Презентация, эссе, баяндама, кесте, ауызша жауап және т б. болуы мүмкін. Презентация


ЭССЕ ЖАЗУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР



бет2/6
Дата29.12.2023
өлшемі26,98 Kb.
#144818
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 курс

ЭССЕ ЖАЗУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР


Эссе – оқушылардың сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші мезетте оқушының өзіндік «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе арқылы мұғалім оқушының ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды.


ЖОБАЛЫҚ /ПРЕЗЕНТАЦИЯ/ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Презентация өткізу жоспары:
/Презентациялар курс тақырыптары негізінде болуы қажет/
Кіріспе/өзін таныстыру, тақырыбын атау, бұл тақырыпты алу себебі/.
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Талаптар:
-қызықты өткізуге аса мән беру;
-презентация барысында бейвербалды амалдарды шамадан тыс қолданбау \қолды шамадан тыс көп сермемеу/;
-аудиторияның назарын өзіне қарата алу, аудиториямен байланыс орната алу;
- киім киісіне назар аудару;
-өзін салмақты ұстау;
-сұрақтарды қашан қою керектігін ескертіп кету;
-үлестірме материалдардың болуы/қажет болса/;
- орыс тілін араластырмау;
-презентацияға қойылатын ерекше талаптың бірі - сандық мәліметтерден басқа материалдарды баяндау барысында қағазға көп қарауға болмайды.
Презентацияға берілетін уақыт: бір оқушыға 5-7 минут.

4.11 Реферат


Рефера́т (нем. Referat, лат. Referre – баяндау, хабарлау) – қандай бір бағытта жазылған дереккөздерге шолу жасай отырып, белгілі бір тақырыпқа арналған шағын жазбаша жұмыс. Рефераттың мақсаты нақты тақырып немесе мәселе бойынша білім жинақтау және жүйелеу болып табылады.


Рефераттың түрлері
Рефераттың өнімді және өнімсіз деген екі түрі бар. Өнімсіз рефератта алғашқы түпнұсқа мәтіннің мазмұны баяндалады. Өнімді реферат шығармашылық немесе сыни ойлау тұрғысынан жазылады.
Өнімсіз рефератты іштей тағы да реферат-конспект және реферат-түйіндеме деген екі түрге бөлуге болады. Реферат-конспектіде нақты ақпарат жалпы қорытылған түрде, иллюстриативті материал, зерттеу әдістері туралы әртүрлі мәліметтер, зерттеу нәтижелері мен оларды қолдану мүмкіндіктері жазылады. Реферат-түйіндеме берілген тақырыптың тек негізгі ережелерінен тұрады.
Өнімді реферат реферат-баяндама және реферат-шолу деген екі түрге бөлінеді. Реферат-шолу бірнеше дереккөздің негізінде құрылады және қарастырылатын мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды салыстырады. Реферат-баяндамада алғашқы дереккөздегі ақпаратқа талдау жасаумен қатар мәселеге объективті баға беру болады. Бұл рефератта тақырып жан-жақты толық сипатталып жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет