Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


ТƏЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ƏДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР



бет4/98
Дата15.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#139463
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы-emirsaba.org

1.2. ТƏЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ƏДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
«Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманы баптаушы» кəсібі бойынша І курс оқушысына тəжірибелік көмек көрсетуге арналған ұсыныстар. Тəжірибелік жұмыстарды (ТЖ) безендіру бойынша екі үлгі беріледі. Қалған тəжірибелік жұмыстарда студентпен бірлесіп оқу мақсаттары мен міндеттердің қойылуын орындау қажет. Федералды мемлекеттік білім беру стандартының (ФМБС) жалпы ережелері оқушыларда өз кəсіби қызметінде мақсаттар мен міндеттерді қою біліктерін қалыптастыру, жағдайға сəйкес қалыпсыз жағдайларда əрекет етуге, өз кəсіби қызметіндегі өзгерістерге психологиялық даяр болу біліктерін қалыптастыру технологияларын енгізу қажеттіліктерін көздейді. Тəжірибелік жұмысты орындауға кіріскенде, сабақтың мақсатын, міндетін мұқият оқу қажет, осы кəсіп бойынша ФМБС сəйкес дайындық деңгейіне қойылатын талаптарымен, тəжірибелік жұмыс тақырыбы бойынша қысқаша теориялық жəне оқу-əдістемелік материалдарымен танысу, теориялық материалды бекіту үшін сұрақтарға жауап беру қажет. Тəжірибелік жұмыстың барлық тапсырмалары нұсқаулыққа сəйкес орындалуы тиіс. Сабақ барысында алынған нəтижелер оқытушы келтірген əдістеме бойынша талдануы тиіс. Модульді меңгеру нəтижесінде болашақ маман өзінің кəсіби қабілеттерін іске асыру үшін құнды жəне қажетті материалды жинауға тиіс.

ТƏЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
Тапсырмаларды аудиториялық өзіндік жұмыс ретінде іске асыруға болады, оның мақсаты теориялық сабақта өткен материалды өңдеу, білімдерді толықтыру жəне тереңдету, жалпы құзыреттерді (ЖҚ) жəне кəсіби құзыреттерді (КҚ) іске асыратын нақты тапсырмаларды орындау.
Тапсырманы орындау кезінде оқушыда Интернет-ресурстарға қол жетімділік болуы тиіс.
  1. Интернеттің көмегімен «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманы баптаушы» кəсібінің сабақтас тізімдерін құрастырыңдар. Толық ақпаратты «Кəсіп» атты мəтіндік файлда өз папкаңызда сақтаңдар.


  2. Интернет ресурстарды қолдана отырып, компьютерлік жабдықты пайдалану мерзімін анықтаңдар. Алынған толық ақпаратты «Дербес компьютерді пайдалану» атты мəтіндік файлда тиісті папкада сақтаңдар.


  3. Мəтіндік редакторда пайдаланушыларға арналған компьютер- мен жəне перифериялық жабдықта жұмыс істеген кезде өз нұсқаулығыңызды құрастырып, «Дербес компьютерге арналған нұсқаулық» атымен сақтаңдар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет