часть в его жизни также играет и государство. Что может человек не имеющий ни
грамма знаний в рыночной экономике, ответ прост – ничего. И для того чтобы
разрушить границу между мирами богатых и нищих необходимо создать программу
БН(Богатство Народу).
В этой программе будут участвовать как жители низшего слоя населения, так и
высшего. И работать она будет по принципу:«Одно во всём и всё в одном».
336
То есть, люди значимого положения в обществе будут помогать финансами и
давать людям шанс на приобретение того чего заслуживает каждый человек – быть
счастливым.
Великий мыслитель Сократ расшифровал слово счастье так: «счастье – это
состояние души, счастье – это когда люди понимают друг друга». Его ученик и
последователь не менее великий философ Аристокл, он же Платон утверждал: «счастье –
это то, когда господствует правда». А учеником Платон был никто иной как Аристотель
слава которого была также велика как и его учителей. И его определение слову счастье
очень просто: «счастье – это жизнь». Высказывание Аристотеля немного абстрактно, но
по сути является правдивой.
Моя расшифровка по слову «счастья» немного тривиальна и звучит она
так:«счастье - это делать счастливым других»
Идея по созданию программы БН(Богатства Народу) была неформально создана
учёным экономистом, мыслителем, философом, одним из основателей экономической
теории.
А. Смит считал, что главное богатство и ценность любого государства является –
народ. И по словам А. Смита, поддержка народу положительно сказывается не только на
народ, но также и на государство.
Наиболее раритетными задачами и целями в Казахстане являются: процветание
мира и порядка в стране. Казахстан на данный момент времени является примером для
многих стран. Казахстан является молодым государством, которое только за 20 лет
существования добилась таких результатов. Н. А. Назарбаев – избранный народом
президент
Казахстана,
стал
ключевой
фигурой
в
формировании
и
развитиипроцветающего государства. После развала СССР в 1991году, начался хаос. В
те непростые годы, Казахстан объявил себя независимым государством. Многие
политологи и мыслители называют Казахстан «страной всех народов». Так как в
Казахстане проживают более 125 национальностей. В Казахстане создано сообщество
«Ассамблея Народов Казахстана», которое не имеет, на сегодняшний день аналогов.
Цель данного сообщества является поддержание дружбы народов Казахстана.
Как и во многих других странах, Казахстан столкнулся с проблемой «богатых и
нищих». Но президент Казахстана Н.Н. Назарбаев делает всё для развития в стране
малого и среднего бизнеса, в частности для частных предпринимателей. Во многих
предприятиях объявлен мораторий на неограниченный срок. Но повторюсь, как и во
многих странах в Казахстане бурно и активно развивается коррупция, которая негативно
сказывается как на народе, так и на государстве. Задачей данной научной работы
является раскрыть и найти решение проблеме под названием «Богатый и Бедный». То
есть, почему в стране, которая является примером для других государств, не может
помочьсебе самой. По моему мнению для того, чтобы избавиться от развития бедного
слоя населения, необходимо уничтожить такую проблему как «коррупция». А как
говорят в народе: «уничтожить в зародыше». Известный философ и мыслитель
Казахстана – Абай Кунанбаев, в своём произведении «кара соз» описывал проблемы
которые происходят на сегодняшний день. Казалось бы, как человек живущий двумя
веками ранее мог предсказать такие события в нынешнем веку? Ответ очевиден, А.
Кунанбаев при жизни видел то, чего обычным умам не разглядеть, тот самый «зародыш»
который вырос в то, что мы видим сейчас в стране.
Как в школе сказал один замечательный учитель по истории: « Казахстан словно
первоклассник которого перевели сразу в 10 класс». То есть, наше общество ещё не
подготовлено к такому бурному развитию. И сказывается этот быстрый скачок на
недовольстве народа… Блага президенту который смог осилить все невзгоды
обрушившиеся на него от народа, на сегодняшний день Казахстан прогрессирует в
экспорте товара различной продукции. На сегодняшний день созданы специальные
337
программы для поддержания отечественной продукции. Но эти положительные качества
всё равно не могут изменить проблему «Богатых и Бедных» в Казахстане. По мнению
многих известных финансистов, большая часть элиты Казахстана не Патриотична.
Экономика Казахстана нестабильна в финансовом плане, так как вся элита Казахстана
хранит свои сбережения в зарубежных странах. С точки зрения финансового аналитика
считаем, что необходимо доверять отечественным банкам и хранить свои сбережения
внутри страны, для повышения финансового кругооборота. Но доверие людей пошатана,
так как многие банки становятся банкротами, не эффективно использующими свои
финансовые ресурсы. И к сожалению связано всё это с активно развивающийся выше
сказанной коррупцией в стране. Но наступает новая эра и с ней новые возможности, и
связано всё это с грядущими выборами президента нашей страны, согласованной
Ассамблеей народа Казахстана и получившей одобрение от самого президента.
Соглашусь со всеми, что эти выборы положительно скажутся на народе и только укрепят
дружбу всех народов Казахстана.«Легче просить деньги у бедных, чем у богатых»
По такому принципу на сегодняшний день работает экономическая система в
Казахстане. Для решения этой проблемы необходимо подчеркнуть, что в Казахстане есть
много молодых, перспективных, умных и талантливых людей которые не имеют
возможности для самореализации. Вместо этого, возможность даётся тем, чьё мышление
сопоставимо с 5ти летним ребёнком. По моему мнению, для устранения такой
актуальной проблемы необходимо создать специальную программу БН(Богатство
Народу). Эта программа акцентирует своё внимание на поиске перспективных, умных,
талантливых молодых людей. Конечно, есть государственные программы включающие
обучение за границей, но к сожалению с развитой коррупцией, далеко не самые умные
отправляются за границу и приезжают обратно с нулевым багажом знаний. Казахстан
перенимает опыт с зарубежных стран и пытается решить свои проблемы точно также как
и зарубежные страны, но один философ, доктор экономических наук У. Баймуразов в
своей книге «финансы» писал: «Любое государство является своего рода организмом.
При малейшем заболевании, его необходимо лечить. И как правило каждый организм
требует определённого подхода к лечению. Также и в Казахстане, Казахстан как
организм пытается вылечить себя по рецепту зарубежных стран, но этот рецепт
предназначен для зарубежных стран, для нас же он может стать катализатором ещё
большего заболевания».
338
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ – ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ
РЕФОРМЫ ПРАВОВОЙ СИСТЕМЫ – ЗАЛОГ ОБЩЕСТВЕННОГО
БЛАГОПОЛУЧИЯ
ЕГЕМЕНДІК ЖӘНЕ ОНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
АЙСАНОВА Р.Ә.
Алматы Университеті, құқықтану мамандығының 1 (4) курс студенті
Ғылыми жетекшісі: МОЛДАБЕКОВА З.С.
аға оқытушы, Алматы қ., Алматы университеті
Қазақстан Республикасы көптеген ғасырлар ішінде алғаш рет біртұтас, тәуелсіз
демократиялық мемлекет ретінде ресми түрде жарияланды. Ұлттық мемлекеттіліктің
бұлжымастығы қуатталды.
1990
жылы
25
қазанда
қабылданған
«Қазақ
Советтік
Социалистік
Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» [1], «Казақстан
Республикасының мемлекттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының
1991жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық Заңы Қазақстан Республикасының
егемендігін, территориясының тұтыстығын, статусын, Республика өкіметінің экономика,
заң шығару, тіл, мәдениет, билік бөлісу принциптерін жариялады. Осы заңды
кұжаттарды негізге ала отырып 199З жылы 28 қаңтарда Қазақстан Респбликасының
Конституциясы жарияланды.
Конституция негізінде мемлекеттің егемендігі заңды түрде жарияланды.
Конституция «Азамат», «Қоғам» «Мемлекет», «Конституцияны сақтау кепілдіктері»
деген төрт тарауға бөліне отырып, Казақстан Республикасы территориясындағы
азаматтардың заңды құқықтары мен оның бостандықтарын, қоғам мен оның құрылыс
негіздерін, мемлекеттік құрылымын, басқару жүйесін бекітті. Қазақстан Республикасы
Конституциясында өзін-өзі билейтін қазақ ұлты мемлекеттігінің түрі ретінде Қазақстан
Республикасы өзінің барлық азаматының құқық тендігін қамтамасыз етеді[2], — деп
жариялады, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекет екенін заң жүзінде паш
етті.
199З жылы Қазақстан Республикасының ешкімге де тәуелсіз емес екендігін
жариялаған алғашқы Негізгі Заңы қабылданды.
Конституцияның негізгі Мемлекеттік егемендік Декларациядажәне Қазақстан
республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялык заңдарында,
бірқатар базалық құқықтык актілерде қаланған. Олардың қатарында - меншік, азаматтық,
қоғамдық бірлестіктер туралы заңдар бар.Сондықтан барлық мемлекттерде Конституция
мемлекеттік саяси бағыт-бағдарын мемлекеттік органдар жүйесін айқындайтын, олардың
құрылымы мен қызмет ету тәртібін бекітетін, адамдардың негізгі құқықтары мен
міндеттерін тұжырымдайтын Ата Заңы болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамыздағы қабылданған
Коституциясы Республикамыздың қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздерін,
әкімшілік аймақтық құрылымын, республиканың мемлекеттік өкіметі мен басқаруның
жоғарғы және жергілікті органдарын, сот әділдігін, мемлекттік тілді, адам және
азаматтың мәртебесі, олардың құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін жария етті.
Қазақстан Республикасының Коституциясы мемлекетіміздің егеменді республика
екіне, яғни оның ішкі және сыртқы даму бағыттарын тәуелсіз дербес шешетініне дәлел
бола алады. Ол жөнінде Коституцияның « Жалпы ережелер» бөлімінін бірінші және
екінші баптарында былай делінген: «Қазақстан Республикасы - өзін демократиялық,
339
зайырлы, құқықтың және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат
қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»[3].
Қазақстан Республикасында 1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы
қабылданған Конституция Президенттік басқару билігін бекітті.
Жаңа Конституция «Адам және азамат», «Президент», «Парламент», «Үкімет»,
«Соттар және сот төрелігі», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару»
деген бөлімдерден құралып басқа да демократиялық мемлекеттер Конституцияларынан
айырмашылықтары болды.
«Қазақстан Республикасы — Тәуелсіз мемлекет». Қазақстан Республикасының
Конституциялық кепілдіктерін оның 1937, 1978 жылдардағы Конституциялардан
ерекшелігіне тоқталдым. Ерекшеліктердің ішіндегі ең бастысын алатын болсақ, алдыңғы
Конституцияларда Казақстан Социалистік Республикасының басты мақсаты социализм
орнатып коммунизмге жету мұратымыз десе, Қазақстан Республикасының
Конституциясы «Казақстан Республикасы «Қазақстан» өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет» - деп жариялады(5).Қазақстан Республикасы
Конституциясындағы мемлекеттік биліктің бөлініу жүйесі туралыжазылған.
Мемлекеттік билік бөлісі қағидаларының қазіргі мемлекеттік құрылыс механизміндегі
қолданылуы.
Қазақ халқы бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекеттікке
қол жеткізгенге дейін ұзақ та күрделі тарихи жолдан өтіп және қазіргі таңда она әлем
қауымдастығы таныған. Құқықтық, демократиялық мемлекет құру жолында,
тәуелсіздікке жету жолында түрлі саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық
қатынастар орын алды. Қазақ жерінде ертедегі сақ тайпалары, үйсін, ғұн
мемлекеттерінен бүгінгі Қазақстан Республикасына дейін ондаған мемлекеттер шаңырақ
көтерді. Кейбір тарихи кезеңдерде бірнеше мемлекеттік құрылымдар өмір сүрді.
Қоғамдық қатынастарды әдет-ғұрып құқығынан демократия мен нарықтық
қатынастарды реттеуге бағытталған бүгінгі кезеңдегі құқыққа дейін эволюциялық даму
жолынан өтті. Осы жолда қазіргі Қазақстанның территориясы қалыптасты, қазақтар
халық және ұлт ретінде топтасып, көпұлтты Қазақстан мемлекеті қалыптасты. Құқықтық
қатынастар осы құбылыстарды реттеп, рәсімдеп отырды.
1995 жылы бүкілхалықтың референдум нәтежесінде кабылданған Жаңа
Конституция құқықтық реформа принцнптерін айқындап берді. Айта кетер жай
құқықтык реформаны жүзеге асырудың тұтқасындай негізгі заңдар қабылдағанымен әлі
де шешімін күткен мәселер көп.
Жалпы тәуелсіздік жолындары алғашқы жылдарда Қазаңстан Республикасы
шын мәніндегі өзіндік бет-бейнесі бар. Орта Азия аймағындағы іргелі елдердің
көшінде келе жатқанын анық аңғарамыз.
Қазақстан- өте үлкен мемлекет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен
Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Туған Отанымыз күннен күнге дамып,өркендеп келеді.
Қазақстан- достығы, бірлігі жарасқан, мықты ел. Егемен елімізді әрі көркейту үшін туған
тілді, салт-дәстүрді білу керек. Қазақстанда бірлік, достық, байлық, тыныштық бар.
Қазақстан қазіргі кезде бүкіл әлемге үлгі бола алады[6].
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекетке қол жеткізуінің күрделі жолдан
өтуіне қол жеткіздік. Мұндай саяси-құқықтық тарихы фактілердің бүгінгі таңда және
болашақтағы Қазақстан республикасының тәуелсіздігін және құқықтық мемлекет ретінде
қалыптасуына шешуші ықпал болатындығы даусыз.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақ ССР мемлекттік егемендігі туралы Декларациясы. 25.10.1990 ж.
2.
3.
ҚР Конституциясы 28.01.1993 ж.
340
4.
ҚР Конституциясы. 30.08.1995 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 21.05.2007
ж.
5.
ҚР тәуелсіздігі туралы 1991 ж. 16 желтоқсандағы Конституциялық заңы.
6.
Назарбаев Н.А. Демократия біздің таңдауымыз, демократия біздің тағдырымыз.
Егеменді Қазақстан. 2007 ж.
НЕКЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
БАЗАРКАБУСОВ А.
Алматы Университеті, құқықтану мамандығының 1 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ЖОЛЖАНОВА А.Н.
аға оқытушы, Алматы қ., Алматы университеті
Неке туралы түсініктердің тарихи дамуы әлемнің әр жерінде әр түрлі көрініс
тапты. Неке туралы діни көзқарастардың орнына кейде этикалық көзқарастар да
қабылданды. Бұл жағдайда неке құпия ретінде де емес, шарт ретінде де емес, ерекше бір
институт түрі ретінде қарастырылды. Некеге мұндай анықтама берген И.Кант болатын.
Мұны «Метафизика нравов» кітабынан да көруге болады. Оның ойынша келісім-шарт
тұжырымдамасы некеге қатысты қолданылмауы керек, өйткені келісім-шарт некені
тудыра алмайды. Келісім-шарттан тек белгілі бір мақсатты түсінуге болады. Ал неке
адамның бүкіл өмірін қамтитын және белгілі бір мақсатқа жетумен емес, ерлі-
зайыптылардың өлімімен ғана тоқтатылатын бір құбылыс.
Бұл теорияның жетіспеушілігі, неке туралы этикалық көзқарастарды құқық
саласына аудару болды. Құқық, міндетті түрде сол кезеңнің этикалық көзқарастарына
сәйкес құрылуы тиіс еді. Бірақ құқық түгелдей тек этикалық нормалардан тұра алмайды.
Плюралистік қоғамда, оның барлық мүшелерінің неке туралы бірдей көзқарастарды
ұстануы мүмкін емес. Сондықтан да, құқық жүріс-тұрыс ережелеріне негізделе отырып,
тек құқықтық реттеуге жататын әрі құқықтық реттелуге мұқтаж неке қатынастарының
бөлігін қамтыды.
Некенің құқықтық мазмұнына қатысты бірнеше теориялар бар. Олар: некені
келісім ретінде, құпия ретінде, ерекше бір институт ретінде түсіну.
Некені келісім ретінде түсіну теориясы Ежелгі Римде қалыптасты. Классикалық
кезеңнің Рим құқығында, некеге тұрудың барлық негізгі нысандары қарапайым
азаматтық шарттық белгіге ие болды. Өйткені Римде, құқықтық реттеу пәні ретінде тек
ерекше неке қатынастары танылды. Кейіннен канондық нормаларға сәйкес, неке
институты оның рухани жағына байланысты құпия сипатқа ие болады.
Некенің түрлі қатынастар тобын бөліп қарастыруға болады: рухани, физикалық
және материалдық. Әрине, революцияға дейінгі және қазіргі таңдағы ғалымдардың көбі
некенің рухани және физикалық элементтері құқықпен реттелмейді деген көзқараспен
келіседі.
Бірақ некелік одақты құрайтын қатынастарды осылайша бөлу теориясы бірден
қабылданған жоқ.
Орта ғасырлардағы отбасы құқығы өте үлкен тарихи маңызға ие. Отбасы құқығы
католик шіркеуінің істерімен қалай дамығандығына тоқталайық.
Неке институтына және жалпы еркек пен әйелдің арасындағы қатынастарға деген
көзқарастар орта ғасырларда эволюцияға ұшыраған болатын. Католик шіркеуі некені
өте кеш таныды. Орта ғасырлардың басында папа Ұлы Грегорий (530-604) мен әулие
Иеронимнің (347-430) шығармаларына негізделген некеге деген көзқарас кең өріс алды.
Шіркеу қызметкерлері кез-келген некеге адамзат атаулының ата-анасы боп есептелетін
Адам ата мен Хауа ананың жасаған күнәсі деген сын көзбен қарады. 451 жылдан бастап
341
шіркеу қызметкерлерінің некеге тұруына тыйым салына бастады. Қиылған некелер
айыпталып, некеге тұрудан бас тартқан адамдар ғана «нағыз христиан» деп танылды.
Қазіргі таңда бұл көзқарас мүлдем жойылып кетті десек қателескен боламыз.
Барлығына белгілі болғандай католик шіркеуінде, тек некеге тұрмаған адамдар ғана
қызмет ете алды. Алайда әулие Иеронимнің кезінде-ақ некеге қатысты Қасиетті жазбада
Гиппонск епископы Августинге (Блаженный Августин) тиесілі (354-430) басқа да
анықтамалар болған. Августиннің айтуы бойынша заңды некедегі жыныстық қатынас
өлі күнәдан кешірімді күнәға айналады. Августиннің бұл тұжырымдамасы IXғ. басында
ресми түрде мақұлданды. Сол кезден бастап қана шіркеулік неке халық арасында кең
тарала бастады. Бұған дейін неке қатынастарында екі дәстүр сақталып келді: соңғы
антикалық және ежелгі грециялық дәуіріндегі дәстүр. Бұл екі дәстүр бойынша неке
одағының бірнеше түрін бір уақытта қолдануға тыйым салынған жоқ. Орта
ғасырлардағы неке қазіргі таңдағы неке түсінігінен мүлдем ұзақ болды. Ол кезде неке
деп ұзаққа созылған некелік жыныстық одақ танылды.
XIғ. бастап некеге бір құпия ретінде қарала бастап, мұндай көзқарастың салдары
некесіз қатынастарға және некені бұзуға тыйым салуға әкеп соқтырды.
Триденттік собор некені құпия деп танымайтын және некені бұзуға жол беретін
кез-келген адамға анафема белгіледі. Ерлі-зайыптылардың әлеуметтік жағдайлары бір-
біріне сәйкес келмеген жағдайда шіркеу ондай некені заңсыз деп таныды.
Жақын туыстар арасында неке қиюға жол берілген жоқ. Бірақ ерлі-зайыптылардың
ешқайсысы қалаған кезінде басқа бір ауылға кете алмады.
Канондық құқық әйелдердің құқықтық жағдайын нашарлатты. Неке жасы қыздар
үшін 12, ұлдар үшін 14 жас деп белгіленді.
Сол кездерде Гай секілді Рим заңгерлері табиғи заңға сүйене отырып, әйелдердің
ерлі-зайыптылардың мүлкіне билік ету құқығынан аластату әділетсіз деп санап,
жыныстар теңдігін уағыздады.
Француз заңгері Тирако 1513 жылғы «Неке туралы заңдар» атты еңбегінде былай
деп жазған: «әйел ─ ең төменгі жаратылыс, оның қызметі тек бас ию. Оны табиғат солай
жаратқан. Ер адамдар 36 жасында, әйелдер 18 жасында некеге тұруға тиіс» [1].
Орта ғасырлардағы Батыс Европа елдерінің отбасы құқығына келетін болсақ, орта
ғасыр ─ әлемнің көптеген бөлігінде мемлекеттік құқықтық процестердің өткен кезі.
Батыс Европада бұл процесс төрт кезеңді қамтиды: ерте феодалдық монархия, ленно
вассалдық монархия, сословиелік өкілдік монархия, абсолюттік монархия. Әрине бұл
кезеңдерді барлық мемлекеттер бір уақытта басынан кешірген жоқ.Бұл олардың ұлттық
тарихының ерекшеліктерімен анықталды. Батыс Европа елдерінде құқықтық жүйе дами
бастады. Феодалдық бытыраңқылық дәуіріндегі бұл процестің маңызды белгісі ─ бүкіл
мемлекетте заңды күшке ие бірыңғай заңның болмауы еді. Англияның феодалдық
құқығы бөлек дами бастады. Көп ұзамай батыс европалық құқықтың англосаксондық
және континенталдық құқық деп бөліну процесі басталды.
Моногамды некенің христиандық тұжырымдамасы Европа елдерінде тек XII-XIII
ғасырларда таныла бастады. Неке қию процедурасына шіркеулік ризашылық, яғни
шіркеудің рұқсаты қосылды. Алайда «неке», «әйел» деген түсініктер әлі де ашыла қойған
жоқ.
Неке-отбасы қатынастарының өте маңызды бір қосымша көрінісі, XII-XIII
ғасырларда пайда болған әйелдің ғибадатын (куртуазный культ Дамы) айту қажет. Оның
шетелде пайда болуы XI-XII ғасырлармен байланыстырылады. Францияда негізі
қаланып, кейіннен Европаның басқа елдерінде де дами бастады .
Европада XII-XIII ғ.ғ. әйел ғибадатының кеңінен таралуы, әйел затына деген
көзқарастың өзгеруіне әкеп соқтырды. Ол ғасырларда еркек пен әйелдің арасындағы
қатынастарды өзгерту қажеттілігін барлығы түсіне қойған жоқ. Бұл ең алдымен
құндылықтар жүйесін түгелдей бағалауға дейін баратын интеллектуалды элитаға
342
қатысты еді. Ондай гумманистік интеллегенция алдымен Италияда пайда болып,
кейіннен Францияда және XIV-XV ғасырларда Батыс Европа елдерінде пайда болды.
Оның қызметі үлкен масштабты болмағанымен сол топтың көзқарастары әйгілі француз
жазушысы Кристина Пизанскаяның «Книга о граде женском» атты кітабында орын
тапты. Кристина Пизанскаяның айтуы бойынша әйелді де Құдай жаратты және өзінің
қабілеті жағынан еркектен ешқандай
да
қалыспайды.
Кристина сәтсіз некелердің болуының себебін әйелдің болмысынан емес, нақты
адами қателіктерден іздейді. Ал қателік жасау еркекке де әйелге де тән қасиет.
Отбасының бақытты немесе бақытсыз болуын ерлі-зайыптылардың екеуіне де
байланысты екенін айтады. Әрине, Кристина әлемнің христиандық моделіне тән еркектің
үстемділігіне қатысты дәстүрлі көзқарасын жоққа шығара алмайды. Дегенмен де
интеллектулдық және моральдік тұрғыдан алғанда еркекке тән қасиеттердің әйел
затының бойынан табылатындығы туралы Кристинаның көзқарасы ортағасырлық
дәстүрлерді қайта қараудағы маңызды қадам болып табылады.
Отбасы қатынастары сипатының әр түрлі болуына қарамсатан, әр мемлекетте және
әр уақытта еркектің және әкенің үстемдігі қағидасы негізінде құрылған.
Францияның солтүстік бөлігінде ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың
арасындағы қарым-қатынастар еркінірек болды. Мүліктік қатынастар отбасының
басшысы ретінде еркек иелік етіп билік ететін мүліктің жалпылығына негізделіп
құрылды. Францияның оңтүстігінде мүліктік жалпылық болған жоқ. Еркек неке
бұзылғанға дейін әйелдің жасауын иеленіп, өлгеннен кейін әйелдің иелігіне өтті.
Францияның оңтүстігінде рим құқығының әсерінен өсиет бойынша мұра қалдыру кең
өріс алды. Солтүстікте мұра қалдыру еркіндігі шектелді. Мұра қалдырушы заң бойынша
мұрагерлерді жоққа шығара алған жоқ. Феодалдық иеліктер тек еркектерге өтіп отырды.
Ал әйелдер әскери қызметтерге қабілетсіз деп танылып, мұраның ешқандай түріне
иелене алмады. Осындай отбасы неке қатынастары католик шіркеуінің дін оқуының
негізіндегі канондық құқықпен реттелді.
Францияда неке және отбасы қатынастары канондық құқықпен реттелді. XVI-XVII
ғасырларда патша билігі отбасы неке қатынастарына мемлекеттік ықпалды нығайту
мақсатында неке қиюға жататын шіркеулік нормалардан шегінді. Некенің өзі баяғыдай
шіркеулік кітаптарда тіркелгенімен, кейіннен тек діни құпия ретінде ғана емес азаматтық
жағдайдағы акт ретінде де қарастырыла бастады. Некеге тұру кезінде ата-ананың
келісімі қажет етілмейтін канондық құқық қайта қарауға жатқызылды. Бұдан былай, ата-
ананың еркінен тыс некеге тұрушылар, мұраға құқыққа ие болмайтын болды. Сонымен
қатар, XVIIғ. бастап ата-аналар «кюре әрекеті», яғни ата-ананың келісімінсіз некеге тұру
әрекеті бойынша Париж Парламентіне шағым жасауға құқық алды [2].
Канондық құқық бойынша некенің бұзуға болмайтындығымен байланысты
Парламент ондай некені заңсыз деп тани алмады, бірақ заңсыз негізде қиылғандығын
жариялаған. Дегенмен де мұндай неке заңды салдар тудырмайтын еді.
Германияда Франциядағы секілді құқық өзінің шұбарлаңқылығымен ерекшеленді.
Қала халқы ертеде пайда болған және дамыған қалалық құқықпен реттелді. Сол кезеңнің
неміс құқығында дәстүр басым болды.
Жалпы құқық нормалары жазылған жоқ, тек ауызша беріліп отырды. Германияда
неке отбасы қатынастары канондық құқық негізінде пайда болды. Некенің жалғыз
нысаны шіркеулік неке болды. Шіркеу некенің жарамдылығына байланысты күрделі бір
жүйе жасап шығарды. Белгілі бір неке жасына жетуден басқа, туысқандық дәрежеге
және болашақ ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынастарға көңіл аудару қажет
болды. Басқа бір тұлғамен некелескеннен кейінгі немесе шоқындырылмаған тұлғамен
қиылған неке жарамсыз болып табылды.
Шіркеу некені бұзуға қарсы болды, алайда кейбір жағдайларда (бір-бірінің көзіне
шөп салу) ерлі-зайыптылардың бөлек тұруларына рұқсат етілді. Мұндай жағдайда мүлік
343
бөлінуге жататын болды, әйелдің үлесі мүліктің тең жартысын немесе үштен бірін
құрады.
Христиан шіркеуінің ықпалы нәтижесінде VII-IX ғасырларда немістердің неке
отбасы қатынастарында елеулі өзгерістер пайда болады. 789 жылы Ұлы Карлдың
мақұлдаған 744 жылдың капитулярийі христиандық канондарға сәйкес киелі деп
жарияланған некенің бұзылуға жатпайтындығын бекітті.
Шетелде қайталанатын некелерге тыйым салатын некенің шіркеулік рәсімделуін
міндеттейтін алғашқы заңнамалық актілер пайда бола бастады.
Неке қалыңдықты сатып алу нысанында жасалды. Некеге тұру мақсатында
қалыңдықты алып қашқандарға айып салынды. Некеге тұруға кедергі болатын жағдайлар
анықталды. Олар: заңды некенің болуы, тұлғаны заңнан тыс деп жариялау, жақын
туыстық қатынас, адамның еріксіздігі.
XIIғ. Англияда II Генрих заңына сәйкес бала көтерген кез-келген әйел, ол туралы
билік басындағыларға хабарлауға тиіс болды. Ал оны жасамаған жағдайда баланың өлімі
анасының өліміне әкеп соқтырды. Мұнда да отбасы қатынастары шіркеумен реттелді.
Туысқандар арасында некеге жол берілмеді және некесіз бала тууға тыйым салынды.
Шіркеу осындай жолмен туылған балаларды заңдастыруға тырысқанымен де барондар
тарапынан қолдау таппады. Отбасы қатынастары еркектің билігі қағидасына негізделді.
Францияның солтүстік бөлігінде мүліктік қатынастар мен балаларға қамқоршылық
жасау құқығы еркекке берілді.
Германияда отбасы патриархалды сипатқа ие болды, Англияда да солай, бірақ
Англияда әйелдер феодалдың әйеліне қарағанда еркінірек болды. Осылайша, әйел бірте-
бірте өз бетінше шарт жасау, саудамен айналысу және мүлікке иелену құқығына ие бола
бастады.
Күніміздегі неке-отбасы қатынастары міне осылай дамыды.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1.Галанза П. Н. Кеченьян С. Ф. История государства и права. Учебник. Под ред.
Черниловского З. М. - М: 1994 - 535 с.
2. Ангерс. Э. История Европейского права (Перевод со шведского) Ин-т Европы -
М: Наука, 1996-395 с
Достарыңызбен бөлісу: |