Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
оқытушының уақытын үнемдейді;
қосымша мәліметтер береді.
Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
барлық баланы оқыту;
білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену.
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын.
Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да жолға қоярымыз анық.
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Білім берудің
сапасын жақсарту мақсатында сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын өз
сабақтарымда қолданып жүрмін.
Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі.
Оқушылар бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал
мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының өз алдына сұрақтарға жауап іздеп,
жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты
ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алуға, оқушының еркін сөйлеуіне, пікір
таластыруына, достарының пікірін тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,
қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен
өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, білмегенін өзі
зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық
жұмыс жасау. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі
әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға
жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке
ынталандырады.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес,шыңдалған ойлау. Оқушылардыңда бұл
жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі
бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын
қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға
үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын меңгерту барысында оқушыларға үйрете
жүріп, педагогикалық әдіс-тәсілдерді, және жеке тұлға бойында болатын мынадай
~
167
~
қасиеттерді зерттеу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану
қажеттілігін түсіндім.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
-
қызығушылықты ояту;
-
мағынаны тану;
-
ой толғаныс.
Бұл бағдарламада бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде
оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушы ойланып толғануға
уақыт берілу керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту
керек.
«Қызығушылықты ояту» кезеңінде алдымен өткен тақырыпты тексеру
мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты
бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылар мен бірлесе жұмыс жасауға
болады.
«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап
оны «Кубизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде
әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді.
Бағдарламаның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн диаграммасын»
қолдану арқылы тақырыптың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы
кезеңде пікір-сайыс немесе 5 минуттық «эссе» жаздыруға болады.
Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда
сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі
оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.
Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен
мұғалімдердің өзара қарым-қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің
қай-қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу – адамның адамның саналы өміріндегі басты
әрекеті. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана-сезімін дамытуға
бағытталады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы – әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып,
деңгейін анықтай алады;
-
жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;
-
қызығушылығын оятады;
-
сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға;
-
мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.
Әр сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлауды және де дамыта оқыту
технологиясының әдіс-тәсілдерін сабақтарда тиімді қолдануды ұсынамыз. Оқытудың әр
түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға, дүниеге көзқарасын
қалыптастыруға жол ашады.
Әрине әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт- бағдар бере
отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып, үйреніп оны өз
жұмысында қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түсері анық. Бағдарлама
стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйрететіні хақ.
Мен сабақ беру үрдісінде мынадай негізгі факторларды басшылыққа алуды ұсынамын:
-
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру;
-
жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу;
-
ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар беру;
-
қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
-
оқушылардың теориялық- практикалық сауаттылығын арттыру.
Қорыта айтқанда технологиялар мен бағдарламаларды қолдану – біріншіден
оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге
деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша
~
168
~
танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа
технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймыз.
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына білім беру жүйесін инновациялық
үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары Е.Т.Акитбаев. 2006ж
2. Биология және салауаттылық негізі ғылыми-педагогикалық журнал // №1,3,5,2005;
3. «Оқыту –тәрбиелеу технологиясы» №3,5, 2010; №5,6,2011.
БАСТАУЫШТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДА ЗАМАНАУИ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ МАҢЫЗЫ
Садирмекова Назира Калдарбековна
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы,
Шымкент қаласы, ОҚО
Альназарова Кунсулу Улыкбеккызы
Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназия, бастауыш сынып мұғалімі,
Шымкент қаласы, ОҚО
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясында: - «Білім беру реформасы –
Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне
сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі
бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры.
Көптеген елдердің білім берудегі ауқымды реформалары білім берудің заманауи
үлгісін тарихи қалыптасқан жағымды дәстүрлерді сақтай отырып, инновациялық көзқарас-
ыңғайларды пайдалануды көздейді. Білім мазмұны оқыту мен тәрбиенің өзге
құрауыштарымен салыстыра келгенде, түйінді және ең тұрақты шамасы болып келеді.
Сондықтан оны жаңарту жұмысы жаңа білім беру парадигмасын тудырып, бірқатар қажетті
педагогикалық шарттар кешенінің өзгеруіне әкеледі. Қазақстандағы білім беру
реформаларының басты мақсаты білім жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға
бейімдеп, республикамыздың әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына кіруін жеделдету.
Аталған басымдықтар отандық білім беру саласын реформалау мен жаңғыртудың
қарқынды жүруіне себепші болмақ.
Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың жаңа
әдістері мен түрлерін білу,жинақтаған іс-тәжірибе негізінде жаңа заман талабына сай
берілетін ақпараттарды пайдалана отырып,оқушының білімге деген қызығушылығын
арттырып, өздігінен ізденуге бағыт беретін әдіс-тәсілдердің жаңа формаларын оқу-тәрбие
үрдісінде қолдану.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,белсенді іс-әрекетке бағыттау
жолындағы тиімді әдіс-тәсілдерді әріптестерімнен үйрену, өз іс-тәжірибеммен бөлісу.
Күтілетін нәтиже: Бастауышта оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда
ұйымдастыру арқылы, жеке тұлғаның өздігінен ізденіп, ой-өрісінің жан-жақты дамуына
жағдай туғызылады, білім сапасы артады.
Қазіргі кездегі қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын
(мұғалімдер, мектеп оқушылары)және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік,
педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады.
Инновацияның қажеттігі сыртқы себептермен де анықталады, ол мынадай бірқатар
~
169
~
себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп
оқушыларының білімге, дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім
алудағы жеке тұлғаның дамуы. Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген
коньюктураның мұқтаждығынан пайда болады. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдық
жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты. Қоғамдық
қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың
бағыты мен жемістігін анықтайды. Сондықтан, оларды негіздеуде тар шеңберде
қолданылатын міндеттермен шектеліп қана қоймай, әлеуметтік-педагогикалық дамудың
нақты бағыттары мен негізгі мақсаттарын ескеруіміз қажет.Бұл ұсақ ұстанымсыз өз-өзімен,
сондай-ақ, қоғамдық міндеттер мен құндылықтармен де еш байланыссыз тәртіпсіз
шашырап жатқан инновациядан аулақ болу үшін маңызды.
1.Оқыту мазмұнын жаңарту жағдайларындағы мұғалімнің іс-әрекеті;
2.Білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру жолдары;
3.Мұғалімнің ғылыми-әдәстемелік деңгейін көтеруі.т.б көкейтесті мәселелердің
жауабын алып,өз іс-тәжірибемде әдіскерлер мен әріптестерімнің білім мазмұнын
жаңартудағы іс-тәжірибелерін оқып-үйреніп, оны әдістемелік жұмысымда қолдану, оқу-
тәрбиелік үрдісті басқарудың өзім қолданып жүрген түрлеріне тоқталғым келеді. Сонымен,
біз оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту үшін, оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын
жаңа тұрғыда ұйымдастыру үшін не істеуіміз керек?
Білімді тұлға шығару сабақ сапасынан.
Сабақ дегеніміз-оқытуды ұйымдастырудың басты формасы. Жаңаша оқытуда оқушы
мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді,оқушы рөл
атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды. Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді,
шешімдері де әр түрлі болады.Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады,
бірлік одақта қызмет істейді. Оқушыларды қажеттілікте оқу күшін жұмыолдырып,
танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-танымдылық пен
практикалық оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты
қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістерінің мазмұны спецификалық
интеллектуальды құрал болып табылады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта оқушылардың
оқу-әрекетін жедел басқаруды ұйымдастыру құралы ретінде, сабақта компьютерді
пайдаланудың тиімділігі бар екендігіне тоқталғым келеді. Оның артықшылықтары
мынадай:
1.Әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істеуге үйренеді.
2.Уақытты үнемдейді.
3.Мұғалім бақылаушыдан кеңесшіге ауысады. Ана тілі, Қазақ тілі, математика
сабақтарында тарауды бекіту, қайталау, білімді тиянақтауда, оқушылардың компьютерді
пайдалана отыра, өзіндік жұмысын тез және қарқынды ұйымдастыруға болады. Мысалы:
Қазақ тілінен көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой, керекті сөздерді қолданып сөйлем
құра, өлеңді, әңгімені жалғастыр тапсырмаларын өз бетінше, бір-біріне бөгет жасамай
орындауға тырысады. Мұндағы мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушылардың қатесіз, сауатты
жазуын қадағалау. Ана тілі сабақтарында мәтін бөліктеріне ат қойғызу,сурет
салғызуға,логикалық сипаттағы ойындарды пайдалану тиімді. Компьютерді пайдаланып
сабақ өткізу мектепте мынадай міндеттерді жүктейді:
1. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
2. Оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын анықтау;
3. Дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
4. Ойлау қабілетін дамыту;
5. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пәндік материалды меңгеруде қолдана білуге үйрету.
Математика сабақтарының бүкіл құрылымы проблемдік сипатта болғандықтан,
оқушылардың есеп шығаруы кезінде, кесте, өрнек бойынша есеп құрастыруда, кері есеп
~
170
~
құрастыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге
машықтандырамын. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушының
сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс
істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған
кезде бүгінгі мектеп алдында оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой
белсенділігін,
шығармашылық
іс-әрекетін
дамыту
мәселесі
тұр.Оқушылардың
шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі
қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу, дедуктивті
ойлау, логикалық икемділіктер-салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика
пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатын мүмкіндіктер өте көп екендігіне
тәжірибемде көз жеткіздім. Оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруы мен оның
мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекетке талпынысын
туғызатынын байқадым. Бастауыш класс оқушыларының қабілеттері екі түрлі жағдайда
дамитындығына көзім жетті:
1. Кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін
меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды. Білім, білік, дағдыны қабылдайды.
2. Кез келген оқушы шығармашылық әркеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін
дамытады .Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы:ол баланың өзін-өзі
қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді.
Проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпынады. Оқушылардың белсенділіктерін
арттырып, қызығушылығын тудыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі-бүкіл білім
жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын
жаңарту болып отырғанының куәсі болып отырмыз. Жастарға сапалы білім беруге жағдай
жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына
бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру - педагог- ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің
бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытындысы дегім
келеді. Бастауыш класс оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау,
бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою
оңай мәселе емес екендігіне ,оқу-тәрбие үрдісінің небір қиын проблемаларына тап болып,
оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз
нәтижелі болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жалпы білім береті мектептің оқу бағдарламалары. Бастауыш саты (1- 4 сыныптар)
Алматы, 1995 ж.
2. Концепция развития образования в Республике Казахстан до 2005. Астана. 2004 ж.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ
ПАЙДАЛАНУ
Қалымбет Мереке Исламбекқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы,
Шымкент қаласы, ОҚО
Ізбасарова Жанар Тоғайқызы
Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназия, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұалімі,
Шымкент қаласы, ОҚО
Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне
енуге бағыт алынуда. Әр оқушыға терең білім беру, сонымен қатар олардың ойлау
қабілеттілігін арттыру мақсатын іске асыру үшін көптеген ғалымдар ұзақ уақыт талмай
~
171
~
еңбек етуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі орта, жоғары мектептегі білім беру
жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осыған орай
оқу үрдісінде педагогикалық технологияны қолданудың белгілі тәжірибесі қалыптасқан.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты,
жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология»
ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай
да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» - деген анықтама беріледі.
В.П. Беспалько: «Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір
педагогикалық жағдайға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер, оның құрамды бөлігі ғана», - деп
анықтама береді.
Бүгінгі таңда В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың
технологиялары кеңінен танымал. Қазақстанда педагогика ғылымының докторы, профессор
Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі, филология ғылымының докторы Ә. Жүнісбектің,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т. Жұмажанованың және т.б. ғалымдардың
оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бұл оқыту технологиясының бір
ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық
процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды,
ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы
дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын,
танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын
(ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуда. Оқушылардың оқу материалын қайта
жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет
қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына
(тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге,
репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік
қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр тілді үйренушіге оқу
материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша
және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс
топты 4-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет
етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш
күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі
болатындай етіп құрылған. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді
формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, пікірталастар) қолдану оқытудың
міндетті шарты болып табылады.
Бұл технологияның негізгі шарты – оқушылардың кез келген ғылыми көздерді,
оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалану, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші
ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ережелері,
құрылысы және жүру барысы алдын-ала таныстырылады. Егер оқушы қандай да бір
себептермен оқу модулінің сөйлесу бөліміндегі сабақтарда болмаған болса, оған осы
сабақтарда қолданылған барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі. Оны оқушы
сабақтан тыс уақытта орындауы тиіс. Тапсырмаларды орындаған соң оқушыға өзін-өзі
тексеруі үшін жауап үлгілерін беруге немесе мұғалімнің өзіне, не болмаса осы топ
оқушыларының біреуіне тексеруге болады. Тек содан кейін ғана оқу модулінің қорытынды
бөлімінің тапсырмалары берілуге тиіс, ал ол тапсырмалардың орындалуын мұғалім өз
бақылауына алуы қажет.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау, оқушылардың сөйлесу бөліміндегі
танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге
және бағалауға арналған бөлім. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың
бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе,
енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен
дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Білімді бақылау формалары ретінде тестілік
~
172
~
тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқытылатын пәннің
ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.
Сыни ойлау қабілеті дамыған, ұғынғанын тәжірибемен ұштастыра білетін белсенді
тұлға қалыптастыру оқыту үрдісінде жүргізілетін барлық жұмыстың негізі болып
табылады. Қазақ тілін оқытып үйрету барысында көзделетін басты мақсаттардың бірі –
сыни тұрғыда ойлай білуге үйрету, нәтижелі білімге қол жеткізу. Оқушылардың сыни
ойлау мүмкіндігінің жетілуімен бірге оқыту ісінде де өзгерістер жүреді. Сыни ойлауды
дамытуға негізделген әдістер оқушының өз ойын жеткізуге мүмкіндік жасайтындай
дәрежеде болуы керек.
Оқушылардың сыни ойлауын дамытуда сабақ үрдісін үш кезеңнен құруға болады:
1) ізденіс;
2) жаңа білімді игеру;
3) тәжірибелік дағды қалыптастыру;
4) алған білімін өмірде тиімді қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |