Пайдаланылған әдебиеттер:
1.ҚР «Білім туралы»Заңы, 2007ж.
2.Есекеев Ж.К (Әдістемелік құрал)
3.М. М .Жанпеисова Модульдік оқу технологиясы
4.Э.И.Крупиикий. Слесарь ісі. Мектеп баспасы 1975ж
5.Н.Н Остапенко. Металдар технологиясы. Мектеп баспасы Алматы 1972ж (кәсіптік
техучилищелерге арналған)
6.Кәсіптік мектеп журналы № 5-6 2011.ж
ОҚУШЫЛАРДЫ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК
ТЕНДЕНЦИЯЛАР
Тәңірбергенова Әсел Пернебекқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ,
«Басқару және білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушысы,
Базаров Ғани Мәдібекұлы
Теректі жалпы орта мектебінің директоры
Бәйдібек ауданы, ОҚО
Қазіргі заманауи экономикалық және саяси жағдай адамның жеке психологиялық -
физиологиялық ерекшеліктеріне күннен күнге күрделі талаптар қоюда. Нарықтық
қатынастар еңбектің мақсаты мен сипатын түбегейлі өзгертеді: оның үдемелігі,
қарқындылығы артады, маманнан жоғары деңгейдегі кәсібилік, шыдамдылық және
жауапкершілік талап етіледі.
Бүгінгі әлем, оның ішінде нарық, тез өзгеріп жатыр. Бұдан 20-30 жыл бұрынғы қажет
мамандықтар қазірге кезде аса сұранысқа ие емес, мемлекеттің өмірінде болып жатқан
қоғамдық және экономикалық өзгерістер мүлдем жаңа мамандардың даярлануын талап
етеді. Оның өзі оқушылардың кәсіптік бағдарлануын жүргізудің жаңа әдістемесін жасауға
әкеліп тірейді. Осыған байланысты оқушылар арасында кәсіпке бағдарлау жұмысын
мақсатты түрде жүргізуге аса мән берілуі қажет. Ал ол жұмыстар тұлғаның кәсіби ниетін,
бағдарын қалыптастыруды анықтайтын негізгі факторлар мен бүкіл жүйені терең білуді
талап етеді.
Қазіргі таңда оқушының болашақ кәсібін дұрыс таңдауы, сол арқылы қоғамға
бейімделуі және әлеуметтенуі – бүгінгі таңда жастар үшін, жалпы қоғам үшін ең өткір
~
154
~
мәселенің біріне айналып отыр. Кәсіпті дұрыс таңдау және өзі таңдаған мамандыққа
қызығушылығының болуы - қалаған мамандыққа жастардың табысты бейімделуіне,
әлеуметтенуіне көмегін тигізеді. Мамандықты дұрыс таңдау оқушыларға көмек көрсететін
тиісті мамандардың кәсіби бағдарлау жұмысының жүйелі жүргізілуіне тікелей
байланысты.
«Кәсіптік бағдар» деген түсінікті жоғары сынып оқушыларының арасында келешек
мамандығын таңдауға бағытталған кешенді түсініктеме беру жұмысы деп қарастыруға
болады. Ол жұмыс барысында қандай оқу орындарында қай мамандық бойынша білім алуға
болатындығы туралы ақпарат беріледі. Оның ішінде, әсіресе оқушының таңдаған
мамандығы бойынша білім беретін білім беру ұйымдары туралы тереңірек ақпарат берілуі
қажет. Сондықтан кәсіптік бағдарлауды еңбек туралы ғылым деп те түсінуге болады.
Алайда шет елдерде кәсіптік бағдар туралы түсінік қолданылмайды, оның орнына
«мансапты дамыту» деген түсінік кең пайданылады. Оның барысында өте қуатты
ақпараттық және әдістемелік қоры бар жақсы даярланған және ұйымдасқан мамандар
жұмыс жүргізеді.
Уақыт өткен сайын технологиялар, білім мазмұны өзгереді, ғылыми техникалық
прогресс күшіне енеді. Жастарды кәсіптік бағдарлау ғылым ретінде бұдан жүз жыл бұрын
қалыптасқан еді. ХХ ғасырдың басында АҚШ-та алғаш рет адамның кәсіптік қабілетін
анықтау үшін психологиялық тестілер құрастырылып, қолданыла бастады. Осы кезде жаңа
ғылым - кәсіп психологиясы пайда болды. Дегенмен, кәсіптік бағдарлаудың тарихы 1903
жылы Страссбург қаласында алғашқы кәсіптік кабинеттің және 1908 жылы АҚШ-тың
Бостон қаласында кәсіпті таңдау бюросының ашылуынан бастау алады деп саналады.
Өнеркәсіптің дамуына байланыста ХХ ғасырдың басында батыстың бірқатар
елдерінде адамдардың кәсіпті таңдау мәселелерімен жолығуларына тура келді. Бұл кезеңде
алғашқы кәсіптік бағдар зертханалары пайда болды. Кәсіпті таңдау проблемалары
жастардың алдында ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілер алдында да тұрған еді,
себебі олар жаңа технологиялармен, жаңа және күрделі техникалармен жұмыс істей алатын
қызметкерлерге аса қажет болды.
Осының бәрі 19-шы ғасырдың аяғында 20-шы ғасырдың басында кәсіптік бағдар
қызметінің қажеттігіне әкеліп соқты, ол қызметтер жұмыс іздеушілерге, жұмыс
берушілерге кеңес беру тұрғысында жүргізілетін болды. Әлеуметтік экономикалық
алғышарттар кәсіптік бағдарлану қызметінің күрт өсуіне әкеліп тіреді. Сонымен қатар
адамда жаңа психологиялық проблема - кәсіптік өзіндік анықталу проблемасы пайда болды.
Өркендеген қоғамдық өндіріс және әлеуметтік ұтқырлық жеке бастың таңдау
мүмкіндігінің ауқымын кеңейтті. Жаңа дәуірдің, жаңа ғасырдың ерекшелігі - адамдардың
алдына кәсіптердің бағыттарының, мамандандырылудың көптеген түрлеріне байланысты
оларды таңдау қиыншылығын тудырды.
Әр елде кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру мен жүргізудің өз ерекшеліктері бар
екенін айта кету керек.
Францияда оқушылардың қабілетін жүйелі бағдарлы бағалау бастауыш мектептің
бірінші сыныбынан бастап жүргізіледі. Соның арқасында мектептегі міндетті оқу
барысында кәсіптік бағдарлау арқылы оқушының болашақтағы мамандықты таңдауына
дұрыс жол ашылады. Білім алушыларды кәсіптік бағдарлау негізінде 15-16 жастағы
жасөспірімдерге бағытталады, оның барысында кәсіптік бағдар жұмысының топтық
нысаны қолданылады.
Кәсіптік бағдар жұмысы әр оқу орны өкілінің ата-аналармен, оқушылармен кеңес
өткізуі арқылы жүргізіледі. Француз ғалымдарының айтуларынша, кәсіптік бағдар
жұмысының ерекшелігі педагогикалық бағыт беруде, соның арқасында оқушылар
мамандықты таңдай білетін болады, таңдау барысында объективті және субъективті
факторларды ескере алатын болады. Француз ғалымдарының ойынша кәсіптік бағдар
жұмысының мұндай әдістемесі жастарға экономикалық, әлеуметтік және жеке өмірінде
өзіне сенушілікке әкеліп тірейді. Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің тағы бір жолы –
~
155
~
ақпараттық бағыттылық. Ғалымдар кәсіпті таңдауда алынған ақпараттың маңызы зор екенін
атап көрсетеді.
Францияда кәсіптік бағдар жұмысын үш ұлттық агенттік жүргізеді, олардың
қызметін білім және еңбек министрлігінің өкілдерінің комитеті реттейді:
1. Білім және кәсіптік ақпарат жөніндегі Ұлттық бюро мынадай жұмыстармен
айналысады:
- білім және кәсіптік ақпарат кәсіптік бағдар, кәсіптік дайындық жөніндегі әдістемелік
ұсынымдар, құралдар жасайды;
- бүкіл елде осы жұмыс бойынша жалпы әдістемелік және үйлестіру жұмысын жүргізеді;
- елде кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу әдістемесін, оны ұйымдастыру жөніндегі
аналитикалық шолу дайындайды;
- қолданыстағы кәсіптер туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша
зерттеуді ұйымдастырады. Оның құрылымына өңірлік бюролар және жергілікті бөлімдер
кіреді, олар жергілікті жерлерде кәсіптік бағдар бағытында ақпарат жинауды және
таратуды ұйымдастыруы қажет.
2. Кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру Ұлттық орталығы оқушылардың кәсіптік бағдар
жөніндегі мектеп бағдарламаларын жасайды, мектеп мұғалімдерінің жұмысын басқарады,
ата-аналардың жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдар бойынша іс - шараларға
қатысады. Сонымен қатар Орталық психологиялық тестілер және арнайы құралдар арқылы
оқушылардың психологиялық мінездемесін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді.
3. Жұмыспен қамтудың ұлттық орталығы өзінің мемлекеттік агенттіктерінің желілерімен
(жұмысқа тарту бюросы) біріге отырып, оның негізінде ересек адамдармен жұмыс істейді,
тек кейбір мемлекеттік агенттіктерде ғана жастармен жұмыс жөніндегі арнайы бөлімдер
бар.
Ұлыбританияда кәсіптік бағдар жұмысының негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіп
таңдауына көмектесу, оларды еңбек нарығының талаптарына сәйкес өз мүмкіндіктерін
бағалай білуге үйретеді. Кәсіпті өзі таңдауына көп көңіл бөлінеді. Сондықтан білім
алушылармен консультациялар, психологиялық тренингтер жүргізіледі, өнеркәсіп
орындарына экскурсиялар ұйымдастырылады. Оқытудың активті нысандары мен әдістерін
қолдануға аса назар аударылады, мысалы виртуалды зертхана жұмыстары, оқыту
бағдарламаларына имитациялық бағдарламалар, еңбек практикалары кіргізіледі. Осы
кәсіптік бағдарлар Ұлыбританияның еңбек нарқының ерекшеліктерін ескереді, оқыту
барысында әртүрлі әлеуметтік және еңбек жағдайлары тудырылып, оларға тиісті жауап
іздеуге үйретеді.
Сонымен қатар Ұлыбританияда білім алушылардың кәсіптік бағдар бағыттарының
бірі - білім беру ұйымдарында шағын кәсіпорындар тұрғызу болып табылады, онда
оқушылар өндірілетін өнімдердің немесе қызмет көрсетудің түрлерін анықтаумен
айналысады, маркетинг жүргізеді, өнімдерді сатады. Мұндай қызмет түрлері оқушылардың
қызығушылықтары мен бейімділіктерін арттырады, шағын бизнесте кәсіпкерлік
дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды үйретеді.
Кәсіптік бағдарлау жұмысын Ұлыбританияда Білім және ғылым министрлігі және
Жұмысқа тарту министрлігі басқарады. Олардың жергілікті жерде агенттіктері,
орталықтары және бюролары бар. Одан басқа Жұмысқа тарту министрлігінің құрамында
еңбек ресурстары комиссиясы жұмыс істейді, ол кәсіпті таңдау бағытында әртүрлі іс -
шаралар өткізеді, сонымен қатар жастардың мамандық алуына, жұмысқа орналасуына
жағдай жасайды. Бұл комиссияның құрамына Жастардың кәсіптік мансабы және кәсіптік
мансап бойынша Ұлттық кеңес беру мекемесі кіреді. Бұл кеңестің құрамына білім
саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер, кәсіподақ өкілдері, ғылыми қызметкерлер
тартылады. Кеңестің негізгі мақсаты- кәсіптік бағдар қызметінің жұмысын талдау және
бүкіл ел жастарын жұмыспен қамтамасыз ету, осы қызметті жақсарту мақсатында (3,
7жылда бір рет) мақалалар жариялау болып табылады. Кәсіптік бағдар жұмысының
практикалық бөлігін кәсіптік мансап қызметінің қызметкерлері – кәсіптік кеңес берушілер
~
156
~
және мұғалімдер жүргізеді. Олар мектептердің бітіруші сыныптарында жеке оқушылар
туралы деректер құрастырады, соның негізінде кәсіптік ұсынымдар жасайды. Кеңес
берушілер әр оқушының жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіптер тізімін
жасайды, алайда кәсіптік ұсынымдарды қабылдау міндетті болып саналмайды.
Құрастырылған деректер орта мектепті бітіргеннен кейін оқушылар үшін оқуды қалай
жалғастыру керек екендігін анықтауда негізгі рөл атқарады.
Германияда білім алушыларды кәсіптік бағдарлау мақсатында сауалнамалар, тестілеу,
кәсіптік кеңесшілер, ата-аналармен бірігіп, әртүрлі шаралар өткізіледі. Елдегі кәсіптік
бағдар жұмысының бір ерекшелігі әр бала жұмыс дәптерін толтырады, онда отбасы, және
оның жеке қызығушылығы, ептілігі, алдын ала кәсіпті таңдау туралы жалпы ақпарат
беріледі. Одан басқа жұмыс дәптеріне үлгерім, тестілеу нәтижелелері туралы қосымша
деректер жазылады. Оның бәрі кәсіптік кеңес өткізуге негіз болады. Керек болған жағдайда
кеңес беруші дәрігерлік, психологиялық көмекті шақыра алады.
Германияда кәсіптік бағдар жұмысын Федералдық институт басқарады. Ол Еңбек
және әлеуметтік мәселелер министрлігіне бағынады. Институт мектептердегі және
университеттердегі кәсіптік бағдарды қамтиды, одан басқа кәсіптік бағдар және еңбекпен
қамтамасыз ету функцияларын қоса алып жүреді.
Германиядағы кәсіптік бағдар жұмысының басқа елдерден ерекшелігі кеңес беруші
кәсіптік деңгейде кеңес береді және кәсіптік ұсынымдар жасайды. Әкімшілік және
техникалық жұмыстарды, сонымен қатар кәсіптік ақпарат беру жұмыстарын мектептердің
техникалық бөлімдері атқарады.
Қорытындылай келе, кәсіптік бағдарлау - кәсіби ынтаны, кәсіп таңдауды, кәсіптік
оқыту мен жұмысқа орналастыруды қалыптастыруға бағытталған кешенді іс-шаралар
жүйесі.
Мұндай көмек мамандық таңдауға байланысты іс-шаралар арқылы, көбіне жалпы
білім беретін мекемелердің бейінді сыныпқа келер алдында оқушылардың арасында
жүргізіледі.
Жасөспірімдердің жасы – келешекте арнайы бағдарлауды қалыптастыру үшін
маңызды және кәсіпті анықтайтын кезең болып табылады. Бұл мезгілде құндылықты
бағдарлаудың негізі қаланып, ол дами бастайды. Сонымен қатар әлеуметтік қағидалар және
рухани көзқарастар қалыптасады. Осы кезеңде тұлғалық дамудың аса маңызды мезгілі
ретінде жасөспірімнің кәсіптік өзіндік анықталу процесін айтуға болады.
Сонымен, кәсіптік бағдар және кәсіптік өзіндік анықталу «өмір бойы білім алу»
парадигмасын іске асыру үшін қажетті құзіреттерге ие болудың, қазіргі заманда еңбек
нарығына кіруге қажетті оқушылардың объективті әлеуметтік ұстанымдарын
қалыптастырудың аса маңызды шарты болу тиіс. Осыған байланысты ерте кәсіптік бағдар
бойынша педагогикалық жұмыс ғылыми-әдіснамалық, психологиялық ұсынымдар негізінде
жалпы педагогикалық принциптерді ұстана отырып, басқа білім беру ұйымдарымен,
қоғамдық ұйымдармен, өнеркәсіп орындарымен бірігіп ұйымдастырылуы қажет.
Ағымдағы еңбек нарқындағы және білім беру қызметіндегі қарама қайшылықтар,
мәселелер негізінде, әлемдік тәжірибедегі кәсіби бағдарлаудың мазмұны туралы жазылған
осы мақалада оқушыларды ерте кәсіптік бағдарлауды іске асырудың кешенді басым
қадамдары ретінде берілді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014
жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы. http://www.akorda.kz/
2. Кәсіптік бағдарлау өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.-Астана,2014.
3. Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың ерте кәсіптік бағдарлануы
(әдістемелік құрал). – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.
4. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында пайдалану.-Алматы, 2009.
5. ВласоваН.В.,Шабажанова С.Қ. Мектептегі психологиялық диагностика.- Алматы, 2009.
~
157
~
МЕТОДЫ ОБУЧЕНИЯ СОВРЕМЕННОГО УРОКА РУССКОГО
ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ
Дауылбаева Рахима Садуакасовна
Старший преподаватель кафедры «Инновационные технологии и методика прпеподавания
естественно-научных(гуманитарных) дисциплин»
Маибек Гүлбакира Зархумкызы
Учитель русского языка и литературы
«осш Кенсай» Байдибекского района
Будущее нашего государства – это сегодняшние дети т.е дошкольники, школьники.
Уже с детского сада они начинают узнавать культуру народов, которые живут в нашей
необъятной стране и изучают казахский, русский и основы английского языка. Это является
одним из важнейших условий успешного вхождения ребенка в современный мир.
На уроках мы развиваем критические мышления детей.
Итак, каковы же особенности современного урока?
1)Современный урок – это личностно-ориентированный.
2)Современный урок – это деятельностный урок.
Преподавание каждого предмета имеет свою специфику, свои особенности:
учитель русского языка на уроке долженосуществлять функциональныйподход к
изучению лингвистических явлений; организовывать систематическую работу по развитию
речи и словарно-орфографическую работу, реализовывать принципы текстоцентризма,
посредством познания языка приобщать школьников к русской и мировой культуре и др.
Чтобы урок был интересен детям, нам приходится осваивать новые методы подачи
материала, использовать в своей практике нестандартные приёмы и инновационные
технологии.
Главным методом обучения на диалогическом уроке литературы является метод
творческого чтения, приёмами – выразительное чтение; комментированное чтение; чтение с
попутной формулировкой вопросов, активизирующее впечатления и размышления
читателей; приём прогнозированного чтения .
Следует помнить, что необходимым элементом педагогического процесса,
являетсяанализ и самооценка урока. Без анализа невозможно построить целостную
систему обучения, повысить мастерство, развить творческие способности, обобщить
передовой педагогический опыт, обеспечить психологический комфорт и самозащиту
учителя.
Общим критерием анализа урока является результативность, которая зависит от
технологии его проведения, основанной на соблюдении основных правил организации
учебного процесса.
Мы учителя, понимаем, какими должны быть основные тенденции развития
современного урока.
Начиная проектировать, вспомним основные составляющие урока.
- Цели и задачи урока
-Содержание
-Деятельность учителя и ученика
-Педагогические технологии
-Профессионализм педагога
Сегодня меняются цели и содержание образования, появляются новые средства и
технологии обучения.
Если сравнивать цели и задачи с прежними стандартами, их формулировка
изменилась мало. Произошло смещение акцентов на результаты освоения основной
образовательной программы начального общего образования. Они представлены в виде
личностных, метапредметных и предметных результатов.
~
158
~
Поэтому главная задача–это обозначение и предъявление целей обеих участвующих
сторон, их согласование. Согласование целей в том и состоит, что учитель умеет
переводить учебные цели в цели деятельности ученика.
При выборе метода необходимо знать, как методы связаны с задачами урока. Ведь
каждая задача решается не любыми, а совершенно конкретными методами или их
сочетанием.
Для достижения современных целей образования, воспитания и развития
школьников применяются новые методы обучения: например, изучение материала должно
проводиться не на основе монолога учителя, а на основе эвристической беседы, дискуссии,
диспутов, диалогов, исследований.
Существуют различные приёмы эффективного урока. Вот некоторые из них. Многие
знакомые и активно используются учителями.
- Метод «Креативная матрица»
-Метод «Каждый учит каждого» (также известен по названию «Берешь одно – даешь
другое»).
- Метод «Пять вопросов»
-Прием составления маркировочной таблицы «ЗХУ»
- Написание «Синквейна»
- Написание «Эссе»
-«Кластер»
-Приём «Инсерт»
- Метод «Горячий стул»
Все методы имеют слабые и сильные стороны. При новых требованиях к анализу
оценивать не сами применяемые методы, а обоснованность их применения.В какой форме
наиболее полно реализуются выбранные методы.
Мы систематически обучаем детей осуществлять рефлексивное действие. Если
раньше мы осуществляли контроль и самоконтроль усвоения нового материала, то по
новым стандартам - самооценка, рефлексия результатов деятельности, т.е. умение
оценивать свою готовность, обнаруживать незнание, находить причины затруднений.
Способность к рефлексии - важнейшее качество, определяющее социальную роль
ребенка как ученика, школьника, направленность на саморазвитие.
«ОБРАТНАЯ СВЯЗЬ»Учитель ставит вопросы:
- «Чему вы сегодня научились?»
- «Что нового вы узнали за сегодняшний день?»
- «Чем запомнился вам день тренинга?»
- «Что вы чувствовали сегодня в ходе нашей работы?» и т. д.
Если мы обратили внимание, что вопросы в приведенном выше списке
касаютсяразличных сфер человеческой активности: поведения, познания и переживания. И
если мы задаем вопрос о полученных навыках, нам не стоит ждать, что группа поголовно
начнетделиться своими сокровенными эмоциями. Впрочем, даже если мы спросим о
чувствах, посетивших их за день, маловероятно, что на этом этапе участники будут
говорить о том, чтоих задело, — к концу дня группа устала, она полна новых знаний и
впечатлений и не рвется кдетальным разговорам.
Будем стремиться к этому и помнить о том, что каждый ребёнок приходит в этот мир
не для того, чтобы его учили, а для того, чтобы быть счастливым.
Современный урок – это современный учитель.
Литература
1.
«Русский язык в Казахстанской школе» 2016г №2
2.
«Русская словесность» 2014 №4
3.
«Мектеп» журнал 2015 №2
4.
100 разминок,которые украсят ваштренинг / Ирина АвидонОльга Гончукова/
~
159
~
5.
www.nsportal.ru/.../proektirovanie-sovremennogo-uroka
6.
tselepolaga...festival.1september.ru/articles/538512/
САУАТТЫ ҰРПАҚ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ
Мырзатаева Гулсара Карпыковна, Акбердиева Катира Алтаевна
«Өрлеу» БАҰО ОҚО ПҚБАИ
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары,
ОҚО, Шымкент қаласы
Аннотация
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында атап көрсеткендей, білім берудің мақсаты – еңбек
нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке тұлғаның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік
тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Аннотация
Как указано в Государственной программе развития образования РК на 2011-2020
годы, целью образования является удовлетворение задач индустриально-инновационного
развития страны, рынка труда и потребности личности, а также достижение высокого
уровня качества образования, соответствующее лучшим мировым опытам в сфере
образования.
Annotation
As given in the State education development programme in 2011-2020 in RK the main aim
of education is to reach innovative and industrial purposes of country, labor market and needs of
personality, also high level of quality of education which coincides to the best world experience in
the sphere of education.
Біздің ата - бабаларымыз жас ұрпақ тәрбиесіне, олардың дұрыс қалыптасуына,
азаматтық ұстанымына көп көңіл бөлген, соның нәтижесінде қазақ жерінде Отанын шексіз
сүйіп, елі мен жері үшін жанын құрбан еткен азаматтарымызды тарихтан білеміз. Сол
азаматтарымыздың арқасында қазақ елі мен жері сақталып қалды, мәдениетіміз бен салт -
дәстүріміз бізге жетті, еліміз егемендігін алды. Бүгінгі таңда жас ұрпақ мәселесіне көп
көңіл бөлу қажеттігі жалпы мемлекеттік мәселенің бірі ретінде қарастырылып, маңызды
орынға ие болуда. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік
мәдени және экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысқанда ғана оң нәтижелерге қол
жеткізуге болады. Жастар саясаты мен мәселелеріне көңіл бөлмеген мемлекеттің келешегі
жоқ.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән, дене және
рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді.
Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы,
өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей алатын,
Абай тілімен айтқанда, сөзі жүрекке жылы тиетін,сөз құдіретін игерген адамдарда тұлғалық
қасиет болады. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты - оқушылардың
белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін
қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру
болып табылады. [2]
Белгілі педагог К.Д.Ушинский айтқандай: «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана
қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші, адал, әділетті, шыншыл болуы керек».
Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам
өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн тәртібінде қойылып отырған
~
160
~
күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын
алады. Қоғамда болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім берудің қызметіне
жаңаша қарау орын алуда, әлемдік жинақталған тәжірибеге және қол жеткен табыстарға
сын көзбен қарап, саралай отырып бағалау, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оқыту
мен тәрбиелеу мәселесінде жаңа тиімді жолдарын табу қажет. [3]
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адам
баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Ал осынау миллиондаған жыл
жасауының өзі тілімізге келіп тіреледі. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу.
Бүгінгі жаңа заманның алдына қойған мақсаттардың бірі - өзгермелі даму кезеңінде өмір
сүруге бейім, қоғам мүддесіне үлес қосуда өзін-өзі белсенді етуге дайын, бәсекеге қабілетті,
шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болса, осыған сәйкес Елбасы
Жолдауында бүгінгі мектеп оқушысына бәсекеге қабілетті білім беруге, саналы ұрпақ
тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.
«Бізге мемлекеттің келешегі, болашақтың дамуы үшін не керек?» деген сұрақ
төңірегінде игілікті істер атқару қажеттілігі айтылды. Қазіргі жаһандану дәуірі мен
жастардың заманауи тұрғыдан қалыптасуында білім алу формасына ерекше ден қою
қажеттігі де Елбасы Жолдауында айқын көрсетілген.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті мемлекет болуы үшін негізгі
алғышарт - сауаттылығы жоғары елге айналу. Білім мен ғылымның шарықтау заманында
өмір сүріп отырған біздер үшін жастардың сауаттылығына инновациялық және ақпараттық
- электрондық тұрғыдан білім бере отырып, ерекше мән беру қажет. Кәсіби-техникалық
және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және
келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Бұл халықты еңбекпен қамту
мәселесін шешуге де ықпал ететіні даусыз.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында атап көрсеткендей, білім берудің мақсаты - еңбек
нарығының, еліміздің индустриялық - инновациялық даму міндеттерін және жеке тұлғаның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік
тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу. [1]
Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты білім беру жүйесін жоғары білікті
кадрлармен қамтамасыз ету, педагог мамандығының мәртебесін көтеру.
Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына еркін қадам
аттаған егемен еліміздің дамуының басты бағыттарын, соның ішінде білім беру
саласындағы міндеттерін және оны жүзеге асыру жолдарын айқындап берді. Болашаққа
бағдарланаған осы саясат аясында жүзеге асырылып жатқан оңтайландыру
бағдарламасының орындалуына барынша үлес қосу баршамыздың басты міндетіміз.
Қорыта айтқанда, «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар» дегендей,
тәрбие мен оқу қатар жүріп, жеке тұлға бойында қатар дамитын үрдіс.Тәрбиесіз берілген
білім ертеңгі ұрпақтың емі жоқ қасіретті дерті болмақ. Сондықтан да ата-ана мен ұстаз
бірлесе қызмет атқарғанда ғана кемел елдің келешек ұрпағы бақытты да саналы, өз
заманына лайық, қабілетті тұлға болып қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |