ә б в г е о с ь = 8
II. Үзіліссіз жазылатын көп элементті кіші әріптер:
а д з и л м н ң п т
у ү һ ц ч ш щ ъ ы ю я =21
III. Бір үзіліспен жазылатын кіші әріптер:
е ф ж =3
Ескерту: Ж әрпінің элементтерін екі түрлі етіп жазуға болады.
І
Бас әріптер
Үзіліссіз жазылатын бас әріптері:
А Ә В Д Е З И Л М Н О С У Ү Ц Ч Ш Щ Ы І Ю Я =22
Біз үзіліспен жазылатын екі элементті бас әріптер:
Б Г Р Х К Қ Ұ Ө Э =9
III. екі үзіліспен жазылатын бас әріптер:
Г Е Ж П Ф =5
Үш үзіліспен жазылатын төрт элементті бас әріп:
Т=1
№10 Дәптермен таныстыру, дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлай алу дағдыларын қалыптастыру. Дәптердегі үлкен және кіші жолдарды ажыратуды меңгерту.Сызықтар, ою-өрнектер, таңбалар сызу, үзік сызықтарды бастырып жүргізу, әртүрлі сызықтарды бір-бірімен қосу, үздіксіз жүргізіп сызу, әріп элементтерін жазу.
Жедел жазуға көшу барысында сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қосылу жолдарын дұрыс меңгерудің ерекше мәні бар. Әріптердің өзара байланысып жазылуы олардың өзіндік графикалық бейнесіне, әрбір әріптің соңғы элемент ерекшелігіне байланысты шешіледі. Демек, жазу байланысты сөздегі алдыңғы әріптің келесі әріппен байланысу принципі бойынша қарастырылады. Бір-бірімен қосылу ерекшелігіне қарай қазақ тіліндегі әріптерді негізгі екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топ. Соңғы элементтері имек сызықтарға аяқталған үлкен және кіші әріптер:
Бұл топтағы әріптердің соңғы негізгі элементтері келесі әріптермен үзіліссіз жазылады. Мұның өзі жазу темпін жеделдетуге айтарлық дәрежеде мүмкіндік береді.
Бұлардың ішіндегі кейбір әріптердің үстіне , ортасына қойылатын қосымша белгілер сөзді үзіп жазуға мәжбүр етіп, жазу қарқынын едәуір баяулатады. Мұндай әріптерді жазуда оқушылар мына сияқты қателерді жібереді:
а) қосымша белгілерді қоймай кету.
ә) қосымша белгілерді бұрмалап жазу.
Аталған графикалық қателерді болдырмау үшін мұғалім тарапынан қосымша таңбаларды тастамай және бұзбай жазу туралы жиі-жиі ескертулер жасалып, мұхият бақылау жасалуға тиіс.
А
Соңғы элементтері түрлі имек сызықтарға аяқталған топтағы әріптерді өзара дұрыс байланыстырып жазуға оқушыларды төселдіру үшін төмендегі тәрізді графикалық даярлық жаттығуларын жүргізген жөн.
ш
Сөз болып отырған топ құрамындағы әріптерін жазуда да белгілі кідірістер жасалады. Өйткені олар біршама үзіліспен жазуды керек ететін екі, үш элементтен тұрады. Ондай элементтер мыналар:
Аталған әріптердің жазу темпін жеделдету дағдыларын қалыптастыру үшін төмендегі тәрізді даярлық жаттығулары жүргізіледі.
Бірінше топтағы әріптердің басым көпшілігі келесі әріптермен төменгі жағынан қосылады. Алайда кейбір дөңгелекшелермен жазылатын таңбаларды қосымша сызықша жалғау арқылы келесі әріптермен жоғарғы (немесе ортаңғы) жағынан байланыстыруға болады. Мұндай байланыс жолдарын жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлем жаздыру арқылы меңгерту тиімді.
Ортақ әке вагон коньки
Екінші топ. Оң жағы ( қосылған жағы) дөңгеленген
Элементтерге біткен бас әріптер мен кіші әріптер:
Бұл топтағы әріптер келесі әріптермен үзіліспен жазылатын, қосымша жалғас сызық арқылы байланысатын әріптер болып табылады. Мұның өзі, әрине, үзбей жазу жүйесін бұзып, жазу қарқынын белгілі дәрежеде бәсеңдетеді.
Жазу барысында жасалған қол үзілісі оқушылардың жазу темпін тежеп қана қоймайды, соенмен қатар көлбеу жазу, әріп элементтерін дұрыс жазу, олардың биіктігімен ара қашықтығының біркелкі болуына, жалпы, ритмикасының өзгеруіне әсер етеді.
Аталған қиындықтарды ескере отырып, бұл топтағы әріптердің келесі әріптермен байланысу тәсілдерін меңгеруге арналған түрлі гафикалық даярлық жаттығулар жүргізілуге тиіс.
Дөңгеленген элементтерге аяқталған әріптер сөздігі өзінен кейінгі әріптермен жалғас сызықтар арқылы байланысады. Жалғас сызығы бұл топтағы барлық бас әріптердің және кіші б әрпін төменгі жағына қойылады.
Болат, Гүлжан, Дина- балалар.
Бұл топтағы кіші әріптер
О ө в ф э ю
-келесі әріптермен үстінен жүргізілген жалғас сызықтармен байланысады:
Оқушы көбелек орындық
Мұндай дөңгеленген кіші әріптер өзімен соң келген
л м
әріптерімен тек төменгі жағынан жүргізілген жалғас сызықтар арқылы байланысады:
ол көл томар
Солға қарай дөңгеленіп иілген элементтерге біткен әріптерді байланыстырып, дұрыс жазуға оқушыларды машықтандыру үшін мына төмендегідей графикалық даярлық жаттығуларын жүргізуге болады.
III класта оқушылардың қол қимылы жетіліп, саусақ буындары беки түседі, жазу икемділігі біршама жетіледі. Бұл кезеңде жазу қарқынын арттыру мақсатымен кейбір әріптердің графикалық жазбаларын жетілдіріп жазуға болады.
бас әріптерінің сөздегі келесі әріптемен қосылатын элементтерін ілгектеп жазуға көшірген теріс емес.
-------
Берілген бас әріптер мен кіші әріптердің ерекшелігі –бас әліптердегі элемент------ түрінде берілсе, кіші әріптердегі бірінші элемент- түрінде берілген. 3 кластан бастап мұндай кіші әріптердің бірінші элементін аталған бас әріптердің бірінші элементтері сияқты етіп жазуға болады. Сол сияқты кіші әріптерінің бірінші элементтері де иіліп жазылуға келеді. Аталған графикалық өзгерістер, әрине, жазу көркемділігін арттырады.
Оқу жылы басталысымен, мұғалім оқушыларғ амектептегі каллигафикалық режим туралы түсінік береді, тоқсандық және жарты жылдық жазу көрмесімен таныстырады. Көркем жазу бойынша үшінші кластағы алға қойылатын негізгі мақсат- оқушылардың тұрақты жазу дағдысын қалыптастыру. Бұл мақсат сұлу, дұрыс және тез жазуға жүйелі түрде жаттығу нәтижесінде іске аспақ. Мұғалім әріптерді ңмөлшерін ( биіктігі мен енін), жалғас сызықтарының қосылу жолын, жазу көлбеулігі мен шапшаңдығын жиі-жиі ескертіп, үнемі бақылауға тиіс. Бұл класта көркем жазу жұмысы әрбір сабақ сайын 3-4 жыл шамасында орындалады: бірінші жолға тиянақты, ритмиклық жазуға төселдіруге аса қажетті элементтерді қамтитын әріптер тобы жазылады, екінші жолға әріптерді дұрыс байланыстыру үшін жүргізілетін жаттығулар жазылады, үшінші жолға өтілген әріптерге берілген сөздер мен сөйлемдер қазақ тілі пәнін өтілетін тақырыптарға байланысты алыну керек.
Кіші әріптерге қарағанда бас әріптердің конфигурациясы әлдеқайда күрделі. Оларды жазып үйренуоқушыларға бас әріптер мен кіші әріптердің аумағы мен биіктік, ендік, көлем- мөлшерін байқауға машықтанады.
Көркем жазу сабақтарында оқушылардың графикалық қателерін жөндеу мәселесіне мұғалім тарапынан жете көңіл бөліп отыруға тиіс.
Бастауыш класс оқушыларының жазба жұмыстарда жиі кездесетін графикалық қателердің негізгі түрлері төмендегідей:
Әріп элементтерін дұрыс жазбауға байланысты жіберілетін қателер:
Әріп элементтерін бұзып, арақашықтығын сақтамай, алшақ не жақын жазуға байланысты жіберілетін қателер:
Жазу қөлбеулігін сақтамауға байланысты жіберілетін қателер:
Әріп элементтерінің биіктігі бірдей етіп жазбауға байланысты жіберілетін қателер:
Артық сызып, бастырып және кірлетіп жазуға байланысты жіберілетін қателер
Бұл жерде бастауыш класс оқушыларының жазба жұмыстарындағы жиі кездесетін графикалық қателердің кейбір түрлері ғана көрсетіледі.Мұғалім әрбір оқушының өзіндік жазу ерекшелігіне тән жіберілетін графикалық қателерді мұхият байқап, ондай қателермен талдау-жақтау жұмысын ұқыпты жүргізуді ұмытпауға тиіс.
№11Сауат ашу, әдебиеттік оқудың қазіргі сабақтарына қойылатын талаптар. Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастырудың қазіргі педагогикалық технологиялары.
Достарыңызбен бөлісу: |