Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет32/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67

Мектепте 

 


210


 ~ 

 

сезімін,  жан  дүниесін  түсіне  білуге  бағыттауға  ұмтыламыз.  Ондағы  өмірдегі  бар 



құбылыстар  барынша  әсемдікпен,  көркемдікпен  сыртқа  шығып,  жастарға  әсемдік, 

әдемілікті  түсініп,  жастардың  санасына  айнала  қоршаған  ортадағы  сұлулыққа  ерекше 

әсерлену,  көз  алдында  болып  жатқан  құбылыстарды,  табиғат  сұлулылығын  сезінуді, 

түсінуді,  оның  бағалап,  танымдық,  қызығушылық  көзқарастарын  қалыптастыруға 

негіздейді.  Жас  ұрпақты  елжандылыққа  тәрбиелейтін  тағылымды  тәлім  –  ұлттық  рухта 

тәрбиелеу мен оқыту.Ұлттық рухта білім алған жеткіншек ұлттық тұлға болып қалыптасып 

шығады.Ұлттық  білім  берудің  құндылығы  толығымен  саяси  күрес,  қалыптасқан 

дәстүрлермен, әлеуметтік дамумен, отандық және батыстық ғылымның бірігу дәрежесінен 

көрініп,  анықталған.  Халқымыздың  сан  ғасырлардан  келе  жатқан  ұлттық  мұрасын  оқу-

тәрбие  ісімен  сабақтастыра  отырып  тәрбиелеу,  ұмыт  қалған  салт-дәстүр,  ұлттық 

ерекшелігімізді  насихаттап,  олардың  бойына  ұлттық  психологияны  қалыптастыру  –  әрбір 

ұстаздың,  барша  халықтың  парызы  мен  міндеті.  Ұлттың  келешегі  –  ұрпақ  тәрбиесінде. 

Сондықтан  да,    тәрбиенің ісі,  сапасы  заман  талабына  сай  болуы  керек.  Ол  үшін бар  күш-

жігерімізді сала, қоғамның бүкіл қуатын жұмсап қана іске асыра аламыз.  



 

Өзіндік бақылау сұрақтары 

1. Ұлттық тәрбиенің қайнар көздеріне нені жатқызамыз? 

2. Қазақстандағы ұлттық тәрбиенің даму деңгейі қаншалықты?  

3. Ұлттық тәрбиенің түп төркіні неден бастау алады? 

4. Әлемдік дағдарыс пен жаһандану үдерісінің ұлттық тәрбиенің дамуына әсері бар ма? 

5. Қазақ отбасындағы ұлттық тәрбиені ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсетіп беріңіз? 

6. Жаһандану дәуірінде ұлтты сақтап қалатын ұлттық құндылықтар дегенмен келісесіз бе? 

Құндылық дегеніміз не? 

7. Қазақстандық патриотизмнің негіздері мен қалыптастыру жолдарын көрсетіңіз? 

8.  Салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  ырым-тыйымдардың  ұлттық  тәрбиемен  байланысы  жайлы 

айтыңыз? 

9. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың қолданылу аясын көрсетіңіз? 



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Назарбаев  Н.  Туған  елім  –  тірегім,  (Құрастырғандар  М.Қасымбеков.  Қ.  Әлімқұлов).  – 

Алматы, 2001. – 128 б 

2. Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие – ұлағатты іс. – 52 б. 

3. Назарбаев Н. Қазақстан  – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі 

және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім, 

1998. – 256 б. 

4. Жұмабаев М. Шығармалар. 2, 3 Т. – Алматы: Білім, 1996. – 512 б.  

5. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – М.: Педагогика, 2000. – 188 с. 

6. Әдібай Табылды. Этнопедагогикалық оқылымдар. – Алматы: Білім, 2006, 2-кітап, – 312 б. 

7.  Көбеев  С.  Таңдамалы  шығармалар  /Құрастырған:  Қирабаев  С./.  –  Алматы: 

Көркемәдебиет баспасы, 1960. – 295 б. 

8.  Бөлеев  Қ.,  Ибраимова  Л.Н.  Қазақ  этнопедагогикасындағы  отбасылық  тәрбие.  Оқу 

құралы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2008. – 156 бет 

9.  Ахметов  Ш.  Қазақ  балалар  әдебиеті  /Жоғары  оқу  орындары  мен  педучилищелердің 

студенттеріне арналған оқулық.  – Алматы: Мектеп, 1974. – 176 б. 

 

 

 



 

 

 

211


 ~ 

 

ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕРДІҢ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 



МАЗМҰНЫ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ 

 

Джаксыбаева Майра Калькузовна 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО ПҚБАИ Академиялық бөлімінің бас маманы 



Райымбекова Сапаркүл Егізбайқызы 

№59 жалпы орта мектеп директорының әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары 



 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауында:  «Біздің  болашаққа  барар  жолымыз  қазақстандықтардың  әлеуетін  ашатын 

жаңа  мүмкіндіктер  жасауға  байланысты.  ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел  дегеніміз  –  белсенді, 

білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім 

беру  жүйесі  бар.  Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсартуда  бізді 

ауқымды жұмыс күтіп тұр» – деді .  

Қазіргі  кезде  «білім»  ұғымының  мағынасы  өте  терең,  ол  өзінің  құрамына  өмірдің 

әлеуметтік  және  мәдени  жағдайларын  да  қамтиды.  Сондықтан  оқушылардың  мәдени 

құндылықтарды,  әртүрлі  іс-әрекет  түрлерін,  білім  мен  білік,  дағдыларды  меңгерулеріне 

мүмкіндік  тудырады.  «Білім  беру  сапасына»  оқыту  мен  оқу,  тәрбиелеу  мен  өзін-өзі 

тәрбиелеу,  дамыту  мен  өздігінен  даму,  тұлғаның  әлеуметтенуі  мен  жан  дүниесінің  өсуі 

жатады.  Сондықтан  білім  беру  саласы  қоғам  мен  өркениеттің  проблемаларын  шеше 

отырып, білім сапасының маңыздылығын арттырады.  

Білім  беру  –  оқу  орнында  ғылыми  мағлұмат  беріп,  адамның  танымын,  білімін, 

дағдысын,  дүниеге  көзқарасын  жетілдіру  процесі,  қоғам  мүшелерінің  мәдениетін 

дамытудың  негізгі  шарты.  Білім  берудің  мақсаты  –  қоғам  мүшелерінің  адамгершілік, 

интеллектуалды,  мәдени  және  олардың  дене  бітімінің  дамуында,  кәсіптік  біліктілігінде 

жоғары  деңгейге  қол  жеткізу  болып  табылатын  тәрбие  мен  оқытудың  үздіксіз  процесі, 

жүйеге  келтірілген  білім,  білік,  дағды  және  ойлау  тәсілдері  көлемін  меңгерту  және  оның 

нәтижесіне қол жеткізу.  

Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттері  –  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 

құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға, 

дамытуға  және  кәсіпке  үйретуге  бағытталған  біліммен  қамтамасыз  ету  болып  табылады. 

Білім беру, оқыту мен өздігінен іздену негізінде жүзеге асырылады.  

Білім беру мекемелерінің басты мақсаты – тұлғаның сапалы білім алуына жағдай жасау деп 

түйіндеуге болады.  

Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  30  елдің  қатарына  кіру 

стратегиясы қоғам өмiрiнiң барлық саласында, соның iшiнде тұлға қалыптасуының негізін 

қалайтын  орта  мектептің  жұмысын  басқаруын  жетілдіруге,  білім  берудің  жаңа 

идеологиясына және білім мазмұнына құзыретті тұрғыдан келуге, сонымен қатар мақсаттар 

мен күтілетін нәтижелерге ерекше назар аударуды қажет етеді. 

Ал  басқару  дегеніміз  –  неғұрлым  аз  уақыт  және  ресурс  жұмсау  арқылы  нақты 

нәтижеге жету үшін басқарылатын нысанға (тұлғаға, ұжымға, технологиялық үдеріске және 

т.б.)  үздіксіз  әсер  ету.  Басқару  жүйесіндегі  әр  маман  басқарудың  теориясын,  тәжірибесін 

меңгеруі, өз қызметіне нақты мақсат қоя білуі, басқару бойынша шешімдер қабылдап және 

ол шешімдер үшін жауапты болуы тиіс.  

Басқару  теориясында  басқарудың  жалпы  қабылданған,  нақты  формалары  мен 

тәсілдері  жоқ.  Басқарудың  қолданыста  жүрген  тәсілдері  негізінен  шартты  сипатқа  ие. 

Басқару  жүйесін  жетілдіру  –  өмір  талабына  сай,  біртіндеп  жүзеге  асырылатын  проблема. 

Басқарудың жаңа формалары мен тәсілдеріне өту - ұйымдастыру жұмыстарын жетілдірудің 

маңыздылығын растайды. Білімді басқару жүйесінде басқарудың негізгі, бастапқы сатысы 

жалпы білім беретін мектептер болып табылады. Мектепті басқару ұйымдарының іс-әрекеті 

оқу  жылының  соңында  ақырғы  нәтижеге  қарап  бағалануы,  сонымен  қатар  басқару  ашық 



212


 ~ 

 

түрде,  яғни  үнемі  ашық  есеп  жағдайында  кез-келген  мұғалім,  ата-ана,  қоғам  мүшесі 



«төменнен бақылау» тәсілі арқылы мектептің өмірінен хабардар болуы тиіс.  

Білім  сапасын  бағалау,  басқару  және  қамтамасыз  ету  мәселелерін  кешенді  түрде 

қарастыру  мониторингтік  зерттеулер  жүргізу,  білім  беру  жүйесінің  әр  түрлі  деңгейлерін 

(ұлттық,  аймақтық,  білім  беру  ұйымы,  білім  алушы)  сипаттайтын  көрсеткіштері  мен 

индикаторлардың  анықтамалары,  сыртқы  және  ішкі  бағалауды  үйлестіру  ретінде  білім 

сапасы  мониторингінің  жаңа  жүйесін  жасау  мен  жетілдіру  және  бірыңғай  ақпараттық 

деректер қоры арқылы жүзеге асырылады.  

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  мониторингі  (ҚР  білім  беруді  басқарудың 



ақпараттық  базасы  және  дамыту  жолдарын  болжау  ретінде)  білім  беру  сапасын 

бағалаудың Ұлттық жүйесінің келесі механизмдерді жетілдіруі арқылы жүзеге асырылады:  

- білім беру сапасын ішкі бағалау;  

- білім беру сапасын сыртқы бағалау;  

- әртүрлі мониторингтік зерттеулер.  

1.  Қазақстан  Республикасында  білім  сапасын  ішкі  бағалау  жүйесі  (ҚР  білім  сапасын 

бағалау мен бақылау жүйесі ретінде).  

Білім  ұйымдарының  өздері  қамтамасыз  ететін  білім  сапасын  кепілдендірудің 

әзірленген механизмі (өзін-өзі бағалау, сапа менеджмент жүйесі және т.б.). Жаңа білім беру 

жоспарының  талабы,  12  жылдық  білім  беруге  көшу  бағдарламалары  шарттарымен, 

оқушыларды аралық аттестаттау шеңберінде әзірленеді және бекітіледі.  

Білім  сапасын  іштей  бағалау  жүйесін  құруда  білім  сапасын  пайдаланушының  заңды 

мүддесін  қамтамасыз  ету  және  білім  алу  жүйесін  мемлекеттік  кепілдендіруді  қамтамасыз 

ету қажеттілігімен жүреді.  



Білім  сапасын  бағалау  барысында  келесі  жағдайларды  көрсетіп  кету 

керек:оқушылардың білім сапасын бағалау тек тестілеуге ғана тәуелді болмауы (дегенмен 

бұл  білім  сапасы  көрсеткіштерінің  бірі  болып  қала  береді);  білім  сапасын  бағалау  білім 

мекемесінің барлық бағыттағы қызметін қарастыра отырып, кешенді түрде іске асырылуы 

тиіс.  Мектеп  ұжымының  алдында  тұрған  ең  басты  міндет  –  бұл  білім  сапасын  басқаруды 

жетілдіру. Білім беру процесінде барлық  қатысушылар жағынан күш сала және неғұрлым 

уақытты  аз  пайдаланып  жоғары  нәтижелер  алуға  мүмкіндік  беру,  ендеше  бұл  дәйектеме, 

шараны жүзеге асыру және таңдау.  

Педагогикалық  мониторинг  бұл  міндеттерді  шешуде  маңызды  рөл  атқарады. 

Мониторингті енгізу барлық жалпы білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады.  

Мектептің  білім  сапасын  бағалау  жүйесінің  моделі  бірнеше  компоненттен  тұруы  мүмкін: 

оқушылардың  білім  сапасын  бағалау  тек  тестілеуге  ғана  тәуелді  болмауы  (дегенмен  бұл 

білім  сапасы  көрсеткіштерінің  бірі  болып  қала  береді);  білім  сапасын  бағалау  білім 

мекемесінің барлық бағыттағы қызметін қарастыра отырып, кешенді түрде іске асырылуы 

тиіс.  Педагогикалық  мониторинг  бұл  міндеттерді  шешуде  маңызды  рөл  атқарады. 

Мониторингті енгізу барлық жалпы білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады.  

Мектептің білім сапасын бағалау жүйесінің моделі бірнеше компоненттен тұруы мүмкін:  

1. Мазмұнды компонент, мынадай  кезеңдерден тұрады:  

- білім сапасы жайлы  ұсыныстар қалыптастыру;  

- сапа бағаларының әдістемелік тәсілдері;  

- білім сапасын сараптау;  

- мектептік білім сапасын бағалау жүйесінің бағдарламаларын әзірлеу.  

2. Басқарушылық компонент келесі жүйелерге бөлінеді:  

- қоғамдық-басқарушылық жүйесі;  

- әдістемелік қызмет жүйесі;  

- әлеуметтік-психологиялық, тәрбиелік қызмет жүйесі;  

- бағалау-бақылау, сараптамалық қызмет жүйесі.  


213


 ~ 

 

3.  Технологиялық  компонент  инварианттық  (аймақтық,  муниципалдық)  және  вариативтік 



(мектептік)  бағалау  технологиясынан  тұрады  және  келесідей  технологиялары  болуы 

мүмкін:  

−  арнайы  басқарушылық  ақпараттарды  жеткізу  және  өндеу  технологиялары  (бақылау-

тексеру технологиялары).  

− білім сапасының әлеуметтік-экономикалық мониторингі технологиялары (мониторингтік 

технолгиялар).  

− білім сапасының әлеуметтік-педагогикалық мониторингі технологиялары.  

4.  Оқу  сапасын  бағалау  мектеп  жүйесінің  ұйымдастырушылық-қызмет  компоненттері 

көрсеткіштер  жүйесі  негізінде,  диагностикалық  әдістеме  банкі,  бақылап  өлшеу 

материалдары құрылып, мониторинг жүйесі; әлеуметтік-педагогикалық диагностика жасау 

жүйесі;  мектепішілік  бақылау  жүйесі;  педагог  кадрларды  аттестациялау  жүйесі;  қоғамдық 

сараптама жүйесі көмегімен жұмыс істейді.  

Білім  процесін  құрайтын  және  негізгі  субъектілер  негізінде  құрастырылатын,  білім 

беру  процесі  сапасының  ішкі  жүйесін  бағалауды  жасау  білім  беру  сапасын  бағалау 

жүйесімен  реттеледі.  Келесі  бағалау  құралдарын  қолдану  арқылы  білім  беру  сапасының 

ішкі  жүйесін  қарастырамыз:  оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы;  білім  сапасының  ішкі 

мониторингі; білім беру бағдарламаларын бағалау; білім беру мекемелерінің оқушылардың 

білім  сапасын  бағалау  тек  тестілеуге  ғана  тәуелді  болмауы  (дегенмен  бұл  білім  сапасы 

көрсеткіштерінің бірі болып қала береді); білім сапасын бағалау білім мекемесінің барлық 

бағыттағы  қызметін  қарастыра  отырып,  кешенді  түрде  іске  асырылуы  тиіс.  Оқу 

қызметтерінің  нәтижесі:  пәндер  бойынша  оқушылардың  үлгерім  деңгейі,  білімдегі 

кемшіліктерінің себебі; оқушылардың білім деңгейі; жалпы оқу қабілеті мен дағдыларының 

қалыптасу деңгейі.  

Оқушылардың  оқу  әрекеті  нәтижесінің  мониторингі  жалпы  білім  беру  мекемелерінің 

нормативті-құқықтық құжаттарына сәйкес іске асырылуы тиіс, мәселен:  

- Оқушылардың ағымдағы үлгерімін бақылау ережесі.  

- Оқушыларды қорытынды және аралық бақылау ережесі.  

- Оқушыларды келесі сыныпқа көшіру тәртібінің ережесі.  

- Мектептің аттестациялау комиссиясы, емтихан комиссиясы ережесі.  

- Оқушының портфолиосы ережесі.  

- Лауазымдық (мектепішілік) бақылау ережесі.  

Оқушылардың  оқу  барысындағы  білім  жетістіктері  нәтижесінің  мониторинг  нысаны, 

жалпы білім беру мекемелері болып табылады.  

2.  Қазақстан  Республикасында  білім  сапасын  сыртқы  бағалау  жүйесі  (ҚР  білім  сапасын 

бағалау мен бақылау жүйесі ретінде).  

1)  Оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау  (ОЖСБ)  –  білім  сапасын  бағалаудың  білім  беру 

ұйымынан  тәуелсіз  мониторингінің  бір  түрі  болып  табылады.  Оқу  жетістіктерін  сырттай 

бағалау  білім  беру  қызметінің  сапасын  бағалау  және  оқушылардың  негізгі  орта  білім 

берудің оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейлерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.  

2)  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  (ҰБТ)  –  жалпы  орта  білім  беру  ұйымдары  оқушыларын 

қорытынды  аттестаттау  формаларының  бір  түрі,  сонымен  қатар  жоғары  білім  беру 

ұйымдарына түсу емтихандары ретінде қолданылады.  

3)  Білім  беру  ұйымының  қызметін  бақылау  және  аттестаттау  –  ведомстволық 

бағынысына  және  меншіктік  формасына  қарамастан,  білім  беру  саласының  облыстық, 

республикалық  маңызы  бар  қалалардың  және  астананың,  аудандардың,  олардың  құзіреті 

шегінде  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  немесе  қажет  болған  жағдайда  орыс 

тілінде өкілеті органдармен жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізіледі.  

Білім  беру  органдарын  аттестаттауды  өткізу  барысында  білім  беру  ұйымдары  ұсынатын 

қызмет  түрлерінің  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының 

талаптарына сәйкестігі анықталады.  

Аттестаттауды өткізу барысында зерделенетін нысандар:  



214


 ~ 

 

1) білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы;  



2) кадрлық құрылымы;  

3) оқушылар контингенті;  

4) оқу-әдістемелік жұмыс;  

5) оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме;  

6) оқу-материалдық активтер;  

7) оқу және ғылыми зертханалар;  

8) ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры;  

9) оқушылардың білімін бағалау;  

10) ғылыми-зерттеу жұмысы;  

11) кәсіптік тәжірибе.  

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  білім  сапасын  басқару  жұмыстарын  мазмұнына 

қарай:  оқу-тәрбие  жұмысы,  әдістемелік  жұмыс,  сабақтан  тыс  оқу-тәрбие  жұмысы  және 

ғылыми-тәжірибелік жұмыс деп төрт топқа бөлуге болады, бірақ аталған іс-әрекет түрлері 

бір-бірімен  тығыз  байланыста,  сабақтастықта  болған  жағдайда  ғана  жоғары  нәтижелерге 

жетуге болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, білім беру әрекетінің сапалы болуы үшін мектеп 

оқу-әдістемелік, психологиялық, медициналық, материалдық-техникалық, ақпараттық және 

еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі қызметтерімен қамтамасыз етілуі міндетті шарт.  

Мектептің  білім  беру  қызметінің  негізгі  түрі  оқу-тәрбие  жұмысы.  Оқу-тәрбие 

жұмысы  мектепте  жүргізілетін  барлық  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыруды  және  өткізуді, 

оқушылардың теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейін ағымдық және қорытынды 

бағалауды,  оқушылармен,  мектеп  құжаттарымен  жұмыс  істеу  барысында  Қазақстан 

Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілерінің талаптарының 

орындалуын  бақылауды  қамтиды.  Мемлекеттік  білім  беру  стандарттарына  сәйкес 

әзірленген оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары қазақстандық мектептердің оқу-тәрбие 

жұмысындағы негізгі құжаттар болып табылады.  

Жалпы  білім  беретін  мектептер  білім  сапасының  жоғары  болуын,  басқару 

жұмысының  дұрыс  атқарылуына  көңіл  бөліп,  өз  қызметінің  бағыт-бағдарын  мемлекеттік 

құжаттарға  сәйкестендіре  жоспарлай  білуі  тиіс.  Мектептің  әкімшілігі,  мұғалімдер  ұжымы 

оқушыларға  терең  білім  мен  сындарлы  тәрбие  беруі  үшін  өз  жұмысын  жан-жақты  және 

алдын-ала  ойластырып,  рет-ретімен  жүргізуінің  маңызы  зор.  Мектеп  жұмысын  алдын-ала 

жоспарлау  жалпы  ұжымды  және  оның  әр  мүшесін  белгілі  бір  жүйеге  келтіріп,  мақсатқа, 

нәтижеге бағыттап жұмыс істеуге жұмылдыру үшін қажет. Мектеп жоспарының тиімділігі 

өткен уақытта (мысалы, өткен оқу жылында) орындалған жұмыстардың нәтижесін саралап, 

талдап,  жетістіктер  мен  кемшіліктерін  атап  көрсету  арқылы  оларға  баға  беру,  алдағы 

уақытта  атқарылатын  жұмыстарды  жоспарлау  барысында  жіберілген  кемшіліктерді 

жоюдың  жолдарын  іздестіріп,  жоспарлау,  баса  көңіл  аударылуы  тиіс  жұмыстарды 

айқындау мүмкіндігі.  

Заманауи мектептегі  білім сапасын басқаруда мектептің даму жоспарының маңызы 

зор.  Ол  өнімділіктің  қазіргі  деңгейінің  талдауы,  қазіргі  үрдістер  мен  болашақ  факторлар 

мектептерге қаншалықты әсер ететіндігіне, мектептің берген бағасының негізінде жасалады 

және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайды.  

Жоспарлаудың  нәтижелілігі  –  әрбір  табысты  ұйымның  маңызды  элементі.  Мектеп 

жағдайында бұл үдеріс:  

• мектептің моральдық мақсатын, мәдениетін және мүдделерін растауды;  

• мектептің қазіргі қалпын, оқыту және оқу сапасын жетілдіру салаларын және таяудағы 3 

жыл бойы мектепті басқару мен дамуына әсер ететін басқа да факторларды бағалауды;  

• қорлардың деңгейі және оларды басқаруды;  

• мектептің бірнеше жыл ішінде қол жеткізгісі келетін жетістіктерді (көп жағдайда келешек 

істерге қатысты сандық мақсаттар арқылы көрінеді);  

• ол жетістіктерге жету жолдарын;  

• ілгерілеуді өлшеу уақыты мен жолын қамтиды.  


215


 ~ 

 

Сондықтан төмендегідей зерттеу жүргізуді ұсынамыз . Ол алты бөлімнен тұрады.  



Осыған сәйкес даму жоспарына төмендегідей ұсыныстар келтіреміз.  

Мұғалімдерді  мектептің  даму  жоспарын  әзірлеуге  қатыстыру.  Ол  үшін  бұрынғы  даму 

жоспарын  мұғалімдерге  талдату.  Мұғалімдер  әзірлеген  мектепті  дамытуды  талдау 

қорытындылары мен жұмыс жоспарының нәтижелерін жоспарға қосу. Даму үдерісін жүзеге 

асыру  туралы  рефлексиялық  есепті,  сондай-ақ  коучинг  және  тәлімгерлік  сабақтарының 

жоспарларын қамыту; аталған екі тәсілді қолдану арқылы өткізілген сабақ жоспарларының 

үлгілерін  қосымшада  беру.  Өзгеріс  енгізу  шараларының  оқушыларды  оқыту  мен 

мұғалімдерді  дамытуға  ықпалы  туралы  толық  сараптамалық  есеп  түрінде  болады,  бұл 

мұндай өзгерістерге дейін және одан кейін жинақталған деректерге, сонымен қатар өзгеріс 

енгізу үдерісінде жиналған өзге де сапалық деректерге негіздеу.  

Қорыта келе, білім беру  сапасын басқару  – қазіргі педагогикалық  теория, практика 

талаптарына  сай  келетін,  жеке  тұлға,  қоғам  мен  мемлекеттің  білімге  деген  қажетін 

қанағаттандыра  алатын  білім  берудің  маңызды  белгілерінің  жиынтығы.  Сондықтан, 

мектептің жұмысын басқару құзыретті білім беру моделіне негізделсе білім алушылардың 

әлеуметтенуінің  даярлық  деңгейінен  көрініс  табатын  білім  берудің  күтілетін  нәтижелері 

олардың  оқу  және  өмірлік  мәселелерді  шешудегі  өнімді  іс-әрекеттерін  ұйымдастыруға 

ықпал  етеді.  Ол  үшін  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  халықаралық 

стандарттарға  сәйкес  дамыту,  яғни  еліміздегі  білім  беру  саласына  ең  озық  халықаралық 

тәжірибелерді кіріктіру міндеттері тұр.Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептің білім 

сапасын тиімді басқару үшін отандық және шетелдік тәжірибемен танысу қажет. 

Біздің пікірімізше, қазіргі мектептердің білім сапасын басқару жүйесін тиімді ұйымдастыру 

жолға  қойылса,  мектептің  білім  сапасы  артып  мұғалімдердің  шығармашылықпен  жұмыс 

істеуіне жағдай жасалады, ол оқушылардың құзіреттілігін дамытуға мүмкіндік береді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

2014 жылғы 17 қаңтар http://taran.gov.kz/node/4232. 

2.  Жоғары  қамқоршылық  кеңесінің  2013  жылғы  18  сәуірдегі  шешімімен  мақұлданған 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2020 жылға дейінгі даму 

стратегиясы. -Астана, НЗМ баспасы, 2013.  

3.  Макарова  Т.Н.  Учебный  прцесс:  планирование,  организация  и  контроль  (методическое 

пособие  для  заместителей  директоров  школ  по  учебно-воспитательной  работе).  Часть  І.  -

М.: Центр «Педагогический поиск», 2001. 

4. Шамова Т.И. Внутришкольное управление: вопросы теории и практики / Т.И. Шамова.  - 

М.: Педагогический поиск, 1991.  

 

 

ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ 



 

Әлімбекова А, Сугирова Б, Тасқараева Қ 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ  

аға оқытушылары 

 

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру 



кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты 

болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа 

көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие 

мен  білім  беруде  мұғалімдердің  инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық 

негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. 

Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттық  мәліметтер  ағыны  күшейген 

заманда  ақыл-ой  мүмкіндігін  қалыптастырып,  адамның  қабілетін,  талантын  дамыту  білім 


216


 ~ 

 

беру мекемелерінің басты міндеті. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару 



мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да 

әрбір  оқушының  қабілетіне  қарай  білім  беруді,  оны  дербестікке,  ізденімпаздыққа, 

шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын оқытудың инновациялық технологияларын 

меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде 

оқу үрдісін ұйымдастыру оқытудың инновациялық технологияларын ендіруді  міндеттейді. 

Ұлы Абай жиырма бірінші қарасөзінде «Ғылым, өнер – дүниенің кілті. Оны білгенге 

дүние  арзанырақ  түседі»  –  дейді.  Абай  «ғылым,  өнер»  дегенде  алдымен  білімді  меңзеп 

отырса  керек.  Өзі  өмір  сүрген  ХІХ  ғасырда  халқының  жаппай  сауатты  болуын  аңсаған 

ағартушы,  ойшыл  ақын  қазақтың  тек  ғылым-білімнің    арқасында  ғана  озық  елдің  ойлы 

азаматы  атанарына  сенген.  ХХІ  ғасырдың  Абай  заманынан  уақыт  айырмашылығы 

болғанымен, ғылым-білім, мақсат-мүдде  хақында түсінік өзгерген жоқ. Бәсекеден тұратын 

бүгінгі әлемде ұлтымыздың өзгелерге тәуелді болып кетпеуі үшін басты тегеурені  – білім 

болмақ.  Ал  білім  беру  жүйесіне  инновациялық  технологиялардың  енгізілуі,  оқытудың 

дәстүрлі  өнімсіз  стилін  ығыстырып,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыруға,  яғни  танымдық  белсенділігі  мен  өзіндік  ойлауын  қамтамасыз  ететін 

дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуге жол ашады. Әлемдік білім беру жүйесіне 

негізделген осындай басым бағыттарды көздей отырып, оқушының ойы озық, саналы, дара 

тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету басты нысанада қарастырылады. 

Мұғалімнің  рөлі  оқушының  өз  әлеуетіне  сүйеніп  және  оқыту  технологиясын 

қолданып,  өздігінен  білім  алатын  білім  беру  ортасын  құру  болып  табылады.  Білім  беру 

саласындағы осындай мазмұндық өзгерістер талабынан оқыту әдістемесін жетілдіру, білім 

беру  ісін  инновацияландыру  мәселесі  туындап  отыр.  Осыған  орай  Қазақстан 

Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі-

оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 

ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. 

Инновациялық  технология  түрлері  саналуан,  оларды  таңдау  және  одан  шығатын 

нәтиже мұғалімнің кәсіби біліктілігіне байланысты. Педагогикалық технологияларды білім 

беру  жүйесіне  енгізу  жүйелі  әрі  мақсатты  түрде  жүргізілгенде  ғана  жетістікке  жетуге 

болады.  

Қазақстандық  ғалым  Ғ.М.Құсайновтың  пікірінше,  педагогикаклық  технология  – 

мұғалімнің  жоспарлаған  оқу  мен  тәрбиелеу  жолындағы  мақсаттар  мен  нәтижелерге  жету 

және  сабақ  беру  үрдісіндегі  ұжымдық  оқыту  әдісі.  Себебі  ұжымдық  оқыту  әдісі  қазіргі 

заман талабына сай жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді 

деп  есептейді.  Сондықтан  ғалым:  «Педагогикалық  технология  –  оқу  жоспарлары  мен 

бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың  өздері бірін-бірі оқыту арқылы 

меңгеру үрдісі», –десе , ғалым Ж.Қараевтың пікірінше, «Технология дегеніміз – әдістемелік 

жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын жобасы, 

ал  педагогикалық  жағдаяттарға  сай  қолданылатын  әдістер,  тәсілдер  оның  құрамды  бөлігі 

болып табылады» .  

Елімізде  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындары  үшін  білім  беру  технологияларын  

ойластырып, ғылым мен практиканы ұштастыра зерттеп жүрген ғалымдарымыз баршылық. 

Атап  айтар  болсақ:  «Оқытудың  үшөлшемді  әдістемелік  жүйесі»  (Ж.А.Қараев, 

Ж.У.Кобдикова),  «Сатылай  кешенді  талдау  технологиясы»  (Н.А.Оразыхынова)  т.б. 

педагогикалық технологияларды жатқызуға болады.  

Кез  келген  технологияны  білім  беру  үрдісінде  енгізуде  міндетті  орныдалуға  тиісті 

шарт  бар.  Ол  шарт  –  технологиямен  толық  қаруланған  мұғалім.  Себебі  кез  келген 

технологияның білім беру үрдісіне дендеп енуіне тікелей қызмет ететін – мұғалім.  Ол үшін 

мұғалім  технологияны  меңгеріп  қана  қоймай,  оны  өз  тәжірибесінде  нақты  қолдана  алуы, 

сондай-ақ өзінің анализі, рефлекциясы арқылы өзін-өзі жетілдіріп, отыруға тиіс.  

Инновациялық  технологиялардың  барлығына  ортақ  тән  белгілер  –  жаңашылдық, 

жүйелілік,  үнемділік,  тұтастық,  дамытушылық,  субъект-субъектілік  қарым-қатынастар. 


217


 ~ 

 

Сондай-ақ  білім  беру  технологиялары  –  оқытудың  ұтымды  жолдарын  зерделейтін,  оқу 



үрдісінде  түрлі  әдіс-тәсілдерді  мақсатты  түрде  жұмылдыратын,  оларды  сабақта  жүзеге 

асырудың жолдарын көрсететін, жаңа ұстанымдар жүйесін ендіретін күрделі құбылыс.  

Оқу  үрдісіне  педагогикалық  технологияларды  енгізудің  қажеттілігі  қандай  деген 

сұрақ  туындайтыны  белгілі.  Кез  келген  технологияны  мақсатты  түрде  білім  беру  үрдісіне 

енгізетін  болса,  мұғалім  өзі  басшылыққа  алып  отырған  технологиясының  мақсатын, 

міндетін,  ерекшелілігін  жете  түсінеді,  сол  арқылы  оң  нәтижеге  қол  жеткізумен  қатар 

шығармашылық  белсенділігі  артып,  қол  жеткізген  жетістігін  өзі  саралай  алады, 

әріптестерімен бәсекелестікте жаңа сапада жұмыс жасайды.  

Ұстаздар  арасында  белгілі  бір  технологияны  басшылыққа  алып,  оны  білім  беру 

үрдісінде  нәтижеге  бағыттап  жұмыс  жасап  жүргендері  өз  ісінің  хас  шеберлері  десек 

қателеспеспіз. 

Мәселен,  «Оқытудың  үшөлшемді  әдістемелі  жүйесі»  педагогикалық  технологиясы 

жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді 

талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы 

белсенділігіне  аса  назар  аударады.  Оқушы  өзі  ізденіп,  өзі  оқып,  өзі  үйренеді.  Сабақта 

проблемалық оқыту іске асырылады. Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады, 

оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, 

қабілеттерін, қызығушылықтарын  анықтауға бөледі. 

Оқушының  қызметі  көптеген  тұлғалық  қасиеттеріне  қарай  бағаланады 

(интеллектуалды  дамуы,  тіл  мәдениеті,  дербестігі,  жауапкершілігі  т.б.).  Әрбір  оқушының 

дамуы  басқа  оқушымен  емес,  өзімен  салыстырылады.  Оқушыға  өзін-өзі  бағалауға 

мүмкіндік беріледі.  

Бұл  технологияда  жеке  оқыту  мен  топтық  оқыту  түрлері  негізі  болып  табылады.  

Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. 

Мұнда  қажетті  жағдайда  оқушылар  бір-бірінен  көмек  сұрай  алады,  ортақ    міндеттерді 

шешеді. Бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін 

түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады.  

Жеке  оқыту  түрі  оқушыға  кейбір  тапсырмаларға  тереңінен  тоқталуға  мүмкіндік 

береді,  өзінің  де,  мұғалімнің  де  алдында  тапсырмаларды  орындау  нәтижесіне  жауапты 

болуға  үйретеді.  Оқытудың  бұл  түрінің  негізгісі  –  оқушыға  сенімділік,  өзіне  жауап  беру 

қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау  қасиеттерін ынталандыру.  

Бұл оқыту технологиясы оқушыларға жұмыс міндетті үш деңгейлік:   

1-деңгей  –  оқушылық,  2-деңгей  –  алгаритмдік,  3-деңгей  –  эвристикалық  және  4-

қосымша шығармашылық деңгей  талаптарынан тұрады. 

Деңгейлік  тапсырмалардың  басты  мақсаты  –  сынып  оқушыларын  «қабілетті-

қабілетсіз»  деген  жіктерге  бөлуді  болдырмау.  Сабақта  қандай  оқушы  болмасын,  жақсы 

оқитынына қарамастан жұмысты  1-деңгейден бастап орындайды. 1-деңгей тапсырмаларын 

орындау  –  мемлекеттік  білім  стандарты  мазмұының  ең  аз  қажетті  көлемін  меңгеруге 

кепілдік береді. Әрбір оқушы бірінші деңгейдегі тапсырмаларды орындауға міндетті және 

одан  жоғары  2-4  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындауға  құқылы.  Барлық  деңгейді 

орындауды  сыныпта  үлгермей  жатқан  жағдайда  қалған  тапсырмаларды  үйде  орындауға 

мүмкіндік    алады.  Сол  арқылы  әр  оқушының  қабілетіне,  жеке  оқу  қарқынына  қарай  үй 

тапсырмасын  саралап  беру  мәселесі  шешіледі.  Демек,  үй  тапсырмасы  дәстүрлі  жағдайдан 

ерекше,  деңгейлік тапсырмалар қатарында ескеріледі.  

«ОҮӘЖ»  технологиясы  білім  сапасының  нақтылы  нәтижелілігіне,  жеке  тұлғаға 

бағытталған оқытудың жаңа үлгісі ретінде білімнің кешенді жүйесін құруда ұлттық ғылыми 

құндылығымен ерекшеленеді. 

Ал  «Сатылай  кешенді  талдау»  технолгоясы  –  күрделі  құрылымды,  біртұтас 

педагогикалық  жүйе.  Оның  нәтижесінде  әр  оқушының  өзін-өзі  өзгертуші  субъект 

дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.  



218


 ~ 

 

Сатылай  кешенді  талдау  дегеніміз  –  оқыту  мақсаты,  міндеттері,  әдіс-тәсілдері, 



өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді 

меңгертіп,  оларға  ұлттық  құндылықтарды  бағалай,  қолдана  білуге  машықтандыратын 

оқыту.  

Аталмыш технология – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік 

пен  дағдыны  қалыптастырумен  ғана  шектелмейтін,  баланың  жалпы  тұлғалық  дамуына, 

ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің 

жақсы  үйлесімді  дамуына  бағытталған  оқытудың  түрі,  яғни  оқушылардың  танымдық 

қасиеттенін дамытуда бұл технологияның пайдасы зор. 

«Сатылай кешенді талдай оқыту» технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы 

қарым-қатынас  жаңа  қағидаларға  негізделеді.  Олар:  ынтымақтастық,  өзара  сыйластық, 

түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі – 

оқушыларды жақсы, жаман, орташа деп бөлмей, тек материалды өте жылдам, жылдам, баяу 

қабылдауына  қарай  тапсырманы  да  он  деңгейге  икемдеп,  барлық  баланың  дамуы  үшін 

қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады.  

Оқушының  шығармашылық  қабілеті  оның  ойлауы  мен  практикалық  әрекеттері 

арқылы  дамиды.  Ойлауға  үйрететін  сабақтар  –  «Сатылай  кешенді  талдау»  технологиясын 

қолдану  сабақтары  болып  табылады.  Бұл  технология  бойынша  өткізілген  сабақтарда 

оқушыда  ерекше  ақуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасында  ынтымақтастық  қатынас 

қалыптасады.  Мұғалім  бұл  жағдайда  дайын  білімді  түсіндіріп  қоюшы,  бақылаушы, 

бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек 

осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.  

Осыған сәйкес сабаққа қойылатын талап та мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді. 

Мұғалім  сабақ  үрдісінде  материалды  дайын  күйінде  бермей,  оқушы  ізденісіне  жол 

ашатындай, түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын 

мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, жеке адам болып қалыптасады.  

Дегенмен  де,  әліде  болса  білім  беру  ісінде  уақыттың  көбі  баланы  жалықтыратын 

баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалады. Осы себептен оқушы 

игерген білімін іс-әрекетте пайдалана алмау қиындығына тап болады. Ал оқушыны сатылай 

кешенді талдау технологиясымен оқытатын болсақ, ізденушілік – зерттеушілік әрекеттерін 

ұйымдастыру жағдайы басты назарда болмақ.  

«Сатылай  кешенді  талдау»  технологиясының    дәстүрлі  оқытудан  айырмашылығы: 

көздеген мақсатында, мазмұнында, білім берудің негізгі  факторында, мұғалімнің ролі  мен 

атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу 

үрдісін ұйымдастыру түрлерінде. 

ХХІ  ғасыр  –  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  ізгілендіру,  дамыту  ғасыры.  Қоғамның 

әрбір даму кезеңі ең алдымен сол қоғамға сәйкес жаңа адамды қалыптастыруды көздейтіні 

–  ешқашан  маңызын  жоймайтын  тарихи  құбылыс.  Олай  болса,  мұғалімдердің  алдында 

тұрған  бірден-бір  мақсат  –  оқушылар  алған  білімдерін  пайдаға  асырып,  өзара  әрекет  ете 

алатын, ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу.  

Сабақты  оқытудың  инновациялық  технологиясымен  өткізу  ––  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  арттырып,  олардың  шығармашылық  және  ойлау 

қабілеттерін  дамытып  отырады,  ал  педагогтар  үшін  кәсіби  шеберліктерінің  өсуіне 

жәрдемдеседі.  Жалпы  білім  сапасын  көтеру  бір  күндік  жұмыс  емес.  Ол  мұғалімнен 

шеберлікті, ізденісті қажет етеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет