрметтеуіне, өмірде табысқа жетуіне үлкен ықпалын тигізеді.  
Студенттердің сана-сезімін, адамгершілік мұраттарын  қалыптастыру  – тәрбиенің 
ең бірінші міндеті. Тәрбие барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысана етіп ұстау 
қажет.  Себебі  баланың  көзқарасы  оның  күнделікті  ісімен  сәйкес  келмесе  олар  ойлауға 
шебер,  бірақ  іске  жоқ  адамдар  болып  қана  шығады.  Студентті  имандыққа  баулып, 
мейірімділік,  қайырымдылық,  кішіпейілділік,  қамқорлық,  ізгілік  сияқты  қасиеттерді 
бойларына сіңіру – әрбір отбасы мен тәрбие беретін ұйымдардың басты парызы.  
Студенттерді  рухани  –  адамгершілік  тәрбиесі  арқылы  толыққанды  жетілген 
азамат етіп тәрбиелеу  – қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани тәрбие, білім беру адам 
дамуының рухани үйлесімділігін түсінуді қамтамасыз етеді. 
Сондықтан  да  әр  халық  келер  ұрпағын  өзіне  дейінгі  қоғамда  қолы  жеткен 
тәрбиедегі  жақсы  дәстүр  аталынуы  жинақтап  және  пайдалана  білуімен  жас  ұрпақты 
адмагершілік  қасиетке  баулуды  мақсат  еткен.  Ата-баба  қалыптастырып,  халқымыздың 
бұлжымас тіршілік заңына айналған сол ғажап салт-дәстүрлеріміз ерте заманда-ақ өзінің 
мәнділігімен,  озық  үлгісімен  талай  жат-жұрттық  оқымыстылар  мен  ойшылдардың 
назарын аударған.  
Бұл  туралы  ұлы  ақын  Абай  атамыз  былай  депті  :  «Атымды  адам  қойған  соң, 
қайтіп  надан  болайын»  -  деген  қағиданы  халық  бойында  қалыптасқан  барлық 
адамгершілік  асыл  қасиеттерінің  бейнелеушісі  болды.  Сонымен,  іс-әрекетінен,  мінез-
құлқынан да әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша адамгершілікке баулу мүмкін емес.  
Адамгершілік  ұғымына  көптеген  анықтамалар  берілген  және  оны  сипаттайтын 
қасиеттер жиынтығы ретінде де қарастырылып мазмұндалған.  
Адамгершілік 
қоғамдық  сананың белгілері адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынас, көзқарасы 
арқылы  сипатталады,  яғни,  әдептілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  инабаттылық, 
қарапайымдылық т.б. 
Адамгершілік  –  әлеуметтіліктің  биік  шыңы,  адам  ұрпағының  негізін  қалаушы. 
Әлеуметтік  ортаға  әсер  ететін  белгілердің  бірі  –  адамдардың  бір-біріне,  қоршаған 
табиғатқа қарым-қатынасы.  

103 
 
Адамгершілік  құндылықтардың  қалыптасуындағы  студенттердің  өзін-өзі  тануы 
жүзеге  асатын  тәрбиенің  басты  түрі:  құндылық  жағы  басым  тәрбие  процесі  болып 
есептеледі. Тәрбиенің бұл түрі іс-әрекеттік жағынан жүзеге асады. 
Адамгершілікке тәрбиелеу студенттің жеке басын қалыптастыру мен дамытудың 
аса маңызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, 
қоғамға,  отанға,  еңбекке  өз  міндеттерін  және  өз  басына  қатынасын  қалыптастыруды 
көздейді. Ұжымдық қызметтің қоғамдық бағыттылығы тәрбиеленушілерге өмір жақсара 
түсу  үшін  не  істеуге  болатынын  байқау  тілегін  оятады.  Адамгершілікке  тәрбиелеу 
процесінде  студенттердің  бойында  патриотизм  –  азаматтық,  жолдастық,  ұжымдық 
сезімдерін,  өмір  шындығына  белсенді  көзқарасын,  еңбек  адамдарына  терең  құрмет 
сезімін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиенің негізігі міндеті – қоғамның әлеуметтік 
қажетті  талаптарын  әрбір    студенттердің  борыш,  намыс,  ождан,  қадір-қасиеті  сияқты 
биік  адамшылық  ішкі  стимулдарына  айналдыру  болып  табылады.  Адамның 
адамгершілік жағынан қалыптасуы оның туған кезінен-ақ басталады.  
Адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі  студенттердің 
адамгершілік  көзқарастары  мен  өзара  қатынастарын  қалыптастыру  болып  табылады. 
Тәрбие  жұмысының  мазмұнының,  әдістерінің  формаларының  және  оның  тиісті  нақты 
мақсаттарының  қандай  екеніне  қарамастан,  тәрбиешінің  алдында    әрқашанда 
студенттердің адамшылық көзқарастарын ұйымдастыру міндеті тұруға тиіс.   
Қазіргі  уақытта  Республикамызда  студенттерді  тәрбиелеу  ісінде  адамның  ішкі 
жан  дүниесі  мен  рухани  әлемін  тану,  дамыту  жетілдіруге  байланысты  істер    жүзеге 
асуда. Халықтық дәстүр, рухани-мәдениет негізінде жас ұрпақтың рухани-адамгершілік 
тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін іске асыру басты нысаны болып тұр. 
Адамгершілік  –  қоғамдық  сананың  ең  басты  белгілерінің  бірі.  Ол  қоғамдағы 
адамдардың әрекетін нормативті реттеу қызметін атқарады. 
Халқымыздың  кемеңгер  ойшылдары  Қорқыт  ата,  Әл-Фараби,Ахмет  Яссауи, 
Махмут  Қашғари,  Ахмет  Йүгенеки,  Сайф  Сараи  т.б  шығармаларынан  адамгершілік 
тәрбие , адамның адамгершілік бейнесі кең орын алған. 
Жақсы  адамгершілік  қасиет  ретінде  сөзге  тапқырлық,  адал,  шыншыл  болу,  бұл 
ретте  шектен  тыс  кетушілік,  керісінше,  жаман  адамгершілік  сапаларға  апарып 
соқтыратындығын ескертеді. 
«Бақытқа  жету  жайында»  трактатында  тәрбие  мәселесіне  «тәрбиелеу  дегеніміз  – 
халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген 
сөз » - деген анықтама береді. 
Ұлы  ойшылдың  пікірінше,  бала  бойына  жағымды  адамгершілік  қасиеттерді 
адамгершілігі жоғары, жаңа заманның талабын педагогикалық талаптарымен ұштастыра 
білген адам ғана ұялата алады. 
Адамгершілік  тәрбиесі  –  тәлім-  тәрбиенің  ықпалды  әсерімен  моралдық    сананы 
қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. 
В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, 
ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң 
құндылығына  ерекше  тоқталған.  Тәрбие  мәдениетi  -  өмiрдiң  өзi  сияқты  күрделi  де  көп 
қырлы.  
Ежелгi  үндi  мақалында  былай  деген:  “Қылық  ексең  -  әдет  орасың,  әдет  ексең  – 
мiнез орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”. Әдет адамның мiнез–құлқының фундаментi 
болып  табылады.  Атақты  ағылшын  драматургы  В.  Шекспир:  “Жақсы  әдет  жақсылыққа 
бастайтын  перiште”  десе,  орыс  педагогы  К.  Д.  Ушинский:  “Жақсы  әдет  өсiмге  берген 
ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы 
сол борыштың өсiмiнен азап шегедi” дейдi. 
Студенттердің    адамгершілік  тәрбиесін  жетілдіруге  педагогикалық  тұтас  
процесте мүмкіндіктерді барынша тиімді қолдаған жөн. 

104 
 
Әр  пәннің  мазмұны  әр  ауқытта,  сабақтардың  типіне,  формаларына  байланысты, 
тәрбие 
жұмыстарында 
да 
күрделендірілген 
тапсырмалар 
 
қосу 
арқылы 
өңделіп,жетілдіріп отырғаны ұтымды болады. 
Студенттердің адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда педагогикалық ғылыми 
теорияны дамыта отырып, практикадағы іс-әрекетті жетілдіру. 
Ұлтымыздың  ұлағатты  дәстүрлерін  келекшекте  де  кеңінен  пайдалану  біздің 
борышымыз. 
Әдебиеттер: 
1. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі// Ред. Бақарған И.А.Каиров, О.С.Боғданова-
Алматы: Мектеп, 1988.-345б 
2.  Жарықбаев  Қ.,Қалиев  С.Қазақтың  халықтыық  тәлім-тәрбиесі.--Алматы:Санат, 
1995.-350б 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет