Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет24/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.ҚР «Білім туралы» Заңы //- Алматы.2010.6 б. 

2. Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1990. 

3. Жарықбаев Қ., Қалиев С.Қазақтың тәлім-тәрбиесі. 



 

 

 

 

 

161


 ~ 

 

РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ 



 

Аскарова А.Т., Турсынбаева З.П. 

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚФ, ОҚО бойынша ПҚБАИ 

«Деңгейлік бағдарламалар» орталығының тренерлері 

 

Қазіргі білім беру жүйесінде рухани  – адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру  – қоғам 



қажеттілігіне айналып отыр.  ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің 30 елінің 

қатарына  кіруге  бет  алды.  Сондықтан  еліміздің  туын  асқақтатар  білімді,  білікті, 

адамгершілігі  жоғары  ұрпақ  тәрбиелеу  –  біздің  алдымыздағы  ең  басты  міндет.  Ал  ұрпақ 

тәрбиесінде  адамгершілік  тәрбиесінің  маңызы  қай  қоғамда,  қай  кезеңде  болмасын  күн 

тәртібінен ешқашан түскен емес. Оған дәлел Аристотельдің «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, 

адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек» — деген 

сөзі  дәлел.  Осы  тұрғыда  жалпы  білім  беру  жүйесін  ізгілендіру  қажеттілігі,  қазіргі  таңда 

рухани – адамгершілік тәрбие беру өзекті мәселе ретінде қарастыралады. 

«Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платонның өзі де бекер 

айтпаған болар. Өйткені ұрпақ тағдыры дегеніміз – ұлт тағдыры. Әрбір қоғамның дамуына 

байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отыр. Қазіргі таңдағы ағымда оңай болып отырған 

жоқ. Біз қайда бара жатырмыз, қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз, алдымызда не күтіп 

тұр деген сұрақ әрбір ата-ананың, әрбір педагогтың көкейінде тұр. Француз жазушысы әрі 

философы Жан-Жак Руссо өзінің  «Эмиль немесе тәрбие туралы»  атты кітабында  «баланы 

өмір  сүруге  үйрету  керек»  деп  жазған  болатын,  өйткені  өмір  сүру  адамның  –  ең  басты 

мақсаты  мен  міндеті.  Ал  өмір  сүру  дегеніміз  өмірдің  әрбір  мезетін,  әрбір  көрінісін 

толыққанды,  бар  мүмкіншіліктерімен,  мүшелерімен  сезіну.  Дана  деп  көп  ғұмыр  сүрген 

адамды  емес,  өмірді  жан  –  жақты  сезіне  білген  адамды  айтпаймыз  ба?!  Сондықтан  да 

шәкірт оқу орнының табалдырығынан қандай да бір ғылымды иемденіп қана емес, бірінші 

кезекте  адам  болып  шығуы  қажет.  Ол  өз  жүрегі  мен  жанын  өмірге  және  басқа  адамдарға 

айқара  ашқан,  жалған  қағидаларды  ұстанбайтын,  дүниеге  өз  көзқарасы  бар  тұлға  болуы 

керек.  Адам  болу  дегеніміз  адамгершілік  қағидалар  мен  құндылықтарды  ұстану,  өмірдің 

мәнін өзіңнен емес, басқадан көру. «Өзің үшін!» қағидасының «Өзге үшін!» ұстанымынан 

бәсең  болуы.  Адамгершіліксіз  білімнің  еш  қажеті  жоқ  екендігін  ХХ-шы  ғасыр  дәлелдеді 

емес  пе?!  Сол  себепті  де  ұстаздың  басты  мақсаты  –  шәкірттерін  адам  болуға  баулу  деп 

тұжырымдауға  тұрарлық.  Әрбір  пән,  әрбір  сабақ,  әрбір  тақырып  осы  мақсатты  жүзеге 

асыруға бағытталуы керек. Керек десеңіз, олардың барлығы да тек осы мақсаттың құралы 

ғана. 


Ал егер де оқушы қандай да болмасын бір тақырыпты немесе бір пәнді білмесе, бұл 

қынжылуға  тұрарлық  жәйт  емес,  өйткені  мұндай  жетіспеушілікті  аталған  биік  мақсат 

толықтырады. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт оқу нәтижесінде қандай да болмасын пәнді 

біліп емес, адам болып қалыптасуы керек. 

Жан-Жак Руссо ХVIII ғасырда «Бізде физиктер, геометрлер, химиктер, астрономдар, 

ақындар, музыканттар, суретшілер бар, алайда бізде азаматтар жоқ» деп налып айтқан екен. 

Бір ғасырдан кейін орыс педагогы Н.И. Пирогов педагогикалық процестің мақсаты «біздер 

адам  қылу,  саудагер,  теңізші,  солдат,  заңгерлерді  тәрбиелеу  емес,  адам  мен  азамат 

қалыптастыру» деп Жан-Жак Руссоға үн қосады. 

Ғұлама хәкім Абайдың негізгі ұстанымы да «Адам бол!» еді ғой… Абай өзін өзгеден 

артық санайтын адамнан бойын тартып, тіксініп қана қоймай, оны адам қатарына қоспаған. 

Адам  мен  адам  бір-бірін  тең тұтқанда,  тегін сыйлағанда  ғана  сүюі  мүмкін.  Адам  баласын 

осылай сүйе алған Абай «Адамның баласы – бауырың», «Адам баласына адам баласының 

бәрі – дос», «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген нақыл сөздерінен білуге болады. 

Аса  зор  гуманистік  сүйіспеншілікпен  айтылатын  мұндай  ауқымды,  құдіретті  сөзді  тек 

кеудесінде  Жер  шарындай  алып  жүрегі  бар  Абай  сынды  тұлға  ғана  айта  алса  керек. 

Сондықтан  талай-талай  ұлылардың  тәлім-тәрбиелік  әдеп-қағидаларын,  өмірлік  ғибратты 


162


 ~ 

 

өсиеттерін  жастарымыздың  санасына  сіңіру,  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  игерту 



білім беру жүйесіндегі қажетті шарт болып табылады. 

Рухани – адамгершілік құндылықтарды білім мазмұнына енгізу тәсілдеріне тоқтала кетейік. 

Білім  өзінің  шынайы  міндетіне  жауап  беруі  үшін  балаларда  жас  кезеңінен  бастап,  ең 

маңызды  адамдық  сапаларды  –  адамгершілікті,  сүюді,  аяушылықты,  төзімділікті, 

имандылықты, әдептілікті, мейірбандылықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді 

дамыту керек. 

Қазіргі жағдайда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктері бар:  

 



Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу. 

 



 Сыныптан  тыс  сабақтарды  баланың  адамдық  асыл  қасиеттерді  игеруіне  ықпал 

ететіндей бағытта ұйымдастыру. 

 

Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу.  



Рухани тәрбиені  бала өзінің әрбір  құбылысынан алуы  мүмкін. Олай болса, кез-келген оқу 

пәні  балалардың  адамгершілігін,  жақсы  мінез-құлқын  қалыптастыру  құралы  бола  алады. 

Бүгінгі  таңда  үлкендерге  балалардың  ынтасы  мен  назарын  өзіне  аударуға  қол  жеткізу 

оңайға түспейді. Балалардың рухани-адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: 

жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар. 

Сондықтан  сабақтан  тыс  кездердегі  жұмыстарды  ұйымдастыруда  мұғалім  барынша 

тапқырлық  танытқаны  жөн.  Мұндай  кездесулерді  оқушылар  оларға  қатысуға  құлшынып 

тұратындай  және  оның  жалғасын  асыға  күтетіндей  дәрежеде  тартымды  етіп  өткізу  керек. 

Сабақтан тыс кезіндегі пікірталас, әсерлі әңгімелер, мұражайға, театрға немесе классикалық 

музыка  концертіне бірге  бару,  үйірмелердегі  театрланған  сабақтар  –  осының  бәрі  рухани-

адамгершілік  тәрбие  үшін  таптырмас  құралдар.  Олар  білімгерлердің  шығармашылығын 

оятып,  жан  дүниесімен  сезінетін  тамаша  ойларға  жетелейді.  Ал  одан  тек  жағымды 

қасиеттер  туындайтыны  белгілі.  Жалпыадамзаттық  құндылықтар  білімгерлерге  жеке 

сабақтарда  берілуі  мүмкін.  Мұғалім  әрбір  сабақты  жан-тәнімен  беріле  оқытуды,  бала 

жанына  әсер  ететін  құндылықтарды  қалыптастыруды  өзі  үшін  заң  санауы  қажет.  Шын 

мәнінде  жалпыадамзаттық  құндылықтар  ұғымына  енетін  өмір  құбылыстарының  бәрін 

сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады. 

В.А.Сухомлинский айтқан екен: «Дәрігер балаға жақындар алдында қолын жылыту 

керек  деп,  ал  мұғалім  жүрегін».  Сондықтан  мұғалімнің  бұл  сабақтарға  дайындалуына 

қажетті қайнар көздері өте көп. 

Сабақтарда оқушының ішкі жан дүниесін оятудың және дамытудың тәсілдері: 

Тыныштық сәті, ішкі сезінуді  шоғырландыру әдісі. Ішкі сезінуді  шоғырландыру 

әдісі  балаға  көп  пайдасын  тигізеді.  Атап  айтқанда,  ол  төмендегідей  жағымды  жағдайлар 

туғызады:  ойға  шомдыру,  көңіл  күйге  келтіру,  толғандыру,  ойыңды  бақылау,  өз-өзіңді 

бақылау,  денсаулығыңды  жақсарту,  ақыл-ойды  тыныштандыру,  топты  тұрақтандыру, 

эмоцияны тазарту, еске сақтауды жақсарту, жағымды жағдайға шоғырландыру, өзін жүзеге 

асыруға  көмектесу,  өз  ақиқатын  табуға  көмектесу,  интуицияны  ояту,  сүйіспеншілігіңді 

арттыру, ішкі тыныштыққа әкелу. 

Дәйексөз әдісі.  Дәйексөздерге мыналар  жатады: ой-пікірлер, нақыл сөздер, ұлағат  сөздер, 

ақыл  сөздер,  өлеңдер,  ұран  сөздер  және  т/б.  Дәйексөздер  адамды  жақсы  ойларға 

шабыттандырады; жаныңа нәр береді; өзіне сенімін арттырады; өз айқындамасын бекітуге, 

ұстанымын  нықтауға  көмектеседі;  даналыққа  сусындатады;  рухани  білім  береді. 

Дәйексөздер  арқылы  жасалатын  жұмыс  түрлері  мен  ойындар:  дәйексөзді  жалғастырып 

айту;  дәйексөзді  жаттау;  дәйексөздің  мағынасын  ашу;  қиынды  суреттердің  (пазлдар) 

сыртына  жазылған  дәйексөзді  құрау;  берілген  сөз,  сөз  тіркесі  арқылы  дәйексөз  құрау;  ән 

түріндегі дәйексөздер; даналық карточкалары; қазыналы сандықша және т/б. 



Оқиғаны  әңгімелеу  әдісі.  Оқиғаны  әңгімелеу-сабақта  ұжымдық  тыңдауға  жайлы 

жағдай тудыратын маңызды ойлау және тілдік әрекеті ретінде қолданылатын әдіс. Бұндай 

әдіс  ежелден-ақ  ұрпақтан-ұрпаққа  ақпарат  тарату  құралы  болып  саналады.  Өзін-өзі  тану 

сабақтарында  әсіресе,  оқиғаны,  әңгімені,  ертегіні,  аңызды  әңгімелеп  айтып  беру  әдісі  зор 



163


 ~ 

 

маңызға  ие  болады.  Оқиғаны  (  оқиғалар;  ертегілер;  аңыз  әңгімелер;  әңгімелер  және  т/б.) 



әңгімелеп айту балаға рухани-адамгершілік тағылым береді. Оқиғадағы бір немесе бірнеше 

жалпыадамзаттық  құндылықтардың  суреттелуі,  өмірлік  құндылықтар  мен  адамгершілік 

қасиеттердің  дәріптелуі  олардың  тәжірибелік  қырларын  ашады.  Оқиғаны  әңгімелеп  айту 

кезінде  балалар  тыңдау  мен  естуге  сезіну  мен  түсініп-түйсінуге,  ойлану  мен  пайымдауға 

үйрене  отырып,  руханилыққа  терең  бойлап,  адамгершілік  қасиеттерді  бойларына  сіңіреді. 

Мәдениеті  мен  салт-дәстүрі  терең  халқымыздың  шежірелі  әңгімелері,  тарихи  оқиғалары 

бала үшін қазына байлық, өмірлік азық бола бермек. 

Шығармашылық  және  топтық іс-әрекеті әдісі. Құндылықтар негізінде шығарма, 

эссе,  оқиға,  әңгіме,  өлең,  мақал-мәтел,  әндер  жазу  шығармашылық  іс-әрекеттері 

қарастырылады.  Қоғамға  қызмет  ету  жобалары  жасалады:  «Бәрін  сүй,  бәріне  қызмет  ет», 

«Әдептілік  тәлімдері»,  «Салауаттылық-  өмір  салты»,  «Жасыл  желек»,  «Тазалық  аймағы», 

«Күн  ортақ,  ай  ортақ,  жақсы  ортақ»,  «Су  стихиясы»,  «Құнарлы  тағам»  және  т/б.  Түрлері: 

Жазба  жұмыстары,жобалау  жұмыстары,  рөльдік  ойындар,  ойындар,  оқиғаны  суреттеу, 

сахналау,  көрме  ұйымдастыру,  қызықты  адамдар  өмірімен  танысу,  кәсіби  мамандармен 

кездесу,  теле-радио  хабарламалар  дайындау  және  т/б.Топтық  іс-әрекетті  таңдаудың  бес 

бағыты  бар:  Қойылым  көрсету  (оқиғалар  қойылымы).Тестілеу  (тестілеудің  пайдасы:  өзін-

өзі  таниды,  өзінің  адалдығын  анықтайды,  ерекшеліктерін  байқайды,  мұғалім  баға  береді, 

ойлап  отырып  оқиды).  Ойын  (Ойынның  пайдасы:  Қызықтыру,  сергіту,  босаң  күйге  келу, 

өзгелермен  әрекеттесу.)  Топтармен  жұмыс  (бір-бірімен  ықпалдасу,  үйлесімділікті  сезіну). 

А.Джумсай:  «Шынайы  білім  беру  жан  қабілеттерін  дамытуға  байланысты». 

Шығармашылыққа деген қабілеттілік шынайы білім берудің ең маңызды құндылығы. Біздің 

миымыз  екі  бөліктен  құралған.  Оң  және  сол  жақ.  Сол  жақ  ми  басқарады  және  талдау 

қабілетіне жақын. Ал оң жақ ми – шығармашылық, өнер, әдебиет және т.б. Көбіне сол жақ 

миымыз  көп  дамыған.  Сондықтан  оң  жақ  миымызды  дамыту  үшін  шығармашылық 

жұмыстың  пайдасы  мол.  Шығармашылық  жұмыс  балалардың  шығармашылық  шабытын 

аша түсуге, өзіндік «Менін» көрсете алуына септігін тигізеді. 

Топта  ән  айту  әдісі.  Мұнда  құндылықтар  негізіндегі  әндер  айтылады.  Бұл  әдісті 

қолдану құндылықтардың ықпалын тереңдетеді. Балалардың жүрегін қуанышқа, шаттыққа 

бөлейді.  Көңілкүйін  көтереді.  Денсаулығын  жақсартады.  Ақылын,  ойын,  сезімін 

шабыттандырады.  Заманауи  қоғамда  адамның  өмірге  дайындығы,  ізденіске  өзін-өзі 

айқындауға  талпынысы  көбінесе,  адамның  өзін-өзі  тану  қабілеттілігімен,  адамзат 

өркениетінде  мыңдаған  жылдар  бойы  қалыптасқан  мәдени  үлгілерді-дәстүрлер  мен 

құндылықтарды түсінуге және қабылдауға дайындығымен астасады. 

Ежелгі грек дәуірінен  Пифогордың ізбасарлары әуеннің шипагерлік күшіне сенген. 

Олар  өз  тәжірибесінде  әуенді  адамдардың  ақылы  мен  эмоциясын  қалыпты  күйге  келтіру 

үшін  қолданған.  Сондықтан  әуен  тыңдау  күнделікті  өмірде  жүргізілуі  тиіс.  Оқушылар 

әуенге қызығушылығы артып, олар әуенді түсіне бастайды. Әуендік аспаптардың ішіндегі 

ең күшті әсер ететін құрал – ол адамның дауысы. Басқа дыбыстар күшті болғанымен де, ол 

жанды емес. Ежелгі үнділер осыны біліп, ән айту – бірінші өнер, аспапты меңгеру – екінші 

өнер, ал би үшінші деген екен. Сондықтан сабақ барысында ән айту топтық рухты көтеру, 

біртұтастықты сезіну болып табылады. 

Оқиғаны  әңгімелеу.  Үлгі  аларлық  оқиғаларды,  нақыл  сөздерді,  жырларды, 

ертегілерді  тыңдау  және  талқылау.  Әңгімелеуге  қажетті  материалдар  ертегілер,  аңыз 

әңгімелер, ғибратты өсиет әңгімелер, атақты адамдардың өмірі туралы жазылған әңгімелер. 

Мұғалім  оқиғаларды,  әңгімені,  ертегіні  кітаптан  оқымай,  ауызша  әсерлі  етіп  баяндап 

бергені  жөн.  Мұндайда  мұғалім    оқушылармен  тікелей  байланыста  болып,  олардың  алған 

әсеріне бақылау жасау мүмкіндігі туады. 

Әңгімені  таңдағанда  мүмкіндігінше  балалардың  отбасы  жағдайын  ескеру  қажет. 

Әлдебір оқиғаның олардың қасіретіне әсер етпейтіндей болуын есте ұстаған жөн. Бұл әдіс 

оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  оқу  материалын  эмоциялық  –  бейнелі 

тұрғыда  қабылдауға  ықпал  етеді.  Сабақтың  дәйексөзі  ретінде  халық  даналығы,  халық 



164


 ~ 

 

мақалы, нақыл сөз, даналық  сөздер сабақтың тақырыбына сай алынады. Жаңа тақырыпты 



жете  түсінген  оқушылар  дәйексөздің  мағынасын  берілген  сұрақтар  бойынша  өз 

пайымдауларымен түсіндіріп береді. 

Жас ұрпақты рухани азықпен қаруландыру барша мұғалімдердің ең бірінші борышы. 

Рухани-адамгершілік  тәрбие  толыққанды  «Өзін-өзі  тану»  пәнінде  жүзеге  асатыны  белгілі. 

Алайда  рухани-адамгершілік  тәрбие  өзін-өзі  тану  сабағы  барысында  ғана  айтылып 

шектелмеуі керек. Осы мақсатты көздей отырып, институт жоспарына сай 2016 жылдың 06 

желтоқсаны  күні  «Культура  духовности»  -  «Мәдениет  өркениеті»  рубрикасы  аясында 

Шымкент қаласы, Чапаевка елді мекеніндегі «ОҚО-ның жұмыспен қамтуды үйлестіру және 

әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының  қарттар  мен  мүгедектерге  арналған 

медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қарттар үйіне 

барып  «Мәңгілік  ел  тірегі-жалпыадамзаттық  құндылықтар»  тақырыбында  қайырымдылық 

акциясы  өткізілді.  Мақсаты:  халқымыздың  ұлттық  мәдениетін,  салт-дәстүрін  мәңгілік 

жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы жаңғырту. Акция өткізуге атсалысқан өзін-өзі тану 

пәнінің үшінші базалық деңгейінен курстан өткен мұғалімдер: 56, оқушы саны 15. Сонымен 

қатар  Шымкент  қаласы  Жамбыл  атындағы  №26  м/г,  №54  жом,  №42  жом  «Балапан» 

бишілер тобы, т.б. да өнерлі ұстаздар мен оқушылар қатысты. Акцияға қарттар үйінен 246 

адам  қатысты.  Акцияны  ұйымдастырушылар  қарттарға  арнап  концерттік  бағдарлама 

көрсетті. Қариялар жылы лебіздерімен өз алғыстарын білдіріп, бата берді. Барлық акцияға 

қатысушыларға жаңа жылдық сыйлықтар тарту етілді.  

Институтымызда  әкімшілік  тарапынан  және  «Деңгейлік  бағдарламалар»  орталығы 

тренерлері  ұйымдастырған  ұзақ  мерзімді  «Сабақтағы  жалпыадамзаттық  құндылықтар» 

курсынан  өткен  ұстаздарға  осы  қайырымдылық  акциясына  атсалысып,  белсене 

қатысқандары  үшін  үлкен  алғыс  білдіреміз.  Осындай  ізгі  ниетте  өткізілетін  іс-шаралар 

қазіргі таңда да жалғасын табуда. 

Көрнекті педагог В.Сухомлинский:  «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол 

бала  солай  бола  алады»  -  дейді.  Демек,  шәкіртке  жан-жақты  терең  білім  беріп,  оның 

жүрегіне  адамгершілікті  үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі  азамат  жеке  тұлғаның  өзіндік 

көзқарасының  қалыптасуына,  айналасымен  санасуына  ықпал  етері  сөзсіз.  Сондықтан 

баланы  рухани  тұрғыда  кемелдендіру,  оны  жетілдірудің  тиімді  жолдарын  таба  білсек  жас 

ұрпаққа рухани ізгілікті білім беру ортасын құра аламыз. 

Ұлы ойшыл, кемеңгер Әбу-Насыр әл-Фараби: «Адамдар бақытты болуы үшін біріне 

бірі  көмектесіп  отыру  мақсатымен  бірлескен  қала  ізгі  қала  болады.  Халқы  бақытқа  жету 

үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету 

жолында  біріне  бірі  көмектесіп  тұратын  халық  ізгі  халық  болады».  Сол  сияқты, 

халықтардың  бәрі  бақытқа  ұмтылып,  біріне  бірі  көмектесіп  отырса,  бүкіл  жер  жүзі  ізгі 

болар  еді”  дегендей,  осы  асыл  мұраларды,  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  көпшіліктің 

бірлесе әрекет етуі арқасында ғана қол жеткізуімізге болады. Сондықтан баршаңызды осы 

игі істің жолында үлес қосуға мүмкіндігіңіздің бар екендігін айтқым келеді. 

 

 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН 



ПАЙДАЛАНУ – ҰСТАЗ ШЕБЕРЛІГІНІҢ БЕЛГІСІ 

 

Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы, Батькаева Гульнара Аскаровна  

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушылары 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Тәуелсіз  мемлекетімізде  білім  мен  ғылымның  дамуы  үшін  дүние  жүзі  білім 



кеңістігіне ену бүгінгі күннің басты міндеті. 

165


 ~ 

 

Еліміздің  келешек  тағдыры  қазіргі  жас  жеткіншектердің  сапалы  білім  деңгейі  мен 



саналы  тәрбие  болумен  тікелей  байланысты  екендігі  бүкіл  ұстаздар  қауымының  өмірлік 

өзекті ұстанымы болу қажет екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспіз. 

Ұрпақ  болашағын  ойлайтын  әрбір  ұстаз  өз  шәкіртінің  білімді,  тәрбиелі,  өз  ойын 

бүкпей ашық айтып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. 

Жеке  тұлғаның  қалыптасуы  –  үздіксіз  күрделі  процесс.  Әрбір  балаға  жеке  тұлға 

ретінде қарап оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін 

ескеріп,  балалар  мен  жастардың  білімге,  ғылымға,  ықыласын  арттыру,  олардың  ақыл-ой 

қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу 

қажет. 

Заман талабына сай оқушыларға сапалы да тиянақты білім беру  – ұстаз алдындағы 



үлкен міндет. 

Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті 2017 жылдың 31 қаңтарындағы 



«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында 

«Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» 

жобасы іске асырыла бастады. 

Тегін  оқытумен  ең  әуелі  жұмыссыз  және  өзін-өзі  тиімсіз  жұмыспен  қамтыған 

жастар,  сондай-ақ  кәсіптік  білімі  жоқ  ересек  адамдар  қамтылуы  тиіс.  Кәсіптік  білім  беру 

жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден 

қою  керек.  Ол  үшін  кәсіптік  стандарттар  еңбек  нарығының  талаптарына  және  ең  үздік 

әлемдік  оқу-өндірістік  тәжірибелерге  сәйкес  жаңартылуы  қажет,  сонымен  қатар,  әлемдік 

стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметін  көрсетуге  қол  жеткізу  керек»  деп 

міндеттеді.  

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасында (2010 жылдың 7 желтоқсанында № 1118 Президент жарлығымен 

бекітілді)  қоғамның  және  экономиканың  индустриялық-инновациялық  даму  сұраныстарына 

сәйкес ТжКБ жүйесін  жаңғырту,  мазмұнының құрылымын  жаңарту,  әлемдік кеңістігіне бірігу, 

сонымен  қатар,  экономика  салалары  үшін  кадрлар  даярлаудың  инфрақұрылымын  дамытуды 

міндеттеді. ТжКБ –де оқудың беделін және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесін 

тез  арада  шешуді  талап  етеді.  Білікті  педагогтар  педагог  мамандығының  мәртебесін  көтерудің 

қуатты  факторы  болып  табылады.  Педагогтың  мәртебесі  оның  интеллектуалдық,  кәсіптік 

деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді.  

Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасы  «Білім»  туралы  Заңында,  Білім  берудің 

2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  және  Елбасымыз  Н.  Ә. 

Назарбаевтың  2012  жылғы  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында  да  қазіргі  заман 

талабына сәйкес білім беру жүйелерінде оқыту үрдісіне жаңа әдістемелер мен ақпараттық 

технологияларды енгізу мектептерде ұстаздардың біліктілігін көтеру талаптары нақты атап 

көрсетілген.  

Қазіргі  мектеп  оқушылары  Отанымыздың  болашақ  өркендеуіне  жан-жақты  үлес 

қосатын азаматтар болатынына сеніміміз мол. Ақиық ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Біз 

жастарға  сенеміз»  деген  түйінді    тұжырымы  барлық  ұстаздардың  көкейіндегі  ойды 

білдіретініне ешкім де күмән келтіре қоймас деген ойдамын.  

Болашақ  бүгінгіден  де  нұрлы  болуына  ықпал  етіп  адамзат  қоғамын  алға  апаратын 

күш тек білім ғана. 

Білім  берудің  қазіргі  жаңа  құрылымымен  оқу-әдістемелік  мазмұнының  өзгеруі-

мұғалімнің  өз  кәсіби  шеберліктерін  шыңдауы,  жаңартуды  талап  етеді.  Ел  Президенті 

Н.Ә.Назарбаев  «Қазіргі  заманда  жастарға  ақпаратты  техникамен  байланысты  әлемдік 

стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деп  атап  көрсеткендей  инновациялық 

әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. 

Қазіргі  кезде  егеменді  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім 

беру  кеңістігіне  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика  тарихы  мен  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі 



166


 ~ 

 

өзгерістерге  байланысты  болып  отыр.  Себебі,  білім  беру  жүйесі  өзгерді,  білім  берудің 



мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. 

 

Мұғалімдердің  алдына  қойылып  отырған  басты  міндеттерінің  бірі-оқытудың  әдіс-



тәсілдерін  үнемі  жеңілдетіп  отыру  және  жаңа  педагогикалық  технологияларды  меңгеру. 

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. 

Жаңа  технологияларды  меңгеру  мұғалімнің  зияткерлік,  кәсіптік,  адамгершілік, 

рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін 

тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 

«Жүз  рет  естігеннен,  бір  рет  көрген  артық»  деген  сөздерді  ескере  отырып, 

сабақтарымызда  мүмкіншілігіне  қарай  инновациялық  технологияны  пайдаланып  отырсақ 

оқытушының  ұтары  мол  деп  ойлаймын.  Тек  оларды  тиімді,  жүйелі  түрде  қолдану 

оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет