ЖЕЛДЕТКІШТЕРДІ ОРНАТУ. ЖЕЛДЕТКІШТЕРДІ ТЕСТІЛЕУ. Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Стенд компьютері, құрал- сайман (бұрағыш, жұмыр егеу, жұмсақ резеңке, бұрама шеге),S peedFan бағдарламасы.
Тапсырмалар Корпустық желдеткіштерді орнататын орынды анықтандар, олардың өлшемін (40 х 40, 60 х 60, 80 х 80, 82 х 82, 92 х 92, 100 х 100, 120 х 120, 135 х 135, 139 х 139, 140 х 140, 150 х 150, 180 х 180, 200 х 200, 230 х 230 жəне т.б.) жəне қосу интерфейсін (3-pin, 4-pin Molex жалғастырғыш тетік жəне т.б.).
Корпустық желдеткіштерді орнату үшін қажетті құрал-саймандарды таңдап алындар: бұрағыш; жүйелі блоктың металл корпусында саңылау жасау үшін құрал-сайман (бұрғы, жұмыр егеу); желдеткіштің дірілін жұмсартуға арналған материал (тығыз поролон, жұмсақ резеңке жəне т.б.); желдеткіш жиынтығына кіретін, бұрама шегелер.
Желдеткіштерді орнату ережелері: бет панельге сорып үрлеуге желдеткіш орнатылады; жоғарғы бөлігіне – үрлеп шығаруға; бүйіріне- сорып үрлеуге; артқы панель – үрлер шығаруға. Бұл жүйе салқындатуға қажетті барлық салаларға таза ауа ағының қамтамасыз етеді, содан кейін оны корпустан тиімді шығарады.
Желдеткіштің корпусын орнатындар жəне қосындар. BIOS/ UEFI арқылы желдеткіштердің айналу жылдамдығын баптау параметрлерін анықтандар. Компьютерді SpeedFan бағдарламасымен тестілендер. Интернетті қолданып, SpeedFan бағдарламасына нұсқаулық жасандар.Интернетті қолданып, кулер мен желдеткіштердің негізісипаттамаларын жасандар.
ҮЗДІКСІЗ ҚОРЕКТЕНУ КӨЗІ
Үздіксіз қоректену көзі (ҮҚК) компьютерді тұрақты электр көзімен қамтамасыз ету үшін қажет. Оған кіріктірілген батареясы бар, электр желіде іркіліс болған кезде қоректену беріледі. ҮҚК компьютер үшін не қажеті бар? Біріншіден, жұмыс істеп отырған ақпаратыңызды жоғалтып алмас үшін. Екіншіден, компьютеріңізді тұрақсыз қоректенуді беруден қорғау үшін.
ҮҚК пайдаланған кезде құрылғыда мерзімді тестін өзін қосып тырындар. Егер үздіксіз қоректену көзі салқындатуға ұшыраған болса, онда ҮҚК-нің температурасы бөлме температурасындай болғанша қосуға болмайды. Жаңа ғана сатып алынған ҮҚК іске қосудың алдында батареяны зарядтау қажет. Бірінші зарядка көп уақытты қажет етеді, сондықтан үздіксіз қоректену көзін желіге қосылған күйінде 24 с. Қалдыру қажет. Шамаланатын жүктеменің жиынтық қуатынан 15...20 %-ға көп қуатты UPS (универсалды қоректену көзі) таңдау. ҮҚК міндетті түрде жерге қосумен қамтамасыз ету қажет. ҮҚК ылғал əсеріне ұшыратуға, тым суытуға (0 °С төмен), тым қыздыруға (40 °С жоғары) тыйым салынады.