5. Аммоний тұздарының термиялық ыдырауы. (ә,б-тәжірибелерін тартпа
шкафта жүргізу керек). а) Ұзындығы 20-25 см шыны түтікшенің ортасына аммоний
хлоридін нығыздай қалыңдығы 3-4 см-дей етіп орналастырыңдар (65-сурет). Түтіктің екі
ұшына ылғал қызыл және кӛк лакмус қағазын орналастырыңдар. Түтікті штативке кӛлбеу
орналастырып, тӛменгі жағынан бастап лакмус қағаздардың біреуі ӛзгергенше қыздырыңдар.
Қандай газдар әсерінен лакмус қағаздары түсін ӛзгертеді? Не себептен бұл газдар бӛлінеді?
Аммоний хлоридінің ыдырауын реакция теңдеуімен жазып кӛрсетіңдер.
ә) Тигель қақпағына аммоний сульфатының бірнеше кристалын салып қыздырыңдар.
357°С-да аммоний сульфаты ыдырап аммиак бӛлінеді, тұз балқып ыдырайды, балқыған
тұздың құрамында аммоний сульфаты мен гидросульфаты болады. Бӛлінген аммиакты
анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Тигель қақпағына аммоний нитратының бірнеше түйірін салып қыздырындар,
тартпа шкафтың шынысын тӛмен түсіріп қою керек. Қыздырып, реакция біткенде қақпақта
зат қалды ма? Реакция тендеуін жазып, электрон-баланс теңдеуін кӛрсетіңдер.
155
Қорытынды:а,ә,б-тәжірибелерін салыстырыңдар, анионның табиғаты аммоний
тұздарының ыдырау сипатына қалай әсер етеді?
6. Аммоний хлоридін айдау (возгонка). Сынауықтың түбіне аммоний хлоридін
аздап салып қыздырыңдар. Сынауықтың салқын қабырғаларында не байқалады? Тәжірибе
арқылы түзілген заттың құрамын анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Жаттығулар мен есептер
1. Зертханада азотты алу үшін шаң мен кӛміртегі (ІV) оксидінен тазартылған ауаны
қыздырылған мыс қиықтары бар шыны түтіктен жібереді немесе аммоний нитритін
қыздырады. Алынған газ құрамы бірінші және екінші жағдайда бірдей ме?
2. Аммиакты кептіру үшін қандай заттар қолданылады? Осы мақсатта қандай
заттарды қолдануға болмайды және неге?
3. Аммиак ерітіндісін аммоний хлоридіне қосқанда ерітіндіде гидроксид иондарының
концентрациясы ӛзгере ме? Түсіндіріңдер.
4. Аммоний хлоридін натрий хлоридінен қалай ажыратуға болады? Реакция теңдеуін
жазыңдар.
5. Металдарды балқытып пісіргенде мүсәтірді неге пайдаланады? Реакция теңдеуін
жазыңдар.
6. Реакция теңдеулерін аяқтаңдар және бұл реакциялар қандай жағдайларда жүреді?
...
)
(
2
3
2
4
CO
CO
NH
O
H
CO
NH
2
3
2
4
)
(
...
7
2
2
4
4
O
P
Mg
PO
MgNH
...
)
(
3
4
2
4
NH
NaOH
SO
NH
...
)
(
3
2
7
2
2
4
O
Cr
O
C
NH
Na
NH
3
7.1 т пиритте 90% мырыш сульфиді бар. Оны ӛртеу үшін (қ.ж.) ауаның қандай кӛлемі
қажет?
8. Аммиакты синтездеу үшін кӛлем бойынша құрамы 25% азот пен 75% сутегінен
тұратын азот пен сутегінің қоспасын қолданады. Қоспаның құрамын а) процентпен (масса
бойынша), ә) литрмен моль санын (қ.ж.) есептеңдер.
9. 50 г аммоний хлориді мен 70 г сӛндірілген әкті араластырып қыздырғанда (қ.ж.)
аммиактың қандай кӛлемі алынады?
10. Тығыздығы 0,967 г/см
3
-ге тең 20 мл аммиак ерітіндісін бейтараптау үшін
эквивалентті концентрациясы 2 н тұз қышқылының қандай кӛлемі қажет?
11. 1 кг аммиакпен күкірт қышқылы әрекеттескенде аммоний сульфатының қандай
массасы түзіледі? Осыған 60%-ті күкірт қышқылының (ρ=1,5 г/см
3
) қандай кӛлемі қажет
болады?
12. 1т 56%-ды аммиак селитрасының ерітіндісін буландырғанда ерітіндінің
концентрациясы 96% болды. Ерітіндіден қанша су буланды?
Азоттың оттекті қосылыстары
Азот бiрнеше оксидтер түзедi:
5
2
2
3
2
2
,
,
,
,
O
N
NO
O
N
NO
O
N
Азот (I) оксидiн аммоний нитратын ыдыратып алуға болады:
O
H
O
N
NO
NH
2
2
3
4
2
Азот (I) оксидi тәттi дәмi бар, ұнамды иiстi газ. Ол тұз түзбейтiн оксид. Суда нашар
еридi және онымен әрекеттеспейдi.
Азот (I) оксидiн аздап қыздырған кезде, ол оттегi мен азотқа ыдырайды: .
2
2
2
2
2
0
O
N
O
N
t
156
Сондықтан тұтанған шырпы азот (I) оксидiнде ауадан да жақсы жанады. Азот (I)
оксидi нерв жүйесiне әсер етедi. Оны ―кӛңiлдендiргiш‖ газ деп атайды. Ол медицинада
наркоз ретiнде қолданылады.
Азот (II) оксидi NO - суда аз еритiн түссiз газ. Оны азот пен оттегiнен 1000
0
С
температурада алуға болады:
NO
O
N
2
2
2
Бұл газ атмосферада найзағай кезiнде түзiледi. Лабораторияда азот (II) оксидiн
сұйытылған азот қышқылымен мысқа әсер етiп алуға болады:
O
H
NO
NO
Cu
HNO
Cu
2
2
3
3
4
2
3
8
3
Азот (IV) оксидi
2
NO - ӛзiне тән иiсi бар, қара-қоңыр түстi улы зат. Ол азот қышқылы
ыдырағанда бӛлiнедi. Сондықтан азот қышқылы сарғыш болып тұрады:
O
H
O
NO
HNO
2
2
2
3
4
4
Азот (IV) оксидi суда ерiгенде онымен химиялық әрекеттесiп екi түрлi — азот және
азотты қышқыл түзедi:
3
2
2
2
2
HNO
HNO
O
H
NO
Ал оны оттегiмен қосып суда ерiтсе тек азот қышқылы түзiледi:
3
2
2
2
4
2
4
HNO
O
O
H
NO
Азот (III) оксидi
3
2
O
N
- тӛмен температурада кӛк түстi сұйық зат. Оған азотты
қышқыл сәйкес
2
HNO . Азотты қышқыл әлсiз (К=4•10-4). Ол тек судағы ерiтiндi түрiнде ғана
белгiлi. Азотты қышқылды оның тұзынан алуға болады:
2
4
2
4
2
2
2
2
HNO
SO
Na
SO
H
NaNO
Азотты қышқылдың тұздарын нитриттер дейдi. Органикалық синтез, бояу және дәрi-
дәрмек ӛндiру үшiн натрий нитритiнiң
2
NaNO маңызы зор.
Азотты қышқылда азоттың тотығу дәрежесi аралық (+3) болғандықтан ол
тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады.
Бақылау сұрақтары
1. Азот оксидтерінің молекулалық және құрылымдық формулаларын жазыңдар.
2. МОӘ пайдаланып азот (ІІ) оксидінің молекула құрылысын түсіндіріңдер.
3. Азот оксидтерінің алынуы, реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Азот оксидтерінің химиялық қасиеттері, реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Тотығу-тотықсыздану реакцияларда нитриттер қандай қасиеттер көрсетеді?
6. Азотты және азот қышқылының графикалық формуласын жазыңдар.
№9 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер: штативтер, газөткізгіш түтігі бар
тығын, фарфор табақша цилиндрлер немесе тығындары бар үлкен сынауықтар, шыны
таяқшалар, асбест торы, құм моншасы, иілген түтік, екі шыны түтік, алюминий
кесектері, темір ұнтағы, күкірт кесектері, қызыл фосфор, марганец (ІV) оксиді
2
MnO ,
темір сульфиді FeS , калий нитраты
3
KNO
, калий хлораты
3
KClO
, кальций хлориді
2
CaCl ,
мыс нитраты
O
H
NO
Cu
2
2
3
3
)
(
, натрий нитраты
3
NaNO
, натрий хлориді NaCl , қорғасын
нитраты
2
3
)
( NO
Pb
, күміс нитраты
3
AgNO
, мұз немесе қар, индикатор қағазы, сүзгі
қағазы, ерітінділері: күкірт қышқылы
4
2
SO
H
, натрий гидроксиді NaOH , аммиактың
судағы ерітіндісі (25 %-ті және 2 н), фенолфталеин, барий хлориді
2
BaCl , темір (ІІ)
сульфаты
4
FeSO
, калий иодиді KJ , лакмус, крахмал клейстері.
157
1. Азот (I) оксидін алу және қасиеттері. Сынауыққа аздап аммоний нитратын салып
сақтықпен (неге?) қыздырыңдар. Сынауықтың аузына шоқталған шыраны ұстаңдар. Не
байқалады? Бӛлінген газдың құрамы қандай? Оның түсін және иісін байқаңдар. Реакция
тендеуін жазыңдар.
2. Азот (II) оксидін алу.(жұмысты тартпа шкафта жүргізіңдер). Колбаға 10-15 г
мыс сынықтарын салып, тамшылайтын воронкаға сұйытылған (1:1) азот қьшқылын
құйыңдар (66-сурет). Мысқа аздап азот қышқылын тамызыңдар. Егер реакция бірден
басталмаса, аздап қыздырыңдар. Колбада газ түсі неге ӛзгерді?
Түтіктен шығатын газ қызыл-қоңыр түске бояла бастағанда (неге?) оны үш цилиндрге
жинаңдар. Қажет болса қышқылды біртіндеп қосып тұрыңдар. Судың астында жиналған
газы бар цилиндрлерді шынымен жауып, шығарып алыңдар, 3-ші тәжірибеге сақтап
қойыңдар. Газ түсін байқаңдар, реакция теңдеуін жазыңдар. 3в-тәжірибені жасап болғаннан
кейін колбадағы ерітіндіні қыздырып, тұнбаны ерітіңдер және сүзіңдер. Ерітіндіні фарфор
табақшада суалтыңдар және суытыңдар. Тұз кристалдары түзілгенін байқаңдар. Олардың
құрамы қандай?
66-сурет. Азот (ІІ) оксидін алуға арналған қондырғы.
3. Азот (II) оксидінің қасиеттері.(жұмысты тартпа шкафта жасаңдар). а) Азот
(II) оксиді бар цилиндрге (банкаға) жанып тұрған шыраны салыңдар. Не байқалады?
Түсіндіріңдер.
ә) Темір қасықшаға аздап қызыл фосфор салыңдар, ол жақсы жана бастағанда, азот
(II) оксиді бар цилиндрге немесе банкаға салыңдар. Не байқалады, жанып тұрған фосфорда
азот (II) оксиді газында қалай ӛзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияда азот (II)
оксиді қандай қасиет кӛрсетеді? (а) және (ә) тәжірибелерінің нәтижесінің айырмашылығын
түсіндіріңдер.
б) Азот (II) оксиді бар банканы немесс цилиндрді ашыңдар, ақ кағаздың тұсына ұстап
газдың түсінің ӛзгеруін байқаңдар. Алынған заттың түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін
жазыңдар. Осы реакцияда азот (II) оксиді қандай қасиет кӛрсетеді?
158
в) Сынауықтың 1/4 бӛлігіне дейін жаңа дайындалған темір (II) сульфатының қанық
ерітіндісін құйыңдар. Ол ерітіндіге азот (II) оксидін жіберіндер. Ерітіндінің түсі калай
ӛзгереді? Нитрозо - темір (II) сульфатының түзілуін жазыңдар. Ерітіндіні қыздырыңдар. Не
байқалады? Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Осы реакцияны қандай мақсатта
қолданады?
4. Азот оксидтерін аммиакты тотықтыру арқылы алу. 1-сынауыққа 1-2 мл
концентрлі аммиак ерітіндісін құйыңдар. Оны алу үшін қандай басқа заттар алуға болады? 2-
сынауыққа кішкене бертолле тұзын және марганец диоксидін салыңдар. 3-сынауықтың
түбіне мыс сынықтарын немесе сымын салып, газдар қоспасы шығатын түтікке кіргізіңдер.
Мыс осы реакцияда қандай қызмет атқарады?
Мыс сымын қыздырыңдар. 2-сынауықтағы бертолле тұзы мен марганец диоксидінің
қоспасын қыздырып, 3-сынауықта оттегі толғанын тексеріңдер, содан кейін аммиактың
ерітіндісі бар 1-сынауықты қыздырыңдар. 3-сынауыққа барған аммиак бірден азот (II)
оксидіне дейін тотығады. Мыс сымы қалай ӛзгереді? Осы реакцияның жылу эффектісі
туралы не айтуға болады? Мыс сымы қызарғанда қыздыруды тоқтату керек. Түзілген азот
(II) оксидінің азот (IV) оксидіне айналғанын қалай білуге болады? Егер 1-сынауықты қатты
кыздырса, аммиак артық мӛлшерде жиналады, сол кезде азот (IV) оксидінің орнына
сынауықтың қабырғасында ақ дақ пайда болады. Оның құрамы қандай?
Егер аммиак пен оттегі сынауықта мыс сымының үстінде әрекеттесіп үлгермесе,
қопарылыс беруі мүмкін. Реакция тендеулерін жазыңдар.
67-сурет. Аммиакты тотықтыруға арналған қондырғы: 1- концентрлі аммиак ерітіндісі бар сынауық; 2-
бертолле тұзы мен марганец (ІУ) оксидінің қоспасы бар сынауық; 3- мыс сымдары салынған сынауық.
5. Азот (IV) оксидін алу.(жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек) а) Колбаға
аздап мыс жаңқасын салып, воронкаға 5-10 мл концентрлі азот қышқылын құйыңдар.
Қышқылды тамшылатып колбаға құйып тұрыңдар (68-сурет). Түзілген газды үш цилиндрге
(2 банкаға және 1 сынауыққа) жинап алып, оларды шыны пластинкамен жауып, 6-тәжірибеге
сақтап қойыңдар. Газдың түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Хлоркальций түтікшеге екі мақта қабатының арасына кальций хлоридінің
түйірлерін салыңдар (түтікшесіз де тәжірибені жүргізуге болады). Колба сиятын үлкендеу
ыдысқа (ванна) суытатын қоспамен (тұз бен қар (1:2) немесе мұз) толтырыңдар. Қабылдағыш
колба ӛте құрғақ болуы керек, газды су астында жинау керек. Қоспаны фарфор табақшада
қызыл-қоңыр түтін шыққанша шыны таяқшамен араластырып қыздырындар, оны 1-ші
сынауыққа орналастырыңдар. Қыздыру бірдей таралу үшін қорғасын нитратына құм
159
қосылады. Енді қоспасы бар 1-ші сынауықты қыздырыңдар, газ үнемі шығып тұруы керек
және ваннадағы су кіріп кетпеуі керек. Колбада жиналған сұйықтықтың кӛлемі және түсі
қандай? Егер хлоркальций түтікшесін қолданбаған болсақ, ылғал жерде кӛк түсті азот (III)
оксиді де түзілуі мүмкін, сондықтан сұйықтықтың түсі жасыл болады. Колбада аздап
сұйықтық жиналғанша, газ түтікті судан шығарып алып, қоспаны қыздыруды тоқтату керек.
Сынауықта қандай газ жиналғанын дәлелдеңдер. Резеңке түтіктерге кысқыштарды
ұстатыңдар, алдын ала хлоркальций түтікшесін босатып шығарып алыңдар. Сұйықтық бар
колбаны келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар. Қорғасын нитратының ыдырау теңдеуін
жазыңдар.
68-сурет. Сұйық азот (ІУ) оксидін алуға арналған қондырғы: 1- сынауық; 2- хлоркальцийлі түтік; 3-
салқындатқыш қоспасы бар ванна; 4- колба; 5- су толтырылған ванна; 6- қабылдағыш сынауық.
6. Азот (IV) оксидінің қасиеттері.(а,б-тәжірибелерін тартпа шкафтажүргізу
керек). а) Азот (IV) оксиді бар ыдыста жанған шыра мен тұтанған қызыл фосфор жана ма,
жоқ па сынап кӛріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы тәжірибенің нәтижесін 3-
тәжірибенің нәтижесімен салыстырып, азотоксидтерінің қайсысы оттегін оңай береді?
Түсіндіріңдер.
ә) 5а-тәжірибеден алынған азот (IV) оксиді бар цилиндрді суы бар ваннаға тӛңкеріп
аузын ашып қойыңдар. Не байқалады? Судың цилиндрге кӛтерілуі тоқтағанда, цилиндрдің
аузын судың астында жауып, шығарып алыңдар. Алынған ерітіндіні лакмус қағазымен
сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) 5-тәжірибедегі алынған азот (IV) оксиді бар колбаны штативке бекіп, газ түтіктің
шетін жылы суы бар ваннаға салып қойыңдар және жылы суы толған тӛңкерілген
сынауықтың ішіне кіргізіңдер. Резеңке түтіктегі қысқышты алып тастап, колбаны жай ғана
қыздырыңдар. Цилиндрге жиналған газдың түсін байқаңдар. Ыдыстың жартысына дейін газ
толғансоң түтікшені судан шығарып, қыздыруды тоқтатыңдар. Цилиндрді шыныменжауып
судан шығарып алыңдар. Қандай газ жиналғанын дәлелдеңдер және лакмус ерітіндіде қандай
түске боялатынын байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар, азот (IV) оксиді сумен әрекеттесуі
іс жүзінде қай жолмен жүреді?
7. Азотты қышқылдың түзілуі және ыдырауы. Сынауыққа 2-3 мл натрий нитриті
2
NaNO ерітіндісін құйып қармен (мұз) суытыңдар, оған сұйытылған күкірт қышқылының
ерітіндісін құйыңдар. Ерітіндінің және оның үстіндегі газ түсін байқаңдар. Не себептен
ерітіндіні суыту керек, түзілген газдың құрамы, ерітіндідегі түсі қандай? Реакция теңдеуін
жазыңдар.
8. Азотты қышқылдың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері.
а) Сынауыққа 2-3 мл калий иодидінің ерітіндісіне сұйытылған күкірт қышқылының
ерітіндісін қосып, натрий нитритінің сұйытылған ерітіндісін аздап тамызыңдар. Ерітінді
түсінің ӛзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
160
ә) Сұйытылған күкірт қьшқылының ерітіндісімен қышқылдандырылған калий
перманганатының ерітіндісіне натрий нитритінің ерітіндісін қосыңдар.Не байқалады?
Ӛнімдердің бірі Mn (II) тұзы екенін ескере отырып, реакциятеңдеуін жазыңдар.
Тәжірибелерде азотты қышқыл қандай қасиет кӛрсетеді?
9. Калий нитритін алу. Сынауыққа 2-3 г калий нитратын салып штативке бекітіңдер.
Газ түзілуі тоқтағанша қыздырыңдар. Қандай газ түзіледі? Сынауықты суытқаннан кейін
ондағы түзілген затты суда ерітіп, ерітіндіде азотты қышқылдың тұзы бар екенін дәлелдеу
керек. Калий нитратының термиялық ыдырау реакциясының теңдеуін жазыңдар.
10. Азот қышқылының алынуы. Ретортаға 15-20 г натрий нитратын салып,воронка
арқылы тубустен концентрлі күкірт қышқылын тұз толық жабылғанша құйыңдар. Тубусты
асбеске оралған ағаш, шыны немесе резеңке тығынмен жабыңдар. Ретортаның түтігін
колбаға батырып, колбаны суық суға салыңдар. Ретортаны байқап қыздырыңдар (69-сурет).
Қабылдағыш колбадабірнеше мл қышқыл жиналғанда қыздыруды тоқтатып, ретортаны
суытыңдар. Қышқылды келесі тәжірибелерге сақтап қойыңдар. Не себептен қышқылдың түсі
бар. Түсіндіріңдер.
Азот қышқылы киімге, қолға тимегенін қадағалаңдар, ол матаны, қолды сарғайтады,
күйдіреді. Реакция теңдеуін жазыңдар. Неге натрий нитратын кристалл күйінде, ал күкірт
қышқылының концентрлі ерітіндісін алу керек? Неге қатты қыздыруға болмайды?
Түсіндіріңдер.
69 -сурет. Азот қышқылын алу.
Ретортаны штативтің тағанына бекітеді, ретортаның ұшы суық суға салынған қабылдағыш жұмыр
табанды колбаға кигізіледі. Қабылдағыш колбада азот қышқылының буы конденсацияланады.
11. Азот қышқылының қасиеттері.(жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек). а)
Ыдырау процесі. Алдыңғы тәжірибеде алынған азот қышқылын сынауыққа құйыңдар, оны
штативке тік бекітіп қыздырыңдар. Сынауықтың аузына шоқталған шыраны апарыңдар. Не
байқалады? Азот қышқылының ыдырау теңдеуін жазыңдар.
ә) Концентрлі азот қышқылының металдарға әсері. Бір сынауыққа қалайы,
екіншісіне мырыш түйірін салып екеуіне де концентрлі азот қышқылын құйыңдар. Қандай
газ түзіледі? Қалайы әрекеттескенде қалайы қышқылы
3
2
SnO
H
түзілетінін ескеріп, реакция
теңдеулерін жазыңдар.
161
б) Сұйытылған азот қышқылының металдарға әсері. Бір сынауыққа орташа
сұйытылған (20%) азот қышқылын құйып аздап темір ұнтағын немесе жаңқасын салыңдар.
Қандай газ түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Бір сынауыққа мырыш, екіншісіне - қалайы түйірін және екеуіне де ӛте сұйытылған
азот қышқылын құйыңдар. Бірнеше минут шайқаңдар. Ерітіндісін құйып алып, онда түзілген
аммоний ионының бар екенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Алюминийді концентрлі "түтінді" азот қышқылымен пассивтендіру: Сынауыққа
аздап эквивалентті концентрациясы 2 моль/л-ге тең тұз қышқылын құйып, оған бір түйір
алюминий салыңдар. Не байқалады? Қышқылдан алюминийдің түйірін шығарып алыңдар,
оны сумен жуып, сүзгі қағазында құрғатып 10-тәжірибеде алынған азот қышқылына
батырыңдар. Бірнеше минуттан кейін алюмииийді шығарып алып, сумен жуып (шайқамай)
қайтадан тұз қышқылына батырыңдар. Енді сутегі бӛліне ме? Түсіндіріңдер.
г) Концентрлі азот қышқылының бейметалдарға әсері. Фарфор табақшаға аздап
концентрлі азот қышқылын құйыңдар, күкірт түйірін салып қыздырыңдар. Не байқалады?
Суытқаннан кейін сұйықтықты суы бар сынауыққа құйып, ерітіндіде күкірт қышқылы
түзілгенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
д) Азот қышқылының күрделі заттарға әсері. Сынауықта аздап сұйытылған азот
қышқылын қыздырып, оған күкіртсутегін Кипп аппаратынан жіберіңдер. Не байқалады?
Реакция теңдеуін жазыңдар. Азот қышқылының маңызы қандай? Сынауыққа мыс (II)
сульфидін CuS салып, 1-2 мл концентрлі азот қышқылын құйып шайқаңдар. Не байқалады?
Түсіндіріңдер.
е) Азот қышқылының органикалық заттарға әсері. Жүн матаның кесіндісіне шыны
таяқшамен бір тамшы азот қышқылын тамызыңдар. Жүн мата қалай ӛзгереді? Байқаңдар.
12.Қыздырғанда нитраттардың ыдырауы.(ә,б-тәжірибелерін тартпа шкафта
жүргізу керек). а) Штативке бекітілген сынауыққа 1 г натрий нитратын салып қыздырыңдар.
Газ бӛлінгенін байқаңдар. Қандай газ түзілгенін анықтау үшін сынауыққа суығаннан кейін
тәжірибе жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Калий нитратын қыздырғанда қалай
ыдырайтынын еске түсіріңдер.
ә) Сынауыққа бірнеше түйір
O
H
NO
Cu
2
2
3
3
)
(
салыңдар, штативке тік бекітіп қатты
қыздырыңдар. Тұз қандай ӛзгерістерге ұшырайды, байқаңдар.
Қандай газдар түзіледі? Сынауықта тәжірибеден кейін не қалады? Реакция теңдеуін
жазыңдар.
б) Күміс нитратының бірнеше түйірін сынауықта қыздырыңдар. Қандай газдар
түзіледі? Сынауықта не қалды? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Тәжірибелер нәтижесін салыстырыңдар, металл активтігіне нитраттар ыдырауы
тәуелді ме? Бұл заттар ыдырағанда не себептен әр түрлі ӛнімдер түзіледі?
Жаттығулар мен есептер
1. Азот (I) оксидін оттегінен қалай ажыратуға болады?
2. Азот (ІІ) оксидін азот (IV) оксидінен қалай бӛліп алуға болды?
3. Не себептен сұйытылған азот қышқылы магниймен әрекеттескенде аммиак газ
түрінде бӛлінбейді? Реакция ӛнімдерінің құрамында аммиак бар екенін қалай дәлелдеуге
болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Натрий нитриті мен натрий нитратының ерітінділерін қалай ажыратуға болады?
Реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Тотығу-тотықсыздану реакциялары теңдеуін толық жазып, электрондық - баланс
әдісі арқылы теңестіріңдер:
a)
...
)
(
3
3
3
7
2
2
2
NO
Cr
HNO
O
Cr
K
KNO
ә)
NaOH
NO
NO
2
б)
3
HNO
Ag
конц.
в)
...
2
3
O
N
HNO
Zn
162
д)
...
)
(
4
3
PbSO
с
HNO
PbS
е)
...
3
3
3
3
NH
AlO
K
KOH
KNO
Al
балкыма
6. Азот оксидтерінің барлығы қызған мыспен әрекеттесіп мыс (ІІ) оксидін және азот
түзіледі. Егер 0,7105 г мыс (ІІ) оксиді CuO түзіліп 200 см
3
газ (қ.ж.) бӛлінсе, азот оксидінің
формуласы қандай?
7. 10 см
3
азот (ІІ) оксидіне сондай кӛлемде оттегі жіберілді. Егер реакция ӛнімі азот
қышқылы болса, газдың (реакция аяғына дейін жүреді деп есептесек) кӛлемі және құрамы
қандай?
8. 70
0
С азот (ІV) оксидінің сутегі бойынша тығыздығы 27,8. Азот диоксиді
2
NO мен
азот диоксидінің димері
4
2
O
N
арасындағы қатынасты табыңдар.
9. 250 мл 0,1 М калий перманганатының қышқылдандырылған ерітіндісімен неше г
натрий нитриті әрекеттеседі?
10. Аммиакты тотықтырып азот қышқылын алғандағы ерітіндінің (%)
концентрациясы қандай?
11. 10г натрий нитратын жайлап қыздырғанда 96%-ті күкірт қышқылының
(ρ=1,84г/мл) ерітіндісінің қандай кӛлемі керек? Азот қышқылының қандай массасы түзіледі,
егер оның реакция кезінде 4%-і ыдырап кетсе?
12. Эквивалентті концентрациясы 2 моль/л-ге тең ерітіндінің неше литрін дайындауға
болады, егер 500 мл 68%-ті азот қышқылын (ρ=1,4г/см
3
) алсақ?
13. Ӛндірістегі азоттың бос шығыны 6% болса, 1 т азот қышқылын алу үшін неше
тонна аммиак қажет?
14. 70 мл 94% азот қышқылымен (ρ=1,49 г/см
3
) мырыш әрекеттескенде мырыш
нитратының қандай мӛлшері түзіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |