Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қараев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях
применения компьютерной технологий обучения: дисс... д.п.н. – Алматы, 1994 -345 с.
2. Оразахынова Н.А. Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми-әдістемелік
негіздері. Алматы – 2007.
~
219
~
ЕРТЕ ЖАСТАН БАЛАНЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мухатова Орынкул Залеевна
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы,
Шымкент қаласы, ОҚО
Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда тіл игеруге жаңа әдістерді қолдану қажеттігі
туып отыр.
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында
«Қазіргі заманғы қазақстандық әр азамат үшін үш тілді білу-әркімнің дербес
табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Сондықтан 2020
жылға ағылшын тілін білетін тұрғындар саны 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» деп
атап өтті елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі уақытта шет тілдерін оқытуды жетілдіру – басты назарда. Бұл кездейсоқтық
емес, өйткені тілді балалық жаста үйренудің артықшылықтары дәлелденген. Ағылшын тілін
еуропалық стандарттарға сәйкес оқыту- білім берудің сапасын арттырудың басты мақсаты.
Қазіргі заманда әрбір қазақстандықтың үш тілде сөйлеуді меңгеруінде. ХХI ғасырда
республика азаматы дүниежүзілік қоғаммен сенімді араласуы, кез келген салада өз
қызметінде жоғары дәрежеде болуы керек.
Қазіргі кезде шет тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік
мақсат, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде
коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады. Ағылшын тілі сабақтарында көптілді
оқытудың элементтері ғана қолданылады. Шетел тілдерін оқытуда ақпараттық-
коммуникативтік технологиялардың рөлі ерекше. Бұл білім беру үрдісінде ақпараттық
құзіреттілікті қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. Ақпараттық құзыреттілік- көпшілік
ақпарат құралдары көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдау және таңдап алу,
ұйымдастыру, түрлендіру, сақтау және тарату. Бұл құзіреттілік оқушылардың оқу пәндері
және білім аймақтары шеңберінде, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен
жұмыс істей білу дағдыларын қамтамассыз етеді.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең
білім мен іскерліктің болуын, ойлау қабілетінің жоғары, шығармашылықпен жұмыс істеуін
талап етеді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім
беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Ерте жастан баланың тілдік құзыреттілігін дамыту үшін алдымен суретті
кітапшаларды пайдаланған өте тиімді. Бала ағылшын сөзін ең алғашқы рет естігеннен
кейін, оған мұқият таңдалған суреттері бар кітапшаларды беруге болады. Ересектер
алғашқы танысуда суретте не туралы айтылғанын таныстырса, балалар оны тез естеріне
сақтай алады. Балалар ерте жас шамасынан хабарлы стильде сөйлеседі. Олар өздері күні
бойы көрген оқиғаларын айтқанда, өздерін суреттейді: өз идеяларын, үміттерін,
эмоцияларынтіл, сурет және ойын арқылы жеткізеді. Көп балалар теледидардан көргенін
немесе фильмде болған оқиға туралы өзінің бала тілінде қайта айтып бере алады, ал енді
біреулері ата-аналарымен оқыған суретті кітапшалардың оқиғаларын айта алатын болады.
Егер ата-аналары көмектессе, балалардың көпшілігі ағылшын тіліндегі суреттері бар
кітапшаның мағынасын жылдам түсінуге үйренеді. Суретті кітапшаларды бірге оқу балаға
тек басқа тілді үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар баланың, ой-өрісін де кеңейтеді.
Ағылшын тіліндегі суретті кітапшаны талқылауды үйрену үшін балаға уақыт керек. Бірақ
баланың үндемеуі, оның тыңдамай немесе оқымай отырғанын білдірмейді. «Балалар
ағылшын тілін шет тілі ретінде қалай үйренеді» Әдеттегідей, балалар сөздермен өз ойын
айқын жеткізе алмайды, бірақ мағынасын көбірек түсінеді, егер кітапшамен танысу
белсенді және қызықты өтсе, олар әдетте жаңа ағылшын сөздерін шамасы келгенше жаттап
алғысы келеді. Егер әсерлі қызықты әдіспен түсіндірсе, балалар қоршаған ортамен белсене
танысады, және көбісі жаңа сөздерді түсінуге ұмтылады.
~
220
~
Ата-аналар әрдайым суретті кітапшаның жаңа мәтінін бірге оқығанда балалардың
жаңа мәтінді түсіну қабілеттілігін толық бағаламайды. Балалар сөйлемді аяқтауға, не
ерекше бір сөзді немесе «жоқ» деген сөзді қайталап айтуды ерекше қуанышпен оқитынына
көптеген ата-ана таң қалысады. Балалар бірге оқығанды үйренгеннен кейін, олар толық
қысқа сөйлемдерді, сонымен ақырында мәтіннің көбірек бөлігін, беттерін аударып
иллюстрациялармен сәйкес келтіріп, қайталай алады. Суретті кітапшалар ағылшынша
сөйлейтін балаларға тіл құрылымын үйрететін және сөздермен таныстыратын «тиімді
кітап» деп саналады. Көптеген оқулықтағы суреттер тілді түсінуге қызмет етпейді. Әр түрлі
стильдегі суреттер балалардың қиялдауын дамытады. Суретті кітапшалардағы суреттерді
балалар әр түрлі қабылдайтынын байқауға болады: алғаш жалпы қарайды, қайталап
қарағанда жаңа детальдарын, аса ерекшеліктерін де байқайды. Белгілі суретшілердің
жұмыстарын немесе фотосуреттерді иллюстрациялар ретінде пайдалануға болады;
кітаптардың ішінде сирек кездесетін үш өлшемді қағаз мүсіндер болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда электрондық, мультимедиялық оқулықтар жасау, оларды оқу -тәрбие
үрдісінде тиімді пайдалану, қашықтықтан оқытудың ғарыштық каналдары арқылы білім
беруді ұйымдастыру -бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.
Қорыта келгенде кітаптарды табысты бірге оқу үшін оған арнайы жүйелі уақыт бөлу
керек. Балалар сол уақытта ата-аналарының жанына ыңғайлы орналасып кітап оқи алады
және ата-аналарының кітап оқыған кезде ештеңеге алаң болмайтынына сенімді болуы тиіс.
Кітапты оқу жеке сабақ немесе оқудың басқа түрлері қосылған ағылшын тілінің толық
сабағы да болуы мүмкін. Сабақ он минуттан ұзағырақ болуы, баланың оқуға деген
ынтасына және сол күнгі оның көңіліне де байланысты болуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бабинская П. К. Практический курс методики преподавания иностранного языка:
английский, немецкий, французский. - Минск: 2003.
2. Биболетова М. 3. Английский для маленьких, - М., 1994.
3. Гез Н. И. Методика обучения иностранным языкам в начальной школе. М-: 1982.
4. Коростелев В. С. Обучение иноязычному общению на начальном этапе // Иностранные
языки в школе. - 1992. - №1.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ
ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жанысбек Ләззат Қасымқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы,
Шымкент қаласы, ОҚО
Абдибаева Үрзада Жолмурзаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақстан өз тарихында жаңару мен жаңғыру кезеңдерін бастан өткеріп жатыр.
Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуындағы маңызды мәселелерге
тоқтала отырып, білім берудің бәсекеге қабілетті болуына ерекше басымдық береді. Кезекті
23-інші «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында:
«Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді
экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту
бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға
бағыттау қажет.Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,
ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек»[1].–деумен қоғам өмірінде білім беру мен
тәрбие ісінің қашанда ілгерілетуші локоматив басымды сапа екендігін атап өткен болатын.
Күнде өзгеріп жатқан ғылым да өзгеруді қажет етеді. «Өзгеріс- ойлап шығарған шара емес,
~
221
~
өмірдің өзі тудырған шарасы. Сондықтан өзгерістен қорықпау керек. Өзгеріске нану,
көндігу керек » -деген алаш зиялыларының бірі С.Сәдуақасұлының сөзін әркез жадымда
ұстаймын. Сонымен қатар келесі бір алаштың ардақты зиялысы М.Дулатұлының
«Оқушыларға жәрдем» атты мақаласында үзінді келтіруді жөн санадық: «Заман талас-
тартысқа айналды. Қара күнін қайғырмай қамсыз жатқан қазақ болмаса, ұшқан құс,
жүгірген аңның бәрі да тіршілік жабдығында. Жағаласпай, жармаспай ешкім қатардан орын
бермейді. Басқалармен тізелесуге, тартысуға, жарысуға оқу-білім керек. Жалғыз сүйеніш,
жалғыз үміт –оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы
орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық
жұлдыз – оқу..» [2].– деп бәсекелестік заманда бейбіт күннің бейғамдығынан арылуды,
еңбек өнімділігін арттырудың, заман талабына сай оқушыларға білім берудің маңыздылығы
мен мәніне айрықша басымдыық бергенін аңғарамыз.
Уақыт талабы педагогтарға жаңа талап, жаңа міндет жүктеп отыр. Осы тұста
А.Байтұрсыновтың «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында: «Бала оқытуын жақсы
білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші
баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Баланың ісіне, түсіне
қарап, ішкі қалыбынан қабар аларлық болу керек» [3].–деген. Ол бала оқыту ісін аса
жауапкершілігі жоғары екендігімен қоса, әр баланың табиғатына, жандүниесіне үңіле
қарауды, ішкі психологиясынан хабардар болуды міндеттейді.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында басымдық берілетіні - оқушылардың кең
ауқымды дағдыларды игеруі. Кең ауқымды дағдыларды игеру үшін интербелсенді
оқытудың нәтижелілігі жоғары екенін байқадым. Себебі, жаңа техникаларды қолдана білу
білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру, оқу үрдісінде кеңінен қолдану таным
үдерістері мен білімді игеру тиімді қарым-қатынасқа негізделеді. Мұндағы мақсатым,
оқушылар арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату, оқушыларға
білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу, оқушыларға қажетті білік-дағдыларды
қалыптастыру, белсенділікті дамыту болып отыр.
Интербелсенді әдісте оқушыларым төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға
үйренетініне көзім жетті:
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
- ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын
болу керек:
- бірлескен жұмыс;
- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.
Оқушыларымның белсенді болуы, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс
жеткізе білуге, өз қөзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге
пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді.
Интербелсенді оқыту- әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрену екенін қазіргі
уақытта тәжірибе барысында көзіміз жетіп отыр. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций
2500 жыл бұрын «Маған айтып берсең- ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, ал
өзіме жасатсаң үйренемін!» деген ұлық сөзін бұрын талай естісем де онша көңіл бөлмеген
екенмін. Деңгейлік курсты бітіргеннен кейін жаңаша оқыту негізінде осы қанатты сөздің
қаншалықты дұрыс айтылғанына көзім жетті. Деңгейлік курсқа дейінгі оқушыларымның
білім деңгейі қазіргі уақытта кереметтей өсіп кетті деп айта алмаймын. Бірақ бұрын оқу
үдерісінің 45 минутының жартысынан көбін жаңа ақпартты түсіндіруге жіберіп, ақ тер, көк
тер болып, күйіп-пісіп түсіндірсем, қазіргі уақытта жеке, жұптық, үштік, топтық
жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра отырып, жаңа сабақты меңгеру, бір-бірімен дұрыс қарым-
~
222
~
қатынас орнату, тыңдау әдебі, сөйлеу әдебі, болжам жасау, сараптама жасау, өз білімінің
қандай деңгейде екенін таразылау секілді құндылықтарға қол жеткізіп отырмын.
Курсқа дейін сабақ беретін сыныптарымның тәртібі маған қатысы жоқ деген ұшқары
пікірде болдым, ал қазіргі таңда әр сыныптың, әр оқушының ішкі жан дүниесіне үңілуге,
мүмкіндік деңгейлерін анықтауға, нені қалап, нені қаламайтынына көп көңіл бөлуді
үйрендім. Тәжірибемдегі түрлі тренингтер арқылы оқушылардың басқа проблеманы
ұмытып, оқуға деген зейіндерін аударуға, өздеріне деген сенімдерін оятуға ықпалымды
тигізіп жүрмін. Егер сыныптағы ынтымақтастық атмосферасы жақсы деңгейде болса, сабақ
нәтижесі жоғары болатынын байқадым. Сондай-ақ, оқушыларымда жеке басының
құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік ұстанымды ұстауды
үйренді.
Қазіргі таңда оқушыларымның оқуға деген қызығушылығы көздерінен нұр
ойнағаннан -ақ байқаймын.
Интербелсенді оқытуда бірлесе үйрену әдісін ұсынғандықтан, әр оқушының
сыныптағы жоспарланған іс-әрекетке белсене қатысуын бақылап отырамын. Әр тұлғаның
жаңа білімді алып қана қоймай, бір-бірімен қарым-қатынас жасау, тыңдай білу, идея ұсына
білу құндылықтарын санасына сіңіруді өзіме міндеттеп жүрмін. ХІХ ғасырдың данышпаны
Абайдың "толық адам" концепсиясына алдымдағы өз шәкіртімнің бір табан жақындай
түсуіне өз күш-қайратымды сарқып жүрмін."Адам болу дегеніміз- адамгершілік қағидалар
мен құндылықтарды ұстану, өмірдің мәнін өзіңнен емес, басқадан көру екенін " қазіргі
уақытта қоғамдағы көз сүрініп, құлақ тұнатын жағымсыз оқиғалардан көріп жүрміз емес
пе?! Сондықтан менің басты мақсатым- шәкірттерімді адам болуға тәрбиелеу. Осы
мақсатымның жетегінде оқушыларды ойлау туралы ойлануға, болжам жасауға, пікір
айтуға, ішкі жан дүниесіндегі болып жатқан сезімді ақ қағазға түсіре білуге әрекет етемін.
Әрбір сабағымда шығармашылыққа жетелейтін эссе, әңгіме жазуға тапсырма беріп
отырамын. 9-сынып оқушыларына "Бал балалық шақтың қызықтары" деген тақырыпта
мектеп өмірінен қызықты оқиғаларды еске түсіріп, шағын әңгіме жазып келіңіздер деген
тапсырма
берген
едім.
Сыныптағы
Қиянтай
Жансұлу
деген
оқушымның
шығармашылығынан үзінді келтіргім келіп отыр. ".4-сыныпта оқып жүргенде сыныптағы
ең бұзық бала Байдәулеттің аяғыма бігіз тығып алғаны, 6-сыныпта аяғыма бір теуіп,
етігімнің аузын ашып жібергені естен кетпейді. Сол кезде ашу-ызамды келтіріп, Байдәлетке
кектенсем де, қазіргі уақытта өмірімнің естен кетпес қызықты шақтары екені ойыма түссе
еріксіз жымиятыным дәлелдейді. Егер мен болашақта кітап жазып шығарар болсам,
міндетті түрде Байдәулетті шығармамның бас кейіпкері етіп алар едім. Сол кітабыма
Байдәулеттің бұзықтығын, Бекзаттың алдап кететінін, Қалжігіттің жыныма тиюді
ұнататынын, Олжастың сабырлы және айтқан сөзін екі етпейтінін, Жаңылай мен
Маржанның адал достығын, Айсара мен Әсемайдың күлкілі әңгімелерін, Розаның
бұртиғанын, Нұрзаданың кербездігін, ең бастысы біздің сыныптың жігіттері- жігіттердің
төресі, қыздары ақылды, иманды екенін айтар едім" деп жазыпты. Байқасаңыздар менің
оқушым балалық шақтағы келеңсіз оқиғалардың өзін ыстық сезіммен, ерекше ілтипатпен
еске алып отыр. Көкірегінде ешбір кектің, ашудың ізі жоқ. Тіпті сол оқиғалардың өзін
арманының үкісіне айналдырғысы келгендей. Шығарманы оқи отырып, өзің де тазалыққа,
парасаттылыққа қол созғандай боласың. Әрине, бұл мені өз кезегінде қатты қуантты.
Өзімнің еңбегімнің еш кетпегенін, шәкірттерімнің бойына адамгершілік қасиеттерінің дәнін
себе білгеніме қуандым.
Қорыта айтқанда, оқу үдерісінде айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалымдарды
интербелсенді оқытудың тиімді жолдарын қолана отырып, нәтижелі көрсеткішке жетуге
болатынын анықтадым. Білім берудегі жаңартулар мен өзгерістер қазақстандықтардың алға
қойған мақсаттарына жетудегі негізгі бағыты болып табылады. Жарқын болашақтың,
жасампаз істердің бастапқы негізі болып табылатын бұл өзгерістер еліміздің дамуына өз
үлесін қосатын болады.
~
223
~
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Президентінің 2017жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік»Жолдауы
2. Оқушыларға жәрдем\ М.Дулатұлы 5томдық шығармалар жинағы 2-том 130-бет Алматы,
мектеп 2003ж.
3. Қазақша оқу жайынан\ А.Байтұрсынұлы Көп томдық шығармалар жинағы Алматы,
«Алаш» 2006ж 4том, 294 бет
4. Қазақ тілі сабақтары, 2010 год.№ 9; 8-10 бет
5. Ана тілі. 18-31 наурыз 2010 жылғы №11-12
6. Қазақ тілі: әдістеме. 2012 (56) № 2, 17-19 бет
КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АКТ ҚЫЗМЕТІ
Айнабекова Зульфия Ахметовна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы,
Шымкент қаласы, ОҚО
Сағымбаева Сауле Буркитовна,
№16 жалпы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі,
Шымкент қаласы, ОҚО
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп
көрсетілген [1]. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және
оқыту құралы болып компьютер саналады. Бүгінгі білім берудің мазмұнын жаңарту
жағдайында біліс саласына қойылған биік талптарды орындауда окытудың жаңашыл әдіс
тәсілдері және әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру зор маңызға ие.
Ақпараттык оқыту технологиялардың озық үлгілерін қолдану аркылы білім берудің
ғылыми-әдістемелік жүйесін жаңарту, оқыту әдістері мен тәсілдерінің түрлерін молайту,
электронды оқулыктар жасауды ұйымдастыру ұлттық білім беру деңгейін халықаралық
стандартқа жақындатуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда, әрбір жеке
тұлға үшін компьютерді және ақпараттық технологияларды игеру оқу мен жазу қабілеті
сияқты әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану - көптілді білім беруді
терең меңгертудің тиімді жолдарының бірі болып табылады. Ғалымдар А.А. Андреев,
В.И.Солдаткин, В.П. Кашицин ағылшын тілін окытуда АКТ-нің үдерісін ықпалын жан-
жақты сипатгай отырып, әсіресе, білім мен ұгымды ұсыну, меңгеру әдістерінің
өзгеретіндігін, мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің тиімді жолдары туралы
айтады. Осы орайда оқытудың тиімділігін арттыруды ұсынады. Ағылшын тілін оқыту
ұдерісінде ақпараттық технологиялардың, әсіресе қарым-қатынас ортасын, жалпы тақырып
шеңберінде интерактивті түрде өзара әрекет ортасын құрудағы маңызы ерекше. М.Ушакова
ағылшын тілін оқыту әдістемесін зерттей отырып, компьютерлік телекоммуникациялар
ағылшын тілінде шынайы қарым-қатынастарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін
айтады. Сол әдістемені бірыңғай көптілділік жағдайында басқа да тілдерді білім алушы
құрал ретінде қолдануға да пайдалануға болады. Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық
бағыт ақпараттық тұрғыда білім беруді мақсат етеді, оның негізгі мақсаттары:
лингвистикалық (тілдік және сөйлеу), тақырыптық, әлеуметтік мәдениет, оқу дағдыларын
қалыптастыру. Қазақ, орыс, ағылшын тілін оқытуда және осы тілдерді жаратылыстану-
математика бағытындағы пәндерді оқытуда CLIL технологиясын ақпараттық-
коммуникациялық технологиясы арқылы қолдану тілдерді меңгерудегң белсенділікті
қамтамасыз етеді. Осы орайда теориялық талдау мен оқушылардың көптілді білімді
~
224
~
меңгеру іс-әрекетін ақпараттық технологиялар арқылы қалыптастырудың педагогикалық
шарттарын анықтайтын болсақ, олар төмендегідей мүмкіндіктер тудырады.
Бірінші шарт - оқу-тәрбие үдерісінде қарқынды окыту мақсатында оқушылардың
танымдық іс-әрекеттік қызығушылықтарын арттыру. Егер оқушылар жаңа ақпараттық
технологияны жақсы игеріп, ағылшын тілін үйренуге қызығушылыктары артса, онда
агылшын тілін, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерін білу мүмкіндігі де артады.
Екінші шарт - оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере
отырып, компьютерлік технологияны колдануды кезеңдеп жүзеге асыру. Ағылшын тілін,
қазақ және орыс тілдерін екінші білім алу тілі ретінде оқытуда оқушылардың білім
деңгейіне сәйкес төменгі, орта, жоғары деңгейге бөле оқыту үлкен жетістіктерге жетуге
көмектеседі.
Үшінші шарт - ақпараттық технологияларды қолданудың жалпы бағыттары мен
ғылыми-әдістемелік тұғырларын сәйкестендірудегі іс-әрекеттерді шығармашылықпен
үйлестіру. Бұл шарт бойынша ақпараттық технологиялардың түрлері мен бағыттарын
ғылыми-әдістемелік сәйкестендіру іс-әрекеттерін шығармашылықпен үйлестіру түрлері
қарастырылады.
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың тіл меңгерудегі іс-
әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мотивациялық, танымдық, іс-
әрекеттік компоненттеріне негізделген.
Мотивациялық компонент - оқушылардың ақпараттық технологиялар арқылы тіл
меңгеру іс-әрекетке ұмтылуы, қажеттігі, білім алуда ақпаратгық технологияларды
қолдануға танымдық қызығушылығы, ынтасы, өзіндік тапсырмаларды орындауда жаңаша
оқу жолдарын табуға деген ынтасы, ағылшын тілін меңгеруде мультимедиялық құралдар
мен электронды оқулықтарды қолдануға деген қызығушылығы, ағылшын тілінде еркін
сөйлеуге деген ынтасы мен ұмтылысы.
Танымдық компонент - танымдық іс-әрекетті қалыптастыру мүмкіндігі, ақпараттық
технологияның маңызы мен қажеттілігін ұғынуы, ақпараттық сауаттылығының болуы,
қолданатын
ақпараттық
технологиялардың
түрлерімен
таныс
болуы
және
технологиялардың түрлерімен жұмыс істей білуі, агылшын тілін меңгеруге деген
белсенділігі, оқу материалдарын өз қажетілігіне қолдануы, оқушылардың ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бұл компонент бойынша ақпараттық
технологияны оқу үдерісінде қолдану жолдары жүзеге асырылды, Мультимедиалық,
электрондық оқулыктар оқушылардың ағылшын тілін үйрену оқу іс-әрекетінің негізгі көзі
болып табылады.
Егер ағылшын тілінен оку материалдары иллюстрация, анимациялық, дыбысы бар
объект түрінде құрылса, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес ағылшын тіліндегі
материалдардың мазмұнын тез қызыға қабылдауға, түсінуге, білімін өз бетімен жетілдіруге
негізгі түрткі бола алады.
Ағылшын тілі сабақтарында видеофильм, мультимедиалық презентациялар,
дыбыстарды, анимациялық суреттердің көмегімен монолог, диалог түрінде сөйлеу кабілетін
қалыптастыруға болады. Себебі, шетелде болмай-ақ сол елдің тілінде еркін сөйлей алу
кабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмаларының бірі -
агылшын тілі сабақтарында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып,
сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Ағылшын тілі сабактарында түрлі
дыбыстарды, анимациялық суреттерді пайдалануға болады. Бұл көріністер оқушының іс-
қимылының арқасында өзгеріп отырады.
Ағылшын тілі сабақтарында төмендегідей компьютерлік оқыту бағдарламаларын
пайдалануға болады. Олар: Project teaching, student team learning: team rewards and individual
accountability, Jigsaw, Learning together, Step by step, Professor Higgins, English Platinum,
Hangman, Lex, Self English, Irregular verbs, Albion, BX Language acquisition, English Practice,
ActivStudio, Bridge to English жэне т.б. Аталмыш бағдарламалар оқушылардың есте сақтау
қабілетін, сөздік қорын, дұрыс оку, сауатты жазу мен аудару кабілеттерін дамытуға
~
225
~
жәрдемдеседі. Аталмыш бағдарламаларды бірнеше топқа бөлуге болады. Мысалы,
оқушылардың сөздік қорын, диалогтік сойлеуін дамытуда Hangman, Lex, Self English,
English Practice, BX Language acquisition, Triple play plus in English бағдарламаларын.
Лексиканы үйретуде Triple play plus in English, English on holidays; сауатты, коркем жазуга
үйретуде Bridge to English,ActivStudio бағдарламаларын пайдаланып, сабақтың тиімділігін
артыруға болады.
Білім беруде «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырып кана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялык
тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі, теориялық тақырыптарды графикалық
иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сызба - нұсқалар арқылы береді. Оқулықтың
ерекшелігі - әрбір тақырып қажетті суреттермен көркемдеп безендіріледі. Әр модуль
қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен, анимациялық материялдардан, есеп шығару
үлгілерімен өз бетінше шығаруға арналған есептерден және бақылау жұмысынан тұрады.
Оқушылар үшін - электрондық оқулықтар мектепте оқылған жылдардың
барлығында да өздері толықтыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға
көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Оқулық - дисплей экранында көрінетін
жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жете меңгеруге
арналған күрделі, көп сатылы жүйе. Бұл оқулықтың кажетті бөлшдерін кайталап, игеру
тәсілімен логикасында озіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керекті деген материялды
карап шығуға мүмкіндік береді. Ал өзіне кажетті мәліметті компьютер жадының керекті
ұясына іздеп таба білуде, әрбір оқушының бүтін талап етілетін стратегиялық ойлау
қабілетін
қалыптастырады, модульдерде берілген алгоритм оқушыларға оз бетімен жұмыс жасау
мүмкіндігін береді, мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, белсенділігі арта
бастайды. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік әлеуетін
дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді.
АКТ-ды пайдалану арқылы мен төмендегідей нәтижеге жетуге болады: ағылшын
тілін жетік меңгертудің жоғары деңгейіне қол жеткізуге, оқушылар ақпараттық
технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін меңгереді; оқушылардың ағылшын тілі сабағына
деген қызығушылығы артады; оқушылардың грамматикалық дағдылары қалыптасып,
дамиды (оқу, сөйлеу, естіп-түсіну т.б ).
Қорыта айтканда, сабақта ақпараттық технологияны пайдалану оқушының
дүниетанымын кеңейтуге, пәнге деген ынтасын, танымдық қызығуын арттыруға,
алғырлыкқа, ізденімпаздыққа жетелеуге, нақты, тұжырымды айта білуге, дербес ой-қиялын
дамытуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |