Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987


дәріс. Жеткіншектердің психикалық дамуы



бет17/30
Дата10.10.2022
өлшемі122,29 Kb.
#42100
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
дәріс

дәріс. Жеткіншектердің психикалық дамуы



Дәрістің мақсаты: Жеткіншектік кезеңнің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық дамуы жөнінде білім беру. Кезеңдік дағдарыс оның түрлеріне тоқталу.
Дәрістің жоспар:
1.Жеткіншектердің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық дамуы.
2.Жеткіншектердің ақыл-ой, физикалық, әлеуметтік дамуындағы дара және жыныстық айырмашылықтар.
3.Жеткіншектердің оқу іс-әрекеті. Танымдық, қоғамдық қызығулардың, мінез-құлық мотивінің қалыптасуы.
4. Жеткіншектердің жеке басының қалыптасуы
Әдебиеттер тізімі:
1. Кон И.О.Психология юношеского возраста. М.,1979.
2. Фридман Л.М.,Волков К.Н. Психологическая наука-учителю.М.,1985.
3. Маркова А.К.Психология обучения подростка.М.,1975.
4. Немов Р.С.Психология.В 3-х кн.М.,1995.
5. .Ковалев А.Г.,Мясищев В.Н. Психологические особенности человека.М.,1986.
6. Ананьев Б.Г. Избр.психологические труды.М.1980.
7. Абульханова-Славская К.А. Деятельность и психология личности.М.,1980.
Жеткіншек психикасы дамуының өзіндік ерешелігіне тоқталайық.Жеткіншек жасындағыларды тиісті әдебиеттерде "қиын" ,"өзгерілу" ,"ауысу жастары" т.б. деп атайды. Соңғы жағдайда ауысу жасында жеткіншек балалық кезеңдердең ересек жасына ауысады. Ана тілімізде жеткіншек деген ұғым өзге тілдердегі осы сөздің мағынасын дәл береді. Жеткіншек балалық шақ пен ересектік кезең жете алған жоқ,бірақ жетіп қалды. Сондықтан бұл жастың жеткіншек деп аталуы осы кезеңдегі психологиялық ерешеліктерінің өзіндік сипатын анық көрсетеді.
Жеткіншектік кезең бала ағзасының қайта құрылуымен байланысты. Яғни дене мүшелері дамып гормондар бөліп шығара бастайды. Бойы және салмағы ұлғаяды. Бойы мен салмақтың өсуі дене пропорциясының өзгеруімен қатар жүреді. Ең алдымен басы ұлғаяды, кейін аяқ жағы мен қолдары ұзарады. Осы кезеңде балалар өздерін қолайсыз сезінеді.
Қосалқы жыныстық белгілер пайда бола бастайды. Ұлдардың дауыстары өзгереді. Қарқынды дамумен қатар жүрек, өкпе, бас миының қан айналымы өзгерістерге ұшырайды. Эмоционалды тұрақсыздық жыныстық жетілу процесімен қатар жүретін сексуалды қозуды күшейтеді. Ұлдардың көбісі бұл қозудың қайнар көзін түсінеді. Осы кезеңде жыныстық теңдестірлу жоғарғы деңгейге жетеді. Ағзаның қайта құрылуының арқасында өзінің сыртқы пішініне қызығушылық пайда болады. Жаңа физикалық “Мен” қалыптасады. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерешелігі жас бала мен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады: бұл кезеңге тән тағы бір ерешелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл – кеңесінен құтылғысы келеді. Жеткіншектің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетінінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы /жыныс т.б. жетілуі\ жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда,жеткіншек тым өзгеше сипатта келеді. Мысалы: жеткіншек төменгі кластарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса,жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жеткіншек жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді.
Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуына және жеткіншектің өзіне тән ерекшелігін теориялық тұрғыдан дәлелдеуге көшелік. Бала жеткіншек жасында дене және физиологиялық даму жағынан үлкен өзгерістерге ұшырайды. Егер бастауыш кластарда баланың денесі белгілі бір мөлшермен біртіндеп өсететін болса, жеткіншек кезінде тез өседі. Бірақ өсуі бір мөлшермен іске аспайды. Кейде тым шапшаң, кейде баяу дамиды. Мұндай түрліше қарқынмен өсу 11-ден 16-ға дейін созылады да, кейін өз қалпына келеді. Қыздардың денесінің тез өсуі 13 жаста , ұлдардың 15 жаста кездеседі.Бұл кезде ересектердің сүйегі мен шеміршектері нығайып, бұлшық еттері күшейеді.Осының нәтижесінде 13 жастағы қыз күш жағынан шешесінен кем емес , 15 жастағы ұлдың күші әкесінің күшінен жақындайды. Жеткіншектердің дене құрылысы онша үйлесіп жарымайды. Денесін тік ұстамай бір жағына еңкейіп не қисайып тұрған сияқты көрінеді. Себебі дене мүшелері біркелкі дамымайды:аяқтары, қолы, белі, мойыны тез өседі де, кеудесі кеш өседі. Осының нәтижесінде жеткіншек денесінің үйлеспеуінен ұялады. Мұнымен қатар жеткіншектің қан айналыс системасы недәуір өзгерістерге ұшырайды. Жүрегінің көлемі тез өсіп, салмағы артады. Артериялық қан айналыс түтіктерінің диаметрі өсіп жарымайды. Осының нәтижесінде жүрек қанды көп айдайды да,түтіктің тесігінің көлемі /диаметрі\ кішкентай болғандықтан,қанның қысымы көбейеді, сөйтіп жүрек жұмысын нашарлататын болады. Бірақ қан қысымының жоғарлығы көпке дейін созылмай, біраздан соң өз қалпына келеді.
Есею және үлкендердің ісіне жеткіншектің талаптануына көшейік. Біз осы уақытқа дейін көбінесе жеткіншектің үлкендердің талабына көнбейтіні туралы әңгіме еттік. Жеткіншектің көнбейтіні өзі үлкен кісі болғысы келуінен. Осы мақсатқа жету үшін жеткіншек үлкендердің ісіне талдау жасап, есейген адамның мінез-құлқы қандай болуы қажет және оған оның несі ұнайды, несі ұнамайды-осы жөнінде ойланады. Өйтпесе, өзінің есею мақсатына жете алмайды. Қазіргі заман жеткіншегінің есеюі мен өткен дәуірдегі бозбалалардың есеюі арасында үлкен айырмашылық бар. Егер өткен заманның бозбаласы атқа мініп, үлкендерге қосшы бола алса, немесе біруге өлең шығаруды есею деп ұқса, қазіргі кезде мұны есею днген ұғымға жатқызбайды.Сол сияқты қыздар киіп тіге білуді не алаша тоқуды есейгендік деп сезінсе, бұл да қазір есеюге жатпайды. Біз осыны жеткіншек жасындағы ұлдардың бастайық. Бұларға орай есеюдің мынадай бірнеше түсінігі кездеседі қалалық жердегі жеткіншектер ұялмай үлкенднрдің көзінше тартып не карта ойнап -осы әдеттерді есейгеннің белгісі деп санайды.Бұл әрине есеюді тайыз мағынада түсінушілік болып саналады. Жеткіншектің басым көпшілігі –есеюдің соңғы түрінің ұнамсыз екенін біліп қолайсыз түрден алуақ болып,пайдалы істермен айналысады.Бұлар өзін келешектегі қиыншылықты жеңуге даярлап,осыған орай есеюді,
негізігде, мынадай екі мағынада түсінеді:бірқатары болашақта ірі қайраткер болсам деп армандайды.
Танымдық процестеріне келсек, қабылдауында оқу материалын көрнекі материалды, түсінуге интеллектуалдығы қажет болады. Кез-келген жұмыста жеткіншекті ойлауға итермелеп отыру қажет. Еске сақтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану осы кезеңде қалыптасады. Өзіндік ерекшеліктерді білу қажеттілігі, өзіне деген қызығу, өзі туралы ойлану- жеткіншек кезеңінің өзіндік ерекшелігі. өз кемшіліктеріне көп көңіл бөлу, бұл кезең бойында сақталады.
Жеткіншектік жаста теориялық рефлексивті ойлау дамиды. Бастауыш жасында қалыптасқан операциялар формальды-логикалық операцияға айналады. Жеткіншек интеллектуалды тапсырманы шеше отырып гипотеза қоя алады. Проблеманы шешуде түрлі бағыттарды іздеуге ұмтылады. Классификация, аналогия, жалпылау сияқты операциялар дамиды. Теориялық рефлексивті ойлау ерекшеліктері жеткіншектерге абстарктілі идеяларды талдауға мүмкіндік береді. Қабылдаудың және естің интеллектуалдылығы дамиды.
Өзіндік сананың ерекше формалары: ересектік сезімі және “Мен тұжырымдамасы” пайда болады. Ересектік сезімі- өзіне ересек адам ретінде қатынаста болу, өзін ересек адам ретінде сезіну. Ересектік сезімі мінез-құлықтың этикалық нормасымен тығыз байланысты. “Мен тұжырымдамасы” - өзі туралы ішкі үйлескен көзқарастардың, бейнелердің жиынтығы.11-12 жаста өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылық пайда болады, кейін өзін-өзі тану күрделеніп, тереңдетіледі. Жеткіншек өзінің ішкі әлемін ашады. Жеткіншектік жаста өзіндік бағалау өзінің деңгейі бойынша төмен және тұрақсыз болады. Жеткіншек жастағы “Мен” бейнелері әр түрлі. Физикалық “Мен” өзінің сыртқы көрінісі, тартымдылығы, өзінің ақылы , әр түрлі салалардағы қабілеті туралы көзқарастарының жиынтығы біріге отырып, “Мен тұжырымдамасының” – шынайы “Менін қалыптастырады. өзін, өзінің түрлі қасиеттерін тани отырып “Мен концепциясының” когнитивті компоненті қалыптастырылады. Шынайы “менмен” қатар идеалды “Мен” болады.
Жеткіншектік кезең 11-12, 14-15 жас аралықтарын қамтиды. Бұл жас кезеңі өтпелі, қиын кезең деп аталады. Бұл кезде даму ерекшелігі- (дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік) балалық шақтан үлкендік кезеңге өту. Балада өзін-өзі қайта бағалау, барлық жағынан қауырт өсу болғандықтан қарым-қатынасы, танымдық оқу әрекеттері де өзгереді.
Негізгі даму факторы- жеткіншектің әлеуметтік белсенділігі. Бала дамуында 2 түрлі жағдай 2 жағынан қарама-қарсы әсер жасайды. 1) ересектікке көшуді тежеуші- бала тек оқумен айналысады, өз бетімен маңызды міндет атқармайды, ата-аналары баланы көп нәрседен аластатып, қиыншылық түсірмеуге тырысады; 2) есейтетін фактор: әр жақтан алынатын хабарлардың ағыны, ата-аналардың көбінесе жұмыста болып, балаларға көп көңіл бөле алмауы. Осыған байланысты кейбәр жағдайда баланың өзіндік қасиеттерінің өсуі, акселерация (дене және жыныстық дамудағы секіріс) орын алады.
Жеткіншектік жаста өмірге деген әртүрлі көзқарас қалыптасады, осы кезеңде әр адамға тән адамгершілік және әлеуметтік құрылымдар қалыптасуына негізгі бағыт беріледі. Ересек өміріндегі қарым-қатынасқа ережелерге, өмірдегі құндылықтар көзқарастары қалыптасады.
Балаға қойылатын тілек-талаптар жеткіншек кезеңде үлкендерге қойылатын талаптармен алмаса бастайды. Үлкендердің балаға бағытталған құықтары шектеліп өзінің құқықтары кеңейеді- өзін сыйлауға, жеке адам деп қарауға ересектермен бірдей орын алуға тырысады. Осыған байланысты үлкендермен түрлі қайшылықтарға келу пайда болады (тыңдамау, қарсы тұру), қарым-қатынаста бала арасындағы қатынастан ересек арасындағы қатынасқа көшу. Бұл жерде бұрынғы қарым-қатынас сақталуына бірнеше жағдай әсер етеді:1) жеткіншек қоғамдық тұрғыдан әлі де болса оқушы; 2) ата-анасынан материалдық тәуелділігі; 3) ересек бала бақылап, бағытап отырады; 4) балаға тән қасиеттердің әлі де болса сақталуы;
Білім көлемі, тереңдігі жеткіншекті бағалаудың негізгі критерийіне айналады. Сондықтан да білімді толықтыруға жалпы мәдениетті көтеруге бағытталған әрекеттер жасалынады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет