Пренатальды диагностика


Имплантацияға дейінгі эмбриондарды алудың



бет7/7
Дата26.12.2023
өлшемі207,94 Kb.
#143470
1   2   3   4   5   6   7
Имплантацияға дейінгі эмбриондарды алудың екі жолы бар: хирургиялық емес жолмен жатырды сумен шаю (жуу) және экстракорпоралды (пробиркада) ұрықтандыру.
Бірінші жағдай бойынша ұрықтанған жасушаны, әлі имплантацияланып үлгермеген эмбрионды 90-130 сағат ішінде алу. Осы уақытқ аралығында эмбрион жатыр түтігінен жатырға түседі. Бұл процедурада ауыру сезімі болмайды және қауіпсіз. Осы процедураға сынақтан өткен құрылғылар (ұстағыш, өткізгіш және катетер) пайдалынылады. Процедура аналық бездердің кейінгі овуляциялық циклдарына әсер етпейді және болашақ жүктілікке де кедергі келтірмейді.
Екінші әдіс – жатыр түтіктерінің бітелуінен туындаған және т.б. себептерден болатын бедеулікті жеңу мақсатында бөлшектенген зигота жасуларын алу және экстракорпоральды ұрықтандыру акушерлік тәжірибеде қолданылады.
Эмбрионнан алынған 1-2 жасушаны микрохирургиялық манипуляциялар арқылы бөліп алып, содан кейін олар зерттеледі. Талдауға алынған жасушалардан басқа эмбрион қатты мұздатылып сақталады немесе жасанды ортада дамуын жалғастырады. Мұздатылған эмбрионды қайта ендіру кез келген овуляциялық цикл кезінде жасалады. Қазіргі кезде кейбір ауруларды бір жасуша деңгейінде диагностикалауға мүмкіндік бар. Ол микроаналитикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Марфан синдромы, миотикалық дистрофия, муковисцидоз, талассемия, Хантингтон хореясы, Дюшенн бұлшықет дистрофиясы және басқа да бірқатар ауруларды имплантацияға дейінгі сатысында диагноз қойылғандығы туралы есептер бар.
Жақын арада имплантацияға дейінгі диагностиканың мүмкіндіктері мен диагностикалық материалды алу саласында да, аналитикалық әдістерде де кеңейеді деп үміттенуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет