Практикумы оқу құралы 2013 жыл Алматы 2013 1 0 0 0 6 0 0 4



Pdf көрінісі
бет29/33
Дата12.03.2017
өлшемі6,26 Mb.
#8932
түріПрактикум
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

№21 зертханалық жұмыс 
Тәжірибелер: 
 Аспаптар  мен  реактивтер:  сақинасы  бар  штатив,  қорғасын  (ІV)  оксиді  (немесе 
сурик Рb
3
О
4
), марганец (ІV) оксиді, калий гидроксиді, калий перманганаты, калий хлораты, 
марганец  сульфаты,  индикатор  қағазы,  шыра,  ерітінділер:  күкірт  қышқылы,  азот 
қышқылы,  күкіртті  қышқыл,  натрий  гидроксиді,  сірке  қышқылы,  қымыздық  қышқылы 
аммоний сульфиді, темір сульфаты, калий бромиді, натрий сульфиті. 
 
1.  Марганец  (ІІ)  гидроксидін  алу  және  оның  қасиеттері.  а)  марганец  (ІІ) 
тұздарынан марганец (ІІ) гидроксидін алыңдар. 
ә)  Тұнбасы  бар  ерітіндінің  бір  бӛлігін  басқа  сынауыққа  құйып,  ауада  қалдырыңдар. 
Неліктен тұнба түсінің ӛзгеретіндігін жазып, түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
б)  Тұнбаға  сұйытылған  қышқылдың  және  кӛп  мӛлшердегі  сілтінің  әсері  қандай? 
Марганец (ІІ) гидроксидінің қасиеті жӛнінде қандай қорытынды шығаруға болады? Реакция 
теңдеуін жазыңдар. 
в) Марганец (ІІ) гидроксидінің тұнбасына аз ғана бром суын құйыңдар. Не түзіледі? 
Бұл  реакцияда  марганец  (ІІ)  гидроксиді  қандай  реакция  кӛрсетеді?  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
2.  Марганец(II)  тұздарының  қасиеттері.  а)  Марганец  (ІІ)  тұзының  ерітіндісіне 
аммоний  сульфидінің  ерітіндісін  құйыңдар.  Қандай  зат  тұнбаға  түседі?  Түсі  қандай? 
Тұнбаны  ауада  қыздырса,  не  байқалады.  Ӛзгеру  себебін  түсіндіріңдер.  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
ә) Сынауыққа аздап қорғасын (IV) оксидін немесе сурик Рb
3
О
4
салып 2-3 мл конц. азот 
қышқылы және 1-2 тамшы  марганец (ІІ)  сульфатын құйыңдар, қоспаны қайнатыңдар. Біраз 
уакыт  тұрғаннан  кейін  ерітіндінің  түсі  ӛзгереді.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Бұл  реакция 
аналитикалық  химияда  марганец  (ІІ)  тұздарын  анықтаудың  сапалық  реакциясы  ретінде 
қолданылады. а) және ә) тәжірибелерінде марганец (ІІ) тұздары қандай қасиет кӛрсетеді? 
3.Марганец (IV) оксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесуі. Марганец (IV) оксиді 
түйіршіктеріне  аздап  концентрлі  күкірт  қышқылын  құйыңдар.  Сынауықты  газ  бӛлінгенше 
ақырын  қыздырыңдар.  Қандай  газ  бӛлінетіндігін  дәлелдеңдер.  Бұл  реакцияларда  марганец 
(IV) оксиді қандай қасиет кӛрсетеді? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
4.Калий манганатын алу. Сынауыққа бертолле тұзын салып, оған калий гидроксиді 
мен марганец (IV)оксидінің бірнеше түйірін қосып балқытыңдар. Алынған балқыманың түсі 
қандай? Суығаннан соң оны суда ерітіңдер. Ерітіндіге қай ион түс береді? Реакция теңдеуін 
жазыңдар. Бұл реакцияда марганец (IV)оксиді қандай қасиет кӛрсетеді? Калий гидроксидінің 
ролі қандай? 
5.Марганец  (IV)  қосылыстарының  қасиеттері.  а)  Марганец  қышқылының  түзілуі 
және  ыдырауы.  Калий  манганатына  (4-тәжірибеде  алынған)  сұйытылған  сірке  қышқылын 
құйыңдар.  Ерітіндінің  түсі  ӛзгеріп,  тұнба  түзіледі.  Байқалған  құбылысты  түсіндіріңдер. 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Калий  манганатының  тотықтырғыш  және  тотықсыздандырғыш  қасиеті.  4-
тәжірибеде алынған ерітіндінің бір бӛлігіне түсі ӛзгергенше хлор суын құйыңдар. Байқалған 
құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
4-тәжірибеде  алынған  ерітіндінің  екінші  бір  бӛлігіне  натрий  сульфитін  қосып 
қыздырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Не байқалады? 

 
209 
Калий  манганатына  қышқылдық  орта  болғанша  ақырындап  күкіртті  қышқыл 
қосыңдар, не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
5ә-тәжірибелерінде  калий  манганаты  қандай  қасиет  кӛрсетеді?  Калий  манганатының 
тотықсыздануы үшін реакция ортасы қалай әсер етеді? 
6.Калий  перманганатының  қасиеттері.  а)  Қыздыру  нәтижесінде  калий 
перманганатының  ыдырауы.  Калий  перманганатының  ұнтағын  сынауыққа  салып 
қыздырыңдар,  қандай  газ  бӛлінетіндігін  дәлелдеңдер.  Газ  бӛлініп  біткенше  қыздыруды 
жалғастырыңдар, сонан соң суытып, сынауықтағы затты суда ерітіңдер. Алынған ерітіндінің 
және тұнбаның түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Калий  перманганатының  тотықтырғыш  қасиеті.  Үш  сынауыққа  1-2  мл  калий 
перманганатын  және  сұйытылған  күкірт  қышқылын  аздап  тамызыңдар.  Бірінші  сынуыққа 
натрий  сульфиті  ерітіндісін,  екіншісіне  -  темір  сульфаты,  үшіншісіне  –  қымыздық 
қышқылын  (үшінші  сынауықты  қыздыру  керек)  құйыңдар.  Не  байқалады?  Молекулалық 
және иондык түрде реакция теңдеуін жазыңдар. 
1-2  мл  калий  перманганаты  ерітіндісінесу  және  натрий  сульфитін  қосыңдар,  не 
байқалады? Молекулалық  және иондық түрде реакция теңдеуін жазыңдар. 
Сынауықтағы  калий  перманаганатына  концентрлі  сілті  ерітіндісін  және  натрий 
сульфитін  қосып  шайқаңдар.  Ерітіндінің  түсі  ӛзгереді  де,  біраз  уақыт  ӛткеннен  соң,  тұнба 
түзіледі. Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеуін жазыңдар.  
Марганец  (ІІ)  сульфаты  ерітіндісінен  аздап  сынауыққа  құйып,  оған  калий 
перманаганатын тамшылата қосыңдар. Не байқалады? Түзілген ерітіндінің лакмус қағазына 
әсері қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.  
Тәжірибелердегі  байқалған  құбылыстарды  түсіндіріңдер.  Калий  перманганатының 
тотықсыздануына реакция ортасы қалай әсер етеді? 
б) Тотығу реакциясының жылдамдығына қышқылдық ортаның әсері. Екі сынауыққа 
2-3  мл  калий  бромиді  ерітіндісін  құйып,  біріне  сұйытылған  күкірт  қышқылы,  екіншісіне 
сұйытылған  сірке  қышқылын  қосыңдар,  екі  сынауыққа  бір  мезгілде  10-15  тамшы  калий 
перманганатын  құйыңдар.  Екі  сынауықтағы  ерітіндінің  түсі  бірдей  уақытта  жойыла  ма? 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
 
Жаттығулар мен есептер 
1. 
4
3
O
Mn
графикалық  формуласын  жазыңдар.Бұл  зат  химиялық  қосылыстардың 
қандай класына жатады? 
2. Марганец қосылыстарының тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, әрі тотықтырғыш, 
әрі тотықсыздандырғыш қасиетін кӛрсететін реакция теңдеулерін мысалдармен кӛрсетіңдер. 
3. Хлоридтерден хлор алуда марганецтің қандай қосылыстары қолданылады?  Реакция   
теңдеулерін жазыңдар. 
4.  Реакция  ортасын,  тотықтырғышты  немесе  тотықсыздандырғыштың  формулаларын 
жаза отырып, тӛмендегі реакция теңдеулерін толықтырып жазыңдар: 
4
2
Mn
Mn
;
4
2
4
Mn
MnO
;
2
4
2
MnO
Mn
;   
2
4
Mn
MnO
;
2
4
MnO
MnO
 
5. Мына реакция теңдеулерін аяқтап, коэффиценттерін қойыңдар. 
O
H
S
H
KMnO
2
2
4
 
4
2
2
4
SO
H
S
H
KMnO
 
KOH
SO
Cr
KMnO
3
4
2
4
)
(
 
4
2
2
4
SO
H
SO
KMnO
 
6. Калий перманганатының натрий нитритімен қышқылдық, сілтілік және бейтарап 
ортада әрекеттесуін молекулалық теңдеулерін жазып, электрон-баланс әдісі бойынша 
теңестіріңдер. 
7. 18
0
С температурада 100кПа қысымда 10 литр хлор алу үшін концентрлі тұз 
қышқылымен калий перманганатының қандай массасы әрекеттеседі? 

 
210 
8. 17
0
С температурада 101кПа қысымда 250 мл 0,1 М калий перманганаты қышқыл 
ортада толық түссіздену үшін 
2
SO қандай кӛлемін ӛткізу керек? 
9. Темір сымның 0,21 грамы ауасыз жерде күкірт қышқылында ерітілді. Алынған 
темір (ІІ) сульфатына 33,6 мл 0,1103н калий перманганаты ерітіндісі жұмсалды. Сымдағы 
темірдің пайыздық құрамын анықтаңдар. 
 
 
Темір, кобальт, никель және олардың қосылыстары 
 
Қасиеттері 
Fe 
 
Сo 
Ni 
Рет нӛмірі 
26 
27 
28 
Салыстырмалы атомдық массасы, а.м.б. 
55,84 
58,93 
58,71 
Валентілік электрондары 
2
6
4
3
s
d
 
2
7
4
3
s
d
 
2
8
4
3
s
d
 
Электронға жақындығы, ЭВ 
7,90 
7,86 
7,63 
Салыстырмалы электртерістілігі 
1,8 
1,8 
1,8 
Балқу температурасы, 
0
С 
1536 
1495 
1435 
Стандартты электродтық потенциал, 
е
Э
Э
, В 
-0,44 
-0,28 
-0,23 
 
VIII В- топшаға үш (d-элементтер) триадтары кiредi. Бiрiншi триадқа - темiр, кобальт, 
никель  енедi.  Олар  темiрлiк  металдар  деп  аталады.  Ал  екiншi  және  үшiншi  триадалар 
элементтерi  платиналық  металдар  деп  аталады.  Оларға  рутений,  родий,  палладий,  осмий, 
иридий және платина жатады. Темiрлiк металдарда бос f - орбитальдар жоқ, ал платиналық 
металдарда бос f - орбитальдар болады. Темiр триады мен платиналық металдар арасындағы 
химиялық  қасиет  жағынан  айырмашылық  осыған  байланысты.  Химиялық,  физикалық 
қасиеттерi  жағынан  темiрлiк  металдар  платиналық  металдардан  ӛте  алшақ.  Платиналық 
металдар  бiр-бiрiмен  ӛте  ұқсас.  VIII  В  -  топша  элементтерiнiң  d-орбиталiнiң  электронға 
толуы аяқталуға жақын. Алайда, d - электрондардың барлығы байланыс түзуге қатыспайды. 
Сондықтан,  темiр  +2  және  +3,  +4  тотығу  дәрежесiн 
ӛте  сирек  кӛрсетсе
,  кобальт  ең  жоғары 
+5, никель +4 тотығу дәрежесiн, ең жоғары +8 тотығу дәрежесiн тек рутений мен осмий ғана, 
ал родий +3, иридий +4, палладий мен платина +4, +2 тотығу дәрежесiн кӛрсетедi. 
VIII  В  -  топша  металдарының  балқу  температуралары  жоғары,  атом  радиустары 
кiшкене  және  кристалл  торында  атомдар  аралық  байланыстары  күштi.  Олар  ӛте  жақсы 
катализаторлар, ӛздерiне сутегiн жақсы сiңiредi. 
VIII В - топша металдары жақсы комплекс түзушiлер. Темiр мен кобальттiң комплекс 
қосылыстары ӛсiмдiк пен жануар организмiнде үлкен роль атқарады. 
Темiр, кобальт және никель ферромагниттi металдар. 
 
Бақылау сұрақтары 
1.  Темір,  никель  және  кобальт  атомдарынгың  электрондық  формулаларын 
жазыңдар. 
2.  Зертханалық  жағдайда  темірді  қалай  алады?  Қандай  тотыұсыздандырғыштар 
қолданылады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
3.  Темір,  никель  және  кобальтқа  сұйытылған,  концентрлі  тұз  қышқылы,  күкірт 
қышқылы,  азот  қышқылы  бөлме  температурасында  және  қыздырғанда  қалай  әсер  етеді? 
Реакция теңдеулерін жазыңдар.  
4.  Темір  (ІІ),  никель  (ІІ)  және  кобальт  (ІІ)  оксидтері  мен  гидроксидтерін  қалай 
алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
5.  Темір  (ІІІ),  никель  (ІІІ)  және  кобальт  (ІІІ)  оксидтері  мен  гидроксидтерін  қалай 
алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. 

 
211 
6.  Темір,  никель  және  кобальт  тұздарының  түсіне,  суда  ерігіштігіне, 
гидролизденуіне, ауадағы оттегімен қатынасына сипаттама беріңдер.   
7.  Темір,  никель  және  кобаль  т  комплекс  түзуші  ретінде  сипаттама  беріңдер, 
координациялық  санын,  лигандаларын  және  тұрақтылығын  көрсетіңдер.  Әр  металл  үшін 
неғұрлым тұрақты комплекс түзетін  реакция теңдеуін жазыңдар. 
 
№22 зертханалық жұмыс 
Тәжірибелер:  
Аспаптар  мен  реактивтер:  200  мл  стақан,  сынауықтар,  темір  ұнтағы,  қалайы, 
мырыш,  бром,  темір  (ІІІ)  оксиді,калий  гидроксиді,  темір  сульфаты,  темір  (ІІІ)  хлориді, 
кобальт  нитраты,  мрамор,  ерітінділер:  күкірт  қышқылы,  азот  қышқылы,  тұз  қышқылы, 
натрий  гидроксиді,  сірке  қышқылы,  аммиактың  судағы  ерітіндісі,  аммоний  сульфиді, 
аммоний  хлориді,  темір  (ІІ)  сульфаты,  барий  хлориді,  калий  нитриті,  калий  (ІІ) 
гексацианоферраты  (сары  қан  түсті),  калий  (ІІІ)  гексацианоферраты  (қызыл  қан  түсті), 
калий иодиді, калий перманганаты, калий роданиді, калий бихроматы, кобальт (ІІ) хлориді, 
мыс  сульфаты,  натрий  карбонаты,  никель  (ІІ)  сульфаты,  қорғасын  ацетаты,  бром  суы, 
күкіртсутегі суы. 
 
1.  Мырыш  пен  қалайы  жанасқандағы  темірдің  таттануы.  Болат  қалам  ұшы 
ыдыраған  жеріне  немесе  темір  сымға  (скрепка)  металл  мырыштың  жұқа  кесегін  бекіту. 
Екіншісіне - қалайы кесегін жанастырамыз. 
Екі сынауыққа да су және 2-3 мл сұйытылған күкірт қышқылы және қызыл қан тұзы 
]
)
(
[
6
3
CN
Fe
K
ерітіндісінқұямыз.  Бұл  тұз  темір  (ІІ)  катионына  реактив  болып  табылады. 
Нәтижесінде  кӛк  түсті  қосылыс  түзіледі.  Дайындалған  ерітіндіге  металдарды  салыңдар. 
Қалайы  бар  темір  сұйықтыққа  салғаннан  кейін,  бірнеше  минуттан  кейін  сұйықтық  қандай 
түске боялады. Ерітіндіде қандай иондар түзіледі? Бұл  нені кӛрсетеді? Басқа сынауықта бояу 
барлық  мырыш  ерігеннен  кейін  байқалады.  Темір,  мырыш  және  қалайының  стандарт 
электродты  потенциалын  ескере  отырып,  барлық  жүзеге  асқан  реакцияларды  талдаңдар. 
Қапталған  және мырышталған темірдің таттану үлгісін жазыңдар. 
2.  Темірдің  қышқылдармен  әрекеттесуі.  (жұмысты  тартпа  шкафта  жүргізу 
керек!).  Аз  мӛлшердегі  темірұнтағын  жеке  сынауыққа  салып,  оған  сұйытылған  және 
концентрлітұз,  күкірт  және  азот  қышқылдары  ерітінділерінқұйыңдар.  Қалыпты  жағдайда 
реакция  жүрмеген  сынауықтарды  қыздырыңдар.  Байқалған  құбылысты  түсіндіріңдер. 
Неліктен  кейбір  сынауықтарда  реакция  тек  қыздырғанда  ғана  жүретінін  түсіндіріңдер. 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
3.  Темірдің  пассивтенуі  және  активтенуі.  а)  Үлкен  сынауыққа  концентрліазот 
қышқылын(түтінденген) құйыңдар және  оған жақсы тазаланған темір сым немесе темір шеге 
салыңдар.  Бірнеше  минуттан  кейін  ақырындап  сынауықтың  қабырғасына  тигізіп  алмай, 
темірдіқышқылдан  алыңдар.  Оны  стақандағы  суға  жуыңдар,  бірнеше  минут  мыс  купоросы 
ерітіндісіне салыңдар. Онда мыс бӛліне ме? Сонан соң сымды қалың шыны таяқшамен қатты 
ұрыңдар,  қайтадан  мыс  купоросына  салыңдар,  не  байқалады?  Неліктен  концентрлі  азот 
қышқылымен  ӛңдегенде  мыс  бӛлінбейтінін  түсіндіріңдер.  Темірді  ұрғанның  қандай  мәні 
бар? 
ә)  Екі  темір  үлгісін  жұқа  зімпара  қағазымен  тазалаңдар,  бір-бірін  салыстыруға 
қолданыңдар. Екінші сымды бекітіп 1-2 минут 5% тұз қышқылыерітіндісіне салыңдар. Сонан 
соң,  су  астында  жуып,  сүзгі  қағазымен  кептіріңдер.  Стақанға  100  мл  су,  60  г  натрий 
гидроксиді,  6  г  натрий  нитриті  ерітінділерін  құйып,  оны  қайнағанша  қыздырыңдар.  Оған 
жоғарыдағы үлгіні салыңдар, 20-30 минуттан кейін үлгіні ерітіндіден алып сумен жуып, сүзгі 
қағазымен кептіріңдер. Неліктен үлгінің бетінің түсі ӛзгереді, түсіндіріңдер. Сыналған және 
салыстыруға  алып  қалған  үлгілердің  беткі  қабатына  мыс  сульфаты  ерітіндісінің  бір 
тамшысын  тамызыңдар.  Үлгінің  беткі  қабатында  тамшының  астында  мыс  қанша  уақыттан 
соң түзілетіндігіне түсінік беріңдер. 

 
212 
4.  Темір  (II)  гидроксидін  алу  және  оның  қасиеттері.  а)  Темір  (II)  сульфатының 
ерітіндісін  дайындау  үшін  темір  ұнтағының  артық  мӛлшеріне  күкірт  қышқылы  ерітіндісін 
қосыңдар.  Сынауыққа  алынған  ерітіндіден  3-4  мл  алып  оған  натрий  гидроксиді  ерітіндісін 
қосыңдар.  Нәтижесінде  ақ  түсті  темір  (II)  гидроксиді  тұнбаға  түседі.  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
ә)  Темір  (ІІ)  гидроксидіне  сұйытылған  тұз  қышқылы  және  артық  мӛлшерде  алынған 
натрий  гидроксиді  ерітінділеріне  қатысын  тексеріңдер.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Темір 
(ІІ) гидроксиді қандай қасиет кӛрсетеді? 
5.  Темір  (IІ)  тұзының  гидролизі.  Темір  (II)  тұз  ерітіндісін  лакмус  қағазымен 
сынаңдар, не байқалады? Гидролиз теңдеуін жазыңдар. 
6.    Темір  (ІІ) тұзын  алу.а)  Темір  карбонаты  және  гидрокарбонатының  түзілуі.  Аз 
мӛлшерде дистилденген су алып оған сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісінен бір тамшы 
тамызып, сынауықты  1-2 минут қайнатыңдар. Сонан соң, бірнеше кесек темір (II) тұзын (бұл 
кезде араластыру керек) салып, оған 1 мл сода ерітіндісін құйыңдар. Ақ түсті тұнба түзіледі. 
Ауада  түсінің  біртіндеп  ӛзгеруін  түсіндіріңдер.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Тұнбасы  бар 
сұйықтыққа Кипп аппараты арқылы 
2
СO жіберіңдер, не байқалады? Сонан кейін сынауықты 
қайнағанға  дейін  қыздырыңдар,  не  байқалады?  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Егер  бұл 
операцияны тез жүргізсе, темір (II) қосылысы тез тотығып үлгермесе, реакция тиімді ӛтеді. 
ә)  Темір  сульфидін  алу.  Темір  (ІІ)  сульфаты  ерітіндісіне  аммоний  сульфидінің 
ерітіндісін  құйыңдар.  Не  байқалады?  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Сынауыққа  сұйытылған 
тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? 
Темір  (ІІ)  сульфаты  ерітіндісіне  күкіртсутегі  қалай  әсер  етеді?  Кестелерді  пайдалана 
отырып,  темір  (II)  сульфаты  ерітіндісіне  аммоний  сульфиді  және  күкіртсутегінің  әсер  ету 
айырмашылығын түсіндіріңдер. 
7.  Ғе
2+
  ионының  реакциясы.  Темір  (II)  сульфаты  ерітіндісіне  қызыл  қан  тұзы 
калийдің  (III)    гексацианоферрат  ерітіндісін  құйыңдар.  Не  байқалады?Алынған  зат  – 
]
)
(
[
6
3
2
CN
Fe
KFe
турунбулл кӛгі деп аталады. Реакция теңдеуін жазыңдар.  
8. Темір (III) гидроксидін алу және қасиеттері.а) Темір (III) гидроксидін алу. Оның 
түсіне,  түріне  кӛңіл  бӛліңдер.  Темір  (III)  гидроксидінің  сұйытылған  қышқыл  ерітінділеріне 
қатынасын сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
Жаңа  тұндырылған  темір  (IIІ)  гидроксидінің  тұнбасы  ыстық  концентрлі  сілті 
ерітінділерінде біртіндеп ериді. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Алынған  Ғе(ОН)
3
-  ті  сүзгіде  сумен  жуып  фарфор  тигельге  кептіріңдер.  Қандай 
ӛзгеріс бар? Реакция теңдеуін жазыңдар. Темір (ІІІ) гидроксиді қандай қасиет кӛрсетеді?   
9. Темір тұзының гидролизі. а) Аз мӛлшердегі  темір  (ІІІ) хлоридін  суда  ерітіңдер. 
Ерітіндіні лакмус қағазымен сынаңдар. Гидролиз реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Екі  сынауыққа    2-3  мл  темір  (ІІІ)  хлориді  ерітіндісін  құйыңдар.  Біреуіне  бірнеше 
тамшы  концентрлі  тұз  қышқылы  ерітіндісін  құйып,  ерітіндінің  түсінің  ӛзгеруін 
түсіндіріңдер. Екінші сынауыққа темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне су араластырып қайнағанға 
дейін қыздырыңдар. Ерітіндінің түсі қалай ӛзгереді? Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңдер.  
б) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне  сода ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция 
теңдеуін  жазыңдар.  Алынған  тұнба  кӛмір  қышқылының  тұзы  емес  екендігін  қалай 
дәлелдеуге  болады.  Темір  (ІІ)  немесе  темір  (ІІІ)  тұздарының  қайсысы  тез  гидролизденеді 
және неліктен, түсіндіріңдер.  
10.  Темір  (ІІІ)  сульфидін  алу.Темір  (ІІІ)  хлориді  ерітіндісіне    аммоний  сульфиді 
ерітіндісін қосыңдар. Не жүзеге асады? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
11.Темір  (ІІІ)  ионына  реакция.  а)  Темір  (ІІІ)  хлориді  ерітіндісіне    сары  қан  тұзы 
калийдің  гексацианоферраты  (ІІ)  ерітіндісін  қосыңдар.  Не  байқалады?  Алынған  зат 
]
)
(
[
6
2
3
CN
Fe
KFe
берлин лазуры деп аталады. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Темір  (ІІІ)  хлориді  ерітіндісіне    калий  роданиді  ерітіндісін  қосыңдар.  Алынған 
темір (ІІІ) роданидінің түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 

 
213 
12. Темір (ІІ) қосылыстарының тотығуы. Үш сынауыққа 2-3 мл темір (ІІ) сульфаты 
ерітіндісін  алып,  әрқайсысына  сұйытылған  күкірт  қышқылын  құйыңдар.  Сонан  соң  1-ші 
сынауыққа аз мӛлшердегі азот қышқылын қосып, оны қайнағанға дейін қыздырыңдар. 2-ші 
сынауыққа бром суын қосып, 3-ші сынауыққа калий перманганаты немесе калий дихроматы 
ерітінділерін құйыңдар. Не байқалады? Осы реакцияларда темір (ІІ) сульфаты қандай қасиет 
кӛрсетеді?  Осы  үш  тәжірибе  нәтижесінде 
2
Fe ионы 
3
Fe   ионына  дейін  тотығатындығын 
түсіндіріңдер.  
13. Темір (ІІІ) қосылыстарының тотықсыздануы. а) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне  
күкіртсутегі суын құйыңдар. Не байқалады? Ерітіндіде 
2
Fe  бар екендігін түсіндіріңдер. 
ә)  Темір  (ІІІ)  хлориді  ерітіндісіне    калий  иодиді  ерітіндісін  құйып,  ерітіндінің  түсін 
ӛзгеруін  түсіндіріңдер.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Осы  реакцияларда  темір  (ІІІ)  хлориді 
қандай рӛл атқарады? 
14. Ферраттар алу және оның  қасиеттері.(а-тәжірибесін тартпа шкафта жүргізу 
керек)  а)  Сынауыққа  ұнтақталған  калий  гидроксидін  салыңдар,  оған  3-5  тамшы  темір  (ІІІ) 
хлориді  ерітіндісін,  2-3  тамшы  бром  суын  қосып,  оны  қыздырыңдар.  Түзілген  калий 
ферратының түсін байқаңдар, оған су қосып ерітіндіні екі сынауыққа бӛліңдер, 14 ә) және б) 
тәжірибелеріне пайдаланыңдар. 
ә) Калий ферратының ерітіндісіне барий хлориді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? 
Түзілген заттың түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.  
б)  Калий  ферратының  ерітіндісіне  2  н  күкірт  қышқылы  ерітіндісін  құямыз.  Не 
байқалады?  Қандай  газ  бӛлінеді?  Ерітіндіде  темірдің  қандай  қосылыстары  бар?  Байқалған 
құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
15.  Кобальт  (II)  гидроксидін  алу  және  оның  қасиеттері.  а) 
2
CoCl ерітіндісіне 
натрий  гидроксиді  ерітіндісін  қосыңдар.  Түзілген  кобальт  тұзының  түсіне  кӛңіл  бӛліңдер. 
Тұнбасы  бар  ерітіндіні  қыздырыңдар.  Тұнбаның  құрамы  мен  түсі  қалай  ӛзгереді?  Реакция 
теңдеуін жазыңдар. Кобальт (II) гидроксиді тұнбасы ауада қалай ӛзгереді? Реакция теңдеуін 
жазыңдар. 
ә) Сұйытылған қышқыл ерітіндісінде және артық мӛлшерде алынған концентрлі сілті 
ерітіндісінде кобальт (ІІ) гидроксиді ери ме, сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2
)
(OH
Co
 
қандай қасиет кӛрсетеді? 
16.  Кобальт  (III)  оксидін  алу  және  оның  қасиеттері.(жұмыс  тартпа  шкафта 
жүргізіледі)  а)  Кобальт  (II)  нитратының  бірнеше  кристалын  тигел  қақпақта  газ  бӛліну 
тоқтағанға дейін ақырындап қыздырыңдар. Қақпақта не қалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Алынған  кобальт  (III)  оксидін  аз  мӛлшерін  алып,    концентрлі  тұз  қышқылы 
ерітіндісін қосып қыздырыңдар. Түсіне, иісіне(абайлап иіскеу керек) кӛңіл бӛліңдер. Реакция 
теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияда кобальт (ІІІ) оксиді қандай қасиет кӛрсетеді? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет