Инвазивті емес әдістері - жүкті әйелді ( ұрықты хирургиялық араласусыз) зерттеу әдістері болып табылады. Бұл әдіске Ультра дыбыстық зерттеу (УДЗ) әдісі жатады. Ультрадыбыстық зерттеу туа біткен ақауларды анықтауға, сондай-ақ ұрықтың, плацентаның, кіндіктің және ұрық қабатының функционалдық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеуді електен өткізуде де, диагнозды нақтылау әдісі ретінде де қолдануға болады.
Бұл әдісті қолдану диапазоны айтарлықтай кең: аненцефалия, энцефалоцеле, олиго- және полидактилия, жүрек пен ірі қан тамырлардың әртүрлі ақауларын, несеп-жыныс жүйесі мен асқазан-ішек жолдарының ақауларын анықтауда. Қазіргі кезде ультрадыбысты 3 рет жасау ұсынылады - жүктіліктің 10-14, 19-22 және 32-34 апталарында. Алғашқы ультрадыбыстық зерттеуде жүктіліктің нақты мерзімі, ұрықтың мөлшері және өрескел даму ақауларының болуы анықталады.
Ұрықтың барлық дерлік анатомиялық ақаулары 18-22 аптада қалыптасады деп саналады. Осы мерзімдегі зерттеулердің маңызы зор және үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ұрықта туа біткен кемістік анықталса, жүкті әйелді жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін медициналық-генетикалық орталыққа жіберу керек.
Ұрыққа қайта ультрадыбыстық зерттеуі жүргізу келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
- әйелде ауру бала туу қаупін арттыратын аурулар болса (мысалы, қант диабеті, алкоголизм);
- тератогендік фактордың әсері;
- ерлі-зайыптылардың бірінде туа біткен кемістіктің болуы;
- отбасында дамуында ақауы бар бала туылған болса;
ұрықтың дамуымен мен жүктілік мерзімі арасындағы сәйкессіздік.
Жүктіліктің 32-34 аптасындағы ультрадыбыстық деректер ұрықтың жатыдағы қалпын білу, босануды басқару және т.б. үшін маңызды.
Пренатальды диагностиканың инвазиялық әдістері - эмбрионның, ұрықтың және уақытша мүшелердің (плацента,) жасушалары мен тіндерінен материалдарды алып зерттеу әдістері.
Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде келесі инвазиялық әдістер қолданылады: хорион және плацентобиопсия, амниотикалық сұйықтық алу (амниоцентез), ұрық тінінің биопсиясы, кіндіктен қанын алу (кордоцентез).
Инвазивті әдістерді жүктіліктің ерте кезеңінде қолданылуы керек және ол жүкті әйел мен ұрық үшін қауіпсіз болуы керек.
Хорион алу және плацентобиопсия 80-жылдардың аяғынан бастап қолданыла бастады.
Бұл әдістер жүктіліктің 8-16 аптасында хорион бүрлерін немесе плацентаның кесінділерінің аз мөлшерін алу үшін қолданылады. Осы екі әдісті қолдану мен көрсеткіштері арасында айырмашылық жоқ. Процедура ультрадыбыстық бақылаумен трансабдоминальды немесе трансцервикальды түрде жүргізіледі.
Хорион үлгілеріне лабораториялық зерттеулер жүргізіледі(цитогенетикалық, биохимиялық, молекулалық-генетикалық). Хорион биопсиясынан кейін плацентаның бұзылуы, ұрықтың өсуі, туа біткен ақаулардың пайда болуы және пренатальды өлімнің жоғарылауы байқалмайды. Амниоцентезден айырмашылығы, зерттеуді жүктіліктің бірінші триместрінің 1/3де (8-11 апта) жүргізу мүмкіндігі жүктілікті ертерек тоқтатуға мүмкіндік береді (егер көрсеткіштері болған жағдайда).
Дегенмен, амниоцентезге қарағанда хориондық биопсия жүргізудің асқыну қаупі жоғары. Мысалы, хорион алудың асқынуы ретінде өздігінен түсік тастаумен сипатталады, түсік тастау шамамен 2,5-3 % құрайды. Бұл түсік тастаудың барлығы процедураның өзіне байланысты емес, хорион алудың өзі жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтату жағдайларының 1% -дан 2% -ға дейін алып келеді.
Басқа да асқынулар байқалады:
- шамалы қан кету (трансцервикальды әдіспен алынған жағдайда әйелдердің 10% -ында),
- жатыр бұлшықеттерінің жиырылуы (трансабдоминальды әдіспен алынған жағдайда әйелдердің 2,5% -ында),
-өте сирек жағдайда жатырдың инфекциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |