Компьютерлік технологиялар жеткілікті дəрежеде өмірімізге енді жəне ажырамас құраушыға айналды. Компьютердің қатыспаған қызмет саласы жоқ. Компьютердің əрбір бөлшегі мен бағдарламасы дербес назарды талап етеді, тиісінше маманнан жабдықтың аппараттық-бағдарламалық кешенінің сипат тізімін білу талап етіледі. Сондықтан кəсіби қызметті дұрыс ұйымдастыру мен жүйелеудің қажеттілігі туындайды немесе басқаша айтқанда өз жұмыс орнын автоматтандыру.
Нормативтік құжаттар: жабдыққа техникалық қызмет көрсету жəне пайдалану нұсқаулығы мен жоспары; кепілдік құжаттары (талондар), тауар чегі немесе шығыс жүк құжаты; бөлшектерді тіркеу немесе жинақтаушы жабдыққа ақпараттық деректер базасы; есептеуіш техника мен кеңсе техника құралдарын есептен шығарудың жергілікті актілері;
Еңбекті қорғау: «Дербес электрондық-есептеуіш машиналар мен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтер; ғимараттан эвакуациялау жоспары; өртке қарсы қауіпсіздік шаралары (өрт сөндіргіш пен қобдишаның бар болуы); еңбекті қорғау жөніндегі плакаттар; еңбекті қорғау жөніндегі плакаттар;
Бағдарламалар кешені: компьютердің жəне жинақтаушыларының деректер базасы; лицензиялық бағдарламалық өнімді пайдалану жəне орнату жөніндегі нұсқаулықтар; драйверлер; операциялық жүйелерді, еркін жəне лицензиялық бағдарламаларды тіркеу; аппараттық, бағдарламалық кілттер мен парольдер; дискілердің, сыртқы жинақтаушылардың жəне жады карталардың тізімі;
Белгілі жұмыс түріне мамандандырылған жұмыс орны: картридждерді толтыру жəне тазалау стансасы (белсенді сорып шығаруы бар); мен айлабұйымдардың жинағы; жоғары қысымды ауа ағынымен картриджді тазалауға арналған шаңсорғыш- компрессор; тонерге арналған мөлшерлеуіш; бағдарламлағыш; картриджерге арналған арнайы құрал-саймандар мен айлабұйымдардың жинағы; жоғары қысымды ауа ағынымен картриджді тазалауға арналған шаңсорғыш-компрессор; тонерге арналған мөлшерлеуіш; бағдарламалағыш;
Диагностика жəне тесті жасайтын жұмыс орын: тестілеуші құрылғылар; тексеруге, диагностика жасауға жəне жабдықтың ақауларын іздеуге арналған стенділік компьютер; құрал- саймандардың жинағы; құраушы жабдықтың сипат тізімі, үйлесуі жəне конфигурациясы жөніндегі анықтама;
Желілік жабдықтар: IP-мекенжайлар (деректер базасы), бағдарлауыштарды, коммуникаторларды, концентраттарды, модемдерді тіркеу; Wi-Fi-жабдық; коннекторларды, желілік кабельдерді, қысуға арналған құралдарды тіркеу; желіні диагностикалау құралдары; серверлік шкафтар; жинақтаушы серверлер, деректерді сақтау жүйесі;
Мультимедиялық жабдық жəне енгізу құрылғысы: колонкаларды, құлаққаптарды, микрофондарды, сканерлерді, цифрлік фото жəне видеоаппараттарды тіркеу; бөлшектерді, зарядтау құрылғылар мен мобильдік батарейларды тіркеу кіреді.
Өз міндеттеріне кірісер бұрын инвентаризация өткізу жəне техникаға нөмір беру, пломба қою, бағдарламалық жəне жасақтамаға қорғауды орнатып əрі жұмыс режимінің өзгерісіне қол жетімділікті шектеу қажет; ақпаратты көшіріп жады құрылғыларына немесе рұқсат жоқ пайдаланушыларға арнайы компьютерге сақтау қажет.