дәріс. Жасөспірімдер психологиясы
Дәрістің мақсаты: Жасөспірімдік кезең психологиясы туралы түсінік беру. Жетекші іс әрекетіне тоқталу.
Дәрістің жоспар:
1.Жасөспірімдер психологиясы және бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері.
2.Балаң жастардың оқу мен мамандыққа ұмтылуы, олардың өзіндік санасының дамуы.
3.Құрбы-құрдастармен және үлкендермен өзара қатынастарының дамуы.
Әдебиеттер тізімі:
1. Кон И.О.Психология юношеского возраста. М.,1979.
2. Фридман Л.М.,Волков К.Н. Психологическая наука-учителю.М.,1985.
3. Маркова А.К.Психология обучения подростка.М.,1975.
4. Немов Р.С.Психология.В 3-х кн.М.,1995.
15 (немесе 14-16)жас – жеткіншек және жастық арасындағы өтпелі кезеңі. Бұл уақыт 9 сыныпқа келеді. Осы сыныпта ары қарайғы өмірі жайында ойлана бастайды. Жасөспірімнен кәсіби өзіндік анықталу талап етіледі. Бұл жерде ол өзінің қабілеті және бейімділігі туралы ойлану керек, болашық кәсіп туралы көзқарасы болуы қажет. Бұл кезде балалардың көбісі мазасыз, эмоциялы және кез келген таңдаудан қорқады. Сондықтан көбісі оқуды мектепте жалғастырғанды жөн көреді.
Өтпелі кезеңде қабылдау әлсірей түседі. Олардың болашақ өмірімен байланысты сұрақтарына бағытталуда ересектерге деген қызығушылық пайда болады. Тоғызыншы сынып оқушыларын болашақ өмір кәсіби тұрғыдан қызықтырады. Ата-аналарымен өмірлік жоспарлары, ең бастысы кәсіби жоспарлар талқыланады. Жасөспірім жақын ересек адамына идеал ретінде қарайды. Бітіруші сыныптарда балалардың ынтасы кәсіби өзіндік анықталуға шоғырланады.
Тұлғаның тұрақтануы және өзіндік анықталуы
11 сыныпта жағдай неғұрлым шиеленіскен болады. Бұрынғы жылдары абстрактілі болған өмірлік таңдау шынайылыққа айналады. Өзіндік бағалаулары кейбіреулерді жоғары болады- және өмірінің барлық жағын қамтиды; кейбіреулерде өзіндік бағалауы төмен, өз-өзіне сенімсіз. Өзіндік бағалаудың өзгеруімен байланысты мазасыздану жоғарылайды. Өзіндік бағалау және мазасыздану деңгейіндегі бірнеше тербелістерге қарамастан тұлғаның тұрақтануы туралы айтуға болады. Бұл кезеңде өз-өзін реттеу қарқынды дамиды, өзінің мінез-құлқын, эмоциялық көрінісіне бақылау жоғарылайды. Көңіл-күйі тұрақтанады. 16-17 жаста балалар темпераментінен тәуелсіз неғұрлым ұстамды болады.
Осы кезде тұлғаның өнегелілік тұрақтылығы дамиды, өзінің мінез-құлқында жасөспірім өзінің көзқарастары, сенім-нанымдарына бағытталады.
Өзін-өзі анықтау, жасөспірім кезіндегі тұлғаның тұрақтануы дүниекөзқарасының өңделуімен байланысты. Осы кезде ол формалды-логикалық дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді.
Өзіндік анықталумен байланысты тағы бір мезет- оқу мотивациясының өзгеруі. Жасөспірімдердің жетекші іс-әрекеті оқу-кәсіби, оқуды болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті база деп қарай бастайды. Оларды болашақта қажет деп санайтын сабақтар қызықтырады.
17 жастағы дағдарыста ауыр күйзелістерді басынан өткерген балаларда түрлі қорқыныштар болады. Өзінің және ата-анасының алдында таңдаған таңдауының мына әлемде жүзеге асуы үшін жауапкершілікті сезіну, олар үшін үлкен жүк. Бұған қосымша жаңа өмірге деген, мүмкін болатын қате туралы, ЖОО түсуде сәтсіздік, ер балаларда әскер алдындағы қорқыныштар қосылады. Жоғарғы деңгейдегі мазасыздану және қорқыныш невротикалық реакциялардың пайда болуына алып келеді (мысалы, емтихан алдында температураның көтерілуі, бас ауыру т.б.). Жастардың дамуының әлеуметтік ситуациясы- өмірлік жолды таңдау жағдайы. 16-17 жаста көзделген жоспарлар жүзеге асырыла бастайды. Жастар үшін өмірлік жолдың үш негізгі нұсқалары бар: жоғары оқу орнында оқу, жұмыс іздеу және ұлдар үшін әскерде қызмет ету.
Достарыңызбен бөлісу: |