Рефераттың құрылымы Кіріспе. Кіріспеде тақырыпты таңдау негізделеді, реферат жазылатын тақырыптың деректері (аты, қайда, қашан жарияланғандығы туралы) берілуі, автор туралы мәліметтер (аты-жөні, мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы) хабарлануы мүмкін, таңдалған тақырыптың қарастыратын мәселесі ашылады.
Негізгі бөлім.Мәтін мазмұны беріледі және негізгі тезистер дәйектеледі.
Қорытынды. Рефератта жазылатын мәселе бойынша жалпы қорытынды жасалады.
Рефераттың мынадай белгілері болады:
• реферат мазмұны реферат жазылатын дерекккөздің мазмұнымен толықтай байланысты болады;
• негізгі ақпарат бұрмаланбай, оған субъективті баға берілмей нақты мазмұндалады;
• тұрақты құрылымы болады.
Рефераттың стилі Рефераттар «аса маңызы бар», «ерекше көңіл бөлінеді», «мәселе көтеріледі», «мынадай тұжырымдарға келдік», «зерттеліп отырған мәселе», «аталған мәселе» және т.б. сияқты стандартты, қалыптасқан тілдік оралымдармен жазылады. Рефераттың тілдік және стильдік ерекшеліктеріне талдап қорыту сипатындағы сөздер мен тілдік оралымдар, клишелер жатады. Рефератты материалды бері мен ойды жеткізудің өз логикасы бар, материалды мазмұндаудың белгілі бір объективтілі болады. Мұның бәрі автордың лексикасының жеткіліксіздігінен емес, рефераттың жазылу стилінің, тілінің ерекшелігімен байланысты (әсіресе, арнайы терминдер, оралымдар қолданылатын арнаулы бағыттағы материалдар).
Жұмыс аяқталған соң бағасы қойылған тиісті пікір берілуі керек. Пікір мынадай факторлардың негізінде құрылады:
• зерттелген тақырып бойынша автордың білімінің тереңдігі (қарастырылған мәселенің қазіргі заманға лайықтығы мен өз уақытында орындалуы, автордың зерттелген мәселенің өзектілігіне қатысты еңбектермен танысу дәрежесі, дерекксөздерге сілтеме беруі, жұмыста зерттеу нәтижелері мен белгіленген ғылыми дәйектерді пайдалану дәрежесі);
• реферат авторының жеке еңбегі (ұсынылатын оқу бағдарламасынан басқа жұмысты жазуда пайдаланылған қосымша білім, жазған материалы мен қарастырған мәселенің жаңалығы, зерттелген мәселенің ғылыми маңызы мен тақырыпты меңгеру деңгейі);
• рефераттың сипаты (материалды беру логикасы, автордың сауаттылығы, жұмыстың дұрыс ресімделуі, рефераттың барлық стандартты талаптарға сәйкестігі).