Конспект-Жүйелі және логикалық байланысы бар жазба конспектдеп аталынады. Конспектте біруақытта жоспар мен тезистер және көшірмелер немесе тезистер мен көшірмелер, басқаша алғанда, жоспар мен көшірмелер беріледі.Конспект жазған кезде оның ішкі логикалық мазмұнына ерекше ден қойылады. Алдайда конспект жазғанда оның логикалық байланысы мен тілдік байланысын шатастырмау қажет.
Жоспарлы конспект түрлерінің ішіндегі ең қарапайымы, ол- сұрақ-жауапты конспекті. Бұл жағдайда сұрақ нысаны ретінде берілген жоспар бөлімшелеріне конспект нақты жауап береді. Сондай-ақ, жоспарлы конспект, кебір жағдайда кестелі – жоспарлы конспект түріндежасалады. Мұндай конспектте логикалық құрылым мен жеке жағдайлардың өзарабайланысы көрініс табады.
Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі 2 беттен кем болмауы тиіс, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.
Баяндама белгілі бір тақырып бойынша көпшлікі алдында, яғни тыңдаушылар алдында жасалынған толықжазылған ауызша хабарлама болып табылады.
Баяндама дайындаудың кезеңдері: 1. Берілген тақырыпқа қатысты маңызды ғылыми еңбектерді оқу, оның тізімін оқытушы береді.
2. Оқыған материалға талдау жасау, тақырыпты барынша айқындайтын зерттеушілердің әр түрлі көзқарастарын, фактілерді және ғылыми жағдайларды бөліп көрсету.
3. Баяндама материалдарын логикалық жағынан дұрыс құру және талдап қорыту, мысалы, кеңінен ашып көрсетілген жоспар ретінде.
4.Баяндама мәтінін ғылыми еңбекке қойылатын талаптарды сақтай отырып жазу.
Баяндаманың құрылымы басқа ғылыми еңбектердегі сияқты үш бөлімнен тұрады:
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды.
Кіріспеде - баяндаманың тақырыбы көрсетіледі, оның басқа мәселелермен байланысы, орны және тақырыпты ашып көрсетуде қолданылатын дерек көздеріне қысқаша шолу жасалады.
Қорытындыда - әдетте қарастырылған мәселе бойынша жалпы қорытынды және негізгі тұжырымдамалар жасалады.
Негізгі бөлім - логикалық жүйемен құрылған болуы тиіс. Бұл бөлімде тақырып бойынша келтірілетін материалдар дәйекті де дәлеледі болу керек. Осылайша, баяндамамен жұмыс студентте тек қана жаңа білімді қалыптастырмайды, сондай-ақ, маңызды ғылыми-зерттеу шеберлігін, ғылыми таным әдістерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын игеруге мүмкіндік береді.
Баяндама түйіні – баяндама бойынша негізгі жағдайлар қысқаша түрде берілетін көлемі шағын мәтін. Алайда, түйін мәтіні көлемі шағын болғанымен, оны жазу баяндаманы жазудан қиынырақ келеді. Өйткені түйінде баяндаманың негізгі мазмұны сақтала отырып, соған сәйкес тұжырымдар жасалуы керек.
Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі 10 беттен кем болмауы тиіс, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.
2. Сұраққа жауап беру ұшін негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау және статистикалық талдау жасау ұшін www.stat.kz электронды ресурсты пайдалану қажет.