Жуманова Райхан Муратовна, Имашева Гульнара Туткабаевна
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушылары,
Шымкент қаласы, ОҚО
«Дарындылық» дегеніміз не және ол қалай көрінеді? Ата-анасына нәрестенің
бойындағы талантын байқауға не мәжбүр етеді және неге осы жаңалығына мамандардан
тұжырымдама іздейді? Дарындылықтың жиі байқалатын түрі –бұл ерте сөйлеу мен сөздік
қор. Сонымен қатар, айрықша байқампаздық қызығушылыққа тоймау және есте жақсы
сақтау қабілеті. Дарындылықтың бұндай ерте байқалуы үздік ақыл-ой қабілетін білдіреді.
Тіпті, дарынды балалардың барлығы бірдей нәресте кезінде ата-аналарын өз талантымен
таң қалдыра бермейді.
Дарынды балалардың ерте сөйлеуі мен астракты ойлауға негізделген есте сақтауы
жақсы. Олар топтастыру қабілеті және мәлімет пен тәжірибені категориялау алынған
білімді кең көлемде қолдану ерекшелігімен байқалады. Олардың топтастыру мен шешімге
бейімділігі, дарынды балалардың ең сүйікті ісі коллекция жинау мысал бола алады. Оларға
өз коллекциясын жүйелеп жинау мен қайта жасау үлкен қуаныш сезімін әкеледі, бірақ,
әсемдеу, тәртіппен жинау оларға мақсат болып табылмайды [1].
Дарынды баланың эмоциональды сферасының негізгі ерекшеліктерінің бірін
көптеген зерттеушілер жоғарылатылған деп санайды. Бұның негізі интеллектуальды даму
ерекшеліктеріне түп-тамырымен кететін қатты сезімталдық деп есептейді. Дарын иесі тек
көзбен көріп ғана емес, оны сезеді. Бірнеше құбылыстардың артынан қарауға қабілетті
болып келеді. Әлдекімдер байқамағанды сезу, көру қабілетінің басым болуы заңды.
Сонымен қатар, әзіл-оспақ қабілеттілігі дарынды балаларда ерте кезінен қалыптасады. Бұл
дарындылықтың куәлігі және психологиялық қорғау механизмі.
Дарынды балалардың ата-аналарын ойландыратын мәселенің бірі – мектептегі оқу
кезінде кездесетін қиындықтар. Бұл қиындықтар дарынды бала туралы қоғамда
қалыптасқан түсінікке байланысты. Өйткені, «орта» қабілетті бала мектепте мақталады да
«ақылды» балаға сенімсіздік жасалады. Оның қабілеті көп жағдайда ескерілмейді. Соның
салдарынан дарынды балалар ерекшеленбеуге, көзге түспеуге тырысады. Ортаның осындай
ықпалының нәтижесінде дарынды бала өз қабілетін танып, дұрыс бағалай алмайды. Сөйтіп,
өз деңгейінде дамып жетілмей, шектеледі. Бұл жерде дарынды балаларды таңдап, олардың
бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірде дұрыс бағдар бере білуіміз қажет [2].
Ғылыми зерттеулерге қарағанда, дарынды, талантты балалардың миының
биохимиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы қабылданған
мәліметтерді қорытуға қабілетті. Әрине, кейде шамадан тыс, әлі жетпейтін мәселелерді де
меңгеруге талаптанатыны да байқалады. Дарындылар кішкентайынан-ақ себеп-салдарға
көңіл аударып, соған сәйкес қорытынды жасап отырады. Кез-келген жүйенің балама
моделін жасауды ұнатады. Мұндай қабілет шындықты тәжірибенің көмегінсіз ашуға негіз
болады. Оларға нейрондық хабар өте шапшаң беріледі. Мидың ішкі жүйесі көп
тармақталған, байланыстар саны өте көп. Үнемі іс-әрекетке даяр. Олар жинақталған
білімін, тәжірибесін кең пайдалана біледі, хабарларды жүйелеп бөліп, талдайды. Сөз қоры
мол, сөйлеуге қабілетті сұрақ қоя біледі. Дарынды балалар сөздіктер мен энциклопедияны
қызыға оқиды. Ой жұмысын талап ететін ойындарды қалайды. Қиындықтарды жеңе
отырып, талантты балалар танымдық дәйексіздікті тез шешеді. Күрделі әрі ұзақ
~
191
~
тапсырмаларды қызыға орындайды. Даяр шешуін айта салғанды ұнатпайды. Кейбір
балаларда математикалық қабілет, кейбірінде ой жұмысын талап ететін ойындарға,
көпшілігінде оқу қабілеті басым келеді. Дарынды балалар өте зейінді. Өзіне қызғылықты
мәселені шешуге талпынып, табандылық көрсетеді. Өмір тәжірибесінің аздығына
қарамастан әлі келмейтін мәселелерді шешуге тырысады. Сол себептен нәтижесіз ісіне
көңіл аудармай, оларды түсініп, әрекетіне басшылық жасау керек.
Дарынды балалар шыдамсыз, бірақ эмоциясы ересектерге тәуелді. Зерттеулерге
қарағанда, кішкене балалардың қорқынышы реальды болмайды. Қалада өскен ата-ана
баласының арыстан және жолбарыстан қорқатынын, ал реальды түрде одан автомобильдің
қауіпті екенін түсінуі қиын. Қорқынышты әсірелеп жібереді, себебі оның қауіптілігін
қиялдайды. Мектепке дейінгі кезеңде дарынды балалар – жағдайлар, құбылыстарды менің
түсінігім ғана деп танитын эгоцентристер. Бала қандай ақылды болса да, оның мұндай
әрекеті (қабылдауы) қалыпты жағдай болып саналады. Даму деңгейіне қарай бала
мәліметтерді түсініп, ойлауға қабілетті. Ғалымдар мұны матетаным деп атайды. Ол өзінің
заттар мен құбылыстарды қабылдауын басқалардың қабылдауына ұқсас деп түсінеді.
Басқалардың әлемді қабылдауы өзінен өзгеше екенін бала әлі түсіне алмайды. Сондықтан
құрдастарымен тіл табысуы қиындайды.
Дарынды балалардың қабілеттілігіне ортаның тигізетін әсері жан-жақты. Бала өз
талантын түрліше сезінеді. Отбасында іні, бауырларымен ойнағанда өз ерекшелігін сезінсе,
енді бірі мектепте құрдастарымен өзін салыстыру арқылы байқайды. Мұны сезіну мен
ақылмен түсіну екі түрлі іс. Өзін дұрыс бағалай білу үшін басқа адамдармен де тығыз
байланыста болып, артықшылығының аз ғана екенін мойындау керек. Баланың таным
процестері қабылдауы мен тәжірибесіне байланысты [3].
Сондықтан, тек сөзіне ғана қарап, талантты деу дұрыс бола бермейді. Бала қоршаған
ортаны зерттеу барысында, нақты неге күйі келіп, нені істей алмайтынын біледі. Ал
қоршаған ортадағы адамдар оның істеген ісін түрлі жолмен бағалайды. Әрі ол өзін
қоршаған адамдардың, ата-анасының өзіне көңіл аударғанын ұнатады. Ата-ана үшін өз
баласының әрекетін бақылап, бағыттап, оқыту көп қиындық жасамайды. Ең қиыны бағалау
мен мейірімін реттеу. Дарынды бала тәрбиелейтін ата-ана өзінің мінезін (реакциясын)
бақылағаны жөн. Шектен тыс әсірелеу талантты балаға кері әсер етеді.
Баланың өзін-өзі бағалап, кім екенін түсінуі ата-ананың бағалауына байланысты. «Әке
балаға сыншы» деп халық бекер айтпаған. Ата-ананың «Мен баламнан нені көремін, несін
қадірлеймін, ұнатамын, оны балама қалай білдіремін?» деген сұрақтарға өзінен жауап
іздегені абзал. Сонда ғана ата-ана оның көп қырлы талантын дәл, әрі толығырақ ашуға
көмектеседі. Отбасында дарынды бала тапсырмаларды басқаларға қарағанда шапшаң,
нәтижелі орындайды. Сондықтан, оларға түрлі затты әр адам, әр түрлі деңгейде
меңгеретінін түсіндіру керек. Оның бұл салада қабілетінің басым екенін айтумен бірге,
мейірімділік пен сүйіспеншілік, төзімділік пен басқа адамға көмектесу керектігін бойына
сіңірген дұрыс. Ақылды, дарынды бала көбіне құрдастарына нұсқау бергенді ұнатады.
Әйтпесе, ол зерігеді. Мұндайда ең тиімді жол дұрыс бағыттау [4].
Қорыта келе айтарымыз, дарындылықтың дамуына маңызды әсер ететін теориялық
нәтижелерден мынадай анықтама шығады: «дарындылық» - бұл интегралды тұлғалық
білім, интеллектуальды жоғары сатысымен, шығармалық потенциалымен сипатталады. Бұл
тұлғаның қабілеттілігі мен өз бейнелігінің бірігуін анықтайды. Белгілі бір қызмет
саласында ерекше табысқа жетуге мүмкіндік туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан мектебі «Дарынды бала ұғымы» №12, 2006жыл.
2. Матюшкин А.М., Сиск Д.А. Одаренные и талантливые дети. Вопросы психологии. 1988.
№4.
3. Нарыкбаева Л.М. Научно-практическое основы подготовки будущего учителя к работе с
одаренными детьми. А., 2001.
~
192
~
4. Лейтес Н.С. Возрастная одаренность школьников: Учеб. Пособие для студ. высш, пед.
учеб. заведений М: Издательский центр«Академия», 2000 – 320 с.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Жуманова Райхан Муратовна, Тасполат Майя Полатовна
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушылары
Педагогика тарихына көз жүгіртер болсақ, заман өзгерісіне сай оқыту мазмұны да
үнемі өзгеріп, дамып отырған. Қазіргі кездегі оқытуда оқушы іс-әрекетін дамытуға, сол
арқылы оның тұлғасын дамытуға аса назар аудару қажет болып отыр. Мұғалімнің оқытуды
ұйымдастырудың тиімді формасын дұрыс таңдай білуі оқушының білім сапасын көтеруге
үлкен ықпал етеді.
Жалпы, оқыту ісіне дәстүрлі оқытуда бір жақты көзқарас қалыптасты, яғни мұғалім
оқулықтағы білімді оқушыға жеткізуші деп саналды. Ал бүгінгі педагогиканың
дидактикалық ұсыныстарына жүгінсек, оқытудың басты міндеті мұғалімнің білім беру және
оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі қарастырылуы қажет. Осы орайда ғалым
Ғабит Мұханұлы Құсайыновтың оқыту ұғымына берген анықтамасын келтірейік. Оқыту –
тұлғаның танымы басқарыла алатын, әлеуметтік-тарихи жинақталған тәжірибені игеру іске
асатын, белгілі бір дағдыларды меңгеріп, қолдану жүзеге асатын ұйымдастырылған қарым-
қатынас үдерісі.Қарым-қатынасты орнатудың 2 тәсілі бар:
1.
Ауызша сөйлесу арқылы;
2.
Жазбаша сөйлесу арқылы (көбінесе жеке оқыту тәсілінде қолданылады).
Ауызша сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасаудың 3 аспектісі бар:
1.
Жұптық оқыту;
2.
Топтық оқыту;
3.
Ұжымдық оқыту. Сонда оқытудың 4 түрлі ұйымдастыру формасы шығады (жеке,
жұптық, топтық, ұжымдық).
Ұйымдастыру формалары жете ойластырылған, сабақтың мақсатына жетуде мұғалім
мен оқушының іс-әрекеті жүйеленген сабақты технологияландырылған сабақ деп аталады.
Технология сөзіне түсіндірме сөздікте “кез-келген объекті өзгерту үдерісі”- деп
анықтама береді. Ал педагогикалық технология дегеніміз – кез келген жоспарланған іс-
әрекеттердің белгілі бір ретпен жүргізілу үдерісі немесе практика жүзінде іске асырылуға
берілетін, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько).
Осы ретте Ж.Қараевтың “Үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық
технологиясын” қарастырайық. “Білім сапасын көтеретін нақты механизм – оқыту
процесіне педагогикалық технологияларды кеңінен енгізу” – деп тұжырымдайды
қазақстандық ғалымдар Ж.Қараев пен Ж.Кобдиковалар. Олардың “Үш өлшемді әдістемелік
жүйе педагогикалық технологиясы” бойынша оқу жылының басында арнайы күнтізбелік
жоспар бойынша тақырыптар модульге іріктеліп, әр бақылау жұмыстарының алдында 1-2
дайындық сабақтары қарастырылады. Жоспар бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады: 1
кезең – тірек тапсырмалармен жұмыс болғандықтан, жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті
бұрын өтілген сабақтардағы формулалар, ережелер, анықтамалар т.б. қайталанады. Бұл
кезеңнің тапсырмаларын оқушылар үйден дайындап келеді. Сондықтан, олар жаңа сабақта
өз бетімен меңгерудің алдында, өткен материалдармен байланыс жасап, жаңа тақырыпты
тиімді игеруіне мүмкіндік алады.
Келесі ІІ кезең – жаңа тақырыпты өздігімен меңгеру кезеңі . Оған белгілі бір уақыт
беріледі. Бұл кезде оқушы оқулықты пайдалана отырып, арнайы дайындалған сұрақтарға
жауап іздеп, анықтамаларды, формулаларды, ережелерді өз бетімен тұжырымдап шығаруға
ынталанады. Оқушылар іздену арқылы білімін көтеріп, біліктілігін қалыптастыруға
~
193
~
талпынады. Осы кезде мұғалімнің міндеті оқушының ой-өрісін ояту, пікірлері мен
тұжырымдарына орын беру, яғни дайын ақпарат бермей, оларды өз ақыл ойының күшімен
білім алуға жетелеу. Мұғалім оқушыларға жәрдем беріп, қосымша мәліметтер арқылы
олардың іс-әрекетін басқарады, тақырыптағы анықтамалар мен заңдылықтарды, ережелерді
өздері қорытып шығарған нұсқаларымен салыстырып ақиқатына жетуге көмектеседі. Жаңа
тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгере алу үшін олардың
ынтасын арттыру максатында белгілі деңгейде ізденіс, проблемалық және зерттеу әдістері
қолданылады. Білімді меңгерту тек қана есте сақтау арқылы емес, оны оқушылардың өзі
логикалық талдау жасай отырып, орынды пайдалана білуі арқылы жүзеге асады. Жаңа
тақырыпты әр оқушы берілген алгоритм бойынша өз бетімен зерттегеннен кейін олардың
ой-пікірлері топ ішінде талданады. Әр оқушының ойлау және қабылдау қабілеті әр түрлі
болғандықтан, жауаптары да әр түрлі болып келеді. Сондықтан оқушылардың барлығының
жауаптары қабылданады да, ортақ шешімге келтіріледі.
ІІІ кезең – үш деңгейлік тапсырмаларды (мемлекеттік стандарттың міндетті
деңгейінің мазмұнын қамтитын) өздігімен орындату. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі
негізгі мақсат – баланың қабілетін ашу, өз бетімен ізденуге үйрету, пәнге қызығушылығын
арттыру.
Нәтижеде мынадай мәселелер шешіледі:
1.
Өткен тақырыпты меңгерудің нәтижесі нақты көрінеді.
2.
Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, оның шеберлігі артады және
танымдық қызметінен қорытынды шығарып, өзін-өзі дамыта алатын дәрежеге
жетеді.
3.
100% үлгерімді қамтамасыз ету ;
4.
Оқушының артық жүктемесі және үй тапсырмасын саралап беру мәселесі ;
5.
Олардың білімін объективті түрде бағалау;
6.
Сабақ барысында көптеген оқушыларға тән үлгермеушілік қорқынышын жою
мәселесі;
7.
Мектеп бітірушілердің кәсіптік бағдарын және дарынды балаларды анықтап, оларды
дамыту.
М.М.Жанпейісова бойынша модульдік оқыту технологиясы. Танымдық үрдісті
дамытуда жүйелі білім берудің маңызын көрсете отырып М.М.Жанпейісова модульдік
оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізді. Модуль-жүйелік деген ұғымды білдіреді.
Технология бойынша оқу үрдісі құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан
тұрады. Оқытудың мақсатын, мазмұнын жеткізу дәстүрлі оқытуда “жекеден жалпыға”
болса, модульдік жүйеде “жалпыдан жекеге” қағидасы арқылы беріледі. Оқу модулінде оқу
бағдарламасы бойынша берілген тақырыптар мен тарауға берілген сағат санын жүйелеу
көзделеді. Психолог Л.М.Фридман тақырыпты оқып үйрену: кіріспе - қызық-тырушылық,
операционалдық - танымдық, рефлекциялық - бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс деп
есептейді. Осыны негізге ала отырып технология бойынша оқу модулі үш құрылымды
бөліктен: кіріспе, сөйлесу, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптарға
шолу жасалса, сөйлесу бөлімінде сөйлеу қарым-қатынасы арқылы оқушылардың танымдық
іс-әрекеті ұйымдастырылады, ал қорытынды бөлімде әрбір оқушы білімі бағаланады.
Технологияның бірлігі – оқу модулдері, олар 3 бөлімнен тұрады. Оптималды оқу
модулі 7-12 сағат. Модулдің бірінші бөлімінде модулге кіріспе, тақырыптарға шолу
жасалады. Онда не үшін, не себепті, нені оқу, меңгеру қажеттігі айтылады. Оқу
материалдарын лекция түрінде беруге болады:
проблемалық лекция;
визуалдық лекция;
диалогтық лекция;
пресс-конференция лекция;
кеңес беру лекциясы;
лекцияны жоспарланған қателіктер бойынша беру;
~
194
~
ойын элементтерін қолданатын лекция.
Лекция материалдары спирал тәрізді берілу қажет:
1-ші
түсіндіру
Теза
Іріленген блоктық мәлімет-
тердің негізгі бөлімдері
беріледі
Жаймен
түсіндіру
9 минут
2-ші
түсіндіру
Антитеза
Оқу материалдары толығы-
мен түсіндіріледі
Тез түсіндіру
9 минут
3-ші
түсіндіру
Синтез
Барлық
түсіндірмені
жинақтау
Біркелкі
түсіндіру
9 минут
Сөйлесу бөлімінде сөйлеу қарым-қатынасы арқылы оқушылардың танымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру. Мұғалімнің даярлық құрылымының 5 әрекет-қадамы:
1)
Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу;
2)
Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру;
3)
Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын
қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау;
4)
Оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық
қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау;
5)
Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.
Қорытынды бөлімде оқушылардың білім, білік, дағдылары бақыланады, тексеріледі,
бағаланады. Бақылаудың бірнеше түрін енгізуге болады, бірақ біріншісі және міндеттісі
тестілеу. Оны бағалау:
90 % және одан жоғары болса - “5” баға;
75-89 % - “4” баға;
74-45 % - “3” баға
Жалпы айтқанда М.М. Жанпеисованың технологиясының айырым белгілері:
- біріншіден, қазіргі мектеп бағдарламасы өте тығыз мөлшерде және сағат саны
азайып отырған сәтте, жаңа материалды жинақтап, тарауларды блоктап түсіндіру арқылы
уақытты ұтымды пайдаланылады.
- екіншіден, оқу материалдарын өсу бағытымен, тұтастай, қайта орала отырып
бірнеше мәрте оқып үйрену арқылы берілген ақпарат баланың жадында ұзағырақ
сақталады.
- үшіншіден, сөйлесу бөлімінің сабақтарында оқытудың белсенді формалары арқылы:
- жоғары адамгершілік сапаларын қалыптастыру, жалпы адамзаттық құндылықтарды
баланың бойына сіңіру;
- деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушының шығармашылығын және
дарындылығын шыңдау;
- оқушылардың денсаулығын сақтай отырып, жеке тұлғалыққа бағытталған оқыту-
тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру;
- оқушының білімі мен педагогтердің қызметін бағалаудың объективті өлшемдерін жүзеге
асыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Караев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической
системы на основе технологического подхода. –Алматы, 2005. -136 с.
2. Кобдикова Ж.У. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. Алматы, 2002, 32 б.
3. Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары.
А., 2002.
4. Жанпейісова М.М: Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.
Алматы, 2002, 180 б.
5. Жадрина М. Білім беруді жаңартудың тұтқасы. А., РИК, 2000.
~
195
~
АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КӘСІБИ БІЛІМ
БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУ
Найзабек Оразкул Тойшықызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы
Садыкова Гулжамал Сеитовна
Қосжан Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі,
ОҚО, Ордабасы ауданы
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев
Ақпараттық-коммуникативтік технология өміріміздің барлық саласында, оның
ішінде білім беру ісінде өте маңызды орын алады. Кейінгі жылдары оқыту процесінде
кеңінен қолданыла бастаған компьютерлік технология зор мүмкіндіктерге ие болып отыр.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген АКТ мүмкіндіктерін
кеңінен пайдаланбай, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан,
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп атаған.
«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабы
Қaзaқ әдебиеті пәні бoйыншa бaғдapлaмaның жеті мoдулін кіpіктіpе oтыpып, жac
еpекшеліктеpі біpдей 8 «A» cыныбынa caбaқ тoптaмaлapынa caй бaғдapлaмaның бapлық
идеялapын пaйдaлaнa oтыpып, жocпap бoйыншa Блум тaкcaнoмияcынa жocпapлaнғaн
тізбектелген Абай Құнанбайұлының «Адамның кейбір кездері», «Өлең сөздің патшасы сөз
сарасы» және «Он жетінші қара сөз» тақырыбында өткен болатынмын.
Бapлық caбaқтapымдa жеті мoдульдің кіpіктіpілуін қaдaғaлaп, әp caбaқтың мaқcaты,
қoлдaнылaтын әдіc-тәcілдеpі, oқытудың нәтижеcі, oқып үйpенудің бaғaлaу түpі, негізгі
деpеккөздеpі нaқты бaғыттapмен aйқын көpcете отырып, жеті мoдульдің 4-ші мoдулі oқыту
мен oқудa ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әдіcін тізбектелген үш
caбaғымa да тиімді пайдаландым.
Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа
технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, электрондық оқулық пен
интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта
түсері анық. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі
тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі.
Соңғы жылдары заман ағымына сай білім беру жүйесі электрондық байланыс,
онлайн сабақтар арқылы іске асырылуда. Күнделікті сабақта компьютер, электрондық
оқулық, интерактивті тақта, интернет қолдану жақсы нәтиже беруде.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала
компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді
терең меңгеруі тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің
бір бөлігі.
Соңғы жылдары заман ағымына сай білім беру жүйесі электрондық байланыс,
онлайн сабақтар арқылы іске асырылуда. Күнделікті сабақта компьютер, электрондық
оқулық, интерактивті тақта, интернет қолдану жақсы нәтиже беруде.
Интерактивтік оқыту технологиясы– бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық
қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы
мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады.
Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа
технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, электрондық оқулық пен
~
196
~
интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта
түсері анық.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
Бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы
Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында
талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады
Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды
түсіндіруге, меңгеруге қолайлы
Әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа түрлерін ойлап таба алады
Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін
арттыруға мүмкіндік алады
Оқытушының, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты
тартымды өткізуге ынталандырады
Оқу үрдiсiнде электрондық оқулықты қолданудың маңызы өте зор.
Электрондық оқулықтар:
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- оқушының сөздiк қорының молаюына;
-
ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
-
тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
-
өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
-
сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
-
- ойларын дамытуға; өз iсiне талдау жасай алуға мүмкіндік туғызады.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы
оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру,
белсенділігін арттыру - ең негізгі мақсат болып айқындалады. Ақпараттық және
педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік
туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік
шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды.Осыған
орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың
интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі –
«интерактивті оқыту әдісі».
Интерактивті әдіс-тәсілдер
шығармашылық тапсырмалар, жобалар;
тірек-сызба, көрнекіліктер;
топпен жұмыс;
миға шабуыл әдісі;
сыни тұрғысынан ойлау әдісі;
викториналар, сөзжұмбақ, бейнесөздер
зерттеулер; деңгейлік жаттығулар
логикалық тапсырмалар
іскерлік ойындар; рөлдік ойындар;
тестілеу және бақылау;
Сабақтарымда жаңа ақпараттық технологияның әдіс – тәсілдерін қолданудың мынадай
тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:
Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас
ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен
~
197
~
тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір
оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер
береді.
Сондай-ақ ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына
және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін
сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты
белгілеп, сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият
ойластыруы қажет.
Сабақты жоспарлаудың негізгі талаптары :
Оқушыларды сабаққа бар зейінін аударып және ықыласпен, ынта-жігермен
тыңдауын ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу
Оқытушының тақырыпты терең және жан-жақты меңгеруі.
Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі,тиімді әдіс-тәсілдері.
Мысалдардың өмірмен бай-ланыстылығы, баланы ойлан-туға,сөйлетуге, тәрбиелеуге
ықпалы.
Оқушы меңгергенін іс-тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы.
Топпен, жеке оқушымен жұмыстың жандылығы, әртүрлігі.
Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы
Бүгінгі күні кез-келген оқытушы ақпараттық және коммуникативтік технологияны
пайдалану арқылы әртүрлі сабақтарға әзірлемелер дайындап және оны жоғары деңгейде
өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық болатыны анық.
Ақпараттық және коммуникативтік технологияларды пайдаланып оқыту
төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді
Оқу материалын жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және іс жүзінде тиянақты,
саналы түрде қолдана білуі;
Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға
дағдылануы;
Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп,
қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;
Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене
араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін
көрсете алуы;
Қорыта айтқанда, қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды,
инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы.
Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға,
шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Оқушыларды шығармашылыққа, өз
бетімен іс-әрекет етуге, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік
көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын,қоғам дамуына үлес қоса алатын,
жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |