Практикумы оқу құралы 2013 жыл Алматы 2013 1 0 0 0 6 0 0 4



Pdf көрінісі
бет22/33
Дата12.03.2017
өлшемі6,26 Mb.
#8932
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

6.  Сурьма  алу.  Шамалы  сурьма  (III)  сульфидін  натрий  карбонатымен  араластырыңдар. 
Кӛмір кесегін шұңқырлап ішіне дайындалған қоспаны салыңдар. Қысқышпен кӛмірді алып, 

 
168 
оны  жанып  тұрған  жалынға  ұстап  тотықсыздандырғыш  жалынымен  қыздырыңдар. 
Реакцияда қандай ӛнімдер түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
7.  Сурьманың  концентрлі  күкірт  қышқылымен  әрекеттесуі.  (тартпа  шкафта  жасау 
керек).  Сынауыққа  аздап  сурьманың  ұсақ  кристалдарын  салып,  оған  концентрлі  күкірт 
қышқылын  қосыңдар. Сынауықты штативке тік бекітіп қондырыңдар. Реакция нәтижесінде 
қандай газ бӛлінеді? Ерітіндіде қандай ӛнімдер қалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
8.  Сурьма  гидроксидін  алу  және  оның  қасиеттері.  а)  Сурьма  (III)  гидроксидін  алу  үшін 
натрий гидроксидінің аз мӛлшерін қосады (сілтінің артық мӛлшерін қоспау керек). Тұнбаның 
түрін және түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә) Алынған тұнбаны екі сынауыққа бӛліңдер. Біреуіне тұз қышқылының, екіншісіне натрий 
гидроксидінің ерітінділерін қосыңдар. Түзілген натрий тетрагидроксостибатын 
4
)
(OH
Sb
Na
 
9-тәжірибеге  қалдырыңдар.  Сурьма  (III)  гидроксиді  туралы  қорытынды  жасаңдар.  Реакция 
теңдеуін молекулалық-иондық түрде жазыңдар. 
9.  Натрий  тетрагидроксостибатының  (ІІІ)  тотықсыздандырғыш  қасиеті.  Күміс 
нитратының  ерітіндісіне  түзілген  күміс  (І)  оксидінің  тұнбасы  жойылғанша  аммиак 
ерітіндісін қосыңдар, оған  8ә-тәжірибесінде алынған натрий тетрагидроксостибатының  (III) 
сілтілік  ерітіндісін  қосыңдар,  қыздырыңдар.  Тұнбаның  түзілгенін  байқаңдар.  Реакция 
теңдеуін  жазыңдар.  Бұл  реакцияда  натрий  тетрагидроксостибаты  (III)  қандай  қасиет 
кӛрсетеді?  
10. Сурьма (III) тұзының гидролизі. Шамалы сурьма (III) хлоридін судың 1-2 тамшысында 
ерітіңдер.  Ерітінді  ортасын  лакмус  қағазымен  сынаңдар.  Лакмус  түсінің  ӛзгергенін 
түсіндіріңдер.  Тұнба  түзілгенше  дистилденген  су  қосыңдар.  Ерітіндіні  сұйылтқанда  неге 
тұнба  түзіледі?  Сурьма  (III)  хлоридінің  гидролиздену  теңдеуін  жазыңдар.  Түзілген  сурьма 
(III)  оксохлориді 
SbOCl  екенін ескеріндер. Ол  қалай түзіледі? Алынған тұнбаға концентрлі 
тұз  қышқылының  бірнеше  тамшысын  қосыңдар.  Жүріп  жатқан  ӛзгерістерді  байқаңдар. 
Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. 
11. Сурьма қышқылын алу және оның қасиеттері.(тартпа шкафта жүргізу керек).  
а) Металдың бәрі еріп су мен азот қышқылында ерімейтін ақ ұнтаққа айналғанша сурьманың 
аз ғана ұнтағын концентрлі азот қышқылын қосып қыздырыңдар. Алынған тұнбаның құрамы
O
yH
O
xSb
2
5
2
. Сурьмақышқылының формуласы
]
)
(
[
6
OH
Sb
H
. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
Сурьманың концентрлі азот қышқылы және күкірт қышқылымен әрекеттескендегі ӛнімдерін 
салыстырыңдар (7-тәжірибені қараңдар). 
ә)  Сурьма  қышқылының  тұнбасын  екіге  бӛліңдер.  Тұнбаға  тұз  қышкылы  мен  натрий 
гидроксидінің  әсерін  тексеріңдер.  Сурьма  қышқылының  химиялық  қасиеттері  туралы 
қорытынды  жасаңдар.  Алынған  сурьма  (V)  хлоридінің  ерітіндісін  12-тәжірибеге  сақтап 
қойыңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. 
12.Сурьма (V) қосылыстарының тотықтырғыш қасиеттері. Калий иодидінің ерітіңдісіне 
11  ә-тәжірибесінде  алынған  сурьма  (V)  хлоридінің  ерітіндісінен  аздап  қосыңдар. 
Иодтыңтүзілгенін  дәлелдеңдер.  Реакция  теңдеуін  және  электрондар  алмасу  процесін 
жазыңдар. Осы реакцияда сурьма (V) хлориді қандай қасиет кӛрсетеді? 
 
Висмут 
13.Метал  висмуттың  қышқылдармен  әрекеттесуі.(жұмысты  тартпа  шкафта  жасау 
керек).  Екі  сынауыққа  метал  висмуттың  бір-бір  түйірін  салыңдар,  біріншісіне  концентрлі 
күкірт  қышқылын,  екіншісіне  сұйытылған  азот  қышқылын  қосыңдар.  Реакция  жүре  ме? 
Түсіндіріңдер.  Сынауықты  аздап  қыздырыңдар.  Азот  қышқылының  ерітіндісімен  висмут 
әрекеттескенде қандай газ бӛлінеді? Концентрлі күкірт қышқылы висмутпен әрекеттескенде 
қандай газ түзілетінін иісінен дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
14.Висмут  (III)  оксидін  алу.  Тигельде  висмут  (III)  нитратының  бірнеше  кристалдарын  тұз 
толық  ыдырағанша  қыздырыңдар.  Реакция  енімдері  қандай?  Түсін  байқаңдар.  Суытқанда 
реакция ӛнімдерінің түсі қалай ӛзгереді? Висмут нитратының ыдырау теңдеуін жазыңдар. 

 
169 
15.Висмут  (III)  гидроксидін  алу  және  оның  қасиеттері.  Висмут  (III)  нитратынан  висмут 
(III)  гидроксидін  алыңдар.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Алынған  висмут  (III)  гидроксидіне 
қышқылдың және сілтінің артық мӛлшерін қосыңдар. Не байқалады? Висмут (III) гидроксиді 
қандай қасиет кӛрсетеді? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. 
16.Висмут  (III)  тұздарының  гидролизі.  Висмут  нитратын  судың  бірнеше  тамшысында 
ерітіңдер.  Алынған  ерітіндіні  лакмус  қағазымен  сынаңдар.  Лакмус  түсінің  ӛзгеруін 
түсіндіріңдер.  Ерітіндіні  тұнба  түзілгенше  дистилденген  сумен  сұйылтыңдар.  Түзілген 
тұнбаның құрамы 
3
BiONO
екенін ескере отырып, гидролиздену теңдеуін жазыңдар. Ол қалай 
түзіледі? 
17.Висмут  қосылыстарының  тотықтырғыш  қасиеттері.  Марганец  (II)  сульфатының  2  н 
азот  қышқылы  қосылған  ерітіндісіне  аздап  құрғақ  натрий  немесе  калий  висмутатын 
салыңдар. 
4
MnO
ионына  тән  ерітіндінің  түсін  байқаңдар.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Бұл 
реакцияда натрий висмутаты қандай қасиет кӛрсетеді? Азот қышқылының ролі қандай? 
18.  Оңай  балқитынқұйманы  дайындау  (Вуд  кұймасы).(жұмысты  тартпа  шкафта 
жасау  керек).  20  г  висмут,  5  г  қорғасын,  2,5  гқалайы  және  4,5  г  кадмийді  ӛлшеп  алыңдар. 
Темір немесе фарфор тигельге 20 г висмуг пен аздап парафин салыңдар. Парафин металды 
тотығудан қорғайды, ол балқыманы 1 смқалыңдықта жауып тұруы керек. Тигельді асбестті 
картоннан  жасалған  тесікке  орнатып,  висмут  балқығанша  қыздырыңдар.  Балқыманы  темір 
сыммен  араластыра  отырып,  оған  бірінен  соң  бірін  қорғасын,  қалайы    және  кадмийді 
қосыңдар. Біркелкі балқыма пайда болғанша араластырыңдар. Оны суытпай суы бар фарфор 
стақанға  құйыңдар.  Бензол  немесе  эфирге  батырылған  шүберекпен  құйманың  бетіндегі 
парафин  іздерін  кетіріңдер.  Қағаздан  таяқша    жасап  құйманы  ауада  парафинсіз  қайта 
балқытыңдар. 
Құйманың  балқу  температурасын  анықтап,  оны  қалыпқа  құйыңдар.  Егер  алынған 
таяқшаны  қайнап  тұрған  суға  салса,  ол  балқиды.  Вуд  кұймасының  балқу  температурасы 
70°С. 
 
Жаттығулар мен есептеулер 
1. Висмут (III) хлориді гидролизінің теңдеуін жазыңдар. 
2.  Тӛменде  аталған  қосылыстардың  молекулалық  формулаларын  жазыңдар:  кальций 
арсенаты,  натрийдің  дигидроарсенаты,  калийдің  метаарсенаты,  арсин,  калийарсенаты, 
магний  висмутиді,  сурьма  (III)  оксосульфаты,  натрийдің  гексагидрооксостибаты  (V), 
висмуттың оксосульфаты. 
3. Ерітіндіде 
3
3
Sb
Bi
  иондары  бар.  Қандай  реактивтер  арқылы  осы  иондарды  бӛліп  алуға 
болады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
4.Мына ӛзгерістерді іске асыру үшін қажет реакция теңдеулерін молекулалық-иондық түрде 
жазыңдар:  
]
)
(
[
)
(
4
3
OH
Sb
Na
OH
Sb
 
]
)
(
[
4
3
2
OH
As
H
O
As
 
5.  Реакция  тендеулерін  толық  жазып,  коэффициенттерін  қойып,  тотықтырғыш  пен 
тотықсыздандырғышты анықтаңдар. 
а) 
......
)
(
3
4
2
4
2
7
2
2
SO
Cr
SO
H
O
Cr
K
As
 
ә) 
......
2
4
3
2
MnCl
HCl
KMnO
O
Sb
 
б) 
......
)
(
]
)
(
[
3
4
NO
конц
HNO
OH
As
H
 
в) 
......
NaCl
NaOH
NaClO
As
 
г) 
......
2
3
2
KBr
KOH
Br
O
Sb
 
д) 
......
4
2
3
KCl
SO
H
KClO
Sb
 
6. Құрамында 82% 
3
2
S
Bi
бар 1т висмут жылтырын күйдіру үшін (қ.ж.) ауаның қандай кӛлемі 
қажет? 

 
170 
7. Егер реакция нәтижесінде азот  қышқылы азот  монооксидіне дейін тотықсызданса, 20 мл 
64%-ті  азот  қышқылымен  (
1,4  г/см
3
)  мышьяк  (III)  оксидінің  қандай  мӛлшері  мышьяк 
қышқылына дейін тотығады? 
 
 
 Көміртегі және оның қосылыстары 
Кӛмiртегi  табиғатта  ӛте  кең  тараған  элемент.  Ол  кез  келген  ӛсiмдiк.  жануар 
клеткаларының  негiзi.  Сол  себептi  оны  Жердiң  биологиялық  сферасының  элементi  деп 
атайды.  Сонымен  қатар,  кӛмiртегi  мұнай,  тас  кӛмiр,  табиғи  газ  құрамына  кiредi.  Ол  жер 
бетiнде  әк  тасы 
3
CaCO
  (мрамор),  магнезит 
3
MgCO
,  доломит 
3
3
MgCO
CaCO
,  малахит 
3
2
)
(
CO
CuOH
  түрiнде  болады.  Табиғи  су  құрамына  оның  ерiмтал  тұздары 
2
3
HCO
Mg

2
3
HCO
Ca
  кiредi.  Ауа  құрамында  әрқашан  кӛмiртегi  (IV)  оксидi 
2
CO   бар.  Ӛсiмдiктер 
кӛмiртегi  (IV)  оксидiн  сiңiрiп,  хлорофилл  қатысуымен,  кӛмiртегi  (IV)  оксидi  мен  судан  - 
белок, углевод, май сияқты күрделi органикалық қосылыстар түзедi. Кӛмiртегi табиғатта таза 
күйiнде  де  кездеседi.  Ол  -  алмаз,  графит  және  карбин  деп  аталатын  кӛмiртегiнiң  
аллотропиялық түрлерi. 
Алмаз    түссiз,  қатты  кристалл  зат.  Ол  сәуленi  ӛте  күштi  шағылыстырады.  Алмаз 
морт келедi, бiрақ ӛте қатты минерал. Оның қаттылығы Моос шкаласы бойынша 10-ға тең. 
Алмаз  электр,  жылу  ӛткiзбейдi.  Оған  қышқыл,  сiлтi  қыздырған  кезде  де  әсер  ете  алмайды. 
Тек ӛте жоғары температурада (700 800
0
С) жанып оксидке айналады. 
Алмаз   аса бағалы тас. Ӛңделген алмаз бриллиант деп аталады. Алмаздың салмағын 
каратпен ӛлшейдi (1 карат - 0,2 г.). Графиттi жоғары қысыммен қатты қыздырса (2000
0
С), ол 
алмазға  айналады.  Алмаз  бұрғылау,  болат  ӛндеу,  әйнек  кесу,  бағалы  тастарды  ӛңдеу  үшiн 
қолданылады, 
Графит   металдық жарқылы бар, сұр түстi кристалл зат. Ол ӛте жұмсақ, электр мен 
жылуды жақсы ӛткiзедi. Графит химиялық әсерлерге, ыстыққа тӛзiмдi. Электр тоғын жақсы 
ӛткiзетiндiктен одан түрлi электродтар жасайды. Ол нейтрондарды сiңiреді. Сол себептi оны 
атом  реакторларында  нейтрон  тежегiш  ретiнде  пайдаланады.  Графиттен  қара  бояу, 
майлағыш заттар, қарындаш жасайды. 
Графиттiң  мұндай  қасиеттерi,  оның  кристалл  торының  кұрылысына  тәуелдi. 
Кристалдың  әр  қабатында  кӛмiртегi  атомдары  дұрыс  алтыбұрыш  түзедi  де,  ал  әр  қабат 
аралық  қашықтық  бiршама  үлкен  (0,34  нм)  болады.  Демек,  атомдардың  қабатаралық 
байланысы әлсiз. Сондықтан графит үйкегенде iз қалдырады. 
Карбин    қатты  кристалл  зат.  Ол  жасанды  түрде  алынған.  Карбинде  кӛмiртегi 
атомдары бiр-бiрiмен үштiк және бiр байланыс арқылы сызықтық молекула түзедi: 
Кӛмiр   кӛмiртегiнiң табиғатта кездесетiн түрi. Кӛмiрдiң құрамында кӛптеген қосалқы 
заттар  болады  және  оның  құрылысы  ретсiз.  Органикалық  заттар  оттегi  жетiспеген  кезде 
жанғанда түзiлетiн күйе   таза кӛмiр болып табылады. 
Кӛмiрдi, ағаш кӛмiрiн ауа қатыстырмай қатты қыздырған кезде кӛмiрдiң түрлi сортын 
алуға болады. Бұл процестi   құрғақ айдау дейдi. Құрғақ айдаукезiнде пайда болған кӛмiрдiң 
әр түрлi заттарды - газды, буды, ерiген заттарды ӛзiне тартатын қасиетi бар.  
 
Бақылау сұрақтары  
1. Көміртегі атомының электрондық формуласын жазыңдар. 
2. Қосылыстарында көміртегі қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? 
3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында көміртегі қандай қасиет көрсетеді? 
4. Көміртегінің түрөзгерістері,олардың қасиеттері. 
5. Метан, этилен, ацетиленнің молеклаларының құрылысы, гибридтену түрлері. 
6. Тотығу-тотықсыздану реакцияларда көміртегі (ІІ) және (ІУ) оксидтерінің 
қышқылдық-негіздік қасиеттерін салыстыру. 
 

 
171 
№12 зертханалық жұмыс 
Тәжірибелер:  
Аспаптар  мен  реактивтер:  сыйымдылығы  100  мл  цилиндр,Кипп  аппараты, 
сынауықтарымен  штатив,  темір  қалақша,  шыны  түтікше,  кристаллизатор,  воронка, 
магний лентасы, қызыл фосфор, мыс (ІІ) оксиді  CuO , натронды әк, темір (ІІ) сульфиді  FeS
,  кальций  карбиді 
2
CaC ,  кальций  карбонаты 
3
CaCO
,  магний  карбонаты 
3
MgCO
,  натрий 
карбонаты 
3
2
CO
Na
, натрий гидрокарбонаты 
3
NaHCO
, натрий ацетаты
COONa
CH
3
, этил 
спирті 
OH
H
C
5
2
, құмырсқа  қышқылы  HCOOH , қымыздық қышқылы 
4
2
2
O
C
H
,  индикатор 
қағазы, сүзгі қағазы, мақта, ерітінділер: 
4
2
SO
H
 (ρ=1,84 г/мл), 
HCl (ρ=1,18 г/мл), 2н натрий 
гидроксиді NaOH ,  2М  аммиактың  судағы  ерітіндісі,  калий  карбонаты 
3
2
CO
K
,  қорғасын 
нитраты 
2
3
)
(NO
Pb
,  0,01н  калий  иодиді  KJ ,  күміс  нитраты 
3
AgNO
  (0,1н),  кальций 
гидроксиді 
2
)
(OH
Ca
, қорғасын ацетаты 
Pb
COO
CH
2
3
)
(
, натрий сульфиді 
S
Na
2
, бейтарап 
лакмус ерітіндісі, фуксин. 
 
1. Ағаш көмірін алу(ағашты құрғақ қыздыру). Сынауықтың 3/4 бӛлігіне дейін құрғақ 
ағаш жаңқасын салып, штативке кӛлбеу бекітіп, оны газ түтікшесі бар тығынмен жабыңдар. 
Газ  түтіктің бір шетін салқын суы бар стақанға салынған қабылдағыш сынауыққа батырып 
қойыңдар.  Сынауықтың  бойын  біркелкі  қыздырыңдар  (70-сурет).  Ағаштың  ӛзгерісін 
байқаңдар.  Тік  түтіктен  шығып  жатқан  газды  жағыңдар.  Қыздыруды  тоқтатыңдар. 
Қабылдағьш  сынауықта  жиналған  сұйық  ӛнімдерді  лакмустың  бейтарап  ерітіндісімен 
сынаңдар. Суыған сынауықтан ағаш кӛмірін алып, келесі тәжірибелерге сақтап қойыңдар. 
 
70-сурет. Ағашты құрғақ айдау.                          71 –сурет. Мыс (ІІ) оксидін кӛмірмен тотықсыздандыру. 
 
2. Ағаш көмірінің адсорбциялық қасиеті. а) Колбаға немесе стақанға су құйып оны 
күлгін сиямен немесе фуксинмен бояңдар. Оған ұсақталған ағаш кӛмірін салып, шайқаңдар. 
Одан соң сүзіңдер. Ерітінді түсінің ӛзгерісін түсіндіріңдер. 
ә) Сынауыққа 1-3 тамшы 0,1 н қорғасын нитратының немесе ацетатының ерітіндісін 
құйып оған 1-2 тамшы калий иодиді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Иондық теңдеуін 
жазыңдар.  Екінші  сынауыққа  қорғасынның  сол  тұзының  ерітіндісінен  1-2  мл  құйып  оған 
ұсақталған активтелген ағаш кӛмірін қосып, сынауықты тығынмен жауып,қатты шайқаңдар. 
Ерітіндіні сүзіп, сүзіндіге (ерітіндіге) 1-2 тамшы 0,1 н калий иодидінің ерітіндісін қосыңдар. 
Бұл  жағдайда  тұнба  түзіле  ме?  Байқалған  құбылыстарды  түсіндіріңдер.  Ағаш  кӛмірінің 
адсорбциялық қабілеті күшті болуы не себептен? 

 
172 
3.  Көмірдің  тотықсыздандырғыш  қасиеті.  Бір  бет  қағазда  мыс  (II)  оксидін  және 
ұсақталған  ағаш  кӛмірін  шамамен  бірдей  мӛлшерде  араластырыңдар.  Қоспаны  құрғақ 
сынауыққа  салып,  оны  штативке  кӛлбеу  бекітіңдер  (71-сурет).  Сынауықты  имек  түтігі  бар 
тығынмен тығындап екінші ұшын ізбес суы бар сынауыққа салыңдар. Сынауықты газ бӛлінуі 
тоқтағанша күшті қыздырыңдар. Құбылыстарды байқаңдар. Сынауық суығаннан кейін оның 
ішіндегі заттың түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
4.  Метанның  алынуы  және  қасиеттері.  а)  Сусыз  натрий  ацетатын  және  натрон 
ізбесін  1:2  қатынасында  жақсылап  араластырыңдар.  Құрғақ  сынауыққа  3/4  бӛлігіне  дейін 
қоспаны  салыңдар.  Газ  түтікшесі  бар  тығынмен  жауып,  штативке  бекітіп,  қыздырыңдар. 
Түзілген газды кішкене цилиндрге судың үстіне жинаңдар. Цилиндр газбен толғанда түтікті 
судан шығарып алған соң, қыздыруды тоқтатыңдар (неге?). Цилиндрдің аузын судың ішінде 
шынымен  жауып  кристаллизатордан  шығарып  алыңдар.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар. 
Метанды тағы қалай жинауға болады? 
ә)  Цилиндрді  ашып,  метанды  жағыңдар.  Жану  біркелкі  болуы  үшін  цилиндрге  су 
құйып газды ығыстыру керек. Метан жанғандағы реакция теңдеулерін жазыңдар. 
5.  Ацетиленнің  алынуы  және  қасиеттері.  Сынауыққа  кальций  карбидін  салып  2-3 
мл  су  қосыңдар.  Судың  орнына  күкірт  қышқылының  ерітіндісін  (2:3)  алуға  болады.  Бұл 
жағдайда ацетиленнің түзілуі баяулау жүреді. Ұшы созылыңқы түтігі бар сынауықты жауып, 
түзілген  газды  жағыңдар.  Жалынның  түрін,  сипатын  байқаңдар.  Балқытатын  түтік  арқылы 
ацетиленнің  жалынына  үрлеңдер.  Жалынның  түрінің  ӛзгеруін  байқаңдар.  Ацетиленнің 
алынуын,  толық  және  шала  жану  реакция  теңдеулерін  жазыңдар.  Ацетиленнің  жалыны 
метанның жалынынан қандай ӛзгешелігі бар? Неге? 
6. Көміртегі(II) оксидінің алынуы және қасиеттері.(көміртегі (II) оксидімен барлық 
жұмыстарды  тартпа  шкафта  жүргізу  керек).  а)  Вюрц  колбасына  5  г  қымыздық 
қышқылын  (құмырсқа  қышқылы  да  болады)  салып  бӛлгіш  воронкаға  12-15  мл  концентрлі 
күкірт қышқылын құйындар. Қымыздық қышқылына біртіндеп концентрлі күкірт қышқылын 
құйып,  қоспаны  қыздырыңдар.  Реакция  басталғаннан  1-2  минут  ӛткеннен  кейін  бӛлінген 
газды  цилиндрге  судың  үстіне  жинаңдар  (72-сурет).  Цилиндрді  судың  ішінде  шыны 
пластинкамен жауып, кристаллизатордан алып, келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар. 
ә)  Цилиндрді  ашып  тұрып  6а-тәжірибесінде  жиналған  газды  жағыңдар.  Барлық  газ 
ығысып  шыққанша  цилиндрге  су  құйыңдар.  Жалынның  түсін  байқаңдар.  Кӛміртегі  (II) 
оксидін алу және оның жану реакциясының теңдеуін жазыңдар. 
б)  Сынауыққа  1/4  бӛлігіне  дейін  күміс  нитратын  қосып  оған  түзілген  күміс  оксиді 
ерігенше аммиак ерітіндісін қосыңдар. Одан соң ерітіндіні қыздырып, оған 6а-тәжірибесінде 
қолданылған кұралдан кӛміртегі (II) оксидін жіберіңдер, алдын - ала газ түтікшенің орнына 
бұрыш  тәрізді  түтікшені  алу  керек.  Қара  ұнтақ  металл  күмістің  түзілгенін  байқаңдар. 
Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Осы  процестегі  тотықтырғыш  пен  тотықсыздандырғышты 
кӛрсетіңдер. 
в)  Колбаға  10-15  мл  концентрлі  күкірт  қышқылын,  ал  воронкаға  4-6  мл  құмырсқа 
қышқылын құйыңдар (6а-тәжірибедегі кұралды да қолдануға болады). Қиын балқитын шыны 
түтікке  аздап  мыс  (IІ)  оксидін  салып,  сынауыққа  әк  суын  құйыңдар.  Күкірт  қышқылын 
сақтықпен  қыздырыңдар,  оған  тамшылатып  құмырсқа  қышқылын  құйыңдар.  2-3  минуттан 
кейін, кӛміртегі (II) оксидіне толғанда, газ түтікшені әк суы бар сынауыққа салып, мыс  (II) 
оксидін қыздырыңдар, сынауықтың аузында реакцияласпаған газды оқтын-оқтын жағыңдар. 
Болып  жатқан  құбылыстарды  байқаңдар.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Кӛміртегі  (II)  оксиді 
тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай қасиет кӛрсетеді? 

 
173 
 
72-сурет. Кӛміртегі (ІІ) оксидін алуға арналған қондырғы. 
 
73-сурет. Металл оксидтерін кӛміртегі (ІІ) оксидімен тотықсыздандыруға арналған қондырғы. 
 
7.  Көміртегі  (IV)оксидінің  алынуы  және  қасиеттері.  а)  Кипп  аппаратына  мәрмәр 
кесектерін салып тұз қышқылының (1:4) ерітіндісін құйыңдар. Газ түзілгенін байқаңдар. Осы 
жұмыста күкірт қышқылын пайдалануға бола ма? 
ә)  Кипп  аппаратынан  шыққан  газды  лакмустың  бейтарап  ерітіндісімен  боялған  суы 
бар  сынауыққа  жіберіңдер.  Не  байқалады?  Кӛміртегі  (IV)  оксидінің  алыну  және  суда  еру 
реакциялар  теңдеуін  жазыңдар.  Кӛміртегі  (IV)  оксидінің  судағы  ерітіндісін  қайнатыңдар. 
Түсі ӛзгере ме? Кӛміртегі (IV) оксидінің судағы ерітіндісінің тепе-теңдік теңдеуін жазыңдар. 
Бұл тепе-теңдікті қалай ығыстыруға болады? Кӛміртегі (IV) оксидін қалай жинауға болады? 

 
174 
б)  Тәжірибеге  екі  стақан  (немесе  банка)  алыңдар.  Біреуіне  Кипп  аппаратынан 
кӛміртегі  (IV)  оксидін  толтырыңдар.  Стақанның  толғанын  жанып  тұрған  шырпы  арқылы 
тексеруге болады. Екінші стақанға спирттелген мақтаның кішкене бӛлігін салып, оны жанған 
шырамен  тұтатыңдар.  Содан  соң  кӛміртегі  (IV)  оксидін  бірінші  стақаннан  екінші  стақанға 
құйыңдар.  Не  байқалады?  Бірінші  стақанда  кӛміртегі  (IV)  оксиді  қалды  ма,  жанған 
шырпымен  тексеріңдер.  Кӛміртегі  (IV)  оксидінің  салыстырмалы  тығыздығы  туралы  қандай 
қорытынды жасауға болады? 
в) Кӛміртегі (IV) оксиді толған стақанға жанып тұрған магнийді салыңдар. Магнийдің 
жанғанын  байқаңдар.  Алынған  ӛнімдерге  сұйытылған  тұз  қышқылын  құйып  шайқаңдар. 
Заттың  екеуі  де  ери  ме?  Қара  түсті  түйірлер  қандай  зат?  Реакция  теңдеулерін  жазыңдар. 
Кӛміртегі (IV) оксиді толған екінші стақанға темір қасықшадағы тұтандырылған фосфорды 
салыңдар. Фосфордың жану ӛнімдерін суда ерітіп, бейтарап лакмус ерітіндісімен сынаңдар. 
Байқалған құбылыстарды және реакция теңдеулерін жазыңдар. Жүрген тотығу-тотықсыздану 
процестерінде кӛміртегі (IV) оксидінің маңызын кӛрсетіңдер. 
8. Көмір қышқылын және көмірсутегін олардың тұздарынан өзара ығыстыру. а) 
Кипп  аппаратына  мәрмәр  салып,  тұз  қышқылын  құйыңдар.  Бірінші  тазартқыш  ыдысқа 
натрий  сульфидінің  ерітіндісін,  екіншісіне  күкіртсутегіне  реактив  болатын  тұз  ерітіндісін 
құйыңдар. Тазартқыш ыдыстар арқылы кӛміртегі (IV) оксидін тез жіберіңдер. Не байқалады? 
1-ші ыдыста не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Кипп  аппаратына  темір  (II)  оксидін  салып,  күкірт  кышқылының  ерітіндісін 
құйыңдар. Бірінші тазартқыш ыдысқа натрий гидрокарбонатын немесе натрий карбонатының 
ерітіндісін  құйыңдар,  ал  екіншісіне  әк  суын  құйыңдар.  Тазартқыш  ыдыстар  арқылы 
күкіртсутегін тез жіберіңдер. 
Екінші  ыдыста  не  байқалады?  Байқалған  құбылыстарды  түсіндіріңдер.  Реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
Екі тәжірибенің нәтижесін салыстырып, екі ұшқыш әрі күшті бірдей қышқыл қандай 
жағдайларда бір-бірін ығыстырып шығаратыны туралы қорытынды жасаңдар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет