12.1. кесте.Толтыруға арналған кесте
Кезең
|
ТТ
|
Жабдық/ құрал-
сайман дар
|
Тазартқыш құралдар
|
Бағдарламалық жасақтама
|
ТТ-1 күнделікті
|
Аппаратураның сыртқы бөлшектерінен шаңды сүрту, визуалды тексеру, бақылау тестерді өткізу, резервті дискі бейнесін құру, вирусқа қарсы тест
|
|
|
|
ТТ-2 аптасына
Бір рет
|
Бейне көріністің сапасын, өлшемдерін, орталықтандыруын, мониторлардың геометриялық бұрмалауын визуалды бағалау, бақылау тестерді өткізу, ақпаратты резервті көшіру
|
|
|
|
ТТ-3 үш айда бір рет
|
Сервис бағдарламаларының құралдарымен ақпаратты жинақтауыш профилактикасы, жадының толық
тестілеу жəне жүйенің шапшаңдылығын бағалау. Шеткері жабдықтарды тексеру, порттарды баптау
|
|
|
|
ТТ-4 жарты
жылда бір рет
|
Жартылай бөлшектеу жəне ауа ағынымен шаңды жою, арнайы тазалау дискілерімен дискжетектерін тазалау
|
|
|
|
ТТ-5
жылына
бір рет
|
Толық бөлшектеу жəне түйіспелерді оксидтерден тазалау, аппаратураны толық тазалау
|
|
|
|
Мəтіндік редакторда Интернет қосылған жергілікті жəне сымсыз желіге біріктірілген, он үстел компьютеріне, төрт ноутбукқа, алты принтер мен үш көшіру аппараттарына техникалық қызмет көрсетудің жылдық графигін құрыңдар.
Интернет ресурстарын қолданып (бейнелеумен жəне түсіндірумен), жөндеу жəне қызмет көрсету үшін қажетті жабдықтар мен құрал- саймандар туралы таныстырылым жасаңдар:
а) қатқыл дискінің. HDD (HD HPE PRO ағылшын тілінде) жөндеу үшін жасақтамалар; HDD жөндеуге арналған құрал- саймандардың жиынтығы; PC-3000 UDMA; PC-3000 Portable; PC- 3000 Flash SSD Edition; Data Extractor UDMA; құрал-сайман көрсетілсін.
б) аналық тақшаның. Аналық тақшаларды диагностикалау жəне жөндеу үшін бағдарламалық-аппараттық кешен PC POWER PCI- 2.22; DESKTOP DDR2 &DDR3 TESTER WITH LED; пост-карта (PCI); CPU SOCKET TESTER FOR DESKTOP (CPU FAKE
LOADING BOARD); аналық тақшалардың ағытпалары мен порттарын тестілеуге арналған толық жиынтық (24 дана); мультиметр, SMD-компоненттерінде өлшеу үшін мультиметрге қуыс бұрғы; осциллограф; антистатикалық білезік; дəнекерлеу стансасы; құрал-саймандар көрсетілсін;
в) жабдықтардың түрлері. LCD мониторлары үшін: CCFL- шамдарды тексеруге арналған тестер; осциллограф; мультиметр; дəнекерлегіш; құрал-саймандар көрсетілсін. Жедел жады үшін: «All in 1» көп функционалды бағдарламалағыш, қоректену блогы үшін – тестер, жергілікті желінің кабель тестеріжəне т.б.;
г) компьютер мен кеңсе техникасын күтуге арналған құралдар: компьютер шаңсорғышы, пернетақта шаңсорғышы, ауа алмұрты, сығылған ауасы бар баллондар, жетектерді тазалауға арналған дискілер, баспа құрығыларына арналған тазалағыш қағаз, оптиканы тазалауға арналған қарындаш (қалам), көбік, гельдер, сүлгілер, қылқаламдар, спреилер жəне т.б.
4. Интернет ресурстарын қолданып, компьютерлік техника ақауларының электрондық фотоальбом-нұсқаулығын жасандар.
Аудиториядан тыс жұмыс
Егер компьютерді тазаламаса, бірінші кезекте не жұмыс істемей қалады, түсіндіріңдер.
Дербес компьютердің автоматтық бақылау жүйесіне не кіреді, анықтаңдар.
Компьютерді жөндеу жəне қызмет көрсетуге қажетті жабдықтардың тізімін ұсыныңдар.
Компьютерлерге қызмет көрсету жабдықтары бойынша (құралдар) тақырыптық кроссворд жасаңдар.
Компьютерлік техникаға қызмет көрсету бойынша ірі сервис орталықтары туралы хабарлама жасаңдар.
Компьютердің диагностикасын жасауға арналған бағдарламалардың тізімін жасаңдар.
Желдеткіштердің мойынтіректерін майлау үшін қандай құралды қолданған жақсы, анықтаңдар.
POST-картаның қандай түрлері болады, анықтандар.
Өзін-өзі диагностикалауды компьютер қалай жасайды, түсіндіріңдер.
http://www.bioscentral.comсайты туралы хабарлама жасаңдар
«Баспа техникаға техникалық қызмет көрсету» тақырыбына кроссворд құрыңдар.
18 – тəжірибелік жұмыс
Тақырып: POST CARD PCI КӨМЕГІМЕН
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ
Достарыңызбен бөлісу: |