Презентация – бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау үшін нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өңдеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдағы компазиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) және ауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценариі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін). Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.
Тапсырма көлемі: жазбаша – сценарий А4 бетке, кем дегенде 10 беттен тұруы тиіс. Слайдта ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.
2. Есеп шығару және практикалық тапсырмаларын орындау үшін негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс және осы тақырыпты меңгеру үшін студенттің өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
№3 Тапсырма. Реферат – ол бір немесе бірнеше ақпарат көздерінен нақты бір тақырып бойынша жинақталған мәліметтерден құралған баяндама. Реферат ғылыми жұмыстың, мақаланың және т.б. мазмұнын баяндау болып табылады. Рефераттың көлемі – 12-15 бет шамасында, А-4 бетте, 1 интервалымен, Times New Roman қарібімен, кегль 14 рәсімделуі керек. Рефераттың талап етілетін көлемі 15 беттен аспауы тиіс. Жұмыс барысында құрған жоспары бойынша студент өз ойын сілтемелер арқылы бере отырып, жүйелі түрде жазып шығуы қажет. Титулдық бетінде реферат тақырыбының аты, орындалған жері көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ орындаған және тексерген адамдардың аты-жөні жазылатын орын қалдырылуы керек. 1-бетінде рефераттың жоспары тұруы керек. Соңғы бетінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілуі тиіс. Пайдаланылған материалдар 20 дереккөзінен кем болмауы қажет. Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі.
Конспект-Жүйелі және логикалық байланысы бар жазба конспектдеп аталынады. Конспектте біруақытта жоспар мен тезистер және көшірмелер немесе тезистер мен көшірмелер, басқаша алғанда, жоспар мен көшірмелер беріледі.Конспект жазған кезде оның ішкі логикалық мазмұнына ерекше ден қойылады. Алдайда консект жазғанда оның логикалық байланысы мен тілдік байланысын шатастырмау қажет.
Жоспарлы конспект түрлерінің ішіндегі ең қарапайымы, ол- сұрақ-жауапты конспекті. Бұл жағдайда сұрақ нысаны ретінде берілген жоспар бөлімшелеріне конспект нақты жауап береді. Сондай-ақ, жоспарлы конспект, кебір жағдайда кестелі – жоспарлы конспект түріндежасалады. Мұндай конспектте логикалық құрылым мен жеке жағдайлардың өзарабайланысы көрініс табады.
Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі 2 беттен кем болмауы тиіс, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.
№4 Тапсырма.