Практикалық (семинарлық) сабақтың әдістемелік нұсқауы «Білім технологиясы» кафедрасының



бет17/17
Дата26.09.2022
өлшемі284 Kb.
#40308
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Ұсынылатын әдебиеттер.
1.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
2.Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.

  1. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.

4.Селевко Г.К. Педагогические технологий на основе активизаций, интенсификаций и эффективного управления УВП. М: НИИ школьных технологий, 2005.-288 стр.
5. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.

Бастауыш мектеп оқушылары сөйлеген сөздерiнде сөздердi орынды қолдануға, сөздердiң мағыналық реңктерiне орай дұрыс пайдалануға, сөйлемдердi, мәтiндердi дұрыс құрауға дағдыланады.Сабақ үстiнде оқушылар дайын үлгiге қарай мәтiн құрастырады, оның мазмұнын жалғастырады. Мәтiннiң мазмұнын оқушылар өз тiлiмен айтып бередi, дайын үлгiге қарап тақпақтар, қарапайым жұмбақтар, жаңылтпаштар шығарады. Сабақта проблемалық жағдайлар қоя отырып, оқушылардан осы проблеманы шешудi талап етiлдi. Алдарына қойылған проблеманы шешу барысында оқушылар шығармашылықпен жұмыс iстейдi. Бұл деңгейде сабақ типтерi - проблемалық сабақ түрiнде болады. Iшiнара пiкiрталасқа және дидактикалық ойындарға құрылған сабақтар да қолданылды. Мұндай сабақтарда оқушылар шығармашылық, iзденiмдiк әдiс арқылы әрекет жасайды. Бұл деңгейдi қалыптастыру үшiн интерактивтi әдiстер қолданылған сабақтар өтiлдi. Осыған орай бастауыш мектеп оқушыларына төмендегідей тапсырмалар берілді:


1-тапсырма. Жұмбақтың шешімін табыңдар.
Тапсырманың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, кез – келген затты суреттеп беруге үйрету.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар заттарды дұрыс суреттеуді үйренеді, осыған орай олар мәтін құрастыруға дағдыланады.
Тапсырманың маңызы: біріншіден, оқушылар бір-біріне сұрақтарды дұрыс қоюға дағдыланады, екіншіден, осы сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйренеді, үшіншіден, оқушылардың затты суреттеу арқылы қиялы дамиды.
Оқушылар осы тапсырмада өздерi жасырып тұрған заттың атын атамай, тек оның қасиеттерiн атайды. Мысалы, допты жасырып тұрған оқушы алдымен доптың түрiн, түсiн, қасиеттерiн суреттейдi. Қалған оқушылар жасырған балаға сұрақтар беру арқылы оның не зат екенiн табуға тырысады. Бұл жерде әр бала өзiндiк пiкiр айтып, жасырылған заттың жауабы не екенiн өзiнше тауып, оны дәлелдейдi. Бірінші сынып оқушыларының осындай тапсырмалар арқылы ауызша сөйлеу дағдылары ғана қалыптасып қоймай, сонымен қатар олардың логикалық ойлау қабiлеттерi, сабаққа қызығушылықтары артты. Тапсырманың бұл түрi әсіресе кіші жастағы оқушылардың өз пiкiрiн дәлелдеуге, басқа бiр оқушының не мұғалiмнiң көзқарасын құрметтеуге, сол көзқарасқа өзiнiкi дұрыс болса, қарсы шығу дағдыларын қалыптастырды.
Мысалы, сабақ үстiнде тапсырма төмендегiдей үлгіде өтті.
Алдымен тақтаға бір оқушы шығып, оқушыларға өзінің ойлап тұрғанын жасырады. Оқушылар мұндай тапсырмаларды алдын-ала күні бұрын дайындап келеді немесе сабақ үстінде мұғалімнің нұсқауымен орындайды.Мысалы,

  • Бірінші оқушы: Балалар мен сендерге бүгін бір жұмбақ жасырамын. Дүниеде ең қымбат нәрсе не?

  • Оның белгiлерiн айт,- деді сыныптағы қалған оқушылар.

  • Ол көзге көрiнбейдi, қолға iлiнбейдi, сатып алуға болмайды, жүрмейдi, күтiп те тұрмайды, білінбей жүреді.

Оқушылар айтылған жұмбақтың жауабын табу үшін біраз уақыт үндемей ойланып отырды. Сонан кейін олар өздерінің пікірлерін айта бастады.

  • Ол самал жел,- дедi Бекбосын Азат деген оқушы.

Азаттың пікіріне басқа оқушылар келіспей, өздерінің көзқарастарын білдірді.

  • Жоқ, самал жел білінеді,соғады, ол найзағай,- дедi Манапов Айдар.

  • Жоқ,- дедi басқа бір оқушы, найзағай көрінеді ғой, ол емес.

  • Ендi не?- деп оған басқа сыныптағы жолдастары қарсы сұрақ қойды.

  • Ол бiлiм емес пе?, - деді оған басқа оқушы.

  • Неге олай ойладың?, - деді Меруерт.

  • Бiлiм көзге көрiнбейдi, қолға iлiнбейдi, сатып ала алмайсың. Менiң айтқаным дұрыс қой.

  • Жоқ.

  • Неге? Түсiндiрiп бершi. Бiлiмде жүрмейдi, көрінбейді, қолға ілінбейді ғой.

  • Ол емес.

  • Сонда ол не болды?

  • Ол-уақыт. Уақыт бiлiнбей жүредi, сенi күтiп тұрмайды ғой.

Бұл тапсырма барысында оқушылар осылай бiр-бiрiне сұрақтар беріп, жұмбақтың жауабын бiрлесе отырып тапты. Мұндай тапсырмалар оқушылардың өзіндік пікір айту дағдыларын қалыптастырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет