Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы


САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДАМЫТУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДАМЫТУДАҒЫ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК 
 
ӨМІРХАНОВА А.Ө. 
«5В011400- тарих» мамандығының 3- курс студенті 
Ғылыми жетекшіcі: АБДИХАНОВА А.Е. 
Қаз Мем қыз ПУ, тарих магистрі  
 
«Болашақта өркениеті дамыған елдердің қатарынан ену үшін заман балабына 
сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 20 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең 
ететін - білім».  

111 
 
Н.Ә.Назарбаев   
ХХІ ғасырдың басында адамзаттың даму тарихы өзінің жаңа технологиялық даму 
дәуіріне,  яғни  постиндустриалды  даму  деңгейіне  жетті.  Бұл  ақпараттық  қоғам  дәуіріне 
ене отырып, біз адам өміріне қатысты барлық салалардың, соның ішінде білім саласыны 
да жедел қарқынымен дами бастағанының куәсі болып отырмыз. 
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алу үшін, Қазақстанның жан – жақты 
дамуының  бірден  –  бір  жолы  ғылымды  әр  қырынан  меңгеру  қажет  болып  отырғаны 
белгілі.  Елбасымыз  Қазақстан  халқына  «Бәсекеге  қабілетті  халық  үшін»,  «бәсекеге 
қабілетті экономика үшін»- деген жолдауында:  «Білім беру реформасы  – Қазақстанның 
бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды 
құралдардың  бірі  »-  деген  еді.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында 
мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық 
дамуы,  жеке  адамның  дарындылығын  таныту  сияқты  өзекті  мәселелер  енгізілді.  ХХІ 
ғасыр  –бәсеке  ғасыры.  Бұл  бәсеке  енжарлықты,  керітартпалықты  көтермейді.  Еліміз 
егемендік  алып,  өзін  бүкіл  әлемге    мойындата  бастаған  осы  кезеңде  біздің  қоғам 
дарынды,  қабілетті,  жан  –  жақты  жетілген  адамдарды  қажет  етеді.  Сондықтан  да 
еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр.  Бүгінгі 
таңдағы  негізгі  мақсат  –  ұлттық  құндылықтарды  әлемдік  деңгейге  шығаруға  қабілетті, 
өзіндік  жеке  көзқарасы  қалыптасқан  тұлға  тәрбиелеу.    Ол  үшін  оқушылардың 
белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана 
білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Мұғалімдердің жаңа ұрапағы білім деңгейі жөнінен 
әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Бұл – уақыттың талабы.  
Қазіргі сапалы білім беру жүйесінің мақсаты –бәсекеге қабілетті маман дайындау.  
Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  ғасыр  мұғалімі    -  педагогикалық  құралдардың  барлығын 
меңгерген,  тұрақты  өзін  –  өзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған,  толысқан 
шығармашыл  тұлға  құзіреті.  Жаңа  ғаыср  мұғалімінің  табысы  біліктері  арқылы 
қалыптасады,  дамиды.  Нарық  жағдайындағы  мұғалімге  қойылатын  талаптар:  бәсекеге 
қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының  жоғары  болуы,  кәсіби  шеберлігі,  әдістемелік 
жұмыстағы  шеберлігі.  Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  жаңа  ғасыр  мұғалімі  – 
рефлекцияға  қабілетті,  өзін  –  өзі  жүзеге  асыруға  талпынған  әдіснамалық,  зерттеушілік, 
дидактикалық    -  әдістемелік,  әлеуметтік  тұлғалы,  коммуникативтілік,  ақпараттық  және 
тағы  басқа  құзыреттіліктердің  жоғарғы  деңгейімен  сипатталатын  рухани  – 
адамгершілікті,  азаматтық  жауапты,  белсенді,  сауатты,  шығармашыл  тұлға.  Осы  тұста 
мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруде жан – жақты білім қажет.  
Қазіргі мұғалім : 
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; 
Педагогикалық өзгерістерге тез төсілетін
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; 
Білімді, іскер,  шебер болуы керек; 
Жаңа  педагогикалық  технологияның  ерекшеліктері:  өсіп  келе  жатқан  жеке 
тұлғаны    жан  –  жақты  дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа 
педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, 
орындаушы  болса,  ал  қазіргі  оқушы  –  өздігінен  білім  іздейтін,  дүниетанымы  қабілеті 
жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білуі тиіс жеке тұлға 
екендігіне ерекше мән беруіміз керек.  
Тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн  тәртібінде  тұрған 
мәселе  –  білім  беру,  ғылымды  дамыту.  Өркениет  біткеннің  өзегі,  ғылым,  тәрбие 
екендігіне ешкімнің таласы жоқ. 
Осы  орайды  білім  ордасы  –  мектеп,  ал  мектептің  жаны  –  мұғалімдердің  басты 
міндеті  –  өз  ұлтының  тарихын  ,  мәдениетін  тілін  қастерлей  және  оны  азаматтық 

112 
 
деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетінтұлға тәрбиелеу. Егеменді еліміздің 
ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтеру болса, ал өркениетке жетуде жан  – 
жақты  дамыған,  рухани  бай  және  тұлға  қалыптастыру  болып  табылады.  Жас 
жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан 
әрі  дамуына  бағыт  бағдар  беру,  оны  сол  бағыттажетелеу  –  ұстаз  парызы.  Ұлы  ойшыл 
Плутарх  кезінде:  «Көптеген  табиғи  талант  дарынсыз  ұстаздардың  кесірінен  жойылып 
кетеді.сондықтан әр бір ұстаз бұған жол бемеуі керек», - деген екен. Сол себептіден де 
білім  сапасын  арттыру,  оқушылардың  дарындылығын  айқындап,  біліміне  айқындап, 
ойлау қабілетіне сай айқындап, біліміне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілетін 
қалыптастыру  - әрбір ұстаздың міндеті.  
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы  »  заңының  8-бабында  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  оқытуда  жаңа  технологияларын  енгізу  білім  беруді 
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу». 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды.  Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын 
болады: 
Бірінші кезең 2011 – 2015 жылдар; 
Екінші кезең 2016 -2020 жылдар; 
Бағдарламаның  мақсаты  –  экономиканы  орнықты  дамыту  үшін  сапалы  білімінің 
қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  арқылы  адами  капиталды  дамыту,  білімінің  бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыру  болып  табылады.  Білім  сапасы  дегеніміз  –  мектепте  білім  алып 
отырған  шәкірттің  немесе  мектеп  бітірушінің  білім  алу  арқылы  әзірлігінің  сапасы  мен 
білім  беру  қызметінің  сапасын  қамтитыны  түсінікті.  Сапалы  білім  тәрбие  беруде  орын 
алған  кемшіліктерді  жойып  дүниежүзілік  өркениеттілікке  жету  ХХІ  ғасырдың  үлесіне 
тиіп отыр.  
Қазақстандағы  білім  беру  ісін  реформалаудың  стратегиялық  міндеттерінің  бірі  – 
шығармашылық  қабілетін  ғылыми  тұрғыдан  ойлау  қабілетін  дара  тұлғаға  терең  білім 
беру. Осыған орай, білім сапасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылып, «Сапаа» ұғымы екі 
мағанада  қарастырылуда.  Біріншісі  –  стандартқа  сәйкестігі,  екіншісі  –  оқушының 
сұранысын қанағаттандыру. Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі 
бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске еңбекке баулудүниетанымын кеңейту. 
Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табалады. Сапалы 
білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат 
жан  –  жақты  білімді,  өмір  сүруге  бейім  өзіндік  ой  –  тағамы  бар  адамгершілігі  жоғары 
қабілеттіжеке тұлғаны қалыптастыру.  
Қазіргі таңда сапалы білім беруге мыналарды жатқызуға болады: 

 
«Балапан» бағдарламасы; 

 
12 жылдық білім беру бағдарламасы; 

 
Қашықтықтан білім беру технологиясы

 
Инновациялық білім беру бағдарламасы; 

 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011  -2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы және т.б. бағдарламалар. 
Ал осы тұста енгізілген жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялардағы әдіс – 
тәсілдердің ерекшелігі: 
 
№  Педагогикалық  технологиялар 
жүйесі 
ерекшеліктері 

 Ізгілендіру технологиясы 
Оқушылардың кәсіби бағдарлы таным белсенділігі, 
өздігінен 
шығармашылық 
іздену 
деңгейін 
қалыптастыру. 

Ақпараттық 
бағдарламалап  Оқытудың 
мазмұны 
пәнаралық 
байланыс 

113 
 
оқыту 
тұрғысынан ұйымдастыру; 
Қоғам мен табиғат заңдылықтарын интеграциялық 
негізде меңгеру. 

Саралап, 
деңгейлеп 
оқыту 
технологиясы 
Диагноситкалық  болжамдық  кәсіби  дайындық 
деңгейін  есепке  алу,  деңгейлік  мүмкіншілігінің 
негізінде кәсіби таным белсенділігін арттыру. 

Дербес оқыту технологиясы 
Оқу – тәрбие үрдісінде деңгейлеп кәсіби білімі мен 
біліектілігін  дамытуда  ғылымның  негіздерін 
игеруге 
ізгілік, 
адамгершілік 
қасиеттерді 
қалыптастыра  отырып,  жеке  тұлғаның  әлеуметтік 
жауапкершілігін арттару. 

Модульдік 
оқыту 
технолгоиясы 
Дара ерекшеліктерін ескеру, өзін – өзі айқындауда 
дайындық  деңгейін  есепке  алу  нәтижесінде 
потенциалын  қарқынды  дамыту.  Деңгейлік  топтар 
мен жеке ерекшеліктерін ескеру. 

Дамыта оқыту технологиясы 
Оқушының  кәсіби  бағдарлы  таным  белсенділігі, 
өздігінен 
шығармашылық 
іздену 
деңгейін 
қалыптастыру.  Оқытудың  танымдық  мақсаты 
жүйелі  бірізді  қоя  білу  негізінде  кәсіби  білім  мен 
біліктілікті белсенді деңгейлі меңгеру. 
 
 
Қорыта  келгенде,  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  –  бәсекеге  қабілетті  маман 
дайындау. Сапалы білімді  қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс  – амалдар 
өте  мол.  Оқушылардың  қызығушылығын  арттыруда  жаңа  ақпараттық  технологияларда 
артуда. Тек әр ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білуден ұтады. Сапалы білім 
беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу басты міндет болып табылады. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Айғабылова  Н.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  ақыл  –  ой  белсенділігін 
арттару. – Алматы, 1990 ж 
2.
 
Жәркенова М. Әдебиеттер пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. – Алматы, 
1984 ж 
3.
 
Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А., 1978ж 
4.
 
Кәтенбаева Б.Ш. Тіл ұстарту жұмыстары бойыншаметодикалық нұсқаулар. 
– Алматы, 1991ж. 
 
ЖЕТКІНШЕКТІК ЖАС КЕЗЕНІНДЕГІ АГРЕССИЯНЫҢ КӨРІНІС БЕРУІ 
 
РЫМБЕКОВ Н.А. 
КМҚК «Д. Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік  медицина колледжі» 
емдеу ісі  мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшіcі: ТАНАТАРОВ С. З. 
КМҚК  Д. Қалматаев атындағы Семей  мемлекеттік медицина колледжі» м.ғ.к., 
директоры 
 
Жеткіншектік  шақ  –  болашақ    туралы  балалық  армандардың  орнына  өзінің 
мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану  басталатын, өз 
ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстануымыз 
қажет. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы- оның өзінің ауқымды 
әлеуметтік  белсенділігі,  ол  белгілі  бір  үлгілермен  игіліктерді  игеруге  ,  үлкендермен, 
жолдастарымен  қарым-қатынас  орнатуға  бағытталады.  Жеткіншектер  дамуындағы 
ерекшеліктер  әртүрлі  теорияларға  негіз  болды.  Сананың  дамуы  баланың  өз  бетімен 

114 
 
тәуелсіз  талпынуын  тудырады.  Олар  үйелменде,  мектепте  еңбек  процесіне  араласады, 
күнделікті  өмірді  бақылайды,  ой-өрісі  арттады.  Бұл  жастағы  бала    намысқор  келеді, 
үлкендер  бақылауын  әкімшілік  шараларды  ұнатпайды.Үлкендерді  озбырлық  жасайды 
деп  ойлайды.  Кейде  түсініспеушілік    осындайдан  да  туады.Үлкендерге  байланып  
олардың  мінезінен  шындықты  байқауға  тырысуы  үлкендер  мен  балалар  арасында 
түсініспеушілік    туғызады.        Үлкендердің  ойланбай  асығыс  шешім  қабылдауы  балаға 
зиян  келтіруі  мүмкін.  Бұл  жастағы  балалар  өнегелі  адамдардың  істерімен  масаттанады.         
 
Осы  тұрғыдан    баланың  мінезін  тәрбиелеу,  ықыласы  мен  қабілетін  дамыту, 
мұқтаждары  мен  тілектерін  қамтамасыз  ету  дұрыс  педагогикалық  ойларға  негіздеуі 
керек.  Осы  ерекшеліктерді  есепке  ала  отырып,  тәрбие  жұмысын  тиімді  етіп 
ұйымдастыру  керек.  Жеткіншектер  қоғамға  пайдалы  істерге  ықыласты,  ұжымшыл, 
жолдастық,  достық  сезімге  бай,  кітап  оқуға,  кинофильмдер  көруге  ынталы,  спортты 
ұнатады.  Отбасы  жағдайы,  ата-ананың  кәсібі,  материалдық  жағдайы,  білім  деңгейі 
жеткіншектің  өмірдегі  жолын  айқындайды.  Отбасы,  мектеп,  құрбы-құрдастар  тобы  – 
барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық факторы.      Демек, 
баланың  мінез-  құлқының  қалыптасуына  отбасы  ерекше  әсер  ететіндіктен  оның  көп 
қырлы,  жан-жақты  болуы  отбасына  байланысты.  Педагогикалық,  әлеуметтік  жағынан 
жіберілетін  әлсіздік,  оқу  жүйесіндеші  сәтсіздік-  ауытқумалы  мінез-құлықтың  қайнар 
көзі.  Жеткіншектің  мінез-құлығындағы  ауытқулар  көбіне  туа  пайда  болмайды,  олар 
отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие беруден болмайды.  
Мінез-құлықтың  агрессивті  ауытқушлығы  мәселесі        педагогикалық 
психологияның 
басты 
әрі 
маңызды 
проблемасының 
бірі 
болып 
отыр. 
Ұ.И.Ауталипованың  «Жас  ерекшелік  психологиясы  еңбегінде  »  жеткіншектік  жас  – 
адамның дамуындағы өте қиын кезеңдердің бірі. Балалық шақтан өткен бірақ ересектікке 
әлі  жетпеген  11-15  жас  аралығындағы  балаларды    психологияда  жеткіншек  жас 
кезеңдегілер  деп  атайды.Жеткіншектер  өздерін  отбасының,  сыныптың,  қоғамның  тең 
құқылы мүшесі,  яғни тұлға  ретінде сезінеді.Олар  өздерін қоғамдық қарым-қатынастар 
жүйесінде сезінумен бірге, болашақтағы  ересек өмірге жоспар құра  бастайды және бұл 
жоспар  өздері  үшін  маңызды  болып  келеді.Сондықтан  ересектердің  араласқанын 
жақтырмайды, қызғанады, себебі олар өз қиялдары жетегінде өмір сүреді. 
Жеткіншектердің  агрессиялы  мінез-құлқын  зерттеуде  Басса-Драки  сұрақтамасы 
кеңінен  қолданып  келеді.  Жеткіншек  жастағы  агрессияның  алдын-алу  үшін  мінез-
құлықтағы әлеуметтік  ауытқушылыққа  себепші  индивиттік, жеке- даралық,  әлеуметтік-
психологиялық  және  психологиялық-педагогикалық    факторларға  жүйелі  талдау 
жүргізілуі,  ауытқушылықтан  сақтандыратын  тәрбиелік  алдын-алу  жұмыстары  толық 
және үздіксіз  жүргізілуі керек. 
Агрессия  себептері  және  жою  жолдары.  Агрессивті    мінез-құлықтың 
қалыптасуына  әсер  ететін  шартсыз  факторлардың  бірі  –  жанұядағы  қатынас.  Көптеген 
шет  елдік  зерттеулер  көрсеткендей  агрессивті  балалардың  ата-аналары  физикалық 
жазаларды  қолдануға  бейім  болған  және  эмоциялық  суықтықпен  қараған.  Балалардағы 
агрессивтілікті зерттей келе үш вариантын сипаттайды: 
1.Ата-ананың  біреуі  агрессивті    болғандықтан  және  агрессивтілік  және 
қылмыстық  тенденцияны  туындататын  күрделі  конфликттер  себебінен  бала  агрессивті 
болады. 
2.Ата-анасының  ешқайсысы  агрессивті  болмайды.  Ата-аналары  агрессивті  емем, 
балаларын  қатал  жазалаушы  жанұялық  конфликт  аз  болған,  бірақ  балалар  физикалық 
жазалауға ұшырайды. 
3. Баланың агрессивті мінез-құлқына шектен тыс қамқоршылық жанұяның ішінде 
бекітіледі.Тек осының салдарынан бала нақты сол агрессивті мінез-құлықтың жағымсыз 
жақтарының  басымдылығын  тазалауға  үйренеді.  Сонымен  қатар  ата-ана  жағынан 
агрессивті мінез-құлықтың шектен тыс болуы да зиян  болады. Бала міндетті түрде өзінің 

115 
 
ашу ызасын ішіне жинауға мәжбүр  болған жағдайда оның агрессивті сезімдері соғұрлым 
күшейе  түседі.  Қатал  жазалау  фрустрацияларға  әкеледі.  Яғни  сол  жағдайлардан  шығар 
жол таппаған кезде жаңа агрессивті сезімдерге әкеледі.  
Егер  бұл  қайталанатын 
болса,  негативті  шиеленісті  іздеу  ретінде  қарастырылатын  мінез-құлықтың  моделі 
қалыптасады.  Жасырын  агрессивтілік  болған  жағдайда  балада  мазасыздану  және 
жайсыздық  пайда  болады.    Агрессивті  мінез-құлыққа  анасының    және  әкесінің  ашуын 
көтере  алмаған  жағдайда  және  фрустрацияға  жауап  бере  алмаған  кезде  балада 
мазасыздану  жоғарылай  бастайды.  Агрессивтілік  туралы  Сирстің  ойы  қисық  сызықты 
түрде  көрсетілген  болатын.  Бұл  тұжырымды  И.Г.  Морозова  да  (1993)  ұстанады.  Оның 
пікірінше,  просоциалды  өмірлік  бағдары  бар  жағымды  жанұяда  өскен  балаларға  ашық 
түрде  өзінің  агрессивтілігін  қанағаттандыруға  шек  қойған  жағдайда  ,  яғни  асциалды 
жеткіншектерге тән сана астындағы кешендерді қанағаттандырудағы агрессивті садистік 
фантазиялау  негізіндегі  стероетиптегі  формаға  айналуы  мүмкін.  Баланың  тәртібінен 
өзіне көңіл бөлгізуге тырысуы, өкпеге қапсы іс-қимыл жасауынан , өзіне назар аударту 
үшін, кек қайтару үшін, билік, сәтсіздіктен қашуды байқауға болады. 
Қазіргі  жеткіншектердің  үлкендердің  ақылын  тыңдамауын  өзін  қазіргі  кездегі 
әртүрлі телехабарлардың көмегімен өмірді олардан артық түсінемін деп ойлауынан. Бала 
14  жасқа  келгенше,  ғалымдардың  есептеулеріне  қарағанда,  теледидардан  18000  кісі 
өлтіру  көреді  екен.  Осылай  теледидар  мен  тәрбиеші  екі  түрлі  болып  келеді.  Қалыпты 
агрессия реакциясы бала өзін қауіпсіз сезінбеуден, ата-анасына керек еместігін біліуінен 
болуы  мүмкін,мақсатына  жете  алмаудан,түңілуден,  көңілі  қалуы  мүмкін.  Агрессия 
қауіпті жағдайда адамға бейімделу мен қорғану функциясын атқарады. Бала агрессиясы 
көбіне өзінен кіші мен әлсіздерге, үй жануарлары мен бағытталады. Баланың тәртібінен 
өзіне  көңіл  бөлгізуге  тырысуы,  өкпеге  қарсы  іс-қимыл  жасауынан,өзіне  назар  аударту 
үшін кек қайтару үшін,билік, сәтсіздіктен қашуды байқауға болады.  
Демек,бала  ата-анасымен  қарым-қатынасқа  зәру,ата-анасына  жақын  болғысы 
келу,  өзін  өкпе  мен  жан  азабынан  қорғауы.  Баланы  үнемі  сынап  оырса,  ол  жек  көріп 
өседі, егер кінәлап отырса,ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса, тұйықталады. 
 Әдебиеттер: 
1.Сұлтанбекова  А,  Малдыбаева  А,Агрессивті  мінез-құлық  //Казақстан  мектебі 
2005 №5-6 мамыр-маусым 
2.Иванова  Л.Ю.  Агрессивность,жестокость  и  отношения  старшеклассников  к  их 
проявлениям. Сб: Проблемы личности, профилактика отклонений в ее развитии,2000 
 
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУДА ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП 
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ  -  ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕМЕ ИДЕЯЛАРЫ РЕТІНДЕ 
 
ТҰРАБАЕВА А.Н. 
№ 192 Келінтөбе орта мектеп мұғалімі 
CАТЫБАЛДЫ А. 
Алматы қаласы Алматы университеті,   педагогика және психология 
мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі:  ТУРАЛБАЕВА А.T. 
Алматы қаласы Алматы университетінің аға оқытушысы, п.ғ.м. 
 
Қазіргі  таңдағы  әлем  дамуының  жаңа  ұстанымдары  білім  беру  жүйесінен  күн 
сайынғы  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  өзгерістерге  мейлінше  бейімделуді 
талап етеді. Әлем бүгінде «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында 
келеді.  Бұл  идея  бүкіл  білім  беру  жүйесіне  реформа  жүргізіп,  модернизациялауды 
қажеттейді.   

116 
 
Мұндай  маңызды  мәселе  «Зияткерлік  Ұлт-2020»  бағдарламасын  қалыптастыру 
жолында Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұлттық жобасы идеясына «оның басты мақсаты - жаңа 
қалыпта  қазақстандықтарды  тәрбиелеу,  сондай-ақ  Қазақстанды  бәсекеге    қабілетті 
адамдық  капиталы  бар  мемлекетке  айналдыру»  деп  нақтылаған  болатын.    Қазіргі 
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білімді және білімін іс-тәжірибе жүзінде 
қолдана білетін қоғам мүшелерін (мұғалім, ата-ана т.б.) талап етеді.[1,19б]  
Сонымен  қатар,  адам  капиталын  дамыту  елеміздің  2020  жылға  дейінгі 
стратегиялық даму бағдарламасында жоғары басымдыққа ие. Қазақстанда жас дарынның 
талап мүддесіне жауап беретін мүмкіндіктерін қалыптастыру, тұлға әлеуетін дамыту, ой 
еркіндігін  жүзеге  асыру,  шығармашылығын  арттыруда  мұғаліммен  ғана  шектелмей, 
отбасымен ынтымақтастықта жүргізілуі қажет.  
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерді  талдай  келе,  барлық  өркениетті 
елдерде  дарынды  балаларды  анықтап,  зерттеу,  оқыту  және  дамыту  жұмыстары  кеңінен 
жасалынып  жатқанын  байқадық.  Өйткені  жеке  тұлғаның  әлеуметтік,  саяси-
экономикалық,  мәдениет  танымдық  үрдістерде  рөлі  өзгерді.  Жаһандану  заманында 
өндірісті  басқару,  ғылым,  мәдениет,  өнер    салаларында  өз  бетінше,  шығармашылық 
тұрғысынан ойлайтын, іскер, алғыр жастарды  қалыптастыру талап етілуде.  
Қазіргі  таңдағы  әлемдік  ғылым  мен  білім  беру  саласындағы  жетістіктерге 
негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер 
өз кезегінде болашақ зияткер ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ.  
Жоғарыда  аталып  отырған  міндеттерді  шешу  барысында  зияткер  ұлт 
қалыптастыру үшін дарынды бала тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқытудың дамыту 
қызметі  инновациялық  технологияда,  интербелсенді  әдістерде  жүзеге  асырылады. 
Мысалы: бүгінгі таңда білім беру үрдісінде дарынды  балаларды оқытудың американдық 
үлгілері  (дебат,  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту,  ашық  пікір  айту)  медиакөрнекілік 
арқылы ізденіске жетелейтін, шығармашылық тұрғыдан зерттеуге қызықтыратын Power 
Point, Hand-outs білім тірегі етіп беріледі. Жалпы оқушыға берілетін қосымша материал 
оны  қызықтыратындай  болуы  керек.  Әрине,  дарындылық  табандылық  пен 
бәсекелестікті,  қызығушылық  пен  ізденісті  қажет  етеді.  Сондықтан  да  инновациялық 
технология  арқылы  дарынды  баланы  қызықтыра  отырып  дамытуда  жан-жақтылықты 
қамтамасыз  етуіміз  қажет.  Бірақ  мұндағы  басты  мәселе,  әдістерді  жүзеге  асыру 
барысында  мұғалім  мен  ата-ананың  ынтымақтастығы  жағдайының  зерттелінуі  тиіс 
екендігі  басымырақ.  Мұғалімнің  дарынды  баланың  ата-анасымен  танысып,  отбасы 
деңгейін  байқаған  жағдайда  баланың  табиғатына  жақын  шығармашылық  қабілеті 
анықталады. [2, 57б] 
Белгілі  болғандай,  ата-ана  -  бала  тәрбиесіндегі  басты  тұлға.    Осы  тұрғыда  ата-
ананың  көмегімен  баланың  білімін  дамытуға  жағдай  жасауға  мүмкіндік  жасалынады. 
Ата-анасымен  баланың  табиғатындағы  ерекше  қасиеттері  туралы,  шығармашылық 
қабілетінің  даму  сипатын  талқылау  оқушыны  жете  тануға  септігін  тигізеді.  Бұл 
әрекеттер  мұғалімді  инновациялық  тәжірибесін  шығармашылық  ынтамен  дамытумен 
қатар  білім  беру  үрдісіне  жаңа  тұрпатты  әрекет  ендіруіне  көмектеседі.  Осы  тұрғыда 
жаңашыл идеяны ұстанған педагог дарынды баланың жеке тұлғалық  қасиетін барынша 
құрметтеуге,  оның  шығармашылық  қабілеттері  мен  бейімділіктерін,  өздігімен  ойлау 
қабілетін  дамытуға  бағытталған  ізгіліктік  ерекшелігімен  сипатталады.  Сонымен,  
дарынды  оқушымен    жаңа  тұрпатта  жұмыс  жасауда  инновациялық  тәжірибені  тұлғаны 
дамытудағы  ізгілік  пен  шығармашылық  ңкөзқарасқа  негізделген  әдістер  мен  жүйе 
негізінде қарағанымыз орынды. 
Ғалым  Р.Зайонцтың  тұжырымдауынша  дарындылықтың  дамуында  отбасы  өте 
маңызды жағдай болып келеді, соның ішінде: 
-
 
отбасы құрылымы мен оның эмоционалды климаты; 
-
 
бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері; 

117 
 
-
 
ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы. 
Отбасы  құрылымы  мәселесіне  сүйене  отырып,  бала  санының  көбі  (87%)толық 
жанұяларда  тәрбиеленген  деп  айтуымызға  болады  деп  көрсетеді.  Р.Зайонцтың 
зерттеулері  бойынша  интеллектуалды  дарындылық  жанұядағы  балалар  санына  тәуелді 
екендігін  дәлелдейді.    Бұл  жағдайда  қарым-қатынас  түріндегі  гиперсоциализация,  яғни 
ата-аналар  дарындылықты,  өз-өзін  таныту  мүмкіндіктерін,  өз  баласының  қабілеті 
арқылы  жасауы  немесе  өздерінің  орындалмаған  әлеуетті  мүмкіндіктерін  іске  асыру 
болып табылады. 
Нидерландтық  ғалым  Карл  ван  Парререн  жасаған  зерттеулерге  сүйене  отырып,  
дарынды  балаларды  дамытуда  отбасы  мен  мектеп  ынтымақтастығы  қазіргі  күні 
инновациялық  (интербелсенді)  технологиялардың  идеяларының  бірі  ретінде  іс-
тәжірибеде толығымен үйлесім тауып отыр.[3,45б] 
Біз,  көптеген  ғалымдардың  зерттеулеріне  сүйене  келе,  ең  алдымен,  ата-ана  мен 
мұғалімнің 
ынтымақтастығы 
жағдайында 
қолданылатын 
инновациялық 
технологиялардың негізінде қарастырылатын  қағидаларға тоқталып өтуді жөн көрдік:  
Дарынды  балаларда  үйренуге  деген  тұрақты  қозғаушы  күш  (мотивация) 
қалыптастыру. 
Диалог арқылы үйрену/үйрету. 
Қадағалау арқылы үйрену/үйрету. 
Үйренуде  қажетті  қарқын  және  соған  сәйкес  тәсілдер(мысалы,  сыни  ойлау 
барысында  оқу,  сөйлеу,  жазу,  блум  таксономиясы,  триз  технологиясы  арқылы 
компьютерлік тілдер, графикалық модельдер мен символдар) таңдалынуы керек. 
Үйрету  мен  білім  игеруде  көмектесу  дарынды  балалардың  оқу  тапсырмаларын 
қандай деңгейде орындағанына байланысты мұғалімнің немесе ата-ананың сырт көзбен 
пайымдаған  мінездемесіне  сүйенбей,  олардың  нақты  қабілеттеріне  (мәселен, 
коммуникативтілік, және ойлау әрекеттері,  өз тәжірибесін жүзеге асыра білу) негізделу 
керек. 
Дарынды балалардың ой-толғанысы (рефлексия) мен өздерінің даму жетістіктерін 
бағалай білуі (құзырлылық сезімі). 
Дарынды  балалардың    өздік  тұрғыдан  жасалатын  жұмыстарына  қажетті 
тапсырмаларды алдын-ала дайындау. 
Дарынды балалардың бастамашылдығы мен шығармашылығын ынталандыру. 
Субъективтікті қалыптастыруға ықпал жасау. 
Дарынды  балалар  үшін  сыныпта,  үйде  әлеуметтік  қасиеттері  басым  және 
қоршаған  ортаға  кіріктірілген  үйренуші  тұлғасын  қалыптастыруға  бастайтын 
жағдайларды қамтамасыздандыру. 
Зерттеу  барысында  біз,  дарындылықтың  даму  ерекшеліктерінің  бастауы  ретінде 
қабілеттілік ұғымының маңызы зор екендігін айта аламыз. 
Қабілет  мәселесі  арнайы  психологиялық  зерттеудің  пәні  ретінде  -  ағылшын 
ғалымы  Ф.  Гальтон  ұсынған  адамдағы  ерекшеліктердің  эксперименттік  және 
статистикалық  зерттеулерінің  негізінен  болып  табылады.  Ф.  Гальтон  адамдардың  жеке 
дара  ерекшелігі  мәселесін  зерттеп,  1869  жылдан  бастап  ғылыми  зерттеулер  жүргізе 
бастады. Сонымен бірге ұлы да қабілетті адамдардың өмірлерін бақылай келе, кез-келген 
деңгейдегі қабілеттілікте тұқымқуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келді.  
ХХ  ғасырда  неміс  психологы  У.Штерн  жеке  дара  ерекшеліктерді  зерттеп,  жеке 
даралық  психологияның  негізін  қалады.  Сонымен  бірге  ол  адамның  ақыл  ойын 
анықтауға  арналған  «қабілеттілік  коэффициентін»  ұсынды,  әрі  ақыл-ой  қабілеттілігіне 
мынандай  анықтама  берді:  «Ақыл-ой  қабілеттілігі  -  өз  ойын  саналы  түрде  жаңа 
талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін  жалпы 
ақыл –ой қабілеттілігі» деп көрсетті.  

118 
 
Қабілет  және  дарындылық  теориясының  негіздерінің  қалыптасуына  белсене 
атсалысқан кеңес психологтары Б.М. Теплов, Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, Н. Лейтес, 
Л.И.  Кузьмина  еңбектеріндегі  психологиялық  тұжы-рымдары  дарындылыққа 
интегралдық  жеке  тәрбие  ретінде  жүйелі  көзқарас  тууына  негіз  болды,  адам 
қабілеттілігінің құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді.[4,97б]  
Сондай-ақ,    мектептегі  оқу  материалы  өмірмен  байланыстырылады,  ол  тек 
игерілуді  қажет  ететін  мәселе  деңгейінде  қалмай,  жалпы  дүниетанымдық  сипат  алады. 
Сондықтан да мұғалім  мен ата-ананың ынтымақтастығы турасында дарынды балаларға 
ұсынылатын  жұмыстар  ізденіс  пен  зерттеуге,  (1-суретте)  талдау  мен  сараптай  алуға 
сүйенетін,  өзіндік  тұрғыдан  орындалатын  шығармашылық  жобалар  қатарында  болуы 
керек.  Ал  мұндай  жағдайда  отбасы  мен  мектептің  ынтымақтастығында  дарынды 
баланың даму ерекшеліктері де айрықша болмақ. 
 
1-сурет. Дарынды баланың даму ерекшелігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазіргі қоғам мақсаты - өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге 
дайын,  өзгермелі  даму  үстіндегі  ортада  өмір  сүруге  бейім,  бәсекеге  қабілетті  және 
құзыретті,  дарынды  тұлғаны  дамыту  болғандықтан,  кез-келген  оқу  үрдісі  не  тәрбие  
үрдісінде  болсын,  мұғалім  мен  ата-ана  ынтымақтаса  отырып,  баланың  бойындағы 
ерекше  қабілеттілікті,  жеке  даралық  ерекшеліктерін,  дарындылықты  тани  білу,  жан-
жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру, танымдық бағытта жетелеу, оқушылардың бойында 
креативтілікті  дамытуға,  әр  оқушының  жеке  білімділік  траекториясын  анықтап, 
міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.  
Сараптай  келе,  сынып  жетекшісінің  ата-аналарымен  бірлесіп  жұмыс  істеу 
қажеттлігінің  мазмұны  заман  талабына  сай  күрделене  түседі.  Біз  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізе келе, алдағы уақытта келесі міндеттердің тұрғанын айқындадық: 
•  дарынды  балалардың  психологиялық  және  физиологиялық  денсаулығын 
дамытуды ескеру; 
•  баланың  тұлғалық  қалыптасуын,  оның  қабілеттерінің  тұтастай  дамуын 
қамтамасыз ету; 
• әр ата-ана мен мұғалім баланың тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуде және 
оны  дамытуда  көмегін  тигізетін  жаңа  технологияларды  (интербелсенді  әдістерді) 
іздестіру; 
Зияткерлік 
коэффициенттің 
болуы 
Эмоционалды 
коэффициенттің 
болуы 
Толеранттылық 
қарым-қатынас 
Реакция 
Құндылықтарды 
таңдау 
Өзінділік пен 
дербестік 
Өмірмен байланыса 
отыру 
Әрекет арқылы үйрену 
Сыни ойшыл  
Рефлекcиялық 
тұлғаға көшу 
Отбасы мен мектептің 
ынтымақтастығында 
дарынды 
баланың 
даму ерекшеліктері 

119 
 
•  ата-аналарды  үнемі  тренинг,  сауалнама,  педагогикалық  оқу,  ата-аналар 
конференциясы  т.б.  педагогикалық-психологиялық  білім  негіздерімен  қаруландырып 
отыру.   
     Сонымен,  жоғарыда  аталған  міндеттерді  педагогикалық  үрдісте  мұғалім  ата-
анамен  ынтымақтастықта  іске  асырған  жағдайда  әр  баланың  қабілеттілік,  дарындылық 
қасиеттері ашылары анық.  
 Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. ҚР «Білім туралы» Заңы Астана, 2007ж. 
2. Кларин М.В. Инновации в обучении: метафоры и модели: Анализ зарубежного 
опыта/ М.:Наука, 1997г.  
3. 
 
Чошанов 
М.М. 
Гибкая 
технология 
проблемно-модульного 
обучения.М.:Просвещение, 1996.- 158с. 
4.  А.Әлімов  Интербелсенді  әдістемені  ЖОО-да  қолдану  мәселелері.Алматы, 
2013ж. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет