Презентация, эссе, баяндама, кесте, ауызша жауап және т б. болуы мүмкін. Презентация



бет1/6
Дата29.12.2023
өлшемі26,98 Kb.
#144818
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 курс

    Бұл бет үшін навигация:
  • Кесте

Өз бетінше тапсырмалар орындауына арналған әдістемелік нұсқаулар


Презентация, эссе, баяндама, кесте, ауызша жауап және т.б. болуы мүмкін.
Презентация 15-20 слайд аралығында болуы қажет. Материалды алдын-ала жүйелеп, құрылымын анықтап, аудитроияға жақсы көрінетіндей етіп слайдқа орналастыру қажет. Презентацияны қорғаушы қолындағы материалдың толық нұсқа негізінде, әр мәселеге байланысты слайдқа сілтеме жасап отырады. Қорғау уақыты 10 минут.
Реферат 10-12 беттен кем болмауы тиіс. Реферат жазбастан алдын қажетті әдебиеттерді таңдап алып, материалдарды оқып шығу және негізгі мәліметтерді талдап, статистикалық мәліметтерді құрастыру қажет.
Эссе 5 бетке дейінгі көлемде А4 форматында баспа мәтінмен жазылады. Мұнда ғылыми еңбектерді терең зерттеу, ғылыми тұжырымдар мен көзқарастарды салыстыру, ғылыми әдістерді қолдану талап етілмейді (егер тақырып бойынша қарастырылмаса). Эсседе жоспар құру талап етілмейді, мәтіннің басында қарастырылатын мәселе бойынша қысқаша түсінік беріліп кетуі тиіс. Эсседе қолданылған қайнар көздер міндетті түрде жазылады.
Кесте компьютерде жасалады, мұнда тақырып бойынша материалды неғұрлым жақсы игеру үшін кесте түрінде бейнелеу қажет. Кесте А4 форматында 1,2 бетке сызылуы мүмкін.
Ауызша жауап материалды конспект, әдебиеттер, сондай ақ сөздіктер арқылы игеру. Мұнда анықтамаларды жаттау және негізгі ұғымдарды талдау талап етіледі.


Тақырыптар бойынша конспект жасау


Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.
Конспектте жұмыстың авторының аты-жөні толық жазылады, жұмыс атауы, шыққан баспасы, жылы көрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін көрсетуі, нақты, таза жазылуы тиіс.


Тақырып бойынша әдебиеттерді пайдалану


Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізуде, олардың тізімін беруде автордың аты-жөнін немесе оқулық атын алфавиттік тәртіпте қадағалау қажет.
Әрбір әдебиет жазылғаннан кейін автордың аты-жөні, оқулықтың шыққан жері, баспасы, жылы мен беттері көрсетіледі. Ал журналдағы мақаланың авторы, мақала тақырыбы, журналдың атауы, нөмірі мен жылдары, баспасы жазылады.


Реферат дайындау


Реферат – баяндаманың басылған немесе жазылған түріндегі қысқаша түрі.
Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек.
Рефератқа дайындалуда оқушы тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет.
Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Рефератты орындауда баяндама 10-15 минутты қамтиды. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады. Аудитория қосымша сұрақтар қоюы мүмкін. Берілген сұрақ бойынша өзіндік пікірлерін басқа да оқушылар білдіруі мүмкін.
Баяндаушыны бағалауда орындаудағы сенімділік, дәлелді нақты таныта білуі, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуі, өзінің көзқарасын білдіруі қадағаланады.
Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет