Представлен бизнес план, а также рассмотрены вопросы безопасности



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата31.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#10771
  1   2   3   4   5   6   7

          

 


АҢДАТПА 

        Бұл  дипломдық  жобада  Жерсеріктік  байланыс  жүйесі  бойынша 

IDirect 

технологиясы  негізінде  Арқалық  қаласына  мультисервистік 

транспорттық  желіні  ұйымдастыру  қарастырылған.  Жерсеріктік  байланыс 

желісінің  «төмен»  және    «жоғары»  сызығы  бойынша  энергетикалық 

көрсеткіштеріне 

есептеулер 

жүргізілді. 

Таңдалатын 

құрылғыларға 

сипаттамалар келтірілген. 

       Жобаның  технико-экономикалық  негіздемесі  шығарылған  және 

бизнес-жоспар  ұсынылған.  Сондай-ақ  өміртіршілік  қауіпсіздігі  мәселелері 

қарастырылған. 

        АННОТАЦИЯ 

        В 

данном  дипломном  проекте  рассмотрена  организация 

мультисервисной транспортной сети по спутниковой системе связи на основе 

технологии  Idirect  в  городе  Аркалык.  Произведены  энергетические  расчеты 

Спутниковой  системы  связи  линий  «вниз»  и  «вверх».  А  также,  приведены 

основные характеристики используемого оборудования. 

        Произведено 

технико-экономическое 

обоснование 

проекта, 

представлен  бизнес  план,  а  также    рассмотрены  вопросы  безопасности 

жизнедеятельности.  

        ABSTRACT 

        The  organization  of  a  multiservice  transport  network  of  a  satellite 

communication system on the basis of the Idirect technology in the city of Arkalyk 

is  considered  in  this  project.  Power  calculations  of  the  Satellite  communication 

system  of  lines  "down"  and  "up"  are  made.  And  also,  the  main  characteristics  of 

the used equipment are provided. 

       The  feasibility  study  on  the  project  is  made,  the  business  plan  is 

submitted, and also activity safety issues are considered. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Кіріспе 

1 Негізгі бөлім 



1.1  Мультисервистік  транспорттық  желіні  жерсеріктік  байланыс  жүйесі 

бойынша ұйымдастырылуы және жерсеріктік байланыс жүйесін талдау 

1.2  Арқалық  жобаланатын  аймағының  универсалды  жер-серіктік 



байланыс жүйесінің географиялық сипаттамасы 

19 


1.3 Қолданыстағы технологияның үрдісі 

20 


1.4 iDirect технологиясының сипаттамасы 

21 


1.5 Алматы-Арқалық аймағын жобалаудағы қолданылатын жабдықтар 

29 


1.6 Ғарыштық аппарат “Kazsat-2” 

32 


1.7 Желілерді басқару орталығы. Әмбебап HUB iDirect 5IF Infinity

 

34 



1.8 Қолданыталытын антенна түрі 

35 


1.9 Найзағайдан қорғану құрылғысы 

38 


1.10 Қолданылатын қабылдау-тарату құрылғысы 

39 


1.11 IDirect 5100 жерсеріктік маршрутизаторы 

40 


2 Есептеу бөлімі 

43 


2.1  Жерсеріктік  линиялардың  энергетикалық  есептемесі.  А  станциясы 

берілгендері негізіндегі “төмен” линия энергетикалық есептемесі 

 

43 


2.2  Жерсеріктік  байланыс  жүйесінің  С  станциясы  берілгендері 

негізіндегі “жоғарғы” линия энергетикалық есептемесі 

 

45 


2.3 Жерсеріктік жүйедегі электромагниттік сыйымдылықты

 

есептеу 



46 

3 Өміртіршілік қауіпсіздігі 

47 

3.1 Еңбек жағдайын талдау 



49 

3.2 Есептеу бөлімі 

53 

4 Бизнес жоспар 



55 

4.1


 

Түйін 


57 

4.2 Өнімнің сипаты 

57 

4.3 Қызметтерді бейнелеу 



59 

4.4 Нарықтық өтімді талдау. Нарық қызметтерін зерттеу 

60 

4.5 Менеджмент 



61 

4.6 Маркетинг стратегиясы 

61 

4.7 Қаражат жоспары 



62 

4.8 Табысты есептеу 

63 

4.9 Пайдалану шығындары 



66 

4.10 Экономикалық тиімділіктің көрсеткішін есептеу 

70 

Қорытынды 



73 

Қысқартылған сөздер тізімі 

74 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



75 

А Қосымшасы 

76 

Ә Қосымшасы 



77 

Б Қосымшасы 

78 

 

 



КIРIСПЕ 

 

 

Жерсерiктiк бaйлaныс жүйесi қaзiргi зaмaнның ғылыми-технологиялық 

эволюциясының  бaсты  негiздерiнiң  бiрi  болып  тaбылaды.  Болaшaқтa 

жерсерiктiк  бaйлaныс  жүйелерi  aрқылы  жaңa  бaғыттaр  еңгiзiлетiнi  күмән 

келтiрмейдi.  Қaзiргi  жерсерiктiк  жүйелер  бaйлaныс  сaлaсының  aжырaмaс 

бөлiгi  ретiнде  тaнылғaн.  Себебi,  кез-келген  бaйлaныс  клaстaрындa 

жерсерiктiк  жүйелерi  қолдaныс  үстiнде.  Жерсерiктiк  бaйлaныс  немесе 

Әлемдiк  бaйлaныс  –  бiр  немесе  бiрнеше  әлемдiк  aппaрaттaрдa  (ӘA),  бiр 

немесе бiрнеше жердiң жaсaнды жерсерiктерiнде (ЖЖС), немесе ғaрыштaғы 

бaсқa обьектiлерде қолдaнылaтын рaдиобaйлaныс болып қаралады. 

Жерсерiктiк  бaйлaныс  дегенiмiз  –  бұл  жерсерiктiк  стaнция 

ретронсляторлaр  ретiнде  қолдaну  негiзiндегi  космостық  рaдиобaйлaныстың 

бiр  түрi.  Жерсерiктiк  желi  жерлiк  және  жерсерiктiк  сегменттен  тұрaды. 

Жерлiк сегмент жойылғaн терминaлдaрды және ортaлық телепорттaн тұрaды. 

Жерсерiктiк бaйлaнысты тұрғызудың техникaлық мүмкiндiгi тек нүкте-нүкте 

бaйлaнысынaн тұрмaйтындығы жерсерiктiк желiнiң бiрегей ерекшелiгi болып 

тaбылaды.  Будaндaс  желiлердi  (жaлпы  қaбылдaғыш  кaнaлмен)  пaйдaлaну 

(эксплуaтaция)  негiзгi  қызығушылықты  туғызaды.  Осындaй  шешiмдер 

пaйдaлaнылғaн  шығындaрды  төмендету  және  жерсерiктiк  сегменттi 

эффективтi  қолдaнуғa  көмектеседi.  Жерсерiктiк  стaнциялaр  телефонды 

aппaрaттaрды  (фaксимильдi)  тiкелей  қосуды,  AТБ  немесе  интерфейспен 

қосылуғa мүмкiндiк бередi.  

Қaзaқстaн  Республикaсының  aумaғындa  көптеген  оперaторлaр  

бaйлaныс  қызметiн  тaрaтудa  жоғaрғы  сaпaлы  технологиялaрды  қолдaнaды. 

Олaрдың  iшiндегi  жерсерiктiк  бaйлaнысты  белсендi  пaйдaлaнып  жүрген 

оперaторлaрдың  бiрi  AО  “KazTransCom”.  Қaзaқстaн  Республикaсының 

көптеген  aймaқтaрын  корпорaтивтi  бaйлaныспен  қaмтaмaсыздaндырып 

отырғaн оперaтор. Жерсерiктiк бaйлaныстың ең бaсты ерекшелiгiнiң бiрi: ол 

кaбельдi  бaйлaныстың  экономикaлық  және  техникaлық  тиiмсiздiгiнен 

қолдaнуғa  болaмaйтын  aймaқтaрдa,  қолдaнуы.  Сол  себептi,  AО 

“KazTransCom”  оперaторы  корпорaтивтi  бaйлaныстың  жұмыс  нүктелерiне 

қол жеткiзу үшiн жерсерiктiк бaйлaнысты қолдaнaды.  

Жерсерiктiк бaйлaныстың жaңa технологиялaрының бiрi iDirect болып 

тaбылaды. iDirect – бұл дестелi aқпaрaтты, видео, aудио дестелердi тaрaтуғa 

aрнaйы  жобaлaнғaн  және  т.б.  жоғaрғы  жылдaмдықты  интернетке  қосылу 

aрқылы  жaсaлaтын  кеңжолaқты  жерсерiктiк  бaйлaныстың  технологиясы. 

Қaзaқстaндa  қaзiр  iDirect  технологиясын  бiздiң  жоғaрғы  сaпaлы  бaйлaныс 

оперaторлaры    кеңiнен  қолдaнудa.  Idirect  технологиясы  ең  профессиянaлды 

көз-қaрaспен қaрaстырғaндa үлкен жобaлaрды жүзеге  aсыру үшiн қолдaнуғa 

тиiмдi  (желi  стaнциялaры  5-тен  бaстaп  30-дaн  көп  нүктелерден  тұрaды). 

Шaғын желiлерге ең тиiмдi Hughes технологиясы болып тaбылaды (1-2 aлыс 

орнaлaсқaн  нүктелер).  Aл  SkyEdge  және  Linkstar  технологиялaры  –  сaты 



бойыншa  Hughes-ке  сәйкес,  бiрaқ  одaн  сервистiк  көз-қaрaспен  кем  түседi 

және Қaзaқстaндa aз қолдaныс тaбaды. 

Қaзiргi  зaмaндa  жaлпы  жерсерiктiк  нaвигaция  жүйесi  бaйлaныстың 

aжырaтылмaйтын  бөлiгi  болып  тaбылaды.  Қaзaқстaнның  GPS  бaғыттындaғы 

жоспaрлaры,  осы  жерсерiктiк  бaйлaныстың  бiздiң  елде  дaму  бaрысындa 

екенiн көрсетедi. GPS Қaзaқстaн aумaғынның өзiнде көптеген aвтокөлiктерде, 

ұялы телефондaрдa, әуе трaснпорттaры мен су көлiктерiнде қолдaныс тaбудa. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 

 

1.1


 

Мультисервистік транспорттық желіні жерсеріктік байланыс жүйесі 

бойынша ұйымдастырылуы және жерсеріктік байланыс жүйесін талдау  

 

Транспорттық 



желі 

– 

бұл 



барлық 

ресурстардың 

жиыны, 

телекоммуникациялық желідегі транспорттау функциясын орындайды. Желі 



тек тарату жүйесін ғана емес, сонымен қатар соған қарасты басқару жүйелері, 

операторлық қосылу, резервтеу, басқару қызметін атқарады. 

Кейбір  жағдайларда  ақпараттарды  тарату  мақсатында,  анықталған 

трассалар  аумағында  прокладкалардың  қымбат  болуы,  жер  бедерінің 

қолайсыз  болуынан  транспорттық  желілердің  кейбір  түрлерін  қолдана 

аламаймыз.  Бұл  жағдайда  ең  ұтымды  шешім  жерсеріктік  байланыс  жүйесі 

болып  табылады.  Мен  өзімнің  дипломдық  жобамда  жерсеріктік  байланыс 

жүйесін қарастырамын.  

Жерсеріктік  байланыс  жүйесі  –  бұрыннан  мәлім,  және  де  алыс 

қашықтыққа  түрлі  сигналдарды  таратуға  қолданады.  Осы  байланыстың 

шығуынан  бастап  жұмыс  істеу  барысына  қарай  аппаратураларының  өсуі 

және  сигнал  таратушы  әдістемелері  басқа  байланыс  жүйелеріне  қарағанда 

біршама алға жылжыды. 

Жерсеріктік  байланыс  дегеніміз  –  бұл  жерсеріктік  станция 

ретронслятор  негізіндегі  ғарыштық  радиобайланыстың  бір  түрі  ретінде 

қолданады. Жерсеріктік желі жерлік және жерсеріктік сегменттен құралады. 

Жерлік  сегмент  жойылған  терминалдарды  және  орталық  телепортты 

құрайды.  Жерсеріктік  байланысты  тұрғызудың  техникалық  мүмкіндігі  тек 

нүкте  –  нүкте  байланысынан  тұрмайтындығы  жерсеріктік  желінің  бірегей 

ерекшелігі  болып  табылады.  Будандас  желілерді  (жалпы  қабылдағыш 

арнамен)  пайдалану  негізгі  қызығушылықты  туғызды.  Осындай  шешімдер 

пайдаланылған  шығындарды  төмендету  және  жерсерікті  сегментті 

эффективті  қолдануына  көмектеседі.  Жерсеріктік  станциялар  телефонды 

аппараттарды  (факсимильді)  тікелей  қосуды,  АТБ  немесе  интерфейспен 

қосылуға мүмкіндік жасайды [1].  

Жерсеріктік байланыс ЖС – лардың ҒС немесе пассивті ЖЖС арқылы 

байланысуын көрсетеді. Жерсеріктік сызық дегеніміз – ЖС – лар арасындағы 

байланыс  сызығының  бір  ЖСС  көмегімен  әрбір  бағыт  бойынша,  “Жер  – 

Жерсерік”  (жоғарғы  сызығы)  пен  “Жерсерік  –  Жер”  (төменгі  сызық) 

бөлімшелерін  қоса  қарастырылуын  жасайды.  Жер  станциялары  байланыс 



желiлерiнiң  коммутациясының  түйiндерiмен  сабақтастырылады  (мысалы, 

КТЖ  немесе  оптоталшықты  және  радиорелейлі  байланыс  сызықтары). 

Жерсеріктік байланыстың қызметі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: 

 



Белгіленген  жерсеріктік  қызмет  –  жер  станцияларының 

арасындағы  радиобайланыстың  белгілі  қатал  шектелген  қызметі  мен 

белгіленген пункттердің бір немесе бiрнеше жерсеріктердің пайдалануы. 

 

Жылжымалы жерсерiктік қызмет – жылжымалы ЖС арналарында 

бір  немесе  бірнеше  жерсеріктер  көмегімен  байланыс  орнатуға  арналған. 

Жылжымалы ЖБЖ құрғақ жердегі, теңіздік және әуелік болады

 

Радиохабарлаушы  жерсеріктік  қызмет  –  ғарыш  станцияларының 



ескертпе  дабылына  тұрғындардың  тiкелей  қабылдауы  үшiн  арналған 

радиобайланыстың қызметi. 

 

1.1.1 Жерсеріктік байланыс жүйесінің құрылымы мен ерекшеліктері 

Жерсеріктік байланыс жүйесінің құрамына мыналар кіреді: 

 



Ғарыштық сегмент; 

 



Абоненттік сегмент; 

 



Жерлік сегмент. 

Ғарыш  сегментi  жерсеріктің  жобалануын,  орбитаның  есептеуiн 

және  жерсеріктің  iске  қосуының  сұрақтарын  қамтиды.  Дабылдық  бөлiк 

пайдаланылатын  жиiлiктер  спектрiн,  қашықтықтың  ұйымға  әсері  және 

байланыстың  сүйемелдеуiн,  дабылдың  интерференциясының  көздерiн, 

модуляцияның  және  жіберу  хаттамаларының  сұлбалары  сұрақтарын 

қамтиды.  Жер  бетiндегi  сегмент  ЖС  орналастыруын  және  құрылысын, 

әртүрлі  қосымшаларға  пайдаланыталатын  антеналардың  түрлерін, 

жерсерікті  арналарына  тиiмдi  бару  жолын  қамтамасыз  ететiн 

мультипликация сұлбалары сияқты сұрақтарды қосады.  

 

 



 

1.1


 

Сурет – Жерсеріктік байланыс жүйесінің сұлбасы [1] 

 

 


Жердегі  сегмент:  жүйе  басқару  орталығы,  ҒА  ұшыру  орталығы, 

командалық – өлшеу станциялары, байланысты басқару орталығы мен шлюз 

станцияларынан тұрады. 

Тұтынушылық  сегменті  байланысты  жеке  –  дара  жерсеріктік 

терминалдардың  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Жердегі  байланыс  желілері 

ғарыштық байланыстың шлюздік станцияларымен қосылады. 

Жерсеріктік байланыстың ерекшеліктері:  

 



Жерсеріктік  байланысты  тұрғызудың  техникалық  мүмкіндігі  тек 

“нүкте  –  нүкте”  және  “нүкте  –  көп  нүкте”  байланысынан  тұратындығы 

жерсеріктік  желінің  бірегей  ерекшелігі  болып  табылады.  Жерсеріктік 

байланыстың  тағы  бір  ерекшелігі  оның  кез  –  келген  аймақтарға  (рельефтті 

аймақтар,  жетуі  қиын  аймақтарда,  мемлекеттік  маңызы  бар  шекараларда, 

аймақтарда)  көп  шығын  кетірмей  байланысты  орнату.  Жерсеріктік 

байланыстың  басты  ерекшеліктерінің  бірі  болып  байланыс  аймағының  кең, 

сапалы, сенімді болуы. 

 

Орнықты  шығындар.  Бiр  қосу  бойымен  таратудың  құны  жерсерік 



арқылы жiберушi және қабылдаушы ЖС – ның аралығындағы қашықтыққа 

бағынышты  болмайды.  Тiптi,  барлық  жерсеріктік  дабылдар  –  кең 

таратады  (хабарлайды).  Демек,  жерсеріктік  таратудың  құны  өзгерiссiз, 

қабылдаушы ЖС – лардың санына тәуелсiз болады; 

 



Қамту аймағының орасан зор болуы; 

 



Өткізу жолақшасының кеңдігі; 

 



Қатенің  ықтималдығы  аз.  Цифрлы  жерсеріктi  бит  бойынша 

таратудың  қателері  әбден  кездейсоқ,  олардың  табылуы  және  түзетудiң 

тиiмдi және сенiмдi статистикалық сұлбаларын қолданылылады. 

 

1.1.2 Орбиталардың түрлері 



Байланыс 

жерсерігі 

шеңбер 

орбитасында 



немесе 

эллипстік 

орбитасында  орналасуы  мүмкін.  Осыған  орай  Жердің  орталығы  шеңбер 

орбитаның  орталығымен    немесе  эллипс  орбитаның  фокустарының  бірімен 

кезігеді.  Орбита  жазықтығы  мен  экватор  жазықтығының  арасындағы  і 

бұрышын  көлбеу  (наклонение)  деп  атаймыз.  Егер  і  =  0  болса,  онда 

экваторлық  орбита,  ал  і  =  90º  болса  –  полярлық,  ал  өзгелерін  көлбеулік 

(наклонная) орбита деп атаймыз. Дөңгелек орбиталар көлбеулігіне және жер 

бетінен биіктігіне қарай бөлінеді. Эллипс орбиталар А апогей мен П перигей 

атты параметрлерге бөлінеді. Апогей мен перигейді қосатын сызықты апсид 

сызығы  деп  атаймыз.  Айдың,  күннің,  ғаламшарлардың  тартылыс  күші, 

жердің  магниттік  полясы,  жердің  сфера  тәрізді  болмауы  және  басқа  да 

факторлар орбитаның уақыт кеңістігіндегі параметрлерінің өзгеруіне себепші 

қылады.  Көлбеу  орналасқан  эллипс  орбитада  бұл  өзгеріс  өте  аз  болады,  і  = 

63,4º [2].  

 


 

 

1.2 Сурет – Орбита классификациясы [2] 



 

Жерсеріктік  байланыс  жүйесінде  екі  типті  орбиталарды  қолдану 

кеңінен қолданады, бірі – «Молния» типті жоғарғы эллипс орбита бойынша 

және  геостационарлық  орбита  бойынша.  Бірінші  тип  Кеңестік  кезеңдегі 

«Молния»  байланыс  жерсерігінің  атымен  аталған.  Оның  параметрлері: 

апогей биіктігі 39 мың км, ал перигей биіктігі 500 км, і ≈ 63,4º.  

 

 

 



1.3 Cурет – Жерсеріктің 12 сағат ішінде айналу периоды 

 

Орбитаның  апогейі  солтүстік  жартышарда  орналасқан.  ЖЖС  айналу 



периоды − 12 сағат. Бір тәулікте ЖЖС екі айналымда жүреді. Сол себептен 

ЖЖС тәулік сайын Жердің белгілі бір аудынында бір мезгілде ғана көрінеді. 

ЖЖС айналым периоды жердегі тәулікпен саналатын орбита – субсинхронды 

деп  атаймыз.  Кеплердің  екінші  заңына  сәйкес,  жоғары  эллипс  орбитаның 



апогей  нүктесінде  ЖЖС  перигейге  қарағанда  тым  баяу  қозғалады  екен. 

Байланыс  сеансына  ЖЖС  орбитаның  апогей  бөлігінде  жылжып  бара 

жатқанда  ғана  көрінеді.  Байланыс  8  сағатқа  созылады.  Орбитаға  үш  ЖЖС 

орнатып  байланысты  тәулік  бойы  қолдануға  болатындай  жасауға  болады. 

Бұл  жерсеріктер  ЖС  –  ға  қатысты  қозғалады,  сол  себептен  жерсеріктерге 

ЖЖС қадағалап отыратын жылжымалы антенналар орнату керек.  

Геостационарлық  орбита  (ГО)  дегеніміз  H

3

=35786  км  болатын 



экваторлық  дөңгелек  орбита.  Осы  орбита  бойымен  қозғалатын  жерсеріктік 

геостационарлық деп аталады. Ол жердің бұрыштық жылдамдығымен бірдей 

жылдамдықта  қозғалады,  сол  себептен  де  жерден  бақылағанда  ол 

қозғалмайтын сияқты болып көрінеді. 

Жер  бетіндегі  нүктемен  дәл  келгенде  ЖЖС  зенитке  шығатын  жер 

бетіндегі  нүктені  жерсерікасты нүктесі  (жерсерікасты  нүктесі) деп  атаймыз. 

Геостационарлық жерсерік үшін жерсерік асты нүктесі экватордағы нүктемен 

дәлме  дәл  түседі.  Бұл  нүктенің  бойлығы  ЖСС  –  ның  орналасу  нүктесін 

анықтайды.  Мұндай  ЖСС  –  мен  байланысты  ЖС  қозғалмайтын 

антенналарының  көмегімен  орнатады.  Біршама  уақыт  өткен  соң  серік  асты 

нүктенің  қозғалыс  траекториясы  бір  тәулікте  «сегіздік»  түріне  ұқсайды, 

солтүстіктен оңтүстікке қарай созылады, ал орталығы экваторда орналасады. 

Ал бір жылдан соң осы «сегіздіктің» көлемі шамамен ±10 келеді. Осы себепті 

де  жерсеріктің  орбитадағы  орналасуын  мезгіл  –  мезгіл  ретінде  түзетіп 

отырамыз.  

Геостационарлық  жерсеріктер  өзге  ЖСС  –  лармен  салыстырғанда 

байланыстың  арзан  әрі  қолдануға  ыңғайлы  жүйесін  жасауға  мүмкіндік 

жасайды,  яғни  бір  ЖСС  қана  қолданса  болады,  ЖС  қозғалмайтын  антенна 

керек және басқа себептері де бар. Ал жердің мұндай орбитасы тек біреу, сол 

үшін  ЖСС  үшін  орбиталық  позицияны  бүкіләлемдік  радио  жөніндегі 

халықаралық әкімшілік конференциясы белгілеп орнатады. Геостационарлық 

жерсеріктің  бойлық  бойынша  дәлдігі  ±1º  кем  болмаса,  геостационарлық 

орбитада  180  –  ге  дейін  ЖСС  орналастыруға  мүмкіндік  болады.  Жерсерітік 

байланыс  жүйесінің  даму  деңгейіне  қарай  бойлықты  дәл  ұстап  отыруға 

қойылар талапта қатаң болады. Ал қазіргі қолданыстағы ЖСС бұл шама  ±1º 

– тан ±0; 1º тең. 

ГО  кемшіліктері:  жоғары  ендіктегі  абоненттерге  қызмет  көрсете 

аламайды, трассаның ұзын болуы себепті антеннаның қуаты мен апертурасы  

өте зор болуы керек, радиодабылдар ұзақ жүріп барады. Күннің, айдың, алып 

ғаламшарлардың  гравитациялық  әсері  анық  көрінеді.  Геостационарлық 

жерсеріктер  арқылы  жоғары  ендіктегі  ЖС  жұмыс  істемейді,  өйткені  олар 

ЖСС  –  тен  көрінбейді  (1.3  сурет).  Экваторда  орналасқан  ЖС  үшін 

геостационарлық жерсерік зенитте тұр. Басқалай айтқанда, орналасу бұрышы 

(горизонт бағыты мен ЖСС арасындағы бұрыш) 90º та тұрады. Бұл жағдайда 

дабылдың жер атмосферасындағы жүру жолы кішігірім болады. Егер ЖС – ті 

81º орналастырсақ онда антеннасын горизонтқа бағыттау керек болады, яғни 

b=0  тең  болу  керек.  Егер  3  –  ке  кемісе  дабылдың  атмосферадағы  жолы 

ұзарады  да,  әрі  бос  кеңістікте  таралатын  дабылдың  әлсіреуі  күшейе  түседі. 



Сонымен  қатар  дабылдың  атмосфералық  ылғалдағы  төмендеуі  мен 

антеннаның  шуылдық  температурасы  көбейе  түседі.  Егер  b<5º  болса,  онда 

Жердің  шуылдық  сәулеленуі  әсері  күрт  өседі.  Сол  себептен  тәжірибеде 

МККР  тұрақ  бұрышын  6ГГц  жиілікке  дейін  кемінде  3...50,  ал  10ГГц  –  дан 

жоғары жиілікте 10...15º болуын қадағалайды. 

ЖЖС  ең  аз  тұрақ  бұрышында  көрінетін  территорияны  көріну  аймағы 

деп атаймыз. Геостационарлық ЖЖС үшін Р=5º болса, бұл зона 76º солтүстік 

ендік пен 76º оңтүстік ендік арасында орналасу керек, ал бойлық экватордың 

үштен  бір  бөлігін  ғана  алып  жатыр  (1.4  суреттегі  көрсетілген  аймақ). 

Жасанды  жерсерікке  ЖЖС  ортақ  қабылдағыш  –  таратқыш  антенна 

орнатылдыдеп  қарастырайық.  Егер  оның  максимум  сәулеленуі  Жердің 

орталығына қарай бағытталса, яғни антенна тікелей сәуле түзсе, ал ЖС басты 

нүктесінің  ені  173º  болады  (жер  геостационарлық  ЖЖС  осы  бұрыштан 

көрінеді)  онда  көріну  зонасындағы  барлық  стансалар  ЖЖС  арқылы 

байланысты  ұстап  тұруы  керек.  Егер  ЖЖС  –  жіңішке  бағытталған  антенна 

орнатылған болса, онда Жердің көрінетін аймағының тек бір бөлігінде ғана, 

қамту  аймағы  деп  аталатын  аймағына  ғана  дабыл  таралатын  болады.  Енді 

жерсеріктік байланыс тек қамту аймағындағы ЖС арқылы ғана орналасады.  

 

 

 



1.4 Cурет – Көріну аймағы мен қамту аймағы 

 

1.4  суретте  көріну  аймағы  мен  мен  қамту  аймағы  сәйкес  келетін  ҒС 



жұмысын  қарастырамыз.  Мұндай ҒС  алып  қамту  аймағы  бар  әрі  антеннасы 

да  өте  үлкен  болып  келеді.  Жаһандық  антенналар  өте  ауқымды  аймақты 

қамту үшін пайдалануға, мәселен халықаралық ЖБЖ үшін тиімді, ал жіңішке 

бағытталған  антенналар  –  ұлттық  ЖБЖ  құру  үшін  керек.  Екінші  жағдайда 

ЖЖС  антеннасы  Жердің  центрнда  емес,  белгілі  бір  нүктеге  қарай 

бағытталады,  яғни  ол  көлбеу  сәуле  таратады.  Қамту  аймағы  сол  аймақтың 

территориялық  шекарасына  сәйкес  келетін  формада  болуы  керек.  Қазіргі 

заманғы көп функциональдық ЖЖС жерсерігіне екі түрлі антенналарды бірге 

орнықтырады,  ал  жіңішке  бағытталған антенналар  жер бетінде өзінің  қамту 

аймағын қалыптастыратын бірнеше сәуле шашыратады. Мұндай антенналар 

көп сәулелі антенна деп атайды. Егер КСА қамту аймағына сәуле жетпейтін 

болса,  онда  дабылды  бірдей  жиілікте  барлық  сәуледен  таратады.  Сөйтіп, 



КСА  біркелкі  жиілікте  бірнеше  рет  қолдануға  және  осының  арқасында  ГО 

тиімді пайдалануға болады.  

Қамту  аймағының  ЖС  орнату  көзделген  бір  бөлігі  қызмет  көрсету 

аймағы деп атайды. Қамту аймағы мен қызмет көрсету аймағы өзара сәйкес 

келетін ЖБЖ өте дұрыс және тиімді [2]. 

Төменгі орбитадағы ЖБЖ артықшылығы мен кемшіліктері бар. 

Артықшылықтары:  

 



Энергетикалық сипаттамасы жоғары. 

 



Дабылдың кешігу уақыты өте төмен. 

Кемшіліктері:  

 

Атмосфераның кедергісі көп, яғни биіктігі аз болады, отын ысырабы 



жоғары, маневр жиілігі көп, белсенді жұмыс уақыты өте қысқа.   

 



Тікелей көріну уақыты қысқа – 8…12 мин., яғни бір аумақты үздіксіз 

байланыспен қамтамасыз ету үшін ҒА өте көп қажет. 

 

1.1  К е с т е   –   Түрлі орбиталардағы ЖЖС сипаттамасы: 



Көрсеткіш 

GEO 


MEO 

LEO 


Орбитаның биіктігі, км 

36 000 


5 000 – 

20000 


600  – 1 000 

Ка ОГ саны 

8 – 12 


48 – 66 

Бір ҒА  қамту аймағы 

(радиокөріну бұрышы 5º), Жер 

бетінен  % 

34 

25 


 28 


 7 



ҒА  радиокөріну аймағында болу 

уақыты (тәулігіне) 

24 сағ 

1,5 


 2 сағ 


10 

15 мин 



Жолдау кезіндегі іркіліс, мс: 

Региональдық байланыс 

Глобальдық байланыс 

 

500 



600 

 

80 



 130 


250 

 400 



 

20 


 70 


70 

 300 



Ауысу уақыты, мин: 

Бір жерсеріктен екіншісіне 

Бір сәуледен екіншісіне 

Қажеті 


жоқ 

10 


 15 


50 



 6 

8 – 10 


1,5 

 2,0 



Салыстырмалы максимальды 

Доплер ауысымы 

10 – 8 

6



 10 – 6 

(1,8


2,4)


 10 


– 5

 

КА қызмет көрсету аймағындағы 



радиокөру бұрышы, 

15 



 25 


10 

 15 



 

bigLEO  жүйесі  глобальдық  масштабта  жеке  радиотелефон  және 

пейджинг байланысынорнатуға бағытталған.  


 

 

1 . 5   Cурет – LEO және GEO жүйесі 



 

Мұндай  жүйенің  дамуының  ортақ  тенденциясы  әртүрлі  стандарттағы 

(GSM,  AMPS,CDMA  және  басқа)  радиотелефондық  жерсеріктік  және  ұялы 

желіні бір ортақ желіге қосу, сонымен қатар барынша мүмкін қызметті ұсыну 

(мәлімет  беру,  телекс,  қысқа  факсимильдік  хабар,  тұрғылықты  орнын 

анықтау, т.б.) болады. bigLEO жүйеісіне Iridium, Сигнал, Globalstar желілері 

кіреді. 

 

1.1.3 Жиілік диапазоны  



ЖБЖ  дабылы  атмосфераның  барлық  қабаты  арқылы  жүреді.  ЖС 

антеннасы ғарышқа бағытталған, сол себепті оның  шуылдық температурасы 

ғарыш  пен  атмосфераның  шуылдық  сәулененуіне  қарайды.  ЖБЖ  үшін  

дабылдары  атмосферада  және  гидрометеорда  әлсіремейтін  жиіліктер 

пайдаланылады. Сондай – ақ қатар бұл жиіліктерде ғарыш пен атмосфераның 

шуылдық  сәулеленуі  өте  қысқа,  минималды  болуы  керек.  Ғарыштық 

дерекнаманың  шуылдық  сәуле  шығаруы  максималды,  егер  антенна  ЖС  Құс 

жолының  бағытына  бұрылып  тұрса.  1…10  ГГц  жиілігі  ЖБ  үшін  аса  тиімді. 

Ескерту,  жиілігі  10  ГГц  төмен  болса,  гидрометеорда  әлсіреуі  де  қысқа 

болады.  ВАКР  шешімі  бойынша  аталған  диапазон  алғашында  ЖБЖ  үшін 

бөлінген  болатын.  Дәл  осы  диапазонда  РРЛ  мен  ТРЛ  жұмыс  істейтіндіктен 

жиілік  жолақшалары  оларға  бөлініп  беріледі,  ал  ЖБЖ  біріктірілген  негізде 

жұмыс  істейді.  Сонымен  қатар  жер  шары  үш  ауданға  бөлінеді,  әр  ауданы 

үшін  Жер  –  Ғарыш  және  Ғарыш  –  Жер  телімінде  жұмыс  істеу  үшін  өзінше 

жиілік  жолақшасы  бекітіліп  берілген.  Бұл  жиіліктің  кейбірі  бүкіләлемдік 

негізге,  яғни  барлық  аудандарға  бекітілген.  6/4ГГц  диапазонында  жұмыс 

істейтін  ЖБЖ  кеңінен  қолданылады,  яғни  Жер –  Ғарыш  телімінде  6ГГц,  ал 

Ғарыш – Жер учаскесінде 4 ГГц болады. ЭМС талаптарын сақтағанда ЖБЖ 

пен  РРЛ  ортақ  жиілікте  біріккен  негізде  жұмыс  істеуі  керек.  Олар 

стансалардың  орналасуы  мен  техникалық  параметрлеріне  белгілі  бір 



шектеулер  қояды.  Тығыздап  бос  емес  орбиталық  доға  осы  шаққа  өте  76 

жуық  шамаға  тең  (143  батыс  ұзақтығы  бойымен  67).  Бұл  сектордың 

серiктерi  Солтүстік  елдерiн  байланыс  орнатып,  Орталық  және  оңтүстiк 

Американы байланыспен қамтамасыз етеді. 

ЖБЖ  дамуына  қарай  1…10ГГц  диапазонының  сыйымдылығы 

жеткіліксіз болды. Сондықтан ЖЖС үшін жоғарғы жиіліктегі диапазондар – 

14/11ГГц,  30/20ГГц  және  басқалай  бөлінеді.  Соған  қарамастан  бұл  жиілікте 

дабылдардың атмосферада таралуының ысырабы, шығыны көп. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет