Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама



бет89/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   99
Байланысты:
прак тЧащина Дербес компьтерлердің, серверлердің, перифериялық құрылғылардың, жабдықтар

Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. БЖ-сы бар компьютер, фотоаппарат, майлағыш материал, арнайы тазартқыш, пинцет, қылқалам, алғыш-ілмек, скальпель, жазық бұрғыш.
Тапсырма

Фотоаппаратты қолданып, кулердің мойынтіректерін майлау кезеңдерінің толық нұсқаулығын жасаңдар. Жиналған материалды
«Кулердің мойынтірегін майлау» мəтіндік файлда сақтандар. Желдеткіштерді құрастыру (бөлшектеу) үшін, сондай-ақ тазалау үшін құрал-саймандарды дайындаңдар: пинцет, қылқалам, алғыш-ілмек, скальпель, жазық бұрғыш. Кулер мойынтірегін майлаудың алдында желдеткішті шаң-тозаннан жəне өзге кірден мұқият тазалау қажет. Содан кейін іске қосып, жұмыс қабілетін тексеру қажет (шуылға), себебі майлау қажесіз болар (кейбір жағдайларда желдеткішті жаңасына ауыстыру қажет болады). Неғұрлым тиімді қызмет ету үшін мойынтірек тораптарын майлардың алдында ескі майлаудың кірлері мен қалдықтарын сүрті тастау қажет. Бұл мақсатта арнайы тазалағыш Molykote S-1002 Spray қолданған жөн. Бұл материал аэрозоль қаптамасында үйкеліс торабына жылдам енеді, жұмыс беттерді тазартады жəне қалдықсыз буланып кетеді. Molykote S-1002 Spray пластмасс жəне резеңке бөлшектерді бұзбайды жəне электрондық құрауыштарға тигенде зақым келтірмейді. Егер бұл тазартқыш болмаса, онда ескірген органикалық майды бензинмен, ал силикондыны – ацетонмен сүртуге болады. Сонымен қатар абайлықты сақтау қажет, себебі мұндай еріткіштер кейбір желдеткіштердің пластмасс өнімдерінің сыртқы түрін бұзуы мүмкін.
Бұдан əрі желдеткіштегі мойынтіректің түрін анықтау қажет. Сырғыма мойынтірек(sleeve bearings)(12.2 сур.)əдеттебілікке кигізілген, түсті металдан жасалған төлке ретінде көрінеді. Сырғыма мойынтіректерді майлау үшін түтікше түрінде қондырмасы бар аэрозоль қаптамасындағы майлағыш материалды қолданған қолайлы.

12.2 .сур.Қимасында, сырғыма мойынтіректегі желдеткіш:
1 –қалақты аспап; 2 –корпус; 3 –тұрақты магнит; 4 –басқару элементтері бар баспа тақша; 5 – орамды статор; 6 – тоқтатқыш сақина; 7 – білік; 8, 10 май айырғыш сақина; 9 – мойынтірек төлкесі

12.3 .сур.мойынтірек жəне білік саласын майлау
Сырғыма мойынтіректері бар көптеген желдеткіштерді майлау жүйесі резеңке қақпақшамен жабылған немесе қабықшамен жабыстырылып қойған кішігірім саңылаудың бар болуын шамалайды (қымбат тұрмайтын модельдерде). Майлау кезінде үйкеліс жұбына қол жеткізу үшін зақым келтірмей қақпақшаны суырып алу немесе қабықшаны шешу қажет. Бұдан əрі алдын ала май айырғыш сақинаны кигізіп, мойынтірек жəне білік аймағына бірнеше тамшы жағы арқылы мойынтіректі майлау қажет (12.3 сур.). Майдың мөлшері тиісті өлшемді ұсақ бұрғышпен Molykote Omnigliss (немесе сұйық индустриалды маймен, автомобиль немесе тігін машиналарына арналған синтетикалық, минералды майлармен) кішігірім мөлшерімен мөлшерленеді. Қалын майлау ұсынылмайды, себебі желдеткіштің айналымын елеулі төмендетуге мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет