Практикалық (семинарлық) сабақтың әдістемелік нұсқауы «Білім технологиясы» кафедрасының


-тапсырма.Төменде берілген сөздiң әр әрпiнен жеке-жеке сөз құрап, сол сөздердi қатыстырып сөйлем құра



бет13/17
Дата26.09.2022
өлшемі284 Kb.
#40308
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
stud.kz-52335

5-тапсырма.Төменде берілген сөздiң әр әрпiнен жеке-жеке сөз құрап, сол сөздердi қатыстырып сөйлем құра.
Мысалы:
О – Қ – У – Ш – Ы
Оқу, қуыршақ, уық, шырша, ыдыс т.б.
6-тапсырма.Сөздерге ұйқас мағыналы сөз тап.
Ұйқастың түрi берiлiп, оқушыларға сол бойынша өлең құрастыру тапсырылады (барғанда – алғанда; емен – кеме; айды – сайды; алды- қашты т.б).
Оқушылар мұғалім айтқан сөзге ұйқас сөз табу керек. Мысалы, сан – сән, қал – бал т.б.
Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар сабаққа белсене араласты.

Қітаппен таныстыру жұмысын мұғалім бірден жүйелі түрде бастайды.


1. Оқылатын кітаптың сыртымен таныстыру: кітаптың аты, авторы, түр-түсі, басылып шыққан жылы.
2. Кітаптың ішімен таныстыру: кітаптың ішкі беттерін ашып көрсету, ол беттеріндегі суреттерге көңіл бөлгізу, сурет астындағы жазуларды оқу, кітаптың мазмұны мен идеясын аңғарту.
1-сынып оқушыларына сыныптан тыс оқуға арналған кітапшалардың жазуы аз, суреттері көп болғаны қолайлы. Мұғалім кітап бетіндегі әр суреттің мән-мағынасын оқушылардың өздерін қатыстыра отырып анықтайды.
Әліппе кезеңінде кітаппен таныстыру сабағының үлгісі төмендегідей:
— Балалар, сендер мектепке келгелі қандай кітаптармен танысып, оқып жүрсіңдер?
— Әліппе және есеп қітабын оқып жүрміз.
— Әліппе кітабынан нені үйреніп жүрсіндер?
— Әліппе кітабынан әріптерді таныдық, дыбыстарды, сөздерді, сөйлемдерді оқимыз.
— Ал есеп кітабы неге үйретеді?
— Есеп кітабы сандарды есептеуге үйретеді.
Сандарды қалай есептейміз?
Бір санға екінші санды қосып, бір саннан екінші санды кемітіп есептейміз.
Дұрыс айтасыңдар, аз уакыттың ішінде санауға, оқуға үйреніп қалдындар. Сендер әріптерді толық таныған соң, барлық сөздерді, сөйлемдерді, қысқа әңгіме, ертегі, өлеңдерді де оқи алатын боласыңдар. Ендеше сыныпта оқитын кітаптардан басқа да кітапшаларды оқуға мүмкіндік болады. Сабақтан бос уақыттарында неше түрлі кітап оқисыңдар,— деп, кітаптың маңызы туралы әңгімелеп, қазірше кітапты мұғалім өзі оқып беретінін айтады.
Мұғалім бүгін таныстыру үшін сыныпқа алып келген кітапты қолына алып:
— Балалар, менің оң қолымдағы не?
— Сіздің оң қолыңыздағы — кітап.
— Бұл кітапты жазған адамды автор дейміз. Бұл кітаптың авторы Тұманбай Молдағалиев.
— Сонымен бұл кітаптың авторы кім дедім?
— Бұл кітаптың авторы — Тұманбай Молдағалиеви дедініз.
— Дұрыс айттындар, кітапты жазған адамның есімін, фамилиясын ұмытпай есте сақтаңдар, себебі бұл автордың балаларға арналған басқа да шығармаларымен танысатын боламыз,— деп ескерту жасайды.
— Кітаптың сыртындағы суреттерге көңіл бөліңдерші, нелердің суреттерін көріп отырсындар?
— Кітаптың сыртында көбелектің суреті бар,— дейді қол көтерген оқушылардың бірі.
— Сөйлеміңді толық айт, кітаптың сыртқы бетінде тек бір көбелектің ғана суреті бар ма?
— Кітаптың сыртқы бетінде бірнеше көбелектің және гүлдердің суреттері бар.
— Осы суреттегі көбелектердің түстері қандай?
— Көбелектердің түстері ақ, қызыл, жасыл, ақ ала, қара ала,— деп оқушы кітап бетіндегі көбелектің түстерін айтып береді.
— Балалар, ендеше осы кітаптың атын оқып берейін, тыңдап еске сақтайтын болыңдар, кітаптық аты — «Қызыл-жасыл көбелек». Егер кітаптың атын ұмытып қалсаңдар, кітап сыртындағы көбелектердің түсін еске алыңдар.
— Біз көбелекті қай кезде көп кездестіреміз?
— Көбелектер жаздыгүні көп болады.
Көбелек қуып ойнағандарың, бар ма?
— Біз жаздыгүні гүл арасынан көбелек қуып ұстадық. Көбелектердің түсі гүлге ұксас, олар гүл арасына тығылып қалады.
— Балалар, мына суреттен тағы нені көріп отырсыңдар,— деп, гүл арасында көбелекті аңдып отырған шегірткенің, суретін көрсетеді.
— Ол суреттен біз шегірткені көріп отырмыз. Ол көбелекті аңдып отыр. Балалар көбелек туралы өздерінін бұрыннан не білетіндерін айтады. Мұғалім кітаптағы «Қызыл-жасыл көбелек» деген өлеңді мәнерлеп оқып береді.
Кітаптың ішкі беттеріндегі суреттермен оқушыларды таныстырып, сол суреттердің негізгі сюжеті бойынша қысқаша әңгімелейді де, қорытынды ретінде көбелектердің түр-түсінің әдемілілігі және көбелектердің әр түрлі қасиетінің болатыны, өсімдіктерге тигізетін пайда, зияны туралы да түсінік береді.
— Сонымен біздің бүгінгі танысқан кітабымыздың аты не?
— Біздің бүгінгі танысқан кітабымыздың аты —«Қызыл-жасыл көбелек».
— Бұл кітапты жазған адамды кім деп атаймыз?
— Оны кітаптың авторы дейміз.
Осы сабақта балаларға арналған басқа да бірнеше кітапшаларды «Айгөлек» журналын, «Жыл он екі ай» деген әдеби күнтізбені көрсетіп, оқушыларға таныстыру керек. Кейбір қызық әңғімелерден үзінділер оқып беруге де болады.
1-сынып оқушыларына ұсынылатын кітаптар бояулы, суретті, көлемі шағын, оқиғасы қызықты, оқушыларды бірден баурап әкететіндей болуға тиіс.
Мұғалім балаларға кітап оқып беру кезінде, мәтінніңің әр сөзін анық, ашық дауыспен дұрыс оқу жағын қарастырып қана қоймайды, сонымен бірге мәтіннің мазмұнына қарай әсерлі, сиқырлы, тартымды дауыс құбылыстарын да сақтап оқиды. Кітапты толық оқып бермей-ақ оның нағыз қызық жеріне келгенде кілт тоқтап қалып, оқушылардың сол шығарманы қаншалықты зейін қойып тыңдап отырғанын бақылайды. Немесе шығарманың жалғасын үйде оқып бітіресіңдер,— деп тапсырып, өздігінен кітап оқу жұмысына алғашқы қадам жасауға да болады. Оқушы қызық әңгіменің жалғасын оқуға, әрине, асығады. Сөйтіп сыныптан тыс уақытта оқушылардын, өздігінен кітап оқу жұмысы біртіндеп басталады.
Сыныптан тыс кітап оқуды жүргізудің бірнеше түрлері бар:
1. Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап кітап оқуы;
2. Ұйымдасқан түрде кітап оқу;
3. Топқа бөлініп кітап оқу;
4. Өз таңдаулары бойынша кітап оқу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет