Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет19/30
Дата10.10.2022
өлшемі122,29 Kb.
#42100
түріПрактикум
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
дәріс

ЖОО оқу. Жоғары оқу орнына түсу мотиві суденттік өмірдің стилін анықтайды. ЖОО түсудегі студенттің әлеуметтік жағдайы, сана-сезімі, өмірлік жсопары ары қарайғы өмірінде үлкен мәнге ие болады.
Жұмыс іздеу. Мектеп бітірушілер ЖОО түспей қалғандар немесе жұмыс істейтіндер түрлі қиыншылықтармен кездеседі. Олардың көбіне тән сипат белгілі іс-әрекетті таңдаудың қиындығы.
Әскер. ЖОО-ның күндізгі бөлімінде оқымайтын жастар әскер қатарына шақырылады. Әскердегі қызмет-бұл да бір өмірлік бейнені өзгерту. Қатаң тәртіп, үлкен физикалық күш және шені бойынша үлкендерге сөзсіз бағыну көп балалар үшін ауыр сынақ болады.
Қоғамнан қашу- жастық шақта өмірді ұйымдастырудың тағы бір нұсқасы. Ол жұмыс істейді ме, істемейді ме оған тәуелсіз, жағымсыз әдеттерге баруы мүмкін: нашақорлыққа, діни секталарға. Бұл нұсқаны саналы өмірлік таңдау деп айтуға болмайды.
Жастық шаққа оптимизм тән. Адам өзінің өмірлік ойлағанын жүзеге асыруға тырысады, ол күшке, энергияға толы, өзінің мақсаттары мен идеалдарын жүзеге асыруға деген тілекте болады.
Өмірдің маңызды жақтары
Махаббат және жанұя. Жастық шақты махаббат жасы деп атайды. Бұл жасқа өмірлік серікті және жанұя құрудың психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік және басқа факторларының оптималды бірігуі тән. Отбасын құру тұлғалық даму үшін өте маңызды. Адам өзі үшін жаңа қоғамдық статусқа ие болады. Әсіресе баланың өмірге келуі ең үлкен мәнге ие болады.
Өмірлік серікті таңдау және отбасын құру- жастық шақта дамудың әлеуметті жағдайының бірі.
Кәсіби іс-әрекет. Осы кезеңдегі дамудың әлеуметті статусының екінші жағы- таңдалған кәсіпті меңгеру. Жастық кезде адам өзін таңдаған ісінің адамы деп белгілейді және осы кезеңде кәсіби дайындалу аяқталады.Өмірлік жолды сәтті таңдауда адам өзінің кәсібінде іскерліктің және оның объективті танымның жоғарғы деңгейіне жетеді, яғни кім ғылыми іс-әрекетті таңдаса сол ғылым кандидаты болады. Көбінесе осы шақта адамдар неғұрлым қызықты жаңа идеяны табады.
Достық. Достық қатынастарды орнату өмірдің жағымды жағына жатады. Достықтың пайда болуы туралы сұрақты талдай отырып, жолдастық қарым-қатынас олар үшін маңызды болып табылады.
Шамамен 30 жаста, кейде кешірек, адамдардың көбісі дағдарыстық күйзелісті басынан кешіреді. Ол өзінің өмірі туралы көзқарастарының өзгеруінде, кейде өмірге деген қызығушылықтың жоғалуында көрініс береді. 30 жастағы дағдарыс өмірлік ойлардың жүзеге аспай қалуының себебінен болады. 30 жастағы дағдарысты өмір мағынасының дағдарысы деп те атйды. Дәл осы кезде өмірінің мағынасын іздеумен байланысты.
Біз 16 – 18 жастың арасын «ересек» деп алсақ та олар қазіргі кезде үлкендермен салыстырғанда түгелдей тең келеді деуге болмайды. Себебі? Ересек деп отырғанымыз жеткіншектен едәуір басым келгенімен, әзірде бала мен үлкендердің екі арасында. Біріншіден, осы жастағылар паспорт алып не комсомолға өткенімен өз бетімен игілікті өндіріп, өзінің қажеттілігін қамтамасыз ете алуы жоқтың қасы. Әрине тек ересектер ғана емес, тіпті студент жасцындағылардың көбі қазір де ата – анасының мойнында. Сондықтан, біз тек материалдық жағын айтып отырған жоқпыз. Есею жөнінде әңгіме етіп отырмыз. Есею деген түсінікке тек дене күші не ақыл –ой байлығы ғана жатпайды, бұған жасөспірімнің өзгелермен қатынасының тиісті мөлшерде болуы, қиын жағдайда өздігінен шешімге келе алуы, қиыншылықтардан бас тартпауы т.б. жатады. Бұл қасиеттер әлеуметтік ортаның жемісі. Бұрынғы ескі дәуірде қазіргі жеткіншек жасындағылар ересек қатарына жатады. Есеюдің өзі балалардың жасына ғана тәуелді емес, қоғам дәуірінің талабына байланысты. Осыған орай жігіт немесе бойжеткен қыз жасы жөнінде елдер арасында түрлі аңыз - әңгімелер, жырлар кең таралған. Осы ауыз әдебиеттің негізгі тақырыбы - ересектің батырлығы, жаумен күресе алуы, махаббат, т.б.
Қазіргі дәуірді алсақ, ересек әлі үлкендердің қатарына толық жетпегенімен, жеткіншек жасындағы балалық әдетін қойып, яғни бірдемеден ерегесуден, тәртіп бұзудан көбінесе аулақ болып, үлкендермен жалпы алғанда дұрыс қатынаста болады. Сыртай қарағанда мәдениетті, үлкендермен кездескенде ол алдымен амандасады, мысалы, біреу суға кетіп бара жатқанын т.б. көрсе, оған көмектесуден қашпайтын болады. Егер жеткіншек кезеіңде жолдас – жораларымен ойнап, берілген тапсырманы ұмытып кететіні кездессе, ересек кезінде оқуға салмақты қарап, келешекте қандай мамандыққа ие болғысы келетіні туралы ойлана бастайды. Осының нәтижесінде оқуға ықыласы бұрынғысынан көп өзгеріледі. Жақсы оқымаса, кейін қалаған оқу орнына түсе алмайтынын сезіп, осының салдарынан сабақтың көпшілігінен тапсырманы ойдағыдай орындауға тырысады. Сонымен қатар ересектің ақыл – ой қабілеті едәуір дамып, өзінің пікірін дәлелдеу, не өзінің ісіне алдау жасау қабілеті қалыптаса бастайды.
Ересек жасындағылардың негізгі әрекеті оқу мен еңбек, бұлар еңбектің неше түрімен, оның ішінде мектептің жұмысымен айналысады.
Ересектердің басым көпшілігі 11 жылдық мектепте оқыса, кейбіреулері техникумда немесе ПТУ- да оқиды. Техникумда оқитын ересектің есеюі орта мектептегілерге қарағанда шамалы алда келеді. Себебі, мұнда оқитындардың мақсаты негізінде тиісті мамандықққа ие болу. Үнемі осы жөнінде ойланып, өз бетімен туған – туысқандардың көмегінсіз өмір сүріп, құрбыларының алдында тиісті орнын алғысы келеді.
Ересек оқушының жеткіншек жастағыларға қарағанда жауапкерщшілігі ұлғаяды. Біріншіден, комсомолға өтіп, қоғамның маңызы бар тапсырмаларын орындап, осының нәтижесінде өзінің кім екенін біліп, өзгелердің жағдайымен де санасyға үйренеді. Екіншіден, ересектер бір жағынан мектеп тарапынан аса жауапты тапсырмаларды орындауға қатысып, екінші жағынан, төменгі класстарға тәрбие жұмысы тарапынан көмектесіп, осындай жұмыстар жүргізудің нәтижесінде бұрынғыға қарағанда салмақты келіп, онан әрі есейе түседі.
Ересектердің денесінің дамуына келсек, жеткіншек жасындағыдай бойының тез өсуін тоқтата бастайды. Әсіресе бойының өсуі тоқталады, бірақ кеудесі, қолы мен аяғының бұлшық еттері, шеміршектері, мйны, т.б. азды – көпті әлі өетін болады. Қыздардың бой ы 17 жасқа дейін, ұлдардың бойы 18 жасқа дейін өседі. Егер жеткіншек кезде қыздар салмағы мен бойы ұлдардан басым келетін болса, жоғарғы кластарда ұлдар қыздардың бойын қуып жетеді.
Ересектердің азаматтық және «мен» дейтін қасиетін айтар болсақ, азаматтық қасиетке ересек тек өзі жөнінде ойланып қана қоймай, өзгелердің, ұжымның мүддесі мен қамын ойлай білуі жатады. Егер тәрбие жұмысының нашарлығының жеткіншек тек өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қоятын болса, мұндай оқушыны азамат қатарына жатқызуға болмайды. Осыны ересек жсындағылардың көбі жақсы біледі және құрбыларының жиналысында сынға алғанда, мұның солай екенін өзгелерге ескертіп отырады. Ересектердің түсінігінше азамат дегеніміз қоғамның мүддесін өзінің жеке басының мүдесінен кем деп санамай, осыны өзінің мақсат етуі.
Азаматтық қасиеттің ендігі бір белгісі - ересектердің мінез – құлқының, ісінің моральдық мөлшерлерге дәл келуі. Егер бала жастайынан ары болып, өзінің жеке басын көпшілік алдында көрсетіп, ойы мен пікірінің дұрыс екенін дәлелдей алса, осының өзі дәрежесіне жеткенінің белгісі.
Азаматтық қасиеттің ең бір көзге түсетін түрі ілгеріде аталған ересектің өзбеттілік қасиеті. Бұл қасиеке ұмтылу жеткіншек жасында кеңінен өріс алып, ересек жасында онан әрі қалыптасады.
Қиыншылықтан бас тартпауды алатын болсақ, осы қасиет ересектерде күшті дамиды. Себебі, кім еңбектен не оқу қиыншылығынан қорықпай, осыларға ұмтыла білсе, сол оқушылар көптің көзінше азамат деп есептеледі. Сонымен осы қасиет ұлдардың өзгелер алдында өздерін көрсеткісі келіп, әсіресе қыздардың алдында тиісті объектіге барлық күшін салып ұмтылады. Бірақ осының өзі кейде тект өзін көрсету үшін жасалуы мүмкін.
Азаматтық қасиеттің көрнектісінің бірі әр ересектің өз уәдесіне тұра білуі. Егер ересек өзгені алдап кетіп, берген уәдесіне тұрмаса осының өзі азаматтық қасиетке тән емес.
«Мен» деген мағнаны кей психологтар адам өзіне -өзі тең екендігін білу деп анықтама береді. Мысалы, ересек айнаның алдында тұрып өзінің ажарын көріп, «мынау мен бе?» деген ойда болып толғанады. Бұл әркімнің өзіне баға берудің ең қарапайым түрі. Ересек жастағы қыздар айнадан өздерінің ажарын көріп, түрінің бұрынғысынан өзгергендігін сезіп, қатты ойланатыны кездеседі. Осындай ойланып – толғану тіпті ажардың өзгеруінен емес, әркім өзінің денесінің өзгеше келуіне риза болмай, осы туралы қапалануынанб да кездеседі. Мысалы, егер қыздың бойы тым бойшаң келсе, осыны үлкен бір кемістіктің белгісі деп, бұл туралы көпке дейін уайымдайтын болады, ал ұлдардың бойы тым биік клсе, бұл тым жақсы қасиет болып саналады. әрине, мұнда тұрған ештеңе жоқ,т Дегенмен ересектердің ажары не денесінің қандай болып өскені туралы ойлануы, - осылардың бәрі жас ерекшелігіне тән қасиет. Өткені әркім өзіне құрбылар таңдап, өзіне ұнағандарымен жүргісі келеді. Бұлар әлі өзінің не өзгенің ажарының, денесінің бәлендей болып дамуын адамның аса қфымбат ақтарының ішкі жан – дүниесінің әсемдігінің, моральдық тұрғыдан тазалығының т.б. белгісі деп түсінеді. Осының өзі - әсемділікті ересек жасының талабына сай түсіну. Ересектер тек өзіне құрбылар іздеп қана қоймай, алдағы өмірі, соның ішінде жұбайлық өмірі туралы да ойланады. Осының нәтижесінде өзінің қаншалықты ажарлы болып келуіне және денесінің әсем екеніне үлкен мән беріп, осы қасиеттерді қалайда дамытып, жақсартуға күшін салады.
Мұнымен қатар ересек өзінің « мен» деген қасиетін өзінің ісін, қылығын бағалаумен байланыстырады. Кішкентай кезінде өзін бағалауды жақсы білмей, тек өзгелерді бағалауға икем келеді. Себебі өзі жөнінде бірдеме, айту ыңғайсыз деп санайды.
Ескерте кететін бір мәселе, әркімде «мен» деген біреу болғанымен осының тиісті жағдайларға орай бірнеше түрлері кедеседі. Айталық біріншісі – «мени шынында кіммін?», екіншісі - «мен» өзімді өзгелер қалай бағаласын деп ойлар едім, үшіншісі «мен» - тілегімбойынша қандай болғым келеді?, төртіншісі – «мен» келешекте кім болғым келеді?
Ересектердің үлкендермен қарым-қатынасы жеткіншекке қарағанда едәуір түзеліп бұрынғы қалпына келе бастайды. Бұлардың қарым-қатынастарының бұрынғыдан өзгерілу себебі, мынадан: егер жеткіншектердің үлкендермен келіспеушілігі көбіне мынадай жағдайлардан тұрады. Жеткіншек өзінің ешкімнің аңдымауын, амқорлық жасамауын, билікті өзіне ғана беруді қалайды. Ал есейген сайын осының қате екенін сезіп, үлкендермен бұрынғы қатынасын өзгерте басмтайды. Сонымен қатар ересектер үлкейген сайын есі, ақылы толысады. Осының нәтижесінде ересектер мен оның туған-туысқандарының арасында бұрынғы түсінбеушілік жойылып, бұлардың қатынастары түзеле бастайды. Осылай деу кейбір үй – іштерінде ересектер мен үлкендер арасында айтыс – тартыстар кездеспейді деген сөз емес. Жеткіншек кезіндегі үлкендермен қатынстың бұл түрі ересектерде кездеспейтіні туралы айтылып отыр.
Ал ересектік кезеңде өзбеттілікке талпынып, үлкендердің ісіндегідей істі меңгеру кездесе ме десек, бұл қасиет жеткіншек кезінен аспаса, төмендемейді. Бірақ талпынудың мазмұны өзгереді: ересек үлкендер сияқты қызмет істеу істеу үшін көп оқып, өз бетімен еңбек ету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет